Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Иностранные языки / Конспекты / Қазақ халқының бейнелеу өнері, тәрбиелік мәні
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Иностранные языки

Қазақ халқының бейнелеу өнері, тәрбиелік мәні

библиотека
материалов

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Бидайкөл ауылы

148 қазақ орта мектебі

Қазақ тілі пәні мұғалімі: Көбегенова Ләззат Құрманәліқызы

Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының бейнелеу өнері, тәрбиелік мәні

Сабақтың мақсаты: а) Білімділік. Әрбір жеке тұлға бойына жан-жақты білім беріп, әртүрлі мамандық иесі жайлы мағлұмат беру. Тарих пен әдебиет арқылы оқушыға зерттеушілік қабілет жайлы ұғындыру.

ә) Дамытушылық. Оқушылардың өзіндік қабілетін дамытып, келешек өміріне осы кезден бастап ізденіс қалыптастыру.

б) Тәрбиелік. Бейелеу өнері арқылы оқушының туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, имандылыққа, ұлтжандылыққа, саналылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Қорытынды сабақ

Сабақтың түрі: Топтық жұмыс түріндегі семинар

Сабақтың әдісі мен тәсілі: Талдау, түсіндіру, мәнерлеп өлең оқу, ой қорыту.

Пайдаланылған әдебиеттер: Ә.Қастеев, Х.Наурызбаев, Н.Г.Хлудов, А.Ғалымбаева, Г.Ысмайлова еңбектері. «Айқын» газеті. М.Шаханов пен Ш.Айтматов, Т.Молдағалиев А.Бақтыгереева өлеңдер жинағы.

Техникалық құрал: интерактивті тақта, слайдтар

Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, бейнелеу, өзін-өзі тану

Сабақтың нақылы: Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та бар қалан.

А.Құнанбаев

Сабақтың ғылымилылығы: Ақыл көзбен қарасаң,

Дүние – ғажап, сен – есім.

Надан көзбен қарасаң,

Дүние – қоқыс, сен – мешін.

әл-Фараби

Сыныпты екі топқа бөлеміз: 1) тарихшылар тобы

2) әдебиетшілер тобы

Кіріспе

Қазақ бейнелеу өнері өзінің бастауын көне тас, қола, темір дәуірлеріндегі жартас суреттерінен, одан қалды сақ-скиф, ғұндар және түрік қағанаты заманынан алады. Ал нағыз кескіндемелік кәсіби бейнелеу өнері XIX ғасырдағы ұлы бабамыз – ғалым Шоқан Уәлихановтан басталады. Одан бері бейнелеу өнерінің бастауын қалаған классик суретшілеріміз Әбілхан Қастеев, Николай Григорович Хлудов, Орал Таңсықбаевтарды атауға болады.

Бейнелеу өнері – адам баласының танымын , ой-өрісін дамытып, жаңадан жаңаны табуға жетелейтін өнер.

Ш.Уәлиханов өмірі мен шығармашылығын тарихшылар баян етеді.

Ш.Уәлихановтың «Сұлтан Мамырхан Рүстемов» суреті бойынша кейіпкердің психологиясын әдебиетшілер ұғындырады. Ш.Уәлихановтың аз ғұмырда тынбай еңбектенген қолжазбалары мен зерттеу еңбектерін талдап түсіндіреді. М.Шахановтың «Құлпытас кепиеті немесе кері тебу заңы» деп аталатын өлеңі оқылады.

Әбілхан Қастеев өмірі мен шығармашылығы жайлы, өмірбаяны жайлы, қазақ бейнелеу өнеріне сіңірген еңбегі жайлы тарихшылыр өз зерттеулерін жасайды.

Әдебиетшілер Ә.Қастеевтің табиғат берген тума таланты жайлы айта келіп, «Жамбыл», «Абай», «Түркісіб», «Ш.Уәлиханов», өзінің автопортреті жайлы ізденіс-пікірлерін айтады.

Айша Ғалымбаева жайлы тарихшылар өз ізденіс зерттеулерін айта келіп, қазақ өнер тарихында суретшілікті меңгерген тұңғыш қазақ қызы екеніне тоқталады. Суретшінің «К.Байсейітова», «Біз заманымызбен бақыттымыз», «Г.Разиева», «Халық шебері Б.Бәсенова» портреттері жайлы, сонымен қатар суретшінің қазақтың тұрмыстық болмыс-бітімін, ұлттық аспаздық тақырыптарын қамтитын натюрморттары жайлы түсінік береді.

Әдебиетшілер А.Ғалымбаеваның белгілі бір тұлғалар жайлы жасаған портреттеріне әдеби тілмен мазмұн береді.

Хакімжан Наурызбаев жайлы оның жасаған туындыларымен бірге қазақ өнері тарихында мүсін саласын дамытқан тұңғыш кәсіпқой мүсінші екенін өз зерттеулерімен баяндап береді. Ол сомдаған Алматы қаласындағы Абайдың қола мүсінін, Шоқанның қола мүсінін, Тараздағы шойыннан жасалған Жамбылдың ескерткіштері жайлы, мүсіншінің жоғары талғамы жайлы талдап түсіндіреді.

Әдебиетшілер Х.Наурызбаевтың «Абай» портретіне Абай Құнанбаев жайлы, Жамбыл мүсініне байланысты Ж.Жабаевтың болмысы жайлы Т.Молдағалиев пен М.Шахановтың өлеңдерін мәнерлеп оқиды.

Молдахмет Кенбаев жайлы, ол кісінің 1968-1974 жылдары Қазақстан суретшілер одағын кескіндеме секциясын басқарған жылдарында атқарған еңбектері жайлы, әсіресе, «Сүйінші» дипломдық жұмысы жайлы өз зерттеулерін жасайды.

Әдебиетшілер М.Кенбаевтың «М.Әуезов» портретіне қырғыз ақыны Ш.Айтматов айтқан естелікті, Алматы қаласындағы неке сарайының, Қазақстан мейманханасы мен «Қазақстан» кинотеатрының қабырғаларына салынған мозайкалар жайлы айта келіп, Т.Молдағалиевтің «Әйел сенің ақылшың да, серігің» өлеңін оқиды.

Шәкен Ниязбековтің өмірі мен шығармашылығы жайлы тарихшылар өз пікірлерін айта келіп, суретшінің «Абай», «Исатай Тайманов», «Сырым Датов», «Н.Назарбаев» жұмыстарын атап көрсетеді. Ш.Ниязбековтың сіңірген еңбегі арқылы Алматы қаласының бас суретшісі болғандығын, Егеменді Қазақ Республикасының көк Туының авторы екенін, өзіндік ешкімге ұқсамайтын қолтаңбасы болғанын талдап береді.

Әдебиетшілер осы аталған Ш.Ниязбековтің туындыларына талдау жасап, әдеби тілмен әрбір туындының мазмұнын талдайды.

Гүлфайрус Ысмайылованың кәсіпқой суретшілер арасындағы А.Ғалымбаевадан кейінгі дарынды қазақ қызы екенін, өмірі мен шығармашылы жайлы зерттеулерін, «Ұйғыр қыздары», «К.Байсейітова Қыз Жібек рөлінде» туындыларына талдау жасайды. Сондай-ақ суретшінің актерлік қабілетімен көпшілік көрерменнің үлкен ықыласына бөленгенін талдап түсіндіреді.

Әдебиетшілер осы аталған туындыларға жан-жақты талдау жүргізіп, мазмұнын ашады. Суретшінің тырнақалды туындысы «Б.Төлегенова» жайлы естелік айтылады. Бұдан жарты ғасыр бұрын айтылған «күміс көмей әнші» сөзінің авторы қырғыз жазушысы Ш.Айтматов екені, әншінің өмірбаяны арқылы сурет мазмұнын жан-жақты зерттеп ашып береді.

Қорытынды

Тарихшылар” мен “Әдебиетшілер” тобы барлық бейнелеу өнері саласындағы жұмыстарды қорытындылай отырып, қазақ бейнелеу өнерінің қиын да қызықты тарихын қысқаша таныстырып өтеді. Қазіргі қазақ өнерінің әлемдік деңгейдегі өнер ордасы екенін естеліктер мен өлең жолдары арқылы, белгілі адамдардың өмірбаяндары арқылы талдап түсіндіреді.

Мұғалімнің қорытынды сөзі:

Дала данышпаны – Асанқайғы:

Құлағанды көтерсең,

Жылағанды жұбатсаң,

Қисайғанды түзетсең,

Халықтың құрметіне бөленесің, - деген екен.

Балалар, алдағы өмірде өздерің қалаған мамандық иесі болу үшін, ең бірінші – еріншек болмауымыз керек. “Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік – бәрі содан шығады” – деген Абай атамыздың сөзін мәнгі жадымызда сақтайық.


Краткое описание документа:

Сабақтың мақсаты: а) Білімділік. Әрбір жеке тұлға бойына жан-жақты білім беріп, әртүрлі мамандық иесі жайлы мағлұмат беру. Тарих пен әдебиет арқылы оқушыға зерттеушілік қабілет жайлы ұғындыру.                                      ә) Дамытушылық. Оқушылардың өзіндік қабілетін  дамытып, келешек өміріне осы кезден бастап ізденіс қалыптастыру.                                         б)  Тәрбиелік. Бейелеу өнері арқылы оқушының туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, имандылыққа, ұлтжандылыққа, саналылыққа тәрбиелеу. Сабақтың типі: Қорытынды сабақ Сабақтың түрі: Топтық жұмыс түріндегі семинар Сабақтың әдісі мен тәсілі: Талдау, түсіндіру, мәнерлеп өлең оқу, ой қорыту. Пайдаланылған әдебиеттер: Ә.Қастеев, Х.Наурызбаев, Н.Г.Хлудов, А.Ғалымбаева, Г.Ысмайлова еңбектері. «Айқын» газеті. М.Шаханов пен Ш.Айтматов, Т.Молдағалиев А.Бақтыгереева өлеңдер жинағы. Техникалық құрал: интерактивті тақта, слайдтар Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, бейнелеу, өзін-өзі тану Сабақтың нақылы:  Әсемпаз болма әрнеге,                                      Өнерпаз болсаң арқалан.                                      Сен де бір кірпіш дүниеге,                                      Кетігін тап та бар қалан.                                                                             А.Құнанбаев Сабақтың ғылымилылығы: Ақыл көзбен қарасаң,                                                    Дүние – ғажап, сен – есім.                                                    Надан көзбен қарасаң,                                                    Дүние – қоқыс, сен – мешін.                                                                                            әл-Фараби Сыныпты екі топқа бөлеміз:    1) тарихшылар тобы                                                       2) әдебиетшілер тобы Кіріспе Қазақ бейнелеу өнері өзінің бастауын көне тас, қола, темір дәуірлеріндегі жартас суреттерінен, одан қалды сақ-скиф, ғұндар және түрік қағанаты заманынан алады. Ал нағыз кескіндемелік кәсіби бейнелеу өнері XIX ғасырдағы ұлы бабамыз – ғалым Шоқан Уәлихановтан басталады. Одан бері бейнелеу өнерінің бастауын қалаған классик суретшілеріміз Әбілхан Қастеев, Николай Григорович Хлудов, Орал Таңсықбаевтарды атауға болады. Бейнелеу өнері – адам  баласының танымын , ой-өрісін дамытып, жаңадан жаңаны табуға жетелейтін өнер. Ш.Уәлиханов өмірі мен шығармашылығын тарихшылар баян етеді. Ш.Уәлихановтың «Сұлтан Мамырхан Рүстемов» суреті бойынша кейіпкердің психологиясын әдебиетшілер ұғындырады. Ш.Уәлихановтың аз ғұмырда тынбай еңбектенген қолжазбалары мен зерттеу еңбектерін талдап түсіндіреді. М.Шахановтың «Құлпытас кепиеті немесе  кері тебу заңы» деп аталатын өлеңі оқылады.
Автор
Дата добавления 13.04.2014
Раздел Иностранные языки
Подраздел Конспекты
Просмотров896
Номер материала 68080041349
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх