Инфоурок Директору, завучу Рабочие программыРухани адамгершілік

Рухани адамгершілік

Скачать материал

 

Тақырыбы:Рухани адамгершілік

 «Отбасында, мектепте, қоғамдық орындарда үлкендер мен бала арасындағы сыйластық, махаббат пен мейірімділік, шапағат шуағы мен ізгілік нұрына бөленуі тиіс.Өйткені біз баланы  адал еңбек етіп, елін, халқын сүюге тәрбиелеп отырмыз. Сондықтан ұл-қызымызға көзбе-көз айтқан сөзіміз, берген тәрбиеміз жүректен жүрекке жетсе, қандай ғанибет!»                                                    С.А.Назарбаева

Тәуелсіз Қазақстан үшін жалпы адамзаттық мәселе, рухани бай тұлғаны қалыптастыру мәселесі өзекті сипатқа ие болып отыр. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік-рухани қайнарын сіңіріп, мінез-құлқын тәрбиелеу үшін, жалпы адамзаттық құндылықтарды, адамгершілік ұстанымдарды, әділдік пен өзара көмекті ғұмыр бойы мұрат тұтуға бет бұруы қажет.

Жас ұрпаққа тәрбие мен білім беруде уақыт талабына сай болу С.А.Назарбаеваның «Өзін-өзі тану» атты білім жобасының негізінде оқу жоспарына жаңа пәннің енгізілуінің қажеттілігін айқын аңғартып отыр.

2006-2007 оқу жылында ҚР-ң Білім және ғылым министірлігінің 12-қазан 2005-жылғы № 679 бұйрығына сәйкес оқу-әдістемелік кешенін дайындау және сынақтан өткізу жоспарға сәйкес жалғастырылуда. ҚР-ң Білім және ғылым министірлігінің 28-тамыз 2006-жылғы № 468 бұйрығына сәйкес бекітілген «Өзін-өзі тану» пәнінің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптарына сай бастауыш мектептің (1-4сыныптар) тақырыптық үлгі-жоспарлары құрастырылған. 2 жыл ішінде Алматы қаласы аймағындағы байқау алаңдары жас ұрпақтың әлеуетін дамытудағы білім берудің жаңа міндеттерін жете түсінуге мүмкіндік ашуда. «Өзін-өзі тану» пәні өзіндік орны бар, өзге пәнмен ауыстырылмайтын, керісінше олардың мазмұнындағы адамгершілік тәрбие берудегі кемшілік тұстарын толықтыратын пән екенін дәлелдеді.

2006-2007 оқу жылынан бастап «Өзін-өзі тану» пәнінің енгізілуіне байланысты Алматы қаласы Білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының 2008-жылға арналған жоспарына педагог кадрларды аталған пән бойынша қайта даярлау мақсатында арнайы орыс және қазақ тілінде курстар өткізу енгізілген.

Үстіміздегі жылдың 4-қаңтар мен 7-ақпан аралығында бастауыш қазақ сыныптарының мұғалімдері үшін «12 жылдық білім беру жағдайында «Өзін-өзі тану» пәнінің ғылыми әдәстемелік негіздері» атты курс аясында өткізілген іс-шараларға тоқталмақпын.

Курс барысында республикалық «Бөбек» ҰҒПББСО-ң қызметкерлері п.ғ.к Изғұттынова.Р.О, Сейтақов.А.С, Акимбаева:Ж.Ж  т.б дәріскерлердің теория және әдістемеден оқыған дәрістері тыңдалды.

Алматы қаласы «Бөбек» ҰҒПББСО-ң 13-қазан 2006-жылғы №01-325 хатының негізінде байқау алаңы ретінде өз жұмысын нәтижелі жүргізіп келе жатқан Медеу ауданы № 172 мектепте курс тыңдаушылары семинар жұмысын жалғастырды. Мектептің тәжірибелі ұстаздары өткізген сабақтары  тыңдаушылардың іс-тәжірибе алмасуына игі шара болды. Көрсетілген сабақтар үлгісін бастауыш сынып мұғалімдері үшін, ұстаздардың іс-тәжірибесін тарату мақсатында ұсынбақшымыз:  

Пәні: Өзін-өзі тану

Сыныбы: 3 «Ә»

Пән мұғалімі: Қалимолда.А.Т

Тақырыбы:  «Мейірімділік – асыл қасиет»

Мейірімділікті анадан үйрен. Халық даналығы.

Мақсаты:  Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері: мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түіндіру;

-           өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;

-           мейірбандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: үнтаспа, дәптер, оқулық, жүрекшенің үлгісі.

Шаттық шеңбері: Мұғалім балаларга шеңбер құрып тұруды ұсынады:

-           Балалар, ортаға шеңбер құрып тұра қалайық. Бір-біріңе жылы жүзбен қарап, мейірлене шуағын төгіп тұрған күнге қарай қолдарыңды созыңдар.

Күлімдеп күн бүгін (қолдарын көтереді.)

Қарады маған да. (қолдарын кеуделеріне қояды.)

Күлімдеп күн бүгін, (қасындагы балаға қарайды)

Қарады саған да

Шуақпен төгіп нұр.

Мұғалім оқушыларды жаңа сабақтың тақырыбымен таныстырады:

— Біз бүгінгі сабақта адамның жақсы қасиеттерінің бірі мейірімділік туралы әңгімелесеміз. Адамдардың бір-біріне деген мейір шапағаты -әдептілік белгісі.

Тыныштық сәті (Үнтаспадан арнайы әуен естіледі) Балаларға мейірімділік сезімін сезіндіру мақсатында тыныштық сәті ұйымдастырылады.

Оқулықпен жұмыс. Әңгімелеу «Сары тауық пен балапандар»

Мейірімділік қасиеттің мәнін түсіндіру мақсатында әңгімелеу жұмысы ұйымдастырылады. Оқулықтағы мәтінді оқушы әңгімелейді.

Оқушылардың мейірімділік туралы пікірлері әңгіме мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауаптары арқылы тыңдалады.

•           Сары тауық өз балапандарын қандай жақсы қасиеттерге баулыды?

•           Сары тауық өз аналық мейірімін қалай көрсете білді?

•           «Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады» дегенді қалай түсінесіңдер?

•           Ал сендер мейірімділікті, қайырымдылықты кімдерден үйреніп жүрсіңдер?

•           Сендер біреуге мейірімділік танытқан кезде қандай сезімге бөлендіңдер?

Балалардың жауаптары тыңдалады.

Дәйексөз

Әңгіме мазмұны бойынша туған ойлар дәйексөзбен түйінделеді.

Мұғалім тақтаға «Мейірімділікті анадан үйрен» деген халық даналығын жазып қояды және оның мәнін түсіндіреді. Ана - халық үғымында жаратушы. Олай дейтініміз табиғаттың жаратқан иесі адамды дүниеге әкелуші Ана. Ал барлық нәрсенің дүниеге келуі үлкен мейірім мен шапағаттан пайда болады. Табиғаттың барлық жанға бірдей мейірімді болуы сондықтан. Адамның да ананың кіршіксіз мейірінен берілген мейірімділігін сақтап қалуы өз қолында.

Оқушылар дәйексөзді дәптерлеріне жазып алады.

Ойын:

Балаларды мейірімді болуға дағдыландыру үшін «Мейірімді жүрек» атты ойын ұйымдастырылады. Әр бала қасындағы көршісіне оның жақсы қасиетін білдіретін сөздерді айтып жүрекшені ұсынады. Мысалы, Сен мейірімдісің!; Сен кішіпейілсің!; Сен әдемісің!; Сен қайырымдысың!; Сен ізеттісің!

Үй тапсырмасы

Бірінші тапсырма: Дәптерде берілген жүрекшенің ішіндегі бос жолдарға «Мен мейірімді баламын. Өйткені...» тақырыбында өздері жасаған ізгілік істері туралы шағын әңгіме құрастырып жазады.

Екінші тапсырма: Әңгімені оқып, мәтін мазмұнында берілген адами асыл қасиеттерді өз бойларыңа сіңіре біліндер.

Жүректен-жүрекке

Сабақ соңында балалар адамдарға,  айналасына мейірімді екендіктерін жылы сөздері арқылы білдіреді. Кімнің немесе ненің мейірімді екендігін кезегімен мынадай сөздермен айтып жеткізеді:

-           Күлімдеген күн мейірімді!

-           Кіршіксіз ақ қар мейірімді!

-           Таза мөлдір су мейірімді!

-           Бәрімізді көтеріп түрған жер мейірімді!

-           Аяулы анам мейірімді!

-           Қадірлі әкем мейірімді!

-           Әлпештеген әжем мейірімді!

-           Еркелеткен атам мейірімді!

-           Жылы жүзді ұстазым мейірімді!

-           Тату-тәтті достарым мейірімді! және т.б.

 Пәні: Өзін-өзі тану

Сыныбы: 3 «А»

Пән мұғалімі: Кенжеахынова.М.Е

Тақырыбы: «Жаным толған жақсылық»

Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе. Ыбырай Алтынсарин

Мақсаты: Балалардың «жақсылық», қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту

Міндеттері:

-           жақсылық пен махаббаттың адам өміріндегі маңыздылығын  түсіндіру;

-           жақсылық жасай білу іскерліктерін дамыту;

-           қайырымдылыққа, ізгілікке тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: үнтаспа, дәптер, оқулық, «тамшы» үлгісінде қиылған көгілдір түсті қағаздар, «Жақсылық тамшысы» атты көркем сурет

Шаттық шеңбері: Мұғалім балалармен бірге шеңбер құрып тұрады, бір-бірімен сәлемдесіп шығады. Жаңа сабақты өткен сабақпен байланыстыру мақсатында үй тапсырмасы сұралады:

- Балалар, өткен сабақта адамның жақсы қасиетінің бірі мейірімді болу керектігі туралы әңгімелескен болатынбыз. Үйде «Мен мейірімді баламын» тақырыбына әңгіме құрастырып келуге тиіс болғансындар. Балалардың жауаптары тыңдалады. Мұғалім балалардың үй тапсырмасына ризашылыгын білдіріп, сабақтың тақырыбымен таныстырады:

- Жарайсыңдар балалар, мен сендердің мейірімді істерінді есітіп, қуанып тұрмын. Адамға, айналаңа мейірімді болу адамды жақсылық жасауға жетелейді. Бүгінгі сабақта жақсылық жасау туралы әңгімелесеміз.

Оқулықпен жұмыс. Әңгімелеу «Жан ана» мәтіні

Жақсылық жасау туралы балаларда түсінік қалыптастыру үшін әңгімелеу жұмысы ұйымдастырылады.  Мұғалім әңгімелеп береді. Мұғалім әңгімеде айтылған ой туралы балалардың пікірін білу үшін сұрақтар қояды.

•           Ауылдағылардың жасаған әрекеттеріне көзқарастарың қандай?

•           Осы әңгімеден қандай ой қорытуға болады?

Балалардың жауаптары:

Дәйексөз

Оқушылардың әңгіме мазмұны бойынша ойлары дәйексөзбен түйінделеді.

Мұғалім тақтаға Ыбырай Алтынсариннің «Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе» дәйексөз мазмұнымен жұмыс.

- Адамға жақсылық жасағанда риясыз жасау керек. Өйткені ол жанашырлықпен, шын көңілмен, адал ниетпен жасалған іс. Оған ақы сұраудың, жақсылығымды қайтар деудің қажеті жоқ. Жасаған жақсылық бәрібір алдыңнан шығады.

Шығармашылық жұмыс

Айтылган ой «Жақсылық тамшысы» атты шығармашылық жұмыс арқылы бекітіледі. Оқушылардың санына сәйкес алдын ала дайындалган тамшы үлгісінде қиылған қағаздарды үлестіріледі. Әр бала тамшыға өзі жасаған жақсы істерін сурет салып немесе жазып жеткізеді. Мұғалім тақтадагы ақ қағазға тамшыларды ілуді ұсынады. Тамшыны  іліп жатқанда әр бала өзгелерге,  айналасына өзгі жасаған жақсылықтарын жария етеді. Мұғалім шығармашылық жұмыс нәтижесін қорытындылайды:

- Балалар, әрқайсысыңның тамшыдай жасаған жақсылықтарыңды қосқанда үлкен дарияға (мұғалім тамшылар ілінген плакат астына көкпеңбек дария суретін апарып іледі) айналды. Яғни әр адамның жаны жақсылыққа толы болса, жер бетінде бейбітшілік орнап, адамдар бақытты өмір сүреді.

Ойын «Ептілік пен жақсылық». Оқушыларды жақсылық жасауға дағдыландыру мен олардың денесін сергіту мақсатында «Ептілік пен жақсылық» атты ойын ұйымдастырылады. Әр ойыншы қолындағы таяқшаға жіпті тез-тез орап, әр адым аттаған сайын досының өзіне жасаған жақсылығы туралы айта отырып, алға жылжи береді. Кім ортадағы белгіге дейін тез орап шықса, сол жеңімпаз деп саналады. Жеңімпазға Ақботаның қоржынынан «Данышпан ата» сыйлықтары беріледі. Кезек келесі жұпқа беріледі. Осылайша ойын жалғаса береді.

Үй тапсырмасы

Дәптерде берілген «Жақсылық бастауынан» тараған тармақтарға мына сұрақтардың жауабын жазыңдар:

1.         Айналандағы адамдарға қандай жақсы тілектер айтып жүресіңдер?

2.         Өз бойыңдағы жақсы қасиеттеріңді санамалап жазыңдар.

3.         Қандай жағымсыз қылықтардан аулақ жүруге тырысасындар?

Жүректен-жүрекке. Балалар шеңберге тұрып, ата-анасына, туыстарына, достарына, жақындарына деген сүйіспеншілік сезімдерін жақсы тілектерімен білдіреді:

-           Аяулы анама ұзақ ғұмыр тілеймін.

-           Құрметті ұстазыма зор денсаулық тілеймін.

-           Сыныптастарыма бақытты өмір тілеймін.

-           Еңбекшіл достарыма қажымас қайрат тілеймін.

Өнерлі балаларға талмас қанат тілеймін. Үнтаспаға қосылып бәрі бірге көңілді ән шырқайды.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Рухани адамгершілік"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Психолог-консультант

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Бүгінгі таңда студенттерге сабақтарды саралай отырып,студеттерді адамгершілікке баули отырып,сабағымызда арнайы рухани адамгершілік тақырыбын ала отырып сабағымызда әрбіреуімен түсінік ала жүріп бүгінгі күннің адамгершілігі қалай болу керек деген ойды орта тастай отырып сабағымызды жүргіздік.Сабақ студенттерімізгі ой салып ортағаға бүгінгі күндегі адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасы және өмірдегі ата-аналарымыздың орны туралы ойларын жүйелі т.рде жеткәзе білді.Келешекте біз қандай рухани адамгершілікті сақтап қалпамыз деген ойларыменсабағымызды қорытындыладық

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 078 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.04.2014 1354
    • DOCX 27.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Буданова Мансия Абдуалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Буданова Мансия Абдуалиевна
    Буданова Мансия Абдуалиевна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 851
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Основы техники дубляжа и закадрового озвучания

36/72/108 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Педагогическая риторика в условиях реализации ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 98 человек

Курс повышения квалификации

Инженерные аспекты производства хлебобулочных изделий

36 ч.

1580 руб. 940 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективное планирование и управление временем

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек

Мини-курс

Взаимоотношения в семье и успех детей

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек

Мини-курс

Самосовершенствование: шаги к личному росту и эмоциональному благополучию

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 253 человека из 61 региона
  • Этот курс уже прошли 67 человек