Қыпшақ хандығы

Предпросмотр материала:

Қазақстан тарихы                                        7-сынып          

   Сабақтың тақырыбы: Қыпшақ хандығы.(XI-XIII ғасырдың басы)

Сабақтың мақсаты:

                               Білімділік: Қыпшақ хандығы туралы мәлімет беру

                           Дамытушылық: Оқушының ой еркіндігін ояту, сұрақ-жауап 

                                                            арқылы белсенділігін арттыру

                               Тәрбиелілік: Оқушыларды елін сүюге, шыншылдыққа 

                                                     тәрбиелеу, батылдыққа баулу.

Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап, топқа бөлу

Сабақтың типі: Аралас

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту

Пәнаралық байланыс: География

Сабақтың көрнекілігі: Карта, сәйкестендіру тесті,сызбанұсқа, тест

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгелдеп, сабаққа даярлау,сыныпты екі топқа бөлу.

II.Үй тапсырмасын сұрау

1«Бізден сұрақ,сізден жауап» екі топ бір-біріне сұрақ қояды.

2.Сәйкестендіру тесті

      Екі топқа сәйкестендіру тесті таратылып беріледі

 

III.Үй тапсырмасын қортындылау

Қарақытай өкіметі 1212 жылы құлайды. Қарақытай мемлекетінің соңғы гурханы найман ханы Күшліктің қолына түсіп, оның жерлері де біржола наймандардың иелігіне айналады.

IV.Жаңа сабақ:

Сыртқы жауларының соққысынан құлаған Қимақ хандығының жері11 ғасырда жаңа құрылған Қыпшақ хандығының қолына толығымен көшті. Ол жерлер шығыстаАлтай мен Ертістен басталып, батысында Еділ мен Оңтүстік оралға дейінгі, солтүстігінде Құланды даласынан оңтүстік Балқаш көлі мен жоңғар Алатауына дейінгі кең – байтақ аймақты алып жатты. Жалпы Қыпшақ бірлестігіне түрік тілдес қимақ,оғыз,құман,ежелгі башқұрт тайпалары да енген. 12 ғасырдан бастап қыпшақтар Арал маңына билік жүргізген кезде олардың құрамында қаңлылар,қарлұқтар мен жікілдер де болған.

   Хандық биліктің орталығы «орда» деп аталды. Ордада хандық өкіметті билеушілер тұрады. әскери басқару жүйесі бұрыннан қалыптасып келе жатқан дәстүр бойынша, оң және сол қанат болып бөлінді. Күші және беделі басым оң қанаттың ордасы Жайық өзені бойындағы  Сарайшық қаласының орнында болса, ал сол қанаттың орталығы  Сырдария бойындағы Сығанақ қаласында орналасты. Әскери басқару жүйесінің  екі қанатқа бөлінуі оң қанаттың батыстағы, сол қанаттың шығыстағы билікті мызғытпай ұстап отыруы үшін жасалған.

Ақсүйек – шонжарларға хандар, оның туған-туыстары, тархандар,басқақтар,  бектер,байлар және ру- тайпа көсемдері жатты. Ал қарапайым бұхара халық малы жоқ кедейлерден тұрды. Қыпшақ хандығында құлдықтың болғандығын Махмуд Қашғаридің қыпшақ тілінде құлды «яланкуг» деп аталғаннан анық байқауға болады. Қыпшақтар негізінен мал шаруашылығымен айналысқан. Олардың қоныстары  мен зираттарына жүргізілгн археологиялық қазба жұмыстарға қарағанда, олар төрт түлік малдың барлық түрін өсірген.

  Ал 13 ғасырдың орта кезінде Қазақстанда болған саяхатшылар П. Карпини мен

Г. Рубрук қыпшақтардың  арба үстіне тігілген  үйлерін 10 немесе 22 өгіз тартқандығын өз көздерімен көргендерін жазған. Қыпшақтарда тұрмыстық кәсіп, қолөнер де жақсы дамыған. Малдың жүні мен терісінен қажетті бұйымдарды әркім өздері-ақ жасай білген. Сонымен қатар қыпшақтарда ағаш шеберлігі, темір ұсталары қалыптасып, зергерлік те жақсы дамыған.

 

     V.Жаңа сабақты бекіту.                      

Тест жұмысы  екі топқа таратылып беріледі.

1-топқа

1.Қыпшақтардың арба үстіне тігілген үйлерін 22 өгіз тартатынын көргендерін азған саяхатшы ?

А)Рубрук           Ә)Карпини          Б)Екеуі де

2.XIII ғасырда Сыр бойындағы қалалар үшін кімдердің арасында шайқастар болды?

А)Хорезм шахы мен Қыпшақтар

Ә)Оғыздар мен қыпшақтар

Б)Қимақтар мен Оғыздар

3.Дунай бойына қоныстанған қыпшақтарды венгрлер не деп атады?

А)кундар   Ә)командар    Б)екеуі де

4.Ақсүйек –шонжарларға кімдер жатты?

А)хандар  Ә)бектер  Б)Барлығы

 

2-топқа

1. Орыс деректерінде  орыстарды қалай атаған ?

А)ғұндар     Ә)половшылар   Б)кундар

2.Қыпшақтар Қазақстанның оңтүстігіндегі қалаларға шығу үшін кімдермен соғысты?

А)салжұқтармен    Ә)оғыздармен     Б)қаңлылармен

3.Қыпшақ тілінде құлдарды«ялангуч» деп атаған .......

А)Карпини     Ә)Қашқари   Б)Баттутан

4.Қыпшақ тайпасында ең атақты тайпа ?

А)Қимақтар    Ә)бөрілер    Б)дуруттар

 

VI.Сабақты қорытындылау.

Қыпшақ хандығы құлағанымен ,оның халқы мүлде жойылып кеткен жоқ. Олар өздерінің тарихи дамуын жалғастырумен болды.Ақыр соңында олар қазақ халқының басты этникалық құрамының біріне айналды.

 

VII.Бағалау.

 

Краткое описание материала

Қыпшақ хандығы

  • DOCX

Файл будет скачан в формате:

  • DOCX

Краткое описание материала

Автор материала

  • На сайте: 11 лет и 3 месяца
  • Всего просмотров: 270559
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 31
  • 270559
    просмотров
  • 31
    материалов
  • 0
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Маханбетова Қымбат Мұсақызы.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете на материал.

ИИ для создания материалов

Создавайте материалы с ИИ

Если готовые материалы не подошли — помогут нейросети

Конспекты, тесты, презентации, рабочие листы и другие материалы по ФГОС — под ваш урок, класс и цели занятия за пару минут.

Попробовать бесплатно

Выберите инструмент

~60

Нейросети могут ошибаться. Обязательно проверяйте ответы.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: