Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Конспекты / Түркия
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • История

Түркия

библиотека
материалов

hello_html_3a9e2309.gifhello_html_m1e2a2384.gifhello_html_m5678dd12.gifhello_html_40838eaa.gifhello_html_m2f9d428e.gifhello_html_5f97d41a.gifhello_html_m7933d355.gifhello_html_3149f446.gifhello_html_m7363dbed.gifhello_html_m31446f48.gifhello_html_m63e27022.gifhello_html_399416e3.gifhello_html_70262205.gifПән: Дүние жүзі тарихы

Сынып: 9

Сабақтың тақырыбы: §16. Түркия

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: 1918-1923 жылдардағы Түркия халқының ұлт-азаттық күресінің себебі мен алғышарттары сұлтандық үкіметтің Германияны жақтап дүниежүзілік соғысқа қатысуынан туған шаруашылық күйзеліспен тығыз байланысты екенін, негізгі қозғаушы күш Түркия шаруалары болғанын, ал саяси басшылығында ұлттық буржуазия топтары тұрғанын ашып көрсету;

  • Дамытушылық: Белсенділігін арттырып, білімдерін жетілдіру;

  • Тәрбиелік: Тарихи санасы қалыптасқан, дүниежүзілік мәдениетпен сусындаған, ұлттық рухы жоғары, шығармашыл жеке тұлға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік:карта, сызбалар, бейнематериал.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Амандасу

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

«Тарих рецеппен жасалмайды. Оқиғаларды бағалағанда біз нақты тарихи жағдайларға, қолдағы бар деректерге сүйенуіміз керек. Не нәрсенің де мәнін түсінуге бастайтын кілт сол» деп тарихшы Е.Бекмаханов айтқандай сіздер тарих сабағына келдіңіздер! Саламатсыздар!

Балалар «тарих» дегенде не айтқыларың келеді?

  • Тарихтың қай кезеңіндеміз?

  • Қазіргі дүниежүзі тарихы нешеге бөлінеді?

  • 2001 жылы АҚШ-та теракті болды. Бұл терактіні АҚШ кімнен көрді?

  • Ал Ауғанстан мен Иран туралы не білеміз?

Өткен сабақта өтілген Ауғанстан мен Иранның 1918-1939 жылдар аралығындағы тарихын білу мақсатында Пресс конференция ұйымдастырғалы отырмын.

Баспасөз конф-циясының қонақтары төмендегі ғалымдар мен тарихшылар.

  • Олар: ...........................................................................................................

Бүгін біздің конференцияда «Жас тарихшы», «Шұғыла», «Ақ жол», «Ар-Ай», «Білім шуағы», «Алтын шырақ» т.б. ауданның, облыстың газет-журналдарының тілшілері, журналистері қонақта. Ғалымдардан Ауғанстан мен Иранның 1918-1939 жылдардағы тарихын біле аласыздар.

Мысалы:

  • Иранның астанасын атаңыз?

  • Ауғанстанның астанасын атаңыз?

  • 1917 жылы Иранды кімдер басып алды?

  • Көшек хан кім?

  • Көшек хан мен Орыс әскерлері қалай жолықты?

  • Иранда Гилян Республикасы қашан құрылды?

  • Ол қашан Кеңестік республика болып аталды?

  • Иранның 1921-1945 жылдардағы саяси-экономикалық дамуы туралы айтсаңыздар. Атап айтсақ, Каджар әулеті қай жылы не үшін биліктен кетті.

  • «Шахривар оқиғасының» дамуына не себеп болды?

  • Соғыс жылдарында шах үкіметі қай одақты жақтады, және не себепті жақтады.

  • Ауғанстанның астанасы қай қала?

  • Аманулла хан үкімет басына қай жылы келді?

  • Ауғанстан конституциясы қай жылы қабылданды?

  • Нәдіршах әулетінің Ауғанстанда билік еткен мерзімін анықтаңдар

Жаңа сабаққа көшу: /Бейнематериал көрсетіледі/

  • Балалар, бейнематериал не туралы айтпақшы?

  • «Түрік» сөзі естілгенде ең бірінші ойымызға не оралады?

  • Сендер өздеріңді түріктер қатарына жатқызасыңдар ма?

  • Түркияны қай қырынан танисыңдар?

  • Сендер үшін Түркия қандай ел? Жағымды ма, жағымсыз ба?

  • Астанасы қай қала?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Түрік халқының ұлт-азаттық күресінің басталуы.

Түркия өз халқының қамын ойламай Германия блогын жақтап, әділетсіз соғысқа килікті.

Германия империялистерінің саяси және экономикалық үстемдігін жақтырмаған халық бұқарасы 1916-1917 жылдары майдан шебін тастап, елге қашты.

Соғыстан жеңілгеннен кейін Түркия жеріне Антанта тобының әскерлері енгізіліп, маңызды аймақтарды басып алды. Жергілікті халыққа зорлық-зомбылық көрсетті.

Англия мен Францияның соғыс кемелері Босфор мен дарданелл бұғаздарын, Батыс Анадолы аймағын басып алды.

Соғыс соңында Ресей тұтқыныда болған 80 мыңнан астам түрік солдаттары еліне қайтарылды. Және елге оралысымен халықты тәуелсіздік үшін күреске жұмылдырды.

  1. Құқық қорғау ұйымдарын құру

  • 1918-1923 жылдары ұлт-азаттық қозғалыстың басшылығында « Құқық қорғау ұйымдары» атты буржуазиялық патриоттық ұйымдар болды.

  • 1919 жылы осындай бытыраңқы ұйымдардың басын қосып, жалпыұлттық ұйым құру жұмысын Анадолыдан келген генерал Мұстафа Кемал паша өз қолына алды.

  • 1920 жылы Анкара қаласында Ұлы халық жиналысы (парламент)шақырылып,Түркияның тәуелсіздігі мен тұтастығын жариялады.

  1. 1921-1922 жылдардағы Ресей-Түркия келісімдері.

  • 1920 жылы Мәскеуге елші жіберіп, 1921 жылы 16 наурызда Кеңес-Түркия достық және өзара көмек туралы келісімге қол қойылды

  • Кеңестік Ресей үкіметі революцияшыл Анкара тобына тегін 10 млн сомдық алтын, қару-жарақ, оқ-дәрі жеткізетін болды.

  1. Сакария шайқасы

  • 1921 жылы наурызда Түркия армиясы гректердің басқыншы армиясын шегіндіріп, бірінші жеңіске ие болды.

  • 1921 жылы 23 тамыз-13 қыркүйек күндері Сакария өзенінің бойынша шешуші жайқас болып, Мұстафа әскерлері жеңіске жетіп, 1922 жылы Анадолы аймағын гректерден тазартты.

  • Италия мен Франция әскерлері де елден шығарылды.

  • 1922 жылы Түркияның ұлы халық жиналысы сұлтан билігін жойып, империяның ақырғы сұлтаны Ү мехмед елден қуылды.

  • 1924 жылы 24 шілде күні Лозанна қаласындағы халықаралық конференция

  1. Ұлт-азаттық күрестің маңызы

  2. Кемал үкіметінің реформалары. /оқушыларға/

  3. 1930 жылғы Түркия республикасының беделінің тұрақтануы.

  4. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Түркия.

Терминдермен жұмыс.

Негізгі оқиғалары:

  • 1918-1923 жылдар-Түркиядағы ұлт-азаттық қозғалыс.

  • 1881-1938 жылдар-М.Кемал патша

  • 1921 жылғы 16 наурыздағы Түркия-Ресей келісімі

  • 1922 жылғы қарашада сұлтан билігін жою туралы заңның қабылдануы.

  • 1924 жылғы 20 сәуірде жаңа Конституция қабылданды.

  • 1932 жылы Түркия республикасы Ұлтар Лигасына қабылданды.

Сабақты бекіту:

  1. «Оқушыларды үш топқа бөліп, төмендегі тапсырмаларды беремін.

І топқа . Мына жылдарға түсінік беріңдер

1)1818-1923 жылдар

2)1881-1938 жылдар

3)1911-1913 жылдар

ІІ топқа. Мына жылдары Түркия республикасында қандай заңдар қабылданды

1)1924 жылғы

2)1925 жылғы

3)1926 жылғы

ІІ топқа. Мына даталардың маңыздылығы неде?

1)1923 жылғы 29 қазан-

2) 1923 жылғы 13 қазан-

3)1924 жылғы 3 наурыз-

1924 жылғы 20 сәуір-

1934 жылғы 24 қараша-

  1. жылғы-

Үш топқа қойылатын сұрақ. Кемал Ататүрікті прогресшіл саяси қайраткер деуге болады ма?

Бағалау: Үйге тапсырма: §16 –тың соңындағы 1,4,5-сұрақтарға дайындалу









Пән: Дүние жүзі тарихы

Сынып: 8

Сабақтың тақырыбы: XVII-XVIII ғғ Англия

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: Оқушыларға революция қарсаңында болған өзгерістерді әңгімелей отырып, аграрлық сала негізінде реформалар жасалғанын, шаруалардың екі жақты қыспаққа ұшрағандығын түсіндеру.

  • Дамытушылық: Ағылшын революциясының себептерін аша отырып, елдегі әлеуметтік, саяси және діни мәселелердің шиеленісуі ағылшын буржуазиялық революциясына жол ашып, халықтың жаппай бас көтеруіне әкелгендігін, Англиядаға революция халықтық қозғалысқа айналып, феодалдық корольдік тәуелділікті жоюға ұмтылғандығын әңгімелеу.

  • Тәрбиелік: Бүкіл Англия парламентті жақтаушылар және феодалдық абсолюттік құрылысты жақтаушыларға бөлінгендігін, республиканың ішкі саяси жағдайының дағдарысы, елде жаңа заңдар мен реформаларды жүргізуді қажет еткендігін айту. Белсенді, білімді азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:аралас

Әдісі:баяндау, талдау, топтау

Көрнекілігі:карта, кесте, сызба.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Амандасу

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  • Дүниежүзі тарихы нені оқытады?

  • Кенттену, яғни урбанизация-қалалардың бұрын-соңды болмаған өсуі, қала тарихта тұңғыш рет ауылды екінші кезекке ығыстыра отырып, эконмикалық басымдылыққа ие болды?


ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Революция қарсаңындағы Англия

  2. Ағылшын революциясының себептері

  3. Англиядағы азамат соғысы.


Маңызды оқиғалар:

1628 ж. - «Құқық жөніндегі петиция» құжаты

1639 ж. - Шотландиямен соғыс

1640 ж.- Ағылшын революциясының басталуы

1640 жыл, 13 сәуір-5 мамыр- «Қысқа парламент»

1640 жыл, 3 қараша- «Ұзақ парламент»

1640 жыл, желтоқсан – «Түп және тармақтар жөніндегі петиция»

1641 жыл, желтоқсан – «Ұлы ремонстрация»




Өнеркәсіп саласындағы даму


1534-1660 жж Лондонда қала тұрғындарының саны 8 есегес өсті.

Металлургия өнеркәсібінде: қорғасын мен мыс өндіру

Мануфактура өндірісінің өсуі: шыны дайындау, жібек өндіру, қант шығару, ас тұзын өндіру















Ауыл шаруашылығы саласындағы өзгерістер


Шарулар екі жакты қыспаққа ұшырады.

Кедей шаруалар өмір сүрудің негізгі көздерінен айырылды.

XVII ғ. І жартысында Англия аграрлы елге айналды. 4,5 млн. Халық ауылдық жерде тұрды.









XVII ғ. Соңында шаруалар қолында егістіктің жартысы болды.

XVI ғ. Бастап қауымдық алқаптар қоршауға алынды.








Капиталистік қатынастардың қалыптасуы


Қала буржуазиясы мен жаңа жер иелері арасында одақ қалыптасты.

Буржуазияның еркін саудаға талпынысы өсті



Стюарт абсолютизмі мен феодалдық ескі тәртіптер күшейді.









Ұсақ шаруа, орта, ірі фермерлер, жаңа дворяндар, жер иелері, ауыл қожайындары, өнеркәсіп иелері, саудагерлер қалыптасты.

Арзан жұмысшы күші рыногы, жалдамалы еңбек дамыды.










ІҮ. Сабақты бекіту:

  • Революция қарсаңындағы Англияның жағдайына сипаттама беріңдер

  • Революцияның басталу себептерін атаңдар.

  • Англиядағы азамат соғысы қандай мақсатты көздеді?

  • Ағылшын буржуазиялық революциясының ерекшелігі неде, ол өз мақсатына жетті ме?

Ү. Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма: §1














Краткое описание документа:

Пән: Дүние жүзі тарихы Сынып: 9 Сабақтың тақырыбы: §16. Түркия Сабақтың мақсаты: ? Білімділік: 1918-1923 жылдардағы Түркия халқының ұлт-азаттық күресінің себебі мен алғышарттары сұлтандық үкіметтің Германияны жақтап дүниежүзілік соғысқа қатысуынан туған шаруашылық күйзеліспен тығыз байланысты екенін, негізгі қозғаушы күш Түркия шаруалары болғанын, ал саяси басшылығында ұлттық буржуазия топтары тұрғанын ашып көрсету; ? Дамытушылық: Белсенділігін арттырып, білімдерін жетілдіру; ? Тәрбиелік: Тарихи санасы қалыптасқан, дүниежүзілік мәдениетпен сусындаған, ұлттық рухы жоғары, шығармашыл жеке тұлға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас Әдісі: интерактивті Көрнекілік:карта, сызбалар, бейнематериал. Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі · Амандасу · Оқу құралын тексеріп түгелдеу · Оқушылар зейінін сабаққа аудару «Тарих рецеппен жасалмайды. Оқиғаларды бағалағанда біз нақты тарихи жағдайларға, қолдағы бар деректерге сүйенуіміз керек. Не нәрсенің де мәнін түсінуге бастайтын кілт сол» деп тарихшы Е.Бекмаханов айтқандай сіздер тарих сабағына келдіңіздер! Саламатсыздар! Балалар «тарих» дегенде не айтқыларың келеді? Í Тарихтың қай кезеңіндеміз? Í Қазіргі дүниежүзі тарихы нешеге бөлінеді? Í 2001 жылы АҚШ-та теракті болды. Бұл терактіні АҚШ кімнен көрді? Í Ал Ауғанстан мен Иран туралы не білеміз? Өткен сабақта өтілген Ауғанстан мен Иранның 1918-1939 жылдар аралығындағы тарихын білу мақсатында Пресс конференция ұйымдастырғалы отырмын. Баспасөз конф-циясының қонақтары төмендегі ғалымдар мен тарихшылар.

Автор
Дата добавления 14.04.2014
Раздел История
Подраздел Конспекты
Просмотров2663
Номер материала 68770041442
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх