Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Сынып сағаты «Өрпен жалғыз қалғанда»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Сынып сағаты «Өрпен жалғыз қалғанда»

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Өртпен жалғыз қалғанда.


Мақсаты: Оқушыларға өртпен жалғыз қалған жағдайдағы сақтық шаралардың қолдануы туралы үйрету.Өрттің өте қауіпті екенін түсіндіру.Өрттен, оттан сақтану жолдарын өт өшіретін құралды пайдалануды, адам өміріне өрттің зиянды екенін біле отырып сіріңкені, тұрмыстық–техникалық заттарды пайдалану кауіпсіздік ережелерін айтып үйрету. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру.Балаларды өрттің алдын алуға үйрету,қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілдер: ойнау,көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап, әңгімелеу.


Көрнекіліктер: оқушылардың салған суреттері,нақыл сөздер,өрт сөндірушінің бір күндік жұмысының суреттері,өрт сөндіретін құралдар.


Ұйымдастыру барысы:

Тақтада ілінген нақыл сөздерді оқып,мағанасын ашу. «Өрт – тілсіз жау», «Орманды өрттен қорғайық!»,«Отпен ойнама, күйерсің», «Өрт – тілсіз жау».

Оқушылардың өз қолдарымен салған суреттері бойынша сөйлету,мадақтау.

1 оқушы: Отпен біз біріншіден жылынамыз,екіншіден тамақ пісіреміз.. От – өмір сәні. Отсыз тіршілік жоқ. От жағылмасаүйіміз суық, тамағымызда піспейді, Ал тамақ ішпесек бойымызға қуат бітпейді. Бойымызда күш болмаса өмірге деген қызығушылығымыз жоғалады. Сонымен от – өміріміз десек те қате айтпаймыз,бірақ оның қауіп шығарып,жау да бола алады. Оны біз байқамай да қаламыз.

2 оқушы: Біздің ата - бабаларымыз шөбі көп жерді отты жер деп бекер айтпаған.Отты жер - қуатты жер. Мал біткенге күш - қуат беретін жер. Үйді қазақ халқы отпен теңестіріп отырған.Тұратын үйін отау, үй иесін – отағасы деп атаған.Отсыз тоңып, жаураған адам ешқандай еңбек те істей алмайды.
Сонымен от - өміріміз десек те, оның әлемі жайлаған алапаттың бірі - өрт қаупін шығаратынын да естен шығармағанымыз жөн.


-Оқушылардың өздері шығарған тақпақтарын оқып береді.


Мұғалім: -Үйден кететін өрттер бола ма?Ендеше тұрмысқа қажетті заттарды пайдалану ережесімен таныстыру. Газ – плитасын пайдалану.

3 оқушы: Ас үйге сән беретін газ плитасы Көгілдір от тұрмыс – тіршілігімізде көп орын атқарады. Десек те, оны ұқыпты ұстап, жаға білуіміз керек. Егер газ плитасынан бір кемшіліктер байқалса, ата – анаңа айтып ескерт. Өйткені ата –анаң газ бөлімшесінің арнаулы мамандарын шақыртады.Өз бетіңмен газды ашуға болмайды. Газ плитасы тұрған бөлмені жиі – жиі желдету керек. Егер газдың күлімсіген иісін сезсең сіріңке жағуға, электр жүйесіндегі лампаны жағуға болмайды. Тек үйдің есік – терезелерін ашып, желдету керек.Газ шыққанда көзге көрінбейтін түссіз зат.

4 оқушы: Тұрмысымызда тағы бір көп қолданатынымыз – электр. Электр – жарық көзі. Бір күн үйімізге электр қуаты келмей қалса, дүниені қараңғы түнек басады. Дегенмен, оны да ұқыпты пайдаланбасақ одан да өрт шығуы мүмкін.

5 оқушы:

1.Электр приборларын уақытылы өшіру, электр жүйесінен ажыратуды ұмытпау;

2.Рұқсат етілмеген жерге электр жүйесін жүргізбеу;

3.Өрттің алдын алу қауіпсіздігін сақта;

6 оқушы:

-Өртті сөндіруге арнайы заттарды даярлап қойған жөн. Оларға құм, су, күрек, киіз, т.б.

-Өрт жаңадан басталғанда сумен, құм сеуіп өшіреді;

-Адамның киімі өртенсе суға түскені дұрыс. Су жоқ болса, топыраққа аунап, үстіне құм себу керек. Я болмаса, адамды қалың матамен орап өшіреді.

-Электр сымдары тоқ өткізгіштің түбінен жанып жатса, оны құрғақ ағашпен суырып алу қажет.

7 оқушы: Ойын: «Кім шапшаң?»

Ойын шарты: Берілген сұрақтарға жылдам жауап беру керек.

1.Өрт сөндіретін адамды қалай атайды? (өрт сөндіруші)

2.Өрт сөндірушінің адамдарға қандай көмегі бар? (олар үйдегі, ормандағы өрттерді сөндіреді)

3.Олардың жұмысы қандай? (адамдарға қажет, өте ауыр, қиын)

4.Өрт сөндірушілер қандай болу керек? (батыл, өжет, шапшаң, епті)

5.Олар неге батыл, шапшаң болу керек? (өйткені өрт кезінде адамдарды, т.б. құтқарады)

6.Өрт болған кезде қандай нөмерге телефон шалу керек? (101)

7.Өрт сөндірушіге телефон шалған кезде қандай мағлұматтар беру керек? (не болғанын, мекен – жайын айту).

8 оқушы: Ойын: «Болады – болмайды»

Ойынның шарты: Қолдарыңа мына бағдаршамды алыңдар. Қызыл түсті – болмайтын жағдайда көтересіңдер, ал жасыл түсті – болатын жағдайда көтересіңдер.

  • Өрт болғанда 101 нөміріне қоңырау шалуға............

  • Жанып тұрған сіріңкені тастауға............

  • Үлкендерді айқайлап көмекке шақыруға..........

  • Өрт шыққан жерде қалуға.........

  • Өрт кезінде керует астына, шкаф ішіне тығылуға............

  • Өрт кезінде есік, терезені ашуға.............

  • Басымызды, бет – аузымызды ылғал сүлгімен орауға............

  • Өрт кезінде жарға, еденге су шашуға...........

  • Лифтіні пайдалануға..........

  • Қорықпай өрт сөндірушінің айтқанын тыңдауға..............

  • Көршілерден көмек сұрауға............

  • Өрт кезінде газды, жарықты, тоққа қосылатын құралдарды қосуға..........


Мұғалім: Балалар естеріңде болсын, өрт кездейсоқ шықпайды, ол дұрыс пайдаланбағаннан болады. Бүгін сендер оттың дос та, жауымыз да бола алатынына көз жеткіздіңдер.

Өрт сөндіруші аға сержантқа сөз беріледі.

Қорытынды: Егер сен үйде жалғыз қалып,кететтен өрт шыққанын байқасаң, не істейтін болдың?

Естеріңде болсын: «Отпен ойнама, күйерсің», «Өрт – тілсіз жау».

Енді балалар,бізге қонақ келген Болат Қинаятұлына рахметімізді білдіру үшін мыныдай плокатқа жапсырылған өрт сөндіруші ағаның суретінің айналасына тілек сөздер жабыстырамыз.Сізге көп рахмет,сау-саламат болыңыз!







Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: Өртпен жалғыз қалғанда. Мақсаты: Оқушыларға өртпен жалғыз қалған жағдайдағы сақтық шаралардың қолдануы туралы үйрету.Өрттің өте қауіпті екенін түсіндіру.Өрттен, оттан сақтану жолдарын өт өшіретін құралды пайдалануды, адам өміріне өрттің зиянды екенін біле отырып сіріңкені, тұрмыстық–техникалық заттарды пайдалану кауіпсіздік ережелерін айтып үйрету. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру.Балаларды өрттің алдын алуға үйрету,қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу. Әдіс – тәсілдер: ойнау,көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап, әңгімелеу. Көрнекіліктер: оқушылардың салған суреттері,нақыл сөздер,өрт сөндірушінің бір күндік жұмысының суреттері,өрт сөндіретін құралдар. Ұйымдастыру барысы: Тақтада ілінген нақыл сөздерді оқып,мағанасын ашу. «Өрт – тілсіз жау», «Орманды өрттен қорғайық!»,«Отпен ойнама, күйерсің», «Өрт – тілсіз жау». Оқушылардың өз қолдарымен салған суреттері бойынша сөйлету,мадақтау. 1 оқушы: Отпен біз біріншіден жылынамыз,екіншіден тамақ пісіреміз.. От – өмір сәні. Отсыз тіршілік жоқ. От жағылмасаүйіміз суық, тамағымызда піспейді, Ал тамақ ішпесек бойымызға қуат бітпейді. Бойымызда күш болмаса өмірге деген қызығушылығымыз жоғалады. Сонымен от – өміріміз десек те қате айтпаймыз,бірақ оның қауіп шығарып,жау да бола алады. Оны біз байқамай да қаламыз. 
Автор
Дата добавления 13.04.2014
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1111
Номер материала 67886041310
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх