Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Атамекен – алтын бесік
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Атамекен – алтын бесік

библиотека
материалов

hello_html_723e6ade.gif«Боранқұл орта мектебі» мемлекеттік мекемесі

















Ашық сабақ

Өзін – өзі тану

7 «А» сыныбы













Өткізген: Мырзатаева Фариза



2013 – 2014 оқу жылы



Тақырыбы: Атамекен – алтын бесік

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға атамекен, туған жер туралы түсінік беру. Атамекен, туған жер жөнінде мәліметтер мен тарихы туралы білімдерін кеңейту.

Дамытушылық: Оқушылардың өз атамекеніне, туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін, мақтаныш сезімдерін ояту, арттыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды Отанды, туған жерді сүюге, қорғай білуге, қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, «Атамекен», «Қазақ елі» әндері жазылған үнтаспалар.

Түрі: көрнекі сабақ

Әдісі: әңгімелесу, сұрақ – жауап, түсіндіру, шығармашылық жұмыс жүргізу

Пәнаралық байланыс: география, тарих

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Шаттық шеңбері. «Атамекен». Сөзі: Қадыр Мырза Әли

Әні: Ескендір Хасанғалиев

ІІІ. Әңгімелесу

1.Атамекен дегенді қалай түсінесіңдер?

2.Атамекенін анасындай сүю үшін адам бойында қандай қасиеттер болуы керек?

3.Туған жер дегенді қалай түсінесіңдер?

4. «Атамекен», «туған жер» ұғымдарының бір – бірінен қандай айырмашылықтары бар?

5.Өз атамекенің, туған жер, Отаның туралы не айта аласыңдар?

ІV.Жаңа ақпарат

Атамекен – туған халқының, ұлтының мекен еткен, ата – бабаның қоныс тепкен жері. Ал, туған жер – әр адамның дүние есігін ашып, өмірге келген жері.

Атамекенді сүйе білген адамның бойында отансүйгіштік, жауапкершілік, сенімділік, батылдық қасиеттері болуы керек. Атамекеннің, туған елдің көркеюі, гүлденуі, жаңарып, жаңғыруы сол жерде туып өскен азаматтарға, ұрпақтарға байланысты болады.

Адам өмірге келіп, ес жиып, етек жия бастаған сәттен бастап өз болашағына, өткеніне ден қоя бастайды. Адамның болашағы да, өткені де атамекенмен тығыз байланыста болады. Халқымыздың атамекенді, туған жерді ардақтау, қасиет тұту – қанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр. Бұл таным біздің жанымызға ана сүтімен тараған, ана сүтімен дарыған.

Қазақстан – қазақ халқының ата – баба мекені, ежелгі қонысы, Отаны. Бұл жерде ата – бабамыз туды, тұрды, өмір сүрді, оның кең жазиралы жерін ата – бабамыз қасық қаны қалғанша қорғап, ұрпақтан ұрпаққа қалдырып келеді. Ол – біздің ең қасиетті, қадірлі, асыл мұрамыз.

Қазақстанның географиялық орны:

Қазақстан – Еуразия материгінің дәл жүрегінде орналасқан. Ол Қытай, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан сияқты 5 мемлекетпен шектеседі. Көлемі – 27млн шақырым. Көлемі жөнінен жер шарында 9-шы орында. Шекарасының ұзындығы 15мың шақырым. Қазақ жері – ұлан кең байтақ. Көрсең көз тоймас асқар шыңды таулары, айдын шалқар көлдері, жайыла аққан өзендері, ормандары бар. Сонау Алтайдан Атырауға, Арқа мен Алатаудың аясында құлаш жайып созылып жатыр.

Қазақстан тарихы:

Қазақ жері бұған дейінде көп қиындықтарды бастан кешірді. Алдымен жоңғар шапқыншылықтары, 1917 жылдардағы бостандықтан айырылып, қуғынға ұшырады. Мыңдаған халық ата жұртын тастап кетуге мәжбүр болды. 1932-33 жылдарда болған адам айтса нанғысыз ашаршылық. Бұл ашаршылықтан 9 млн-дай халық қырылды. Зиялы қауымды қынадай қырған 1937-38 жылдар. 1941-45 жылдар аралығындағы адамзат тарихында болмаған алапат соғысты да бастан кешірді. 1986 жылы желтоқсан оқиғасында елдің егемендігін аңсаған жастар қазақ атын әлемге паш етті. 1991 жылы еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы сайланды. Ұлттық рмемлекеттік рәміздеріміз – Елтаңба, Ту, Әнұранымыз қабылданды. Өзіндік ұлттық салт – дәстүрлеріміз бар әлі жойылмаған. 1993 жылы төл теңгеміз дүниеге келді. 1995 жылы Ата Заңымыз қабылданды.

Қазіргі таңда Қазақстан әлемге әйгілі. Бейбіт өмір сүріп келеміз. Еліміздің жүрегі, айдай сұлу әсем Астанамыз бар. Әлемдегі ең әдемі астаналар қатарына енді. Туған еліміз, Отанымыз күннен күнге шарықтап дамып келеді. Отанды қорғау, аялау – бұл әрбір қазақ азаматының парызы болып саналады.


V. Мәтінмен жұмыс. «Аманай мен Заманай» (үзінді). С.Жүнісов.

...Бұлардың елден алып шыққан азықтары кеше біткен. Қанша үнемдеп, қысып ұстағанмен, қоржын түбінде қалған бір уыс малтадан басқа тіске басар түгел таусылған. Бір мезгіл ауыздарына салып сорып, шаймен алдарқатқан малта да азайып, енді талғажау етер құрттың өзін соңғы талшық санап, үнемдей бастаған. Екеуі тағы да біразға дейін үнсіз жатты, күндізгі ұзақ жүрістен талып, өлердей шаршаса да, жаланған аштық ішті бүріп, бұрап, көзге тірелген ұйқы ашылып кетті. Аманай қанша шыдап, бағайын десе де болмады. Орнынан тұрып, қараңғыда сипап іздеп, бас жақтарында жатқан қоржын ішінен екі малта алып, орнына қайта жасғасты да, біреуін аузына салып, екіншісін әжесінің қолына апарды:

  • Мә, әже, сенің де қарның ашыт ғой.

  • Жоқ, мен жемеймін. Шөл келтіреді, денемде қызу бар, өзің же, балам.

Үңгірге кіргенде тұла бойы құрыстап, тоңып, басы зеңіп, қатты ауырлап қалған Балзияның денесі түнге қарай ысып, күйіп, барған сайын қызуы күшейе берді. Өзінің әбден зорығып, титықтаған әлсіздігін сезіп, енді ауырса, қайтып тұра алмасына көзі жеткен әже тілі сөзге келіп тұрғанда немересіне соңғы аманатын айтуға бекінді.

- Аманай, жалғызым! – дедеі Балзия даусы жарықшақтанып.

- О, не, әже? – деді солпылдатып малта сорғанын қоя қойып. Аманай әже сөзіне құлақ түрді.

- Бұдан әрі жүруге енді менде шама жоқ... Әл бітті. Осы үңгірде қалатын шығармын... Егер олай-бұлай болып кетсем, мені қойшы, дәмім таусылған адаммын, осы жерден біреу-міреу тауып алар...

- Неге, әже? Неге қаласың? – Тұла бойы әлде бір қорқыныштан тітіркеніп кеткен Аманайдың аузына басқа сөз түспеді.

- Жаман айтпай, жақсы жоқ, балам, тыңдап ал. Мұқият тыңда. Сөзімді бөлме. Менің сөзімді түгел тыңда. Ұғып ал.

- Балзия бұл жолы әр сөзін шегелеп, ұғымды етіп жеткізе айтуға тырысып бақты. Біз соңғы асуға келіп тірелдік. Бұл псудың арғы жағында, өзіңе талай айтқан Жетісу жері – жалпақ ел бар. Ол – сенің атамекенің. Алтын бесігің. Оған жетсең, жамандық көрмессің, бағың да, көзің де ашылар. Ендігі тіршілігін сол жерге байланысты. Ол жерде Атымтай атаңның, бүкіл ел – бабаңның зираты, белгісі жатыр. Оған жететін бұдан әрі екі жол бар. Бірі – кең арналы Жылысай. Ол – бұралаңы көп ұзақ жол. Одан жол таба алмай, көп адасуың мүмкін. Адаспаған күнде де, үш-төрт күндік жолға аштан-аш шыдай алмассың. Қолайлысы – екінші төте жол. Ол – бағана өзіңе көрсеткен биік шыңның бауырындағы Қылкөпір дейтін жалғыз аяқ қия соқпақ. Осы арадан күндіз қарасаң, көрінеді. Соны бетке алып жүре бер. Қия жолдан ассаң, ар жағы ылғи еңіс. Ол жақ бөктерде малшылар да, аңшылар да кездесіп қалуы ықтимал. Олардан енді қорықпа. Кездесе қалсаң, жайыңды айт. Еліме келе жатырмын де. Әкем аты Заманай, атам аты Атымтай дерсің. Қайда барсаң да осы атаңның аты арқылы сенің кім екеніңді ел түсінеді. Енді бір-ақ күн жүрсең, жетіп те қаларсың. Ит-құстан сақ бол. Қия жолдан өткенде байқа. Терең құзға қарама. Не көрсең де енді, еліңмен бірге көр. Ертең де жеткенде бәрін ұғасың. Әзірше жолың болсын. Енді дорбаңдағы малтаны екі қалтаңа бөліп салып ал. Тоқтаған, бөгелген жерде аузыңның дәмін аласыңғ ол да қорек.

Аманай әже сөзін түгел ұқпаса да, алыстан мұнартқан сағымдай, әлде бір жұмбақ тіршілікті сезетін сияқты. Бірақ жалғыз кету әжені тастап кету дегенді мүлдем түсінбеді. Бұлай болар деп тіпті осы жарты ай бойғы жол үстінде әсте ойлап та көрген емес. Ойласа да, түсінбес еді.

- Әже, мен сенсіз ешқайда бармаймын, - деді әлден уақытта Аманай даусы бұзылып, жыларманға келіп.

- Мен енді жүре алмаймын дедім ғой. Мені аясаң, алдағы елге тез жет. Қайтып келіп, мені алып кетерсің, әйтпесе екеуміз де осы үңгірде мәңгі қаламыз. Түсін мұны, Аманай. Сен енді Атымтай ұрпағынан жалғыз азаматсың. Қорықпа. Жол жүруді үйрендің ғой.

- Сонда, сонда – Аманай көз жасын зорға тежеп, тығылып сөйледі. Әлима қайда? Ол, ол келе ме? Аузына басқа сөз түспегені ме, әлде сағынғаны ма, Аманай туған анасын бірінші рет есіне алды.

- Келеді өзі іздеп, әйтпесе, кейін ер жеткен соң өзің тауып аласың. Ел біледі.Алысқа басқа жаққа кетеді ол. Табарсың іздесең. Ел біледі. Ел айтады саған. Балзия Аманайды не деп жұбатарын білмей, көңілін де жылатпайын деп, бала уайымына мің бергінсіді.

Бұдан әрі екеуі де ұзақ үнсіз жатты. Аманай ішін бұраған аштығын да ұмытқан тәрізді. Басына келген неше бір шым – шытырық ойдың жетегінде, көп уақытқа дейін ұйқылы – ояу, мең-зең болып, Әлима туралы айтқан әже сөзіне мүлдем түсінбеді: «Неге ол шіріген жұмыртқа?», «Неге ол бірге жүрмеді?», «Қайдағы алысқа кетпекші?», «Ел нені біледі?», «Әжем бұл жөнінде бұрын неге ештеңе айтпаған?», «Әжем Әлиманы неге тастап, неге жасырынып кетті?», «Басында маған неге айтпады?» өзіне жұмбақ болған осындай түсініксіз сұрақтардың шырмауында жатып, түннің бір уағында, аузындағы екінші малта таусылар – таусылмаста Аманай ұйықтап кеткен...


1.Қария немересін атамекенге неліктен алып барғысы келді?

2.Атамекен, атақоныс, атажұрт адамға несімен қымбат?

VІ.Тыныштық сәті. Өзіммен өзім.

Оқушылар, ыңғайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар, терең тыныс алыңдар. Біз Атамекенімізді жол жүріп аралап келеміз. Атамекеніміздің сұлулығына қанша қарасақ та тоймаймыз. Өзен – көлдердің бетімен ұшқан шағалалар өз суларын қорып жүргендей. Ормандағы ағаштар қалың жапырақтарымен аңдарды қорғап тұрғандай. Туған елеміздің табиғаты сондай тамаша. Енді көз алдарыңа туған еліміз Қазақстанның болашағын елестетіп көріңдер. Биіктігі көк тіреген ғимараттар, күн шуағына бөленген бақытты балалар, балаларының қуанышына мәз болған аналар, оқушыларының бестігін мақтан тұтқан ұстаздар, ғарышпен сөйлесіп тұрған ана ағалар, немерелерінің ақылдылығына риза болған аталар.

Қазақстанның қай өлкесін аралап жүрсеңдер де өздеріңді бұлтсыз аспан, қалықтаған құс, жайқалған гүл, жайнаған бақ, жарқыраған күн сияқты сезініңдер. Қазақстанның қай бөлшегінде тұрсаңдар да өздеріңді сол жердің қожайыны ретінде сезініңдер. Өйткені ол – біздің атамекеніміз, Отанымыз, туған еліміз. Осындай бақытты, бейбіт елде туып, өмір сүріп отырғанымыз үшін атамекенімізге, Отанымызды қасық қаны қалғанша қорғаған батыр ата – бабаларымызға іштей рахмет айтайық. Туған елге деген осындай ризашылық сезіммен көзімізді ашып, бұрынғы қалпымызға келейік.

VІІ.Шығармашылық жұмыс.

«Атамекен – мақтанышым» тақырыбында эссе жазу.

Ән: «Қазақ елі» (4минут)

VІІІ. Тапсырмалар.

1.Ел қорғаған тарихи тұлғалар туралы не білесіңдер?

2.Қазіргі таңда ел намысын қорғап жүрген азаматтар немесе спортшылар туралы айтып беріңдер

3.Туған дер, атамекен туралы қандай мақал – мәтелдер білесіңдер?

4-тапсырма

- Мен туған жерді сүйемін, өйткені ...

- Мен туған жерді қорғаймын, өйткені, ...

- Мен туған жерімді мақтан етемін, өйткені ...,


ІХ.Жүректен жүрекке. Отан сүйер ұлан бол!

Мен немере сүйіп отырған адаммын. Балаларды өте жақсы көремін. Сол балалардың, бүлдіршін балдырғандардың бақытты болашағы үшін сұрапыл соғыста ер азабын мейлінше көрген адаммын.


Мен де адаммын жаралған сүйек, еттен,

Арым бар, намысым бар жан тербеткен.

Қазақтың қарапайым бір ұлымын

Жанымды арым үшін құрбан еткен.

Балаларыма, немере, шөберлеріме айтар жалғыз тілегім: Елді сүйер ұлан болыңдар! Өз халқыңа лайықты азамат болып өсіңдер.

(Бауыржан Момышұлы)

Х.Үйге тапсырма. Өз туған жерлерің туралы мәлімет жинау.

ХІ.Қорытындылау.

Краткое описание документа:

Білімділік: Оқушыларға атамекен, туған жер туралы түсінік беру. Атамекен, туған жер жөнінде мәліметтер мен тарихы туралы білімдерін кеңейту. Дамытушылық: Оқушылардың өз атамекеніне, туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін, мақтаныш сезімдерін ояту, арттыру. Тәрбиелік: Оқушыларды Отанды, туған жерді сүюге, қорғай білуге, қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу.    1.Атамекен дегенді қалай түсінесіңдер?    2.Атамекенін анасындай сүю үшін адам бойында қандай қасиеттер болуы керек?    3.Туған жер дегенді қалай түсінесіңдер?    4. «Атамекен», «туған жер» ұғымдарының бір – бірінен қандай айырмашылықтары бар?    5.Өз атамекенің, туған жер, Отаның туралы не айта аласыңдар? ІV.Жаңа ақпарат          Атамекен – туған халқының, ұлтының мекен еткен, ата – бабаның қоныс тепкен жері. Ал, туған жер – әр адамның дүние есігін ашып, өмірге келген жері.          Атамекенді сүйе білген адамның бойында отансүйгіштік, жауапкершілік, сенімділік, батылдық қасиеттері болуы керек. Атамекеннің, туған елдің көркеюі, гүлденуі, жаңарып, жаңғыруы сол жерде туып өскен азаматтарға, ұрпақтарға байланысты болады.          Адам өмірге келіп, ес жиып, етек жия бастаған сәттен бастап өз болашағына, өткеніне ден қоя бастайды. Адамның болашағы да, өткені де атамекенмен тығыз байланыста болады. Халқымыздың атамекенді, туған жерді ардақтау, қасиет тұту – қанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр. Бұл таным біздің жанымызға ана сүтімен  тараған, ана сүтімен дарыған.
Автор
Дата добавления 14.04.2014
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1680
Номер материала 69064041411
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх