Инфоурок Классному руководителю Рабочие программыАяулы анашым

Аяулы анашым

Скачать материал

 

Тақырыбы: Аяулы анашым
Мақсаты:
Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналар мен әжелерді мерекемен құттықтау. Оқушыларды білімге, адамгершілікке,
ұстамдылыққа тәрбиелеу. Ұстазға, ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру. Ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.
Көрнекілігі: гүлмен безендірілген сахна, нақыл сөздер,

Жүрісі: І. Ұйымдастыру кезеңі
Жоспары:

1-бет: Кіріспе
2-бет: Оқушы шығармалары (өлеңдер, тақпақтар)
3-бет: «Асылдың сөзі - ақылдың кені» (мақал-мәтел, нақыл сөздер)

4-бет: «Аналармен ойын»

ІІ. Негізгі бөлім
     Қымбатты аналар, ұстаздар, қыздар мерекелеріңізбен!
Бүгінгі мереке 8наурыз-Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аяулы менің анашым» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.
1-бет: Кіріспе сөз
Мұғалім: Адам баласы үшін ең аяулы, ең қастерлі, қадірлі сөз - ана. Бала дүниеге келген күннен бастап өзінің жұмсақ алақаны, жылы жүзі, ыстық құшағы, мейірім толы көзқарасы арқылы барлық сүйіспеншілік, мейірімділік, махаббатын бере білген аналар үшін жер дүниені мекендеген адамзат қауымы бір күнді мейрам етіп белгілеген. Ол 8-наурыз мерекесі.
   Анамызға деген біздің көңіліміз, мейіріміміз ұшан теңіз. Анамыздың көңілі шат, жүзі жарқын, дені сау болуын әрқашан тілейміз. Сіздерді аналар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.
Хормен: «Апатайым»әнін орындау

Асылзат:Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған;
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған;
2.Аялы қолды талпынтқан,
Қаймақты сүттей қалқытқан;
Суық болса жөргегін,
Қорғасындай балқытқан;
3.Айналасына ас қойып,
Изенді көлдей шалқытқан;
Қолын қатты тигізбей,
Кірлі көйлек кигізбей,
Иісін жұпар аңқытқан
Бұл кім?
Бәрі: - Ана
Темирлан:
Сөздерді ең аяулы,
Жақсы көріп жаттадым.
Енді білдім оларды
Кімнің ойлап тапқанын.
«Ана» деген сөзді де,
«Аға» деген сөзді де,
«Әке» деген сөзді де,
«Тәте» деген сөзді де,
«Ата» деген сөзді де,
«Апа» деген сөзді де, - 
Бәрі:Ойлап тапқан балалар!

Нурали:«Жаным, күнім» дегенді,
«Құлыншағым» дегенді,
«Ботақаным» дегенді,
«Қошақаным» дегенді,
«Айналайын» дегенді,
«Толған айым» дегенді,
Бәрі:Ойлап тапқан аналар!
Ән :
Құттықтаймын мама туған күніңмен
4.Анам мені: «Айым» - дейді,
Мен мұңайсам, уайым жейді,
Анам мені: «Күнім» - дейді,
Мен қуансам, күлімдейді.
5. Әлемдегі ақылды адам,
Бәрінен сол жақын маған!
Ол жанымда жүрсе ,мен де,
Батырларша батылданам.
6. Мәпелейсің мені, анам,
Қолыңдағы құсыңдай.
Құлпыра өсіп дем алам,
Құшағыңда қажымай.
7. «Күнім»,- дейсің мені,
Күн мейірі сенде.
Күннің ыстық лебі,
Құшағыңа тең бе?
Айналайын ,ана! (бірге)

8. «Жаным»,- дейсің мені,
Жаратушым бір сен.
Жалғыз өзің тегі,
Жанашырым білсең.
Айналайын ,ана! (бірге)

9. «Құлыным», - деп мені,
Құрақ ұштың дәйім.
Қамқоршым-ау, сені
Қалай ұмытайын.
Айналайын ,ана! (бірге)
Гүлдария: Таусылмайды өлеңі,
Күнде айтып береді.
Барған сайын бір жаққа
Кәмпит алып келеді.
Әжем мені, өйткені,
Өте жақсы көр

Жүргізуші: Алдымен мерекесі құтты болсын аналардың,
Әпкелер мен бауырлар, балалардың.
Мерекеңіз ұлассын қуанышқа,
Бұл күндер көксеген даналардың.
Мұғалім: - Барша аналарға арнаған Мадинаның биін тамашалаңыздар
Жүргізуші:
Білмесең надан боласың,
Жау қолында қаласың,
Үйреніп бәрін біле алсаң,
Ақылың жетіп толасың!

11. Жамандықтан сақтандырып,
Жақсы ісімді мақтан қылып.
Мәпелелеген ақ мамамды,
Жүрсем деймін шаттандырып.
12.Еркелесем, күлімдейтін,
Ұрысқаны білінбейтін.
Маңдайымнан иіскеп менің,
«Құлыншағым, күнім», - дейтін.
13. Айналайын, анашым,
Көкте нұр боп жанасың.
Ет жүрегің елжіреп,
Құшағыңа аласың.
14. Айналайын, анашым,
Аялайсың, бағасың.
Менің үшін не керек –
Бәрін іздеп табасың.
15. Көктемде көңілді,
Құстар кеп жатқанда.
Құлпыртып өңірді,
Гүл ектік бақтарға.

16. Гүл ектік аулаға,
Көктемде көңілді.
Бақта да, бауда да,
Ақ гүлдер өрілді.

Әнші қыздарымыздың орындауында ән «Жау-жау,жаңбыр»
Сен жалықпай жетектеп,
Мен жаттыға жетермін.
Айтқаныңды екі етпей
Ақ сүтіңді ақтармын.

Көрсетемін күллі елді,
Жарық етем түндерді.
Өсіріп мен сыйлаймын
Жұрт көрмеген гүлдерді
Бәрі:
Бәрі жақсы ананың,
Бәрі де оның керек-ау...
Бірақ әрбір баланың 
Өз анасы бөлек-ау!

Ақ анашым, аппағым.
Өзің жайлы тақпағым.
Арналады сіздерге.
Бар баланың тақпағы

Алтын анам жасымнан аялаған
Мен үшін игілікті аямаған
Сабақтан шаршап үйге келгенімде
Бал сөзі - жаным деген, сая маған.

Құтты болсын, ардақты ана
Асыл анам мерекең,
Құтты болсын теңдік алған.
Қуанышты берекең.

Мұғалім:ӘН «Ана біздің гүліміз»

4 - оқушы: Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана.
Келтірген дүниеге нелер дана
Анасыз батырда жоқ, ақында жоқ
Өмірдің алтын кілті сонда ғана.

5 - оқушы: Бал бөбегін баптаған.
Мамам үшін мақтанам!
Аялайтын біздерді,
Көп жасасын жақсы адам.
Мұғалім: Біздің аналарымыз бәрін өз қамқорлығына алады, олар барлық шаруаны бітіреді, сонымен қатар олар біздің әр ойымызды айтқызбай табады, бар сырымыз оларға әрқашан да белгілі. Олай болса, аяулы аналарымызды бір сынап көрелік.
Ойын: «Аялы алақан»
Аналардың көзін байлап, оқушылардың ішінен өз балаларының тапқызу.

Бағлан:Менің әжем, гүл әжем
Алтын әжем, күн әжем.
Апам үшін, мен үшін
Нағыз ана тілі - әжем.
7 - оқушы: Ақ қабақты анашым
Күн көкірек мамашым
Ақ сүтіңнен суардың
Бөбегіңнің санасын.

Мұғалім: Аналар ақ тілекті, сөз көп дейін,
Жылытар жүрегіңді көз көп дейін
Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге
Қол соғып қарсы алайық «Жорға биін»

Инкар:      Жаннұр:
Аялаған анамыз.                        Ана біздің күніміз.
Саялаған панамыз                    Ананың біз гүліміз.
Шынар болып өсеміз                Ұланды ана қуантып
Шырағы боп жанамыз.               Ұзақ өмір сүріңіз.
Аналарымызға арнап кластың әншілері «Біз бақытты баламыз» әнінорындайды.

Мұғалім:Асыға күтіп жүргенмін

Болар деп қашан мейрамың

Суретін жасырып гүлдердің

Келеді оны сыйлағым

(Оқушылар аналарына жасаған ашық хаттарын сыйлайды)

-Балалар,Бізді осындай әдемі,ақылды етіп дүниеге әкелген аналарымызға не дейміз?

(Балалар бірге:РАХ-МЕТ)

Ән: Әрқашан күн сөнбесін

 ІІІ. Қорытындылау

Мұғалім: Ардақты аналар,ұстаздар, апа-қарындастар!Сіздерге осынау мерейлі мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін. Дендеріңізге саулық, бала-шағаларыңызға амандық тілейміз.

Құрметтейік ,о,адамдар аналарды

Бізді өмірге әкелген даналарды

Себебі,АНА деген асыл жан ғой

Ойлауменен істерлік әр қадамды*деген сөздермен
«Аяулы анашым» атты сынып сағатымызды  аяқтаймыз.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Аяулы анашым"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Системный администратор

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Бұл сабақта оқушылардың Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналар мен әжелерді 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтау. Оқушыларды білімге,адамгершілікке,қайырымдылыққа,ізеттілікке,ұстамдылыққа, отбасында бауырмашылдық қарым -қатынас жасауға ,әдептілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу.Оқушылардың ұстазға, ата-анаға ,әжемізге деген құрмет сыйын ,сүйіспеншілігін арттыру.Ақ сүтін берген ,түн ұйқысын төрт бөліп, осы дүниеге әкелген анамызды қадірлей білуге ана еңбегін қастерлеуге үйрету.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 356 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.04.2014 1928
    • DOCX 20.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кумекова Майра Уалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кумекова Майра Уалиевна
    Кумекова Майра Уалиевна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2270
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 121 человек из 43 регионов

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 748 человек из 74 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 953 человека

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 112 человек

Курс повышения квалификации

Организация работы с молодежью

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 170 человек

Мини-курс

Электронный архив: нормативно-правовые требования и основы оцифровки

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Интегративный коучинг: от теории к практике

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Стратегическое планирование и маркетинговые коммуникации

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 19 регионов