1241485
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
Добавить материал и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
ИнфоурокНачальные классыДругие методич. материалыҚазақ тілі мен әдебиет сабағында интерактивті тақтаны қолданудың тиімділігі

Қазақ тілі мен әдебиет сабағында интерактивті тақтаны қолданудың тиімділігі

библиотека
материалов

«Петровка жалпы білім беру орта мектебі»КММ













Баяндама тақырыбы:


Қазақ тілі мен әдебиет сабағында интерактивті тақтаны қолданудың тиімділігі.











Дайындаған: қазақ тілі мен әдебиеті

пәндерінің мұғалімі Сембаева Б.С.













2013-2014 оқу жылы

Баяндаманың тақырыбы:

Қазақ тілі мен әдебиет сабағында интерактивті тақтаны қолданудың тиімділігі.

Баяндаманың мақсаты:

өмірге жан–жақты дайындалған, еңбексүйгіш, ынталы, шығармашылықпен ойлайтын, рухани – интеллектуалдық тұрғысынан бай азамат тәрбиелеу , білім беру;

оқушыларды интерактивті тақтаны дұрыс қолдана білуге, жетік меңгеруге ықпал ету;

берілген тапсырмаларда жаңа техналогияның көмегімен сауатты, шапшаң орындауға үйрету;

ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнын жаңартумен қатар, окытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Осы мақсатты жүзеге асыруда ақпараттық технологияны пайдалану әдісі зор рөл атқарады. Осы орайда ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауындағы «оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды білім беру саласын жақсартуда қолданыс аясын кеңейту керек» деген сөзін басшылыққа ала отырып, сабақта жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануға жаппай көшуіміз керек.

Кез келген оқытушы өзінің пәнін қызықты өткізуге, және де оқушыларының білімін арттыруға тырысады. Қазіргі кезде көптеген білім салаларында интерактивті тақталарды қолдану кең өріс алып келеді.
Қазақ тілі мен әдебиет пәндерін оқытудың оқушы қызығушылығын арттыруда өзіндік ерекшеліктері бар. Сондықтан оқушылардың мектепте алатын білімі мен тәрбиесін жетілдіруде оқытудың жаңа формасы тиімді болмақ. Интерактивті тақта мұғалімнің сыныптағы әрбір оқушыға ақпаратты тиімді жеткізуіне көмектеседі. Интерактивті тақта әр түрлі бағытта оқытуды және сабақ беруді өзгертуі мүмкін. Олар сабақтан тыс, уақытты жоспарлауға, сондай-ақ сабаққа дайындалуға, оқушылардың зейінін аударуға және ынталандыруға, ақпараттарды көрсетуге, уақытты тиімді пайдалануға өте қолайлы.
Интерактивті тақта – барлық сыныпта оқыту үшін таптырмайтын құрал. Бұл визуалды ресурс мұғалімнің жаңа материалдарды оқушыларға өте тартымды және тез жеткізуіне көмектеседі. Бұл тақта ақпараттарды әр түрлі мультимедиялық ресурстардың көмегімен жеткізуге мүмкіндік береді: мұғалімдер мен оқушылар материалдарды түсіне және жете толық игере алады. Қиын мәселелерді жеңіл түсіндіріп, схемаларды беруде өте ыңғайлы.
Жалпы білім беру жүйесінде үйреншікті дағдыдан үйлесінді, күрделі сабақтастықтарды қамтуға, жаңа ақпараттық, компьютерлік жабдықтармен жұмыс істеуге көшу – қазіргі заман талаптарынан туындап отыр.
Шәкірттің жеке тұлға ретінде дамуына ұстаздың өткізген әрбір сабағы шешуші рөл атқарады.Оқушы білімінің сапалы болуы ұстазының дәріс беру шеберлігі мен жаңа технологияны тиімді пайдалана білуіне, яғни кәсіби құзіреттілігіне тікелей байланысты.Оқушы үшін мектепте оқытылатын әрбір пәннің орны ерекше.Ал оқушының пәнге қызығушылығын арттыру үшін әр сабақты дұрыс ұйымдастыру, педагогикалық шеберлікті үнемі ізденістермен жаңартып отыру әр ұстаздың міндеті болу керек.

Бағдарламалық – техникалық кешеннің құрамына кіретін интерактивтік тақтаны оқытушыға сабақты қызықты және динамикалық түрде мультимедиялық құралдар көмегімен оқушылардың қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визуалды қор деп те атауға болады. Сабақты түсіндіру барысында мұғалім тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды, Интернет ресурстарын қолдана алады.

Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі:

  • Пән бойынша базалық білімді меңгеру;

  • Алған білімді жүйелеу;

  • Өзін - өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;

  • Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру;

  • Оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру.

Интерактивті оқыту әдісі – оқушының оқу үрдесін ұйымдастыруға толық қатынасын белсенді тұлға болып қалыптасуына мүмкіндік ашатын тиімді оқыту әдісі.

Интерактивтік тақта арқылы дидактикалық материалдармен қоса неше түрлі дыбыстарды оқушаларға естіртуге болады мысалы: құстардың үнін, судың дыбысын т.б. Сонымен қатар айта кетерлік мұғалім ғана емес оқушыда тақтаны қолдана алады, мысалы айтқанда заттарды үлкейту немесе керісінше кішірейту, бір затты биік немесе аласа түрін көрсету, тақтада мұғалім арқылы дайындалған тапсырмаларды орындау.

Сабақта интерактивті тақтаны қолдану оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыруға ықпалын тигізеді.
Өз тәжірибемде сабақты тартымды және динамикалы түрде жеткізу үшін интерактивті тақтаны пайдаланамын. Осы орайда интерактивті тақтамен өткізген қазақ әдебиет пәні бойынша «Мақалды жалғастыр» ойынын сіздерге үлгі ретінде көрсетіп кетсем:

«Мақалды жалғастыр» ойынын интерактивті түрде өткізу оқушылардың мақалдарды есте сақтап қалу қабілетін күшейтеді. Мысал ретінде мына мақалдарды алуға болады.

Өнер алды- ................
Көп түкірсе ..............
Елдің көзі .................
Ер қанаты ...............

Керекті сөздер: ақ тіл, қызыл тіл, өзен, көл, жүз елу, елу, ат, көлік. Осы мақалдарды ребус түрінде де беруге болады.

Қорыта келгенде:

Күнделікті сабақты таңқаларлықтай өткізу бұрын соңды болмаған ойын түрлерін қолдану,сөзжұмбақ, ребустар пайдалану, проблемалықпен оқыту, өмірмен ұштастыру, әрбір оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасау.







Курс профессиональной переподготовки
Учитель начальных классов
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Краткое описание документа:
ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнын жаңартумен қатар, окытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Осы мақсатты жүзеге асыруда ақпараттық технологияны пайдалану әдісі зор рөл атқарады. Осы орайда ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауындағы «оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды білім беру саласын жақсартуда қолданыс аясын кеңейту керек» деген сөзін басшылыққа ала отырып, сабақта жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануға жаппай көшуіміз керек.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону N273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» педагогическая деятельность требует от педагога наличия системы специальных знаний в области обучения и воспитания детей с ОВЗ. Поэтому для всех педагогов является актуальным повышение квалификации по этому направлению!

Дистанционный курс «Обучающиеся с ОВЗ: Особенности организации учебной деятельности в соответствии с ФГОС» от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (72 часа).

Подать заявку на курс

Вам будут интересны эти курсы:

Курс профессиональной переподготовки «Методика организации образовательного процесса в начальном общем образовании»
Курс повышения квалификации «Актуальные проблемы обучения детей с нарушением слуха в образовательных организациях общего и среднего профессионального образования»
Курс повышения квалификации «Сетевые и дистанционные (электронные) формы обучения в условиях реализации ФГОС по ТОП-50»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогические аспекты профессиональной компетентности педагогических работников в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Методика обучения игре детей с особенностями развития в рамках реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Мотивационное сопровождение учебного процесса младших школьников «группы риска» в общеобразовательном учреждении»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности педагога-дефектолога: специальная педагогика и психология»
Курс профессиональной переподготовки «Теория и методика обучения информатике в начальной школе»
Курс повышения квалификации «Продуктивность учебной деятельности младших школьников общеобразовательного учреждения в рамках реализации ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ) в соответствии с ФГОС»
Курс повышения квалификации «Новые методы и технологии преподавания в начальной школе по ФГОС»
Курс повышения квалификации «Современные тенденции цифровизации образования»
Курс профессиональной переподготовки «Теория и методика преподавания в начальных классах компенсирующего и коррекционно-развивающего вида»
Курс профессиональной переподготовки «Оказание психолого–педагогической помощи лицам с ОВЗ»
Курс повышения квалификации «Формирование и развитие ключевых компетенций школьников в интересах устойчивого развития региона»
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.