Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / История / Конспекты / Алаштың алып тұлғасы – Мұстафа Шоқай
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • История

Алаштың алып тұлғасы – Мұстафа Шоқай

библиотека
материалов

Қызылорда облысы Шиелі ауданы Бидайкөл ауылы

148 қазақ орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Майра Байділдаева Байсалбайқызы

Түсінік хат .

Мектепті білім ошағы дейтін болсақ , сол ошақтың білімді , үздік сыныптарын анықтау мақсатында ойынға «Білімнің алтын тайқазаны» көшпелі кубогы зияткерлік ойыны деп айдар тағып мектепішілік тарих апталығының қорытынды кешінде ұйымдастырдым. Сайысқа мектептің 8-10 сыныптар арасындағы А,Б,В топтары қатысады. Мектепішілік пән апталықтарында сол пәнге байланысты сұрақтарын, тақырыптарын қойып үнемі өзгертіп отыруға болады және жыл соңында «Білімнің алтын тайқазаны» кубогын көп ұтқан сынып жылдың - ең үздік сыныбы атанады. Алаштың алып тұлғасы Мұстафа Шоқай тақырыбындағы сыныптан тыс жұмыста оқушыларға Алаштың арысы, әлем таныған үлкен тұлға Мұстафа Шоқай өмірімен, қызметімен, еңбектерімен етене таныстырып ұлттық тұлға жайлы білімін жетілдіру мен ойлау,сөйлеу есте сақтау қабілеттерін дамыту және Отанын елін, туған жерін сүюге, ұлтымыздың ұлы тұлғаларын біліп құрметтеуге,қастерлеуге,өз елінің жетістіктерін дәріптей білуге, өз халқының саяси,экономикалық және әлеуметтік дамуына қалтқысыз қызмет ете білуге баулу мақсатында жүргізіледі.Мұнда сабақтың топтық сайыс түрі қолданылады. Сайыс

І. Кіріспе ( мұғалім барлық сабақтың мақсат міндеттерімен барысымен таныстырады. )

ІІ. Бұл осылай болған еді. М.Шоқай өмірі жайлы болған оқиға ізімен деректі әңгіме.( слайдттар арқылы мұғалім шолу жасап түсіндіріп өтеді.

ІІІ. Топтардың өзін - өзі таныстыруы. «А»- Атамекен, «Б»- Бәйтерек, «В»- Болашақ

ІҮ.Сұрақ – жауап сәті (әр топқа 9 сұрақ қойылады.)

Ү. Топтың өздері жасаған көрме бұрыштарын таныстыруы.( Топтарға алдын ала тапсырма беріледі оқушылар өзбеттерімен әзірленіп келеді.ұйымдастырушылық қаблеттерін , ізденушілікткрін бағалайды. )

ҮІ.Тарихи сынақ хат. Үш топқа бірдей бір мәтін беріледі. (М.Шоқайға байланысты мәтін алынады да ішінен кейбір сөздер алынып тасталады. Көп нүктенің орынын топтар бірлесе отырып өздері толтырады ,қаншалықты дұрыс толтырылғандығы бағаланады, оқушылар М.Шоқайға байланысты тақырыпты қаншалықты меңгергендіктерін көрсетеді)

ҮІІ.Қойылым. (М.Шоқай өмірінен үзінді, оқушылардың ізденімпаздығын сахналық суреттеуге бейімдігін байқаймыз)

ҮІІІ. Үй тапсырмасы.топтар «Алтын тайқазан » сөзжұмбақтарымен алмасады.( Алтын тайқазан сөзіне үш топта үйден М.Шоқайға байланысты деректерден сұрақтар құрастырады.мұнда оқушылар қаншалықты М.Шоқай өмірінен деректер білетіндіктерін көрсетеді.)

ІХ. Мәнерлеп жатқа өлең оқу (туған жерге,М.Шоқайға байланысты, өлең жаттау, оқу арқылы оқушының өз еліне деген сүйіспеншілік , құрмет сезімдері қалыптасады.)

Х. Сурет сөйлейді, хронологиялық кесте жасау,таныстыру.үш топқа бірдей бір парақтан таратылады(М.Шоқайдың өміріне қатысты жылдарды ретімен теріп жазады. )

ХІ.Топ жетекшілер сайысы. ( Суретті анықтап ол кісінің не айтқысы келгенін логикасы арқылы арықарай оқушы өз сөз сөйлеу шеберлігімен жалғастыру қажет.)

ХІІ. Қорытынды.

Сыныптан тыс жұмыс тақырыбы: Алаштың алып тұлғасы – Мұстафа Шоқай

Сабақтың мақсаты :Білімділік: Оқушыларға Алаштың арысы, әлем таныған үлкен тұлға Мұстафа Шоқай өмірімен, қызметімен, еңбектерімен етене таныстырып ұлттық тұлға жайлы білімін жетілдіру

Дамытушылық: Ойлау,сөйлеу есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.

Тәрбиелік: Отанын елін, туған жерін сүюге, ұлтымыздың ұлы тұлғаларын біліп құрметтеуге,қастерлеуге,өз елінің жетістіктерін дәріптей білуге, өз халқының саяси,экономикалық және әлеуметтік дамуына қалтқысыз қызмет ете білуге баулу.

Сабақтың түрі : Сыныптан тыс жұмыс

Сабақтың әдісі: «Білімнің алтын тайқазаны» көшпелі кубогының А,Б,В сыныптар арасындағы интеллектуалды топтық сайыс.

Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, слайдтар, М.Шоқай суреттері.

Сабақтың барысы :

І. Кіріспе

ІІ. Бұл осылай болған еді. М.Шоқай өмірі жайлы болған оқиға ізімен деректі әңгіме.

ІІІ. Топтардың өзін - өзі таныстыруы. «А»- Атамекен, «Б»- Бәйтерек, «В»- Болашақ

ІҮ.Сұрақ – жауап сәті (әр топқа 9 сұрақ қойылады.)

Ү. Топтың өздері жасаған көрме бұрыштарын таныстыруы.

ҮІ.Тарихи сынақ хат.

ҮІІ.Қойылым. (М.Шоқай өмірінен үзінді)

ҮІІІ. Үй тапсырмасы.топтар «Алтын тайқазан » сөзжұмбақтарымен алмасады.

ІХ. Мәнерлеп жатқа өлең оқу (туған жерге,М.Шоқайға байланысты)

Х. Сурет сөйлейді, хронологиялық кесте жасау,таныстыру.

ХІ.Топ жетекшілер сайысы.

ХІІ. Қорытынды.


І.Кіріспе

Мұғалім: Қазақ тарихының өткеніне үңілсек бұрмаланбаған беттері кемде –кем. Кім батыр?Кім сатқын?Кім халық үшін қам жеді?Кім жеке басының қамын ойлады?Кім өз өмірін туған елі үшін қиды? Кім қасақана халқының қанын төкті?

Әрине бұл сауалдарға жауап беру оңай емес.Әділдігі сол тарихта із қалдырған белгілі қайраткерлер қызметін,іс-әрекетін,өмір сүрген уақытына,заманына тарихи кезеңге сай бағалау қажет.

Уақытты өзгертуге қақымыз жоқ,таңдауға да болмайды. Қилы кезеңде әркімнің өз жолын таңдауға құқы бар.Тарихта түрлі топтар мен партияның билік үшін күрескені рас.

«Ұлы тұлғаларды білмейінше бірде-бір дәуірді дұрыстап тану мүмкін емес». Қиын – қыстау күн кешсе де өзінің Тәуелсіздік идеясынан бас тартпаған кемел ойлы кемеңгер - Мұстафа Шоқайұлы .

Алтынның сынығындай тұяғымыз,

Ой толғап бөлініп ед қиялымыз.

Қайта оралып отырған ортамызға

Шоқайұлы Мұстафа зиялымыз. Деп жерлесіміз Д.Байдрахманов ағамыз жырлағандай бүгінгі Білімнің алтын тайқазаны интеллектуалды топтық сайысымыздың негізгі арқауы Алаштың алып тұлғасы кемеңгер ойлы Мұстафа Шоқайұлы болмақ.



ІІ. Бұл осылай болған еді. М.Шоқай өмірі жайлы болған оқиға ізімен деректі әңгіме.( барлық өмірдеректері слайд арқылы көрсетіледі.)

М.Шоқайұлы (1889-1941 ) Қызылорда облысы Шиелі ауданы Сұлутөбе ауылында Наршоқы қыстауында дүниеге келген. Сыр өңірі қазақтары арасында беделді кісі Шоқай бидің әкесі Торғай датқа Хиуа ханының уалиі болған. Мұстафа жазу сызуды өз анасынан беске толмай жатып үйренген. Сұлутөбе станциясындағы орыс мектепте бастауыш білім алған. 1902 жылы Ташкенттегі гимназияға түседі. 1910 жылы Санкт –Петербург университетінің заң факультетіне оқуға түсіп оны 1917 жылы бітіреді. Студент шағынан қоғамдық – саяси өмірге белсен араласып , түрік – мұсылман студент дастарының қозғалысына қатысады. 1916 жылы Ә.Бөкейхановтың ұсынысымен Мемлекеттік думадағы мұсылман фракциясы жанындағы бюроға мүше болады. Билік орындарыныңТүркістан халқын аяусыз қуғынға ұшыратқанын мәлімдейді. 1917ж ақпан революциясы нәтижесінде патша өкіметінің құлауын зор қуанышпен қарсы алған.Түркістан өлкесі мұсылмандарының орталық кеңесіне жетекшілік жасады. 1917 жылы мұсылмандардың төтенше съезіне төралқасына басшылық етті.54 адамнан тұратынУақытша Халық Кеңесі құрамын асайланды және уақытша кеңестің сыртқы істер министрі болды. Екінші жалпы қазақ съезіне қатысып Алашорда құрамына сайланды. Сырдария өңірі қазақтарын алаш автономиясы қатарына қосу ісі оң нәтиже берді. 1918 жылы марина Горинамен некелеседі.Қоқа қаласын Түркістан автономиясын большевиктердің жаулап алуына байланысты шетелге эммиграцияға кетуге мәжбір болады. 1919 жылы Маңғыстау арқылы Бакуге одан Тбилисиге келді. Мұнда 1921 жылға дейін А.Цалыковтың редакторлығымен шығатын «Вольный горец» және Грузия миншевиктерінің «Борьба» газеттерінде істеді. 1920 жылы Тблисиде украйндықтармен бірлесе отырып «На рубеже» журналын және «Шафақ» газетінің редакторлығын атқарды. Эмиграцияда жүргенде Түрік – мұсылман халықтарымен тығыз байланыста болды. Мұсылман халықтарын азаттыққа жеткізуде күш біріктіре әрекет етуге үндеді. 1929 жылы «Жас Түркістан» журналын халықтың ұлттық тәуелсіздік жолындағы талаптарының мән – мағнасын өзгертпей, мәдениетін, саясатын, халқаралық қарым – қатнастар мүддесін жариялау мақсатында өзі шығарып отырды. Мұнда «Тұтас түркістан» идеясын, түркі халықтарының бірлікте болуын насихаттады. Ұлттық езгідегі түрік – мұсылман халықтарының азаттыққа қол жеткізуі мен өзіндік құндылықтарын сақтап қалуы олардың өзара ынтымақтастығы мен бірлігіне байланысты екендігін дәріптеді.

Мұстафа шоқайдың туған жерінде И.Сталлиннің басшылығымен «Франц операциясы» жүрді. Бұл мұстафа Шоқай байланыс жасаған пікірлестерімен, туған – туыстарының көзін жоюға арналған.

1940 жылы Парижге неміс әскерлері келгенде Мұстафа Шоқай тұтқынға алынып бірнеше ай концлагерде отырып шығады. Неміс фашистері түркістандық соғыс тұтқындарынан құрылуға тиіс Түркістан легионын ұйымдастыруға тартпақ болды. Мұстафа Шоқай оны соғыс тұтқындарының жағдайын жақсарту үшін пайдалану жолдарын қарастырды. Көп ұзамай М.Шоқай «Виктория» ауруханасында күмәнді жағдайда қайтыс болып мұсылмандар зиратына жерленді. Түркістандағы кеңестік биліктің отаршылдық сипатыналғаш таныған және онымен күресуге бүкіл ғұмырын аранды. Қызылорда қаласындағы Экология университетіне М.Шоқай есімі берілген. Қайраткердің туған ауылына ескерткіші қойылған. Шиелі аудан орталығынан 1989 жылы М.Шоқай атындағы алаң ашылып ескерткіш орнатылды. Туған ауылына М.Шоқай есімі беріліп аудан ауылдарында көше аттары енгізілді.

Шоқ басып шындық үшін шырылдаған,

Мұстафа ұлы туым жығылмаған.

Таймаған мақсатынан құбылмаған,

Ұмытпас еңбегіңді ұлы далаң. – деп Қызылорда облысының әкімі Болат Қуандықовтың бастамасымен Делегация құрамындағы сырбойылықтарды бастап облыс әкімінің орынбасары Мұрат Мұхамедов М.Шоқай 20 жыл тұрған Ножан- Сур- Марн қаласындағы үиіне бюст орнатып қайтты. «Өлі разы болмай тірі байымайды » дегендей кемел ойлы кемеңгерлерімізге арналып ас беріліп құран бағышталды Мұстафа қазағымның қыран еді,

Аңсаған азаттықты ұлан еді

Азат ел , азат дала,қуан енді,

Қуан енді, айналайын Тұран елі – деп Сарабұлақ Ибрашұлы жырлағандай Мұстафа Шоқайдың ізін жалғастырушы, егеменді елдігімізді дәріптеуші ұрпақ сіздерсіздер.

ІІІ. Топтардың өзін - өзі таныстыруы. «А»- Атамекен, «Б»- Бәйтерек,

«В»- Болашақ (әр топта 9 оқушыдан болады, топтың ұраны, ұстанымы бір шумақ өлеңмен таныстыруы)

«А»Атамекен «Атамекен елім , туған жерім менің »

«Б» Бәйтерек тобының ұстанымы «Тәуелсіз елің тірегің , туған жерің жүрегің »

Сәлем бердім басымды иіп халқыма,

Мынау отқан әділ қазы жалпыңа.

Біз боламыз бәйтеректей жайқалған,

Дайындалған күндіз – түні талпына.

«В» Болашақ тобының ұстанымы «Егеменді, тәуелсіз ел- ұлнымыз,

Ана тілін құрметтеу - ұранымыз »

Болашақ тобы біз боламыз мінекей,

Алға дейміз қарсы топқа қанекей.

Жеңілсекте, жеңсекте ең бастысы бірлікте,

Бір жасаған тамаша бір тірлікте .


ІҮ.Сұрақ – жауап сәті (әр топқа 9 сұрақ қойылады.)

«А» Атамекен тобының сұрақтары

1.М.Шоқай ата – тегін атаңыз? (Қыпшақ , қара қыпшақ, торы , шашты)

2.М.Шоқай анасының есімі кім? (Бақты)

3.Гимназияны неше жыл оқыған? ( Сегіз)

4.1910 жылғы М.Шоқай өміріндегі үлкен өзгерісті ата ? ( Гимназияны үздік бітіріп, Санкт- Петербург универсттетінің заң факультетіне оқуға түскен)

5. 1915 жылы «Тура жол» партиясы қандай мақсатта құрылған ? ( Түрік – мұсылман қозғалысына іріткі салу мақ атында құрылған )

6. 1916 жылы мемлекеттік Думаға кімнің ұсынысымен мүше болды?

( Ә.Бөкейхановтың )

7. «Жас Түркістан » газеті қай жылы жарық көрді? (1929 жылы)

8.М.Шоқай жиырма жыл тұрған қаланы ата? (Ножан – Сур- Марн)

9.М.Шоқай қай жылы концлагерде отырған? (1940 жылы)



«Б» Бәйтерек тобының сұрақтары :

  1. Шоқай бидің балаларын ата? ( Сыздық, Мұстафа, Нұртаза)

  2. М.Шоқайдың алғаш оқыған мектебі қайда? ( Шиелі ауданы Сұлутөбе снансасындағы орыс мектебі)

  3. М.Шоқайдың зайыбының есімі кім? (Марина Горина)

  4. 1916жылғы мемлекеттік думада Мұсылман фракциясына нені мәлімдеді?

(Патша жарлығының Түркістан халқын аяусыз қуғын – сүргінге ұшыратқанын)

  1. М.Шоқай 1917 жылы қандай тарихи оқиғаға қатты қуанды? ( Ақпан төңкерісіндегі патша үкіметінің құлауына)

  2. М.Шоқай тотолиторлық жүйені сынға алды, кеңес үкіметінің саясатын әлем жұртшылығына паш етті. Кеңес үкіметінің үгіт – насихаты оған қарсы жұмыс жасады. Басшысы кім болды? (И.Сталин)

  3. М.Шоқай негізгі идеясы қандай? (Тұтас Түркістан,түркі халқының бірлігі)

  4. 1919-1921 жылдардағы М.Шоқайдың жасырын аты? (А.Юсупов, Искандер)

  5. М.Шоқай қай қаладағы Виктория ауруханасында жатты? (Берлин)



«В» Болашақ тобының сұрақтары :

  1. М.Шоқайдың туған жері қайда? (Қызылорда бол. Шиелі ауданы Сұлутөбе стансасы Наршоқы қыстауы)

  2. Гимназияға қай жылы түсті? (1902 жылы)

  3. М.Шоқай Санкт – Петербург университетінің заң факультетін қай жылы бітірді? (1917 жылы)

  4. 1917 жылы қандай газеттің негізін қалады? (Бірлік туы)

  5. Алашорда құрамына қай жылы сайланды? (1917 жылы)

  6. Қандай жағдайға байланысты шет елге кетуге мәжбір болды? (Большевиктер жаулап, Түркістан автономиясының құлауына байланысты)

  7. Большевиктер М.Шоқайдың басын алып келген адамға қанша сом тікті? (1000)

  8. Жанай Жанаев, Қара Мурза, Кипчак оглы М.Шоқайдың кімдері? ( Бүркеншік аты)

  9. 1941 жылы Берлиндегі мұсылмандар зиратына жерленген ұлттық тұлға кім? ( М.Шоқай)


Ү. Топтың өздері жасаған көрме бұрыштарын таныстыруы ( көрмеге әр топ өздері М.Шоқайға байланысты әзірлеген бұрыштарын таныстырады. Оқушы қолынан жасаған шығармашылықтары , рефереттары , жылжымалы кітапшалары, өлеңдері бағаланады. )













ҮІ.Тарихи сынақ хат.

(Көп нүктенің орынын толтыр )

Алаштың алып тұлғасы Мұстафа Шоқай


М.Шоқай ......................... ұлт зиялылырын қуғындау саясатын әшкерелеп, «.......................», «Последние новсти», «Дни» т.б. басылымдарда сан алуан мақалалар жариялады. Ол қазақ .......... ..................... үшін , үкіметтің қоныс аудару саясатына қарсы күрескен. 1916 жылы ......................-.................... соңынан өз еркімен майданға аттанған Ә.Бөкейханов, .............................. және олардың жақтастарын «халқаралық .......................... малайлары деп отырған » ..................... суайттығы мен жалақорлығын, зұлмат жылдары «қазақтардың .............. етін жеуге дейін барған кезінде » үкіметтеің олардан ............... етін тапсыруды талап еткенін, ......................... шынайы көмек көрсетуді ................... .................. ғана ұйымдастырғанын жас ұрпақтың әрқашан есте ұстағандары абзал. «........................... пен ......................... қазақ халқының жауы санау – тек қана қылмыскер фанатиктер мен жылы орын іздегендердің бастарына келетін топас та пасық ой», дейді .................... . Оларды ....... ......................... көшбасшылары , ұлы тұлғалар ретінде сан рет еске алады. Олар .................................. қара түнектен алып шығу жолында ұмытылмас қызмет көрсеткен қайраткерлер.

М.Шоқайдың бұрынғы ........................ туралы идеядан толық .............................. идеясына көшуі жалғыз түркістандықтар ғана емес , бүкіл азербайжан, украин, грузин, татар , башқұрт ұлттық қозғалыстар үшін маңызды факторға айналды. Мақала бүкіл ........................ жұртшылығының қоғамдық ой пікіріне әсер етеді. Мұстафа қазақ тілінің ........................ саясатына үлкен абыржушылық танытты.

Бірақ ол тәуелсіз ................................. томаға – тұйық өмір сүруін емес , ..................... ................. барлығымен қарым – қатнаста болуын, көпвекторлы .............................. ..................... қалады. М.Шоқайдың бұл тұжырымы бүгінгі күні ....................... ..................................... ............................ ............. ....... ..... .......... ......... саясатымен өзектес келеді. Мұстафа мемлекет аралық қатнаста «мәңгілік дос», «мәңгілік жау» деген түсініктер жоқ, мемлекетте тек ............... ...................... ғана болады. «Қазақстан дегенде ойыма әр уақытта .............. ............... ..................... шыққан ұлы даласы , бүкіл түркі мемлекеттерінің құрылған жері ретінде ........................ елестейді.», деп атап өтті.






Тарихи сынақхат жауабы:

(Көп нүктенің орынын толтыр )

Алаштың алып тұлғасы Мұстафа Шоқай

Кеңес үкіметінің, Яш Түркістан, Халқының бостандығы , Жұмысшы қазақтардың , А.Байтұрсыновты, имперолизмнің , Болшевиктердің , иттің , шошқа , Қазақтарға , алаш азаматтары , Бөкейханов , Байтұрсынов . Мұстафа, ұлт зиялылыры . атамекенімізді, Автономия, тәуелсіздік, европа , орыстандыру, Түркістанның, әлем елдерінің , саясат ұстануын, ЕлбасыН.Ә.Назарбаевтың Қазақстанның алдыңғы қатарлы елу елінің қатарына қосылу , мәңгілік мүдде , қыпшақ , ғұн, үйсіндердің, атамекен.


ҮІІ.Қойылым. (үй тапсырмасы ,М.Шоқай өмірінен үзінді топтың өз қалауы бойынша )


ҮІІІ. «Алтын тайқазан » (Үй тапсырмасы.әр топ М.Шоқай өміріне байланысты сұрақтардан әзірлеген «Алтын тайқазан » сөзжұмбақтарымен алмасады.)


ІХ. Мәнерлеп жатқа өлең оқу ( үй тапсырмасы топтың өз қалауына байланысты туған жерге,М.Шоқайға арнау өлеңдер )

Х. Сурет сөйлейді, хронологиялық кесте жасау, оқып таныстыру .



hello_html_m499cc684.jpg


















Орындаған топтың аты:


Хронологиялық кесте жасау жұмысының жауаптары :

  1. 1989 жылы –Қызылорда обл Шиелі ауданында дүниеге келген.

  2. 1902 жылы - Ташкенттегі Гимназияға түскен.

  3. 1910жылы – Гимназияны үздік бітіріп, Санкт – Петербург университетінің заң факультетіне оқуға түскен.

  4. 1912 жылы – Түрік мұсылман студент жастар қозғалысына қатысады.

  5. 1915 жылы – Түрік мұсылман халықтарының азаттық қозғалысына іріткі салу мақсатында құрылған «Тура жол » партиясын қолдамау жөнінде үндеу тастайды.

  6. 1916 жылы – Мемлекеттік думадағы мұсылман фракциясы жанындағы бюроға мүше болып хатшы қызметін атқарды.

  7. 1917 жылы – Санкт – Петербург университетін бітірген.

  8. 1917 жылы Ташкентте өткен Түркістан өлкесі мұсылмандарының төтенше 4 съезіне қатысып төреалқасына мүше болды.

  9. 1917 жылы - «Бірлік туы» газетінің негізін қалап редакторы болды.

  10. 1917 жылғы қараша – Түркістан өлкесі мұсылмандарыныңтөтенше 4 съезіне төреалқасына басшылық жасайды. Түркістан ( Қоқан) автономия54 адамнан тұратын Уақытша халық кеңесі құрамына сайланды және Уақытша үкіметтің сыртқы істер министрі болды.

  11. 1917 жылы желтоқсанда – ІІ жалпықазақ съезіне қатысып Алашорда құрамына сайланды.

  12. 1918 жылы - Қоқан қаласын большевиктер жаулап Түркістан автономиясын құлатуына байланысты шет елге эмиграцияға кетуге мәжбір болды.

  13. 1918 жылы қыркүйекте - Челябинскіде шақырылған съезге қатыспақ болып барған жерінен колчак әскерлері тұтқындайды.

  14. 1919 жылы – Тұтқыннан босап Маңғыстау арқылы Бакуге, одан Тблисиге келеді.

  15. 1919-1921 жылдары – «Вольный горец» және Грузия миншевиктерінің «Борьба» газеттерінде қызмет атқарды.

  16. 1920 жылы – Тблисиде украйндармен бірлесе отырып «На рубеже» журналын және «Шафақ» (Таңсәрі) газетін шығарып оның редакторы болды.

  17. 1921 жылы – Тблиси қаласы кеңес үкіметінің қолына өткен соң М.Шоқай зайыбымен бірге Түркияға одан Францияға ауысты.

  18. 1927 жылы – Парижде Түркістан ұлттық бірлігі ұйымына жетекшілік етті.

  19. 1929 жылы- « Жас Түркістан» журналын шығаруды қолға алды.

  20. 1940 жылы – Парижге неміс әскері кіргенде М.Шоқай тұтқынға алынып бірнеше ай концлагерьде отырып шықты.

  21. 1941 жылы – Берлиндегі «Виктория» ауруханасында күманды жағдайда қайтыс болды. Қаладағы мұсылмандар зиратына жерленген.

  22. 1987-1989 жылдар – Қуғын – сүргңн құрбандарын еске алу мен халқаралық ұлттық тарих жылына байланысты М.Шоқай өміріне , еңбегіне қызметіне байланысты көптеген тарих ғылымының кондидаттарының еңбектері шыға бастады.

  23. 2009 жыл - М.Шоқайдың 120 жылдығы тойланды.




ХІ.Топ жетекшілер сайысы.

(Білімнің Алтын тайқазаны сайысында

топ жетекшілерге арналған сауал алтын тайқазан ішінен алынады.)

Мен кіммін ...., сіз кімсіз? Ішінде М.Шоқай бейнесі бар. hello_html_m499cc684.jpg



ХІІ. Қорытынды.

Түркістан ұлт –азаттық қозғалысының алдында тұрған бірден бір мақсат толық тәуелсіздікке қол жеткізіп ,дербесмемлекет құру. М.Шоқайдың бұрынғы автономиядан тәуелсіздік идеясына көшуі көптеген ұлт пен ұлттық қозғалыстар үшін маңызды факторға айналды. Түркістанның томаға - тұйық өмір сүруін емес әлем елдерінің барлығымен қарым – қатнаста болуын, көпвекторлы саясат ұстануын қалады. М.Шоқайдың бұл тұжырымы бүгінгі күнгі елбасы

Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанның алдыңғы қатарлы елу ел қатарына қосылу саясатымен өзектес келеді. М.Шоқайдың біртұтас Түркістан туралы ой- пікірлері Н.Ә.Назарбаевтың Орталық Азия одағын құру идеясымен сабақтастығы ерекше назар аудартады. Екі тұлғаның да ұсыныстарының өзегі Орталық Азия аймағындағы елдер арасында интеграциялық процестерді күшейтуге бағытталған. Қазіргі уақыттағы ғаламдану заманында , оның жойқын күштеріне саяси , мәдени, экономикалық тұрғыдан бәсекелес бола алатын мемлекет қана қарсы тұрып өзін ассимиляциялауға ұшыратпай , тарих сахнасында қала алады. Бүгінгі халқаралық оқиғалар бұл идеялардың өміршеңдгін тағы бір рет көрсетті.

Бүгінгі күн Мұстафа халық жадында жүрегінде орын алған . Мұстафаның қайраткерлік болымысын, ұланғайыр мұрасын, бүгінгі күнмен өзектесіп жатқан ой – тұжырымдарын зерттеу, насихаттау, еліміздің егемендігін баянды етуге , жас ұрпақты отансүйгіштік рухта тәрбиелеуге қызмет етуде .Олай болса еліміздің егемендігін ойлаған , болжаған кемеңгер ойшылымыз М.Шоқайды ұлықтау бүгінгі жас ұрпақ сіздің еншіңізде.

Жеңімпаз топтарды анықтап марапаттау.

Елдігімізді , Бірлігімізді , ұлттық намысымызды сақтап қорғай білейік жас ұрпақ.









Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Әкім Тарази «Мұстафа Шоқай » жазушы баспасы -2008

2.К.Л.Есмғамбетов «Әлем таныған тұлға » Алматы – 2008

3.Ә. Бәкірұлы «Париждегі құпия кездесу» .

«Приговарен к растрелу ...» Астана -2009

«Франц операциясы» Тұмар -2010

4. Б.Серікбайұлы «М.Шоқай » Алматы -1992

5. С.Ибрашұлы «Мұстафа Шоқай »

6. Е.Тұрсынов «Мұстафа Шоқай » кинороман

7.Д.Байдрахманов «Өлеңдер жинағы » 1998

8.А.Бибасарұлы «Бәитеректің қос бұтағы » Алматы- 1999

9. «Мұстафа мен Мағжан Тұран елінің даналары» Алматы -1993

10. «Сыр бойы» №196 қараша ,2010





Қызылорда облысы Шиелі ауданы Бидайкөл ауылы

148 қазақ орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Майра Байділдаева

ІІ. Бұл осылай болған еді. М.Шоқай өмірі жайлы болған оқиға ізімен деректі әңгіме.( барлық өмірдеректері слайд арқылы көрсетіледі.)

М.Шоқайұлы (1889-1941 ) Қызылорда облысы Шиелі ауданы Сұлутөбе ауылында Наршоқы қыстауында дүниеге келген. Сыр өңірі қазақтары арасында беделді кісі Шоқай бидің әкесі Торғай датқа Хиуа ханының уалиі болған. Мұстафа жазу сызуды өз анасынан беске толмай жатып үйренген. Сұлутөбе станциясындағы орыс мектепте бастауыш білім алған. 1902 жылы Ташкенттегі гимназияға түседі. 1910 жылы Санкт –Петербург университетінің заң факультетіне оқуға түсіп оны 1917 жылы бітіреді. Студент шағынан қоғамдық – саяси өмірге белсен араласып , түрік – мұсылман студент дастарының қозғалысына қатысады. 1916 жылы Ә.Бөкейхановтың ұсынысымен Мемлекеттік думадағы мұсылман фракциясы жанындағы бюроға мүше болады. Билік орындарыныңТүркістан халқын аяусыз қуғынға ұшыратқанын мәлімдейді. 1917ж ақпан революциясы нәтижесінде патша өкіметінің құлауын зор қуанышпен қарсы алған.Түркістан өлкесі мұсылмандарының орталық кеңесіне жетекшілік жасады. 1917 жылы мұсылмандардың төтенше съезіне төралқасына басшылық етті.54 адамнан тұратынУақытша Халық Кеңесі құрамын асайланды және уақытша кеңестің сыртқы істер министрі болды. Екінші жалпы қазақ съезіне қатысып Алашорда құрамына сайланды. Сырдария өңірі қазақтарын алаш автономиясы қатарына қосу ісі оң нәтиже берді. 1918 жылы марина Горинамен некелеседі.Қоқа қаласын Түркістан автономиясын большевиктердің жаулап алуына байланысты шетелге эммиграцияға кетуге мәжбір болады. 1919 жылы Маңғыстау арқылы Бакуге одан Тбилисиге келді. Мұнда 1921 жылға дейін А.Цалыковтың редакторлығымен шығатын «Вольный горец» және Грузия миншевиктерінің «Борьба» газеттерінде істеді. 1920 жылы Тблисиде украйндықтармен бірлесе отырып «На рубеже» журналын және «Шафақ» газетінің редакторлығын атқарды. Эмиграцияда жүргенде Түрік – мұсылман халықтарымен тығыз байланыста болды. Мұсылман халықтарын азаттыққа жеткізуде күш біріктіре әрекет етуге үндеді. 1929 жылы «Жас Түркістан» журналын халықтың ұлттық тәуелсіздік жолындағы талаптарының мән – мағнасын өзгертпей, мәдениетін, саясатын, халқаралық қарым – қатнастар мүддесін жариялау мақсатында өзі шығарып отырды. Мұнда «Тұтас түркістан» идеясын, түркі халықтарының бірлікте болуын насихаттады. Ұлттық езгідегі түрік – мұсылман халықтарының азаттыққа қол жеткізуі мен өзіндік құндылықтарын сақтап қалуы олардың өзара ынтымақтастығы мен бірлігіне байланысты екендігін дәріптеді.

Мұстафа шоқайдың туған жерінде И.Сталлиннің басшылығымен «Франц операциясы» жүрді. Бұл мұстафа Шоқай байланыс жасаған пікірлестерімен, туған – туыстарының көзін жоюға арналған.

1940 жылы Парижге неміс әскерлері келгенде Мұстафа Шоқай тұтқынға алынып бірнеше ай концлагерде отырып шығады. Неміс фашистері түркістандық соғыс тұтқындарынан құрылуға тиіс Түркістан легионын ұйымдастыруға тартпақ болды. Мұстафа Шоқай оны соғыс тұтқындарының жағдайын жақсарту үшін пайдалану жолдарын қарастырды. Көп ұзамай М.Шоқай «Виктория» ауруханасында күмәнді жағдайда қайтыс болып мұсылмандар зиратына жерленді. Түркістандағы кеңестік биліктің отаршылдық сипатыналғаш таныған және онымен күресуге бүкіл ғұмырын аранды. Қызылорда қаласындағы Экология университетіне М.Шоқай есімі берілген. Қайраткердің туған ауылына ескерткіші қойылған. Шиелі аудан орталығынан 1989 жылы М.Шоқай атындағы алаң ашылып ескерткіш орнатылды. Туған ауылына М.Шоқай есімі беріліп аудан ауылдарында көше аттары енгізілді.

Шоқ басып шындық үшін шырылдаған,

Мұстафа ұлы туым жығылмаған.

Таймаған мақсатынан құбылмаған,

Ұмытпас еңбегіңді ұлы далаң. – деп Қызылорда облысының әкімі Болат Қуандықовтың бастамасымен Делегация құрамындағы сырбойылықтарды бастап облыс әкімінің орынбасары Мұрат Мұхамедов М.Шоқай 20 жыл тұрған Ножан- Сур- Марн қаласындағы үиіне бюст орнатып қайтты. «Өлі разы болмай тірі байымайды » дегендей кемел ойлы кемеңгерлерімізге арналып ас беріліп құран бағышталды Мұстафа қазағымның қыран еді,

Аңсаған азаттықты ұлан еді

Азат ел , азат дала,қуан енді,

Қуан енді, айналайын Тұран елі – деп Сарабұлақ Ибрашұлы жырлағандай Мұстафа Шоқайдың ізін жалғастырушы, егеменді елдігімізді дәріптеуші ұрпақ сіздерсіздер.







































.









Краткое описание документа:

Сабақтың мақсаты :Білімділік: Оқушыларға Алаштың арысы, әлем таныған үлкен тұлға Мұстафа Шоқай өмірімен, қызметімен, еңбектерімен етене таныстырып ұлттық тұлға жайлы білімін жетілдіру Дамытушылық: Ойлау,сөйлеу есте сақтау қабілеттерін жетілдіру. Тәрбиелік: Отанын елін, туған жерін сүюге, ұлтымыздың ұлы тұлғаларын біліп құрметтеуге,қастерлеуге,өз елінің жетістіктерін дәріптей білуге, өз халқының саяси,экономикалық және әлеуметтік дамуына қалтқысыз қызмет ете білуге баулу. Сабақтың түрі : Сыныптан тыс жұмыс Сабақтың әдісі: «Білімнің алтын тайқазаны» көшпелі кубогының А,Б,В сыныптар арасындағы интеллектуалды топтық сайыс. Сабақтың көрнекілігі:  Интербелсенді тақта, слайдтар, М.Шоқай суреттері. Сабақтың барысы : І. Кіріспе ІІ. Бұл осылай болған еді. М.Шоқай өмірі жайлы болған оқиға ізімен деректі әңгіме. ІІІ. Топтардың өзін - өзі таныстыруы. «А»- Атамекен, «Б»- Бәйтерек, «В»- Болашақ ІҮ.Сұрақ – жауап сәті  (әр топқа 9 сұрақ қойылады.) Ү. Топтың өздері жасаған  көрме бұрыштарын таныстыруы. ҮІ.Тарихи сынақ хат. ҮІІ.Қойылым. (М.Шоқай өмірінен үзінді) ҮІІІ. Үй тапсырмасы.топтар  «Алтын тайқазан » сөзжұмбақтарымен алмасады. ІХ. Мәнерлеп жатқа өлең оқу (туған жерге,М.Шоқайға байланысты) Х. Сурет сөйлейді, хронологиялық кесте жасау,таныстыру. ХІ.Топ жетекшілер сайысы. ХІІ. Қорытынды.     І.Кіріспе Мұғалім: Қазақ тарихының өткеніне  үңілсек  бұрмаланбаған беттері кемде –кем. Кім батыр?Кім сатқын?Кім халық үшін қам жеді?Кім жеке басының қамын ойлады?Кім өз өмірін туған елі үшін қиды? Кім қасақана халқының қанын төкті?        Әрине бұл сауалдарға жауап беру оңай емес.Әділдігі сол тарихта із қалдырған белгілі қайраткерлер қызметін,іс-әрекетін,өмір сүрген уақытына,заманына тарихи кезеңге сай бағалау қажет.        Уақытты өзгертуге қақымыз жоқ,таңдауға да болмайды. Қилы кезеңде әркімнің өз жолын таңдауға құқы бар.Тарихта түрлі топтар мен партияның билік үшін күрескені рас.
Автор
Дата добавления 13.04.2014
Раздел История
Подраздел Конспекты
Просмотров1267
Номер материала 68089041339
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх