Инфоурок Технология Другие методич. материалыТехнология пәнінен Ағаш өндеу өнері «Саптыаяқты дайындау»

Технология пәнінен Ағаш өндеу өнері «Саптыаяқты дайындау»

Скачать материал

Алғы сөз

Қолөнер-ежелден келе жатқан кәсіп. Ол халықтың өмірімен,тұрмысымен бірге дамып,ұрпақтан  ұрпаққа беріліп отырады. Өнер туындыларыңың иесін шебер деп атаған. Қолөнер шеберлері табиғаттың әсем көріністерін қолөнер бұйымдарына жиі қолданған.Қолөнер дүние жүзінің әр халқында бар. Сонымен қатар әр елдің,әр халықтын тарихи дамыуына, тұрмысына,тарихи ерекшелігіне және эстетиқалық талғамына байланысты өзіндік ерекшелігімен өшпес із қалдырып келеді.Сол қолөнердің бір түрі - Ағаш өндеу өнері .Ағаш бұйымдары ыңғайлы, пайдалануға тиімді, сонымен бірге ол тұрмыстық зат есебінде ғана емес, сән үшін де қолданылып, биік өнер дәрежесіне жеткізілген. “Алтынмен аптап, күміспен қаптап” дегендей, әр әулеттің жағдайына қарай зерлеп, әшекейлеп жасалған дүниені тұтынып келген. Ерте кездері бұл өнердің иесін ұста, он саусағынан өнер тамған шебер деп құрмет тұтқан. Қазіргі күні бұл кәсіп қолданбалы сәндік өнер деп айтылады.

Технология пәні

8-9сынып

Еңбек пәнінің мұғалімі:Сыздыков Аман Каиржанұлы

Новосел орта мектебі

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы, СҚО

Сабақтың тақырыбы:  Ағаш өндеу өнері «Саптыаяқты дайындау»

Қысқаша мазмұны

Халқымыздың салт –дәстүрі мен, мәдениеті мен өнерін қоры сарқылмас мол. Қазіргі заманымыздың жастары мен жеткіншектерінің осы мол қазынадан қол үзіп бара жатқанын жасыра алмаймыз .Халқымыздың тұрмыстың заттарынің бірі ол  «Саптаяқ»  Сабақта  саптаяқтын тарихы мен жасау жолдары.Ағашты таңдау,ағаш өңдейтін сайман құралдарды іріктеп алу. Жұмыс барысында ТҚ сақтау . Еңбек  сабақтарымда қазақ халқының көне қол өнері мен онын ерекшеліктері, кейбір ұмыт болып бара жатқан ұлттық бұйымдарды , қазақтың қол өнеріндегі керектенетін көне сайман, аспаптардың түрлері мен атаулары, оларды қолдану тәсілдері жайында мектеп оқушыларына  ұлттық өнеріміз бен мәдениетіміз  жайлы мағлумат берумен бірге, оларды арықарай  еңбек сабағымда кеңейтіп, дамытуға қолдап жүрмін. Сабақ үрдісінде жаңа ақпараттық технологияны пайдалану оқу үрдісін белсендіріп , дамыға оқыту идеясын іске асыруға, сабақтың қызықты өтуіне, оқушылардың өздерінің жұмыс атқару көмегін артырады.Microsoft Power Point, Paint  бағдарламаларды пайдаланған кезде:

                                  1.сабақтың көрнекілік дәрежесін көтереді.

                                  2.сабақ үрдісін дамытады.

                                  3.Жаңа сабақта уақытты үнемдеуге жол ашады.

 

2слайд: Сабақтың тақырыбы:  Ағаш өндеу өнері «Саптыаяқты дайындау»

3слайд: Сабақтың мақсаты: Ағашты көркемдеп өңдеудің ерекшеліктерімен таныстыру. Материалдарды дұрыс таңдай білуге үйрету, құрал-саймандардың қызметімен таныстыру. Ұлттық қолданбалы қолөнер технологиясын меңгертіп, оқушылардың шеберліктерін шыңдау. Power Point арқылы оқушыларды ағаш өндеу тарихымен таныстыру .

Дамытушылық:

 Жаңа тақырыпты игеру барысында оқушыларының ойлау, салыстыра білу, танымдық қабілеттерін дамыту,кеңістіктік ойлауын дамыту. Алған білімін, дағдасын өмірде қолдана білуге үйрету.

 Білімділік:- Алынған теориалық білімдерін практикада   игеру.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұлттық қолөнерді қадірлеуді, ұлттық салт-дәстүрді сақтап, қастерлеуге тәрбиелеу. Олардың бойындағы эстетикалық сезімдерін, талғамдарын дамыту.Технология пәніне деген оң көзқарас пен оған қызығушылыққа тәрбиелеу.Оқушыларды ұжымдық жұмысқа  үйрету сарамандық жұмыстар орындау барысында оқушыларды еңбек сүйгіштікке, техникалық  қауіпсіздікті сақтау білуге, өзіне бақылау жасай білуге қалыптастыру.

Сабақтың типі: Жаңа оқу материалын игеру, пән бойынша дағдыларын қалыптастыру. Теорияны практикамен ұштастыру сабағы.ИКТ арқылы сабақта оң нәтижеге жету,әртүрлі әдебиеттерден жаңа ақпарат алуға жағдай туғызу  (дәстүрлі және жаңа қалыптасқан).

Керекті  құрал жабдықтар:Қолданылған  материалдар:  интерактивтік тақта,жұмыс жасау кесте, қажетті құрал саймандар(сүргі, балта, құмқағаз,қол ара,әр түрлі қашаулар,ағаш өндеу станогы)Дидактиқалық материалдар, технологиялық карталар мен үлгілері.  

Сабақтың барысы: 

Ұйымдастыру кезеңі

Үй жұмысының тапсырмасын тексеру

Сабақ мақсатын айқындау

Жаңа материалды баяндау,түсіндіру

Сарамандық  тапсырмаларды орындау

Сабақты қорытындылау

Үйге тапсырма                                                                                                     Ағымдағы нұсқама:                                                                                               а)жұмыс орынын ұйымдастыру; 
ә) еңбек тәсілдерін орындаудың дұрыстығын тексеру; 
б) ҚТЕ-сақталуын тексеру; 
в) қосымша көмек, бағыт-бағдар беру.                                                              
Сабақтын жүрісі:                                                                                                        4 слайд:  Ағаштан –бедерлі, әшекейлі мүсіндер,оюлар жасау, яғни ағаштан «түйін түю» де халқымыздың ертеден келе жатқан дәстүрлі өнерлерінің бірі. Ағаштан ою оятын шеберлерді халық «ағаш ұстасы» дейді. Ағаш адамның жасыл досы, сондықтан  ата бабаларымыздың бірінші қолға алған қаруы да, отыны да, бас панасы да осы ағаш болған. Содан бері ағаштың атқарған міндеті шаруашылықтың барлық саласында үнемі артып келеді.  Ағашты өңдеу процесі бірнеше сатыдан өтеді.                                                                1.дайындау –бұл ағашты тазалау,ажарлау,кедір-бұдырын тегістеп жөндеу.         2.бояу,бұйымға қосымша өң береді. Өңдеудің соңғы сатысы-бұйым айнадай жарқыратылады,өңдеу технологиясы үздіксіз ысқылау, үйкеу арқылы жүргізіледі.Қолмен ағаш өңдеу көп еңбек сіңіруді, үлкен тәжірибе, шеберлекті қажет етеді,талғампаздық пен шыдамдылықты шыңдайды.                                5слайд:   Ағашты өңдеу саймандарына келсек сүргі, шаппа шот,атылғы шот,моғал ыңғыру,қырғыш,инек ынғыру және ойыс жүзді қашаулар жатады.Ысқылайтың  материалдар киіз,мата, ұсақ, кесек, қышырлы қайрақ қағаздарды орнымен пайдалана білген.                                                                   6слайд: Осы саймандармен халық шеберлері әртүрлі ағаштан ойып, ыдыстар (көбінде терек,самырсын,қарағайдың  ұрысы, сексеуіл,арашаның түбірі, қайың) жасайды.                                                                                                          7слайд: Астау ,саптыаяқ,тостаған ,ожау,қымыз құятын шарааяқты  т.б түрлерін жасай берген. Күнделікті тұрмысқа қолданылатын  ағаш ыдыстарды мәнерлеп өрнектеу сирек кездеседі.                                                                         8 слайд: Ағашқа көркем ою,өрнек салуда қазақтар өсімдік ою –өрнектерінен (ағаш ою,гүл ою) геометриялық және аз болса зооморфтфқ ою өрнектерін қолданған. Әсіресе, ағашқа көркем сурет салуда зооморфтық элемент кеңінен тараған. Қымыз сабаның піспегенің сабын, ожау сабын әшекелеуге баса көңіл бөлген. Бұларды оюлап өрнектеумен бірге сүйекпен, күміспен әшекелейген.  9слайд:  Ожау жасауда шеберлер өздерінің тамаша өнертапқыштығы мен асқан шеберлегін көрсеткен. Біртұтас ағаштан ожаудың жеке де, қос басты да түрін қызық етіп шығырлықты тізбектерден жасаған. Кейбір ожауларды қымызды ыдысқа салғанда бетінде аққу сияқты жүзіп кететіні де болған.Осы бұйымдарды қүрделі де қарапайым қол саймандар арқылы жасаған.                         10-11 слайд: Сапты аяқ дегеніміз ағаштан ойылған,тостаған тәрізді бүлдіргелі сабы немесе шығыршығы бар ыдыс. Оны халық шеберлері қайыңның, қара ағаштін, үйенкінің (тошынынан) ұрысынап шауып,ішін ыңғарулап жасайды. Ағаштың (тошыны) ұрысы берік болады, күнге қаңсып жарылмайды. Шеберлер саптыаяқты жонып болған соң, тұзды сүға қайнатып,кептіріп жылқының майын сіңіріп майлап қояды.                          Майлаған ыдыстың өңі ашылып, ағаштың бетіндегі табиғи өрнегі айқындала түседі.Халық ағаш тошынан  (ұрысынан) жасалған саптыяқты өрнегіне қарай «шұбар аяқ» деп те атайды.Жақсы шебердің қолынан шыққан саптыаяқ нағыз өнер туындысына айналады.                                                                     12слайд:Осындай өнер туындысы Ільяс Жансүгіровтың қаламының жыр туғызған екен.

Қарынсау қара дегештей

Қара қоңыр саптыаяқ

Дөнгелек қарын кемештей

Ақжем өрнек,ақ қабақ

Шығыршығы сыңғырлап,

Айнымайды қарбыздан,

Тау суындай сыңғырлап,

Құйылса қымыз құндыздан.

Қабаққа біткен қайыңның,

Бөріші де безі еді

Өтіндей-ақ аюдың,

Әкемнен қалған көз еді.

Қазақ «аюдың өтіндей» деп өте бір тапшы, зәру нәрсені айтады. Сондықтан ақынның  саптыаяқты аюдың өтіне тенеуі өнер туындысына берілген орынды баға деп түсінуіміз    керек.

13 слайд: Саптыақты малшылар мал баға шыққанда қоржынына салып,қанжығысына байлап жүреді. Шөлдегенде торсықтағы сусынын саптыаяққа кұйып ішеді.

14 слайд:Малшылар мал бағып жүріп, қой-ешкінің сүтін саптыаяққа сауып алып оған отқа қып-қызыл болғанша қыздырған екі-үш малта тасты салып жібергенде сүт әп-сәтте піседі.

Осы әдіспен піскен сүтті «тас қорық» немесе қорықтық дейді. .(1 сурет)

15слайд:Қыран құстарға жем беретін саптақты жем аяқ деп атайды(2сурет)

16слайд:Насыбай үгуге арналған саптыаяқтарды насыбай шелек немесе насыбай келе деп атайды (3сурет.)

17слайд:Саптыаяқтың оқтау тәрізді үккіш деп аталатын арнаулы таяғы болады. Үккіштін жоғарғы жағына екі-үш жез қоңыраушалар бекітіп қояды . Қоңыраушалар шалдырлап әдемі әуен шығарады.(5 сурет)

Сарамандық жұмыс:  Жаңа тақырыпты түсіндіріп болған соң, әр оқушы өздерінің эскиздері бойынша сызылған технологиялық карталарына сәйкес, қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып , сарамандық жұмыстарына кіріседі.Ағашты таңдап алғаннан кейін, керекті шамада өлшеп, арамен кесіп аламыз.Сонан соң оны қабығынан  аршып, кірлерінен тазалап, сүргімен сүргілеп, өңдейміз.  Саптыаяқтын сызбасын нақты өлшемдермен белгілеу. Дайындаманын ортасын анықтау. Дайындаманы ағаш станогына бекітіп түзету. Кескішпен алғашқы бетін жонып түзету.Кескіштер мен ағаш өндеу станогы саптыаяқтың пішімдерін кесіп келтіру. Құмқағаз арқылы кесілген дайындаманың бетін өндеу. Қол ара,қысқыш пен өнделген дайындаманы  2-ге бөлу. Кескіштер мен дайындаманын ішкі жағын ойып алу. Құмқағаз,әр түрлі егеулер ойылған дайындаманы өңдеу. Дайындаманын артық түбін кесіп алу және өңдеу. Бұдан соң саптыақтың сыртқы бүйірлеріне оюлар салып, оларды күйдіргіш аппаратпен күйдіреміз.Күйдіріп болған соң, саптыақтың түссіз лакпен кептіре отыра, бірнеше қайтара лактаймыз.Сарамандық жұмыс кезінде оқушылардың техникалық қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауларын үнемі басты назарда ұстап отырамын және жұмыс барысында еңбек тәсілдерін орындау барысын қадағалап отырамын.

Саптыаяқтың жасау жолдары 18-31слайд

(презентация-теория мен практика)

Қорытыңды: Жаңа тақырыпты бекіту

Үй тапсырмасы

Керекті материал таңдау, (ақ қайың),бояулар,

қатырқа қағаз, лак,түсіргіш,сызғыш,қарындаш,циркуль,

Paint бағдарламасында ою-өрнектің үлгісін сызып әкелу.

 Қолданған әдебиет: Технология кітабы 7-8 сынып

(Қазақтың ұлттық қол өнері)

1991жылы Баян-Оглий аймақтық Баспа өндірісінде басылды

http://koshpendi.kz/index.php/koloner/agash/

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Технология пәнінен Ағаш өндеу өнері «Саптыаяқты дайындау»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Социальный педагог

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Қысқаша мазмұныХалқымыздың салт –дәстүрі мен, мәдениеті мен өнерін қоры сарқылмас мол. Қазіргі заманымыздың жастары мен жеткіншектерінің осы мол қазынадан қол үзіп бара жатқанын жасыра алмаймыз .Халқымыздың тұрмыстың заттарынің бірі ол  «Саптаяқ»  Сабақта  саптаяқтын тарихы мен жасау жолдары.Ағашты таңдау,ағаш өңдейтін сайман құралдарды іріктеп алу. Жұмыс барысында ТҚ сақтау . Еңбек  сабақтарымда қазақ халқының көне қол өнері мен онын ерекшеліктері, кейбір ұмыт болып бара жатқан ұлттық бұйымдарды , қазақтың қол өнеріндегі керектенетін көне сайман, аспаптардың түрлері мен атаулары, оларды қолдану тәсілдері жайында мектеп оқушыларына  ұлттық өнеріміз бен мәдениетіміз  жайлы мағлумат берумен бірге, оларды арықарай  еңбек сабағымда кеңейтіп, дамытуға қолдап жүрмін. Сабақ үрдісінде жаңа ақпараттық технологияны пайдалану оқу үрдісін белсендіріп , дамыға оқыту идеясын іске асыруға, сабақтың қызықты өтуіне, оқушылардың өздерінің жұмыс атқару көмегін артырады.Microsoft Power Point, Paint  бағдарламаларды пайдаланған кезде:                                   1.сабақтың көрнекілік дәрежесін көтереді.                                   2.сабақ үрдісін дамытады.                                   3.Жаңа сабақта уақытты үнемдеуге жол ашады.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 168 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.04.2014 2144
    • DOCX 28.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сыздыкова Гулюм Утюгуновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сыздыкова Гулюм Утюгуновна
    Сыздыкова Гулюм Утюгуновна
    • На сайте: 9 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 55112
    • Всего материалов: 22

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 123 человека из 43 регионов

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания технологии в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 238 человек из 62 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 071 человек

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания технологии с учетом реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 297 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 085 человек

Курс профессиональной переподготовки

Технология: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель технологии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 969 человек из 76 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 570 человек

Мини-курс

Эффективность обучения школьников на уроках литературы

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эмоциональная связь между родителями и детьми

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек

Мини-курс

Мозг и психотерапия: влияние, методы и направления

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 61 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 27 человек