- 14.04.2014
- 1644
- 0
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
- Сен не сезіп тұрсың? Бұл тас ауыр ма? Ол сипағанда қандай екен? Жұмсақ па, әлде бұдыр ма? Егер бала жауап беруге қиналса, балаға жұмсақ затпен салыстыруға мүмкіндік беріледі. - Ия, ол тегіс емес. Ал енді айта қойшы, сенің қолыңдағы тас суық па? Осы жерде қолмен ұсталмаған тасты салыстырып көруге болады. - Әрине, сенің қолыңдағы тас жылы. Сен қалай ойлайсың, неге? Біз тасты өз жылуымызбен жылытып алу үшін жақсы сөздер айтқан болатынбыз. Қазір біз барлығымыз сол сөздерді қайталаймыз: қолыңдағы тасты жылытып, сиқыр жасаймыз. Бірге айтамыз: «тас менің қолымдағы жылуды ал, менің жүрегімдегі ыстықты ал, менің адамдарға деген махаббатымды ал. Менің сезімімді достарыма жеткіз». Бала жай ғана тасты қолына ұстап, жылытып тұруға болады. Ал психолог мәтінді айтып тұруға да болады. Ең бастысы балаға «ғажайып дүние жасауға» мүмкіндік беру керек.Әрі қарай тас басқа балаға беріледі. Ойын жалғасады. Тас психологқа қайтып келген кезде, психолог: - Міне, балалар тас айналып өзіме келді. Ол ауыр, әрі бұдыр, оның қырлары өте өткір, бірақ оны қолда ұстап тұрған жақсы сияқты, себебі ол біздің қолымыздың жылуын, жүрегіміздің ыстығын, біздің адамдарға деген махаббатымызды алып адамдарға ғажайып сый жасады. Байқасаңдар біздің қолымыз ғажайып дүниелер жасай алады екен. Ол тіпті керек болса тасты да жылыта алады. - Тасқа тағы бір рет қараңдаршы. Ол өте қатты, қазір біз өз жұдырығымызды қатты қысып, олардың тас сияқты болғанын көрейік. Қараңдар, мен қалай жасаймын. Психолог жұдырығын қатты қысады, балаларға қолын ұстап көруді өтінеді. - Ал енді, сендер де өз жұдырықтарыңды осы тас сияқты қатырыңдар. Жарайсыңдар, балалар! Алақанымызды ашайық. 3. «Гауһар тас» жаттығуы. Дымқыл қағаздың бетіне сурет салу. Психолог. Барлық әдемі тастарды гауһар тастар деп атайды. Олардың әрқайсының қайталанбас түсі бар, өте әдемі болып келеді және адамдар гауһар тастарын өз сандығында сақтайды. Қандай әдемі тастардың аттарын білесіңдер? (гауһар тас, інжу). Ал, қазір сендермен бізде қазір өз сандығымызды алуан тастарға толтырамыз. Ол үшін мына жердегі дымқыл қағаз бетін саусақтарымыздың ұшымен әр түрлі боялармен бояп шығуымыз керек. Асыл тастардың бояуы ашық түсті, әдемі болуы керек. Сандыққа әр түрлі түстегі «гаухар тастарды» салуы керек болады. Сурет салынып жатқанда әдемі әуен естіліп тұрады. Қортындылау. Сурет салып болған соң балаларға сулы майлық ұсынылып, қолдарын сүрткізу керек. 4. Жаттығу «Жел». Психолог. Теңізде үнемі қатты желдер, толқындар мен тасқындар болып тұрады. Желдің қаншалақты қатты болатынын байқап көрейікші. Ол үшін бәріміз «құрғақ душтың» айнала дөңгелене тұрамызда, бір мезгілде бар күшімізбен қатты үрлеуіміз керек. Балалар «құрғақ душ» қасына келіп,бар күштерімен лентаны үрлейді. Психолог: Енді бізге қатты соққан желді тоқтату керек. Өзімізге ұнаған лентаны алып, оны саусағымыздың басына ақырын асықпай ораймызда, жайлап жібереміз. 5. Жаттығу «Тұрғын үй салу». Психолог. Ал қазір қатты желдің әсерінен бүлінген үйлерді қалпына келтіру қажет. Ойыншылар теңіз жағалауынан тапқан құрылыс заттарымен үй тұрғызады. Психолог сұрақтары: - Үй салып жатып, не сезіп тұрсыңдар? - Біздің үйіміз кімнің көмегімен салынды? - Ал, жалғыз адам, өзі ғана осындай керемет үй сала алар ма еді? Қалай ойлайсыңдар, адам өзі жалғыз өмір сүре ала ма? Неге? Салған үйдің нұсқасын талдау. 6. Ойын «Жүзік» Психолог. Қолдарыңды бір-біріне жабыңдар, мен алақандардың арасына белгілі бір түстегі тастарды саламын, сендер сондай түсті тастарды жинайсыңдар. Психолог. Қараңдаршы, алыстан от көрінеді. Бізде соған жетуіміз керек. Айналмалы жұлдызды панно іске қосылады. 7. Ойын «Жылтыр тастар» - Міне бізде келдік. Біздің айналамызда әртүрлі түстегі тастар жатыр (әр түрлі түстегі және көлемдегі түймелер шашылып жатады). Міне, мүмкін қараңғыда осылар шығар жарқырап жатқан. Оларды мына шелекке тезірек жинап алуымыз керек: жасыл тастарды-жасыл шелекке, қызыл тастарды-қызыл шелекке және т.с.с., бірақ ойын шарты бойынша сөйлемей әрі бір-біріңді итермей жинауларың керек. Кім қандай түстегі тастарды жинайтынын, біз «Жүзік» ойыны арқылы шешеміз. Балалар тастарды (түймелерді) жинайды. Демалатын және күш жинайтын уақыт келді.
6 661 291 материал в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Серикбаева Салима Толегеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВаша скидка на курсы
40%Курс повышения квалификации
72 ч.
Курс повышения квалификации
72 ч. — 180 ч.
Курс профессиональной переподготовки
300/600 ч.
Мини-курс
4 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.