Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Русский язык и литература / Конспекты / Бағдарламаның жеті модулі жайлы рефлексивті ойлар
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Русский язык и литература

Бағдарламаның жеті модулі жайлы рефлексивті ойлар

библиотека
материалов

Бағдарламаның жеті модуліне қатысты ойлар жазылған рефлексивті есеп


Оқушыларға сапалы білім беру үшін мұғалімдер осы курс бағдарламасының жеті модулінде қарастырған идеяларды өз сабақтарында тиімді қолдана алулары қажет. Олар мұғалімнің сабақта пайдаланатын жекелеген стратегиялары мен тәсілдері сияқты өзара тығыз байланысты және оқыту барысында аралас түрде ұсынылады.

Бірінші модуль «Білім беру мен білім алудағы жаңа әдістер» деп аталады. Бұл модульдің негізінде әлеуметтік-сындарлылық тұрғыдан білім беруді түсіну жатыр. Ал балалар өзінің түсінігін өзіндік зертеулері мен әлеуметтік өзара байланысқа сәйкес құратын белсенді білім алушы болып табылады.Білім берудегі жаңа тәсілдер деп «Диалогтық оқыту» және «Қалай оқу керектігін үйретуді» қарастырған. Диалог негізінде білім мен білім беру алу - мұғалім мен оқушы арасындағы диалог, оқушылардың өзара сұхбаттасуы және оқушылардың өзіндік ой-пікірін жүйелеуі мен дамуына көмектесетін амал екендігін меңзейді. Александер (2004ж) білім берудегі әңгімелесуді-қарым-қатынас жасауда идеялар екі жақты бағытта жүреді және

осының негізінде білім алу үдерісі алға жылжиды деп тұжырымдайды. Диалог барысында оқушылар, сонымен қатар мұғалімдер де келісілген нәтижеге жету үшін күш-жігерін жұмсайды және олар білімді бірлесіп алуда тең құқылы серіктестер болып табылады. Мерселдің зерттеуіне сәйкес диалогтың үш түрі қарастырылған: әңгіме-дебат, топтық әңгіме, зерттеушілік әңгіме. Сыныптағы диалогтың маңызы туралы Выготский оқушылар «ЖАДА» жұмыс істесе олардың когнитивті дамуының жақсаратындығын атап көрсеткен. Оқушылар көбірек білетін адамдармен, сыныптастарымен, мұғалімдермен диалог жүргізген жағдайда білім алуы табыстырақ болады. Диалогтық оқытуда сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады. Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты түрлері оқушыларды сындарлы сөйлеуге ынталандырады, шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтауға, сыни тұрғыдан ойлауға, әңгімелесу мен ой елегінен өткізу көмегімен ойын жинақтауға көмек берді. Сыныптағы диалог мұғалімдерге оқушыларға білім беру барысында олардың қандай деңгейде екендігін білуге көмектессе, оқушылардың тілдік қорын, бір-бірімен қарым-қатынасын жақсатты, білімдерін кеңейтті. Білім берудегі жаңа тәсілдің бірі «Қалай оқу керектігін үйрету» болып саналады.Оқушыларға өз бетінше білім жинау жауапкершілігін түсінуге және оны өз мойнына алуға қалай көмектесуге болатынын көрсетеді. «Қалай оқу керектігін үйрету» немесе метатану үдерісі арқылы оқушылар түсіну, бақылау, оқу тәжірибесіне қадағалау жүргізу қабілеттерін дамытады. Метатану-білім алуды үйретудің қозғаушы күші. Сыныпта қалай білім алуды үйретуді айқындайтын негізгі факторлар: білім алу үдерісін түсіну, нені оқу керектігін түсіну,білім алу үдерісін қалай құрылымдау туралы ұғым қалыптастыру сонымен қатар оқу нәтижесін бағалау мүмкіндігін игеру болып табылады. Метатанудың үш аспектісі бар. Ол аспектілерінің біріншісі жеке білімге қатысты Флейвелл оқушылардың өзінің оқуын саналы түрде сезінуі дамыған сайын балалардың басқа оқушылардың да өз оқуына қатысты таңдауы, күшті және әлсіз жақтары бар екендігі туралы метакогнитивті түсінігінің кеңейетіндігін айтқан. Екінші аспекті тапсырмаға бағытталған яғни оқушының мақсаты мен тапсырмаларын білу, түсіну және бағалауды қамтиды. Бұл аспекті арқылы оқушының тапсырманы қалай талдайтының және бағалайтының немесе күрделірек деңгейін қалай салыстыратынын біле аламыз. Үшіншісі метакогнитивті құрылымды Флейвелл тапсырманы орындауға қажетті білімдер мен тәсілдер мониторингі ретінде анықтайды. Өз бетінше жұмыс істеу және даму ниеті метатанудың маңызды аспектілері ретінде танылады.

Өздігінен реттелетін білім алудың үш элементі аса маңызды болып табылады:

1. Тапсырмамен жұмыс барысында өздігінен бағытталушылығы

2. Оқушының проблемалар мен мақсаттарды өздігінен айқындауы

3. Проблеманы шешу мен мақсатқа жету үшін әдіс-тәсілдердіөздігінен таңдауы.

Өздігінен реттелу тапсырмаға қызығушылықтың неғұрлым жоғары деңгейіне өтуге ықпал етеді.

Екінші модуль «Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту» Бұл модулде қарастырылатын идея оқушылардың және мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. Оқушылардың ақпараттар мен идеяларды синтездеу қабілеті шынайлығы мен салыстырмалы түрде маңыздылығы туралы ойлана білу қабілеті, таңдау жасау және басқалардың идеяларына күмәнмен қарау қабілеті ретінде түсіндіріледі, ал мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауы өзінің жұмыс тәжірибесінде жаңа әдіс тәсілдерді қолдану және бағалау әрекеттерін сыни тұрғыдан бағалауды қамтиды.

Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді.

Базалық деңгейде сыни тұрғыдан ойлау үдерісі:

-релеванттық ақпараттарды жинауды;

-дәлелдерді сыни тұрғыдан талдау мен бағалауды;

-кепілдендірілген шешімдер мен жинақталған қоытындылар;

-ауқымды тәжірибе негізінде болжамдар мен ұсыныстарды қайта қарауды қамтиды. Оқыту мен білім беруді сыни тұрғыдан ойлау сияқты күрделі міндеттермен қатар, қарастырылмаған болжамдар мен құндылықтарды, мәселелерді мойындау және оларды шешудің тиімді құралдарын табуды, басымдықтарды бекітудің маңыздылығымен міндеттерді шешудегі артықшылығын түсінуді қарастырады.

Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау бағдарламаның үшінші модулін қамтиды. Бағалау-одан арғы білім алу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқушылардың нәтижелерін жүйелі түрде жинақтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. Бағалаудың мақсаты: оқытудағы қиындықтарды анықтау, жетістікке жеткендігін көрсететін кері байланыс,уәж , болжау және сұрыптау, стандартты бақылау және орындау, оқыту бағдарламасының мазмұнын және білім беру стилін бақылау. Бағалаудың мәні: бақылау. Алынған мәліметтердің интерпретациясы, бұдан арғы іс-әрекетті анықтау үшін қолданылуы мүмкін шешімдерді қорытындылау. Оқыту үшін бағалау немесе формативті бағалау(қалыптастырушы баға) оқушының ағымдағы білімін анықтайтын баға. Бұл арқылы оқушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін үшін оқушылар және олардың мұғалімдеріқолданылатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі. Оқытуды бағалау немесе жиынтық баға-тоқсанның және жылдың соңында қойылатын қорытынды баға. Оқытуды бағалау кезінде бір оқушының жетістіктерінің белгіленген нормалармен немесе бірдей жастағы оқушылар тобының қол жеткізген деңгейімен ара-қатынасы салыстырылған соң қорытынды жасалады. Мұндай қорытындылар стандартқа «сәйкес/сәйкес емес» деген нысанда жасалады. Оқытуды бағалау ата-аналарға, кейде мұғалімді уақытша ауыстыруға келген мұғалімдерге, мектеп басшыларына есеп беру, іріктеу және мониторинг жүргізу, ақпаратты бағалаудың негізгі сипаты болып табылады.

Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды(АКТ) жеті модульдің төртіншісі.АКТ-ның дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесінде уақылы өзгеріп отыруды талап етеді. Осыған байланысты білім беруде қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер, технологиялар жаңартылып отырады. АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және қабылдауын, түсінуін женілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр. Мектептегі ақпараттық технологияларғамыналар жатады:теледидар, интернет, ұялы телефондар, ұтқыр қондырғылар, компьютер, бейне таспа т.б. Білімге апаратын екі жол: теориялық білім және тәжірибелік білім. Теориялық білім сынилылықтың артуына, ал тәжірибелік білім құзытеттіліктің артуына ықпал жасайтындығы қарастырылған. АКТ білім беру салаларына МПБ( мазмұнды педагогикалық білім), технологиялық педагогикалық білім (ТПБ), және мазмұнды технологиялық білім (МТБ) жататындығы және осы үш білім саласының нәтижесінен технологиялық педогогикалық және мазмұндық білім қалыптасатындығы (ТПМБ)айтылған. Жекелеген пәндерді оқытуға білім технологияларын интеграциялау мұғалімнің қарқынды дамуына , оқытудың үш аспектісін өзара байланыста белсенді қолдану қажет екендігін баса айтқан.

Бесінші модуль «Талантты және дарынды балаларды оқыту» Бұл модулдің идеясы талантты және дарынды балалардың қажеттіліктерін түсінуге қатысты ой-пікірлерді, кеңінен оқытуға ықпал ететін оқу бағдарламаларын кеңейту және барлық оқушылардың осындай қажеттіліктерін қанағаттандыратын білім беру мен оқытудың сараланған стратегиясын таңдау. Талантты балаларды анықтайтын негізгі өлшемдер Фриман зертеулері бойынша берілген. Олар төмендегіше көрсетілген:

-есте сақтау және білім

-өз білімін жетілдіру

-ойлау қабілетінің жылдамдығы

-мәселені шешу және шоғырлану

-икемділік және күрделілікке деген сүйіспеншілік

-ерте символдық белсенділік(Флейман,1998ж)

Осы белгілерді анықтау оқу үдерісінің барысында оқушыларды мұқият бақылауға алуға талап етеді және жоғарыда айтылған зерттеулердің мысалдарымен тығыз байланысты екендігі айтылған.

Эйр мұғалімдердің дарынды балаларға сапалы тапсырма беру мақсатымен өз жоспарларын өзгертуге болатынын және оларға қосымша көмек беру арқылы білімін кеңейте отырып, бұдан да күрделі тапсырмаларды орындатуға болады деген қорытынды жасайды.

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру модулінде дарынды және талантты балаларды оқыту секілді оқушылардың қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған. Әр түрлі жастағы балалардың жас шамасына қарай тиімді оқыту және білім беру стратегияларын іске асыру қарастырылған. Жас ерекшеліктеріне байланысты оқудың жекелеген теориялары қарастырылған.

Оқытудың бихевиористік тәсілдері-ас ерекшеліктеріне байланысты оқудың жекелеген теориялары қарастырылған.

Оқытудың бихевиористік тәсілдері- ортамен өзара байланыстағы мінез құлықты зерттеу үшін эксперименттік рәсімдерді пайдалануды қарастырады.Бихевиоризмнің негізін салушы болып саналатынБ.Уотсон өз эксперименттеріне сүйене отырып, «түрткі-реакция» моделін әзірледі. Онда орта оған тұлға әсер ететін түрткілерді өндіруші ретінде қарастырылады. Эдвард, Торндайк сияқты зеттеушілер осы идеяны негізге ала отырып, мінез-құлық нәтижесінде реакция күшейетінің немесе әлсірейтінің атап өткен.

Оқуға когнитивтік тәсіл-баланың ақыл-ой үдерісін, проблемаларды шешу қабілеттерін және оқу мен даму мазмынының ұқсастығын қарастырады.Джером Брунер жаңалық ашу арқылы оқу маңыздылығын атап көрсетіп, ақыл-ой үдерісінің оқытумен өзара байланысу мүмкіндіктерін зерттеген.

Оқытудағы гуманистік тәсілде адамның өсуіне ерекше назар аударылған Бұл тәсілдің негізін қалаушы-Маслоу мен Роджерс.Жоғарырақ деңгейге өту тек төмен орналасқан қажеттіліктер орындалған жағдайда ғана мүмкін болады.

Оқытудағы әлеуметтік-жағдаяттық тәсілде білім алушылар әлемді түсіну үшін құрылымдар мен моделдерді игеріп қана қоймай, өз құрылымы бар ортаға қатысады.Оқу сан алуан тәжірибелік қызметке қатысуды қамтиды.

Когнитивтік даму-баланың оқу және проблемаларды шешу қабілеті. Когнитивтік даму оқуға деген қабілеттілік, сондай-ақ зейін, сөз сөйлеу дағдылары, ойлау, негіздеу және шығармашылық зияткерлік сияқты қабілеттерді дамытуға және тұрақтандыруға қатысты. Аталған зияткерлік қабілеттер ойлау үдерістерінің сипаты және жасына қарай олардың өзгеру ықтималдығы туралы маңызды ақпараты бар когнитивтік даму теориясы шеңберінде сипатталады.

Білім беруді басқару және көшбасшылық жетінші модуль болып есептеледі.Бұл модульдің идеясы білім берудің кез-келген жүйесіндегі тұрақты даму мен өзгерістердің сырттан енгізілуі мүмкін емес, олар мұғалімнің тәжірибесі мен түсініктеріндегі өзгерістерден бастау алуы керек деген тұжырымға саяды. Жеке немесе сыныпқа бағытталған тәсілдің орнына ұжымдық және кешенді тәсіл қажет. Осы тәсілдің шеңберінде қоғамдастықтың бір бөлігі-көшбасшы мұғалім (Болан) Мұғалімдер өздерінің айналасындағыларға, әріптестеріне әсер ету үшін көшбасшылық қасиеттерін көрсету қажет. Білім беру сиқты көшбасшылықта адамның тұрақты дамуына әкелетін негізгі қабілеттерінің бірі болып табылады. МКДЖ бағдарламасы бойынша «Мұғалім зерттеуші емес, мұғалім-дамыту жұмысының көшбасшысы» түсінігінде құрылған. Адамдар тек білім арқылы ізгілікті бола алады. Білім беру –адамдардың зерделеп үйренуіне қажет көмектердің жиынтығы: жалпы алғанда мұғалімдер ғана педагогикалықтәжірибені жақсарту жөніндегі шараларды қабылдай алады, ал қалған қоғамдық институттар қолдау мен жаңа идеяларды ұсына алатыны баяндалған. Бірақ бұл оптимистік көзқарас, бірақ оптимизмге ынталандыру-мұғалім көшбасшылығының міндетті қыры деп табылған.

Мыңбаев Мейрамхан М.Әуезов атындағы №251орта мектеп

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Бағдарламаның жеті модуліне қатысты ойлар жазылған  рефлексивті  есеп   Оқушыларға сапалы білім беру үшін мұғалімдер осы курс бағдарламасының жеті  модулінде  қарастырған идеяларды өз сабақтарында тиімді қолдана алулары қажет. Олар мұғалімнің сабақта пайдаланатын жекелеген стратегиялары мен тәсілдері сияқты өзара тығыз байланысты және оқыту барысында аралас түрде ұсынылады. Бірінші модуль «Білім беру мен білім алудағы жаңа әдістер» деп аталады. Бұл модульдің негізінде әлеуметтік-сындарлылық тұрғыдан білім беруді түсіну жатыр. Ал балалар өзінің түсінігін өзіндік зертеулері мен әлеуметтік өзара байланысқа сәйкес құратын белсенді білім алушы болып табылады.

Автор
Дата добавления 14.04.2014
Раздел Русский язык и литература
Подраздел Конспекты
Просмотров2523
Номер материала 68780041419
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх