Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынас мәдениет дағдыларын қалыптастырудағы отбасының рөлі
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынас мәдениет дағдыларын қалыптастырудағы отбасының рөлі

библиотека
материалов

Бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынас мәдениет дағдыларын қалыптастырудағы отбасының рөлі


Дарига Муратовна Издибаева,

Қостанай облысы, Арқалық қаласы,

Н. Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің

педагогика және психология пәнінің оқытушысы

Ұрпақ тәрбиесі барлық уақытта әр қоғамның өзекті мәселесі болып келеді. Осы жас ұрпақты болашаққа жетелейтін білім мен тәрбие жолы екендігі сөзсіз. Тәрбие мен білім беру – ажырамас ұғым. Тәрбиенің басты құралы – іс пен сөз және екеуі өзара байланысын үзбеуі шарт.

«Баланың құқығы туралы Конвенциясы» 1989 жылы БҰҰ-да, кейіннен 1995 жылы Қазақстанда қабылданған. Мұнда «Бала толық және гармониялы дамуы үшін, ол мейірім мен өзара түсіністігі бар, қызығушылыққа көп көңіл бөлетін бақытты ахуалдық ортасы бар отбасында өсуі тиіс. Сондай-ақ , бала әлі дене, ақыл-ой жағынан толыққанды жетілмегендіктен, олар туғылғанға дейін де, туылғанннан кейін де ерекше мейірімділікке, қамқорлыққа, әсіресе, құқықтық қамқорлыққа мұқтаж» делінген.конфенцияда әрбір ата-ана және тәрбиеші жеткіншектердің өркениетті елдерде қазіргі заман талабына сай білім алуын қамтамсыз етуге міндетті екендігін айта келіп, ол білімдердің мына бағытта: баланың жеке басын. Талантын, дене және ақыл-ой қабілетін дамыту; адам құқығын құрметтеу, баланы өз ата-анасын сыйлауға, оның мәдени-тұрмыс-салтын, тілі мен құндылықтарын, әлінің ұлттық байлықтарын бағалауға тәрбиелеу; баланы еркін қоғамда ынтымақтастық, түсіністік, ұлтаралық қарым-қатынаста достық рухында саналы өмір сүруге дайындау; қоршаған ортаға жанашырлыққа тәрбиелеу жүзеге асырылуы керектігін ұсынады.

Ж. Аймауытов «Тәрбие» атты мақаласында (1918) «адам мінезінің, ақыл-қайратының әртүрлі болуы тәрбиенің түрлі-түрлі болуынан...» деп алдымен бала тәрбиесіндегі отбасының орнына ерекше тоқталды. «Баланы бұзуға, яғни түзеуге себеп болатын бір шарт – жас күнінде көрген өнеге», «Сүтпен сіңген мінез сүйекпен кетеді» деген сөз ата-ана тәрбиесінің күштілігін көрсетеді... Ол бала мінезін қалыптастырудағы отбасы мүшелері мен әке-шешенің ықпалын ашады. Бала мінезін жас шыбыққа теңейді.

Қазіргі заманда оқыту мен тәрбиенің табысты болуы ата-анлардың тәжірибесіне, кәсіби шеберлігіне, мәдениетіне ынтымақтастығына, бір-бірін түсінушілігіне, өзара қарым-қатынасына, көзқарастарының және мақсаттарының бірлігіне байланысты.

Отбасылық тәрбие, отбасының тұрмысы қазіргі кезде тек қана ата-аналар ісі емес, жалпы мемлекеттік іс екені анық. Әлеуметтану ғылымында «отбасы» ұғымы үш аспектіде қарастырылады:

  • адамның әлеуметтік өмірі басталатын және оны әлеуметтендірудің негізгі факторларының бірі болып табылатын алғашқы әлеуметтік топ;

  • қоғамда қабылданған ұстанымдар, нормалар, ережелер негізінде өмірдің түрлі жақтарын бақылайтын және қадағалайтын әлеуметтік институт;

  • барлық мүшелерінің нақты статустары мен рөлдері анықталған әлеуметтік жүйе.

Ең кең мағынады отбасы некеге, туысқандық қатынастарға негізделген және мүшелері жалпы тұрмыс ерекшеліктерімен, өзара моральдық және материалдық жауапкершіліктермен байланысқан ең кіші әлеуметтік топ.

Педагогика ғылымының даму үрдісінде отбасының тәрбие мәселелері нақты теориялық мазмұндармен толықтырылып отырған. К. Д. Ушинский, Л. Н. Толстой, П. Ф. Лесгафт, Ы. Алтынсарин, М. Жұмабаев, Н. Құлжанова тағы басқалары балалардың отбасылық тәрбиесін ұйымдастыруда олардың жас және дербес ерекшеліктерін, анатомиялық-физиологиялық нышандарын, психикалық даму деңгейлерін ескере отырып тәрбиелеу қажеттіліктерін зерттеген.

Н. К. Крупская, А. С. Макаренко, В. А. Сухомлинский отбасындағы балалардың іс-әрекеттерін ұйымдастыруды, ондағы қарым-қатынастарды қалыптастыру мәселелерін, мектеп пен отбасының өзара әрекеттестігіне жағымды әсер жасайтын жалпы жағдайларды қарастырған.

Отбасы мынадай міндеттер атқаратыны баршамызға белгіді:

  • балаларға тәрбиелік ықпал әдістерін, салт-дәстүрлерді анықтайтын конструктивтік міндеті;

  • балалрдың сабақтарын, еңбек іс-әрекеттерін және демалыс тәртіптерін ұйымдастыратын ұйымдастырушылық міндеті;

  • ата-аналар арсындағы, ата-аналар мен балалар, балалар арасындағы, жақын туысқандар арасындағы тағы сондай ара-қатынастар нормаларын құрастыратын коммуникативтік міндет.

Бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынас мәдениет дағдыларын қалыптастыру үрдісі адамгершілік және гуманизм қағидаларына негізделген. Отбасының педагогикалық үрдісінде дұрыс ұйымдастырылған ара-қатынастар балалардың көзқарастарының дамуына, мінез-құлықтарына, балалардың басқа адамдармен араласуына әсері зор, себебі кіші жастағы балалар сенгіш, еліктегіш, ықыласты болып келеді.

Бастауыш сынып жасындағы балалар қарым-қатынас тәсілдерін, мінез-құлықтарды өз бақылауларына, эмпирикалық тұжырымдарға сүйене отырып отбасындағы барлық қасиеттерді саналарына сіңіре береді.

Бұл жастағы балалар өз бетінше қарым-қатынастың жағымды және жағымсыз жақтарын ажырата алмайды. Қателіктер мен тәжірибелер арқылы бала адамзат қоғамындағы өмір сүрудің қарапайым нормаларын меңгереді.

Сонымен қатар отбасы ұл балалар мен қыз балалр арасындағы қарым-қатынас мәдениет дағдыларын қалыптасыруда, олардың саналарына болашақ ер адам мен әйел адамдардың арасындағы қарым-қатынастары үлкен рөл атқарады.

Көптеген ата-аналар бала тәрбиесіне уақыттарының жетіспеушілігін қазіргі әлеуметтік-экономикалық, нарықтық жағдайларға байланыстырып, өз балаларының адамгершілік мінез-құлықтары үшін жауапкершілікті мектепке ғана жүктегенді қалайды.осыған орай А. С. Макаренконың ата-аналарға қатысты айтылған нұсқа сөздерін келтіру орынды: «Балалармен сөйлесу кезінде, оларды бір нәрсеге үйрету немесе оған бір нәрсені бұйыру кезінде ғана тәрбиелейміз деп ойламаңыздар. Сіздер балаларыңызды өз өмірлеріңіздің әрбір сәтінде, тіпті үйде болмасаңыздар да тәрбиелеп тұрасыздар. Сіздер қалай киінесіздер, басқа адамдармен қалай сөйлесесіздер, басқа адамдар туралы не айтасыздар, қалайша қуанасыздар, қалайша қайғырасыздар, достарыңыз бен дұшпандарыңызбенқалай араласасыздар, қалай күлесіздер, қалай газет оқисыздар – осының барлығы балаға үлкен әсер береді». Кейбір ата-аналар бала тәрбиесіне уақыт жеткіліксіз деп жұмыстың қиындап кетулерінен шаршағандарын себеп етіп тұрса да, адамзат тарихында олардан да көбірек қоғам үшін қызмет ете отырып өз балаларының тәрбиесіне аса көп көңіл бөле алған белгілі қайраткерлер мысалдары қаншама.

Отбасындағы үлкендердің өз іс-әрекеттеріндегі бірізділік, моральдық тұрақтылық, адамгершілік нормалары мен талаптарына сай болулары – баланың мінез-құлқының дұрыс бағытта болуының және оны жағымсыз әсерлерден сақтаудың ең нақты кепілі.

Отбасында қарым-қатынастар шын ниетпен, кең пейілмен құрылған болса, онда балалар басқа адамдармен араласу барысында осындай жақсы қасиеттерді сақтауға тырысады. Отбасында өзара көмек көрсету, кішілерге үлгі-өнеге болу, бір-бірін қолдау, үлкендерге сый-құрмет көрсету, бірлесе істеген еңбек нәтижесінде ортақ жетістіктер қуанышына бөлену, бірлесе өткізген демалыс уақыттары – барлығы бастауыш сынып жасындағы балалар жүрегінде ерекше із қалдырады.

Ата-аналар балаларды белсенділікке ынталандырулары, оларды тек бағынышты субъектіге айналдырмай, оның тұлғалық қасиеттерін ескеріп, еркін дамуына, ішкі қабілетттерін ашуға жағдай жасаулары қажет. Педагогикада ата-аанлардан балаға тек бала деп қарамай, оны өздерімен тең құқылы қарым-қатынасқа қатысушы деп бағалап, оның идеяларымен, көзқарастарымен, қызығушылықтарымен санасулары талап етіледі.

Ата-анлар мен балар арасындағы қарым-қатынастар барысында мынадай ерекшеліктер айқындалады:

  • ата-аналардың коммуникативтік мүмкіншілікері;

  • ата-ана және бала арасындағы қалыптасқан қарым-қатынас сипаттары;

  • ата-аналардың қарым-қатынасты шығармашылықпен ұйымдастыры білу қабілеттері;

  • балалардың дербес ерекшеліктері.

Ата-аналар үшін қарым-қатынас өнерін меңгерулері балаларды ашық әңгімеге шақыруларына, олардың сырларын, құпияларын сақтай алуларына байланысты болады. Осындай сенімді қарым-қатынастар ата—аналардың өз балаларының ерекшеліктерін дұрыс білуге, оған артқан сеніміне негізделеді. Егерде ата-аналар өз сөздерінде тұрмаса, берген уәделерін орындамаса бала жүрегінде сенімсіздік пайда болады, бала сырын көп ашылып айта беретін болмайды, ал ата-аналар өз абыройларын төмендетеді.

Сонымен отбасында қарым-қатынас мәдениет дағдыларын қалыптастыру төменде көрсетілген балалар мен ата-аналардың бірлескен маңызды іс-әрекеттері негізінде іске асады:

  • халық ертегілерін брлесе оқу;

  • балаға ертегі айтқызу, оны тыңдай білу;

  • үй тапсырмаларын орындауға көмектесу, қадағалау:

  • мектеп. Мұғалім, сынып оқушыларымен тығыз байланыс жасау;

  • бірлескен қозғалыс ойындар ұйымдастыру;

  • ашық әңгіме-сұхбаттар;

  • ата-аналардың жеке үлгі-өнеге көрсету;

  • бірлесе өткізген демалыс уақыттары,

  • саяхаттар, табиғатта дем алу, серуендеу;

  • балалар көркем фильмдерін бірге талдау;

  • салауатты өмір салтын қалыптастыру;

  • бірлесе істеген еңбек нәтижесін талдау.

Ойды тұжырымдай келсек, халық кең тараған «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген мақал жоғарыда көтеріліп отырған педагогикалық мәселе өзектілігін айғақтайды.



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Назарбаев Н. Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқаттарының артуы. «Егемен Қазақстан», 11 қазан, 1997

  2. Аймауытов Ж. Шығармалары. Алматы, «Жазушы», 1989.

  3. А. С. Макаренко. Лекции о воспитании детей. –м., 1940

  4. Ю. П. Азаров. Семейная педагогика: Педагогика Любви и Свободы. –М., 1993

  5. Е. П. Арнаутова, В. М. Иванова. Общение с родителями: Зачем? Как? –М., 1981.

  6. В. А. Сухомлинский. Родительская педагогика. Соч. В 3-х т., -Т.3, -М., 1981


Краткое описание документа:

Ұрпақ тәрбиесі барлық уақытта әр қоғамның өзекті мәселесі болып келеді. Осы жас ұрпақты болашаққа жетелейтін білім мен тәрбие жолы екендігі сөзсіз. Тәрбие мен білім беру – ажырамас ұғым. Тәрбиенің басты құралы – іс пен сөз және екеуі өзара байланысын үзбеуі шарт. «Баланың құқығы туралы Конвенциясы» 1989 жылы БҰҰ-да, кейіннен 1995 жылы Қазақстанда қабылданған. Мұнда «Бала толық және гармониялы дамуы үшін, ол мейірім мен өзара түсіністігі бар, қызығушылыққа көп көңіл бөлетін бақытты ахуалдық ортасы бар отбасында өсуі тиіс. Сондай-ақ , бала әлі дене, ақыл-ой жағынан толыққанды жетілмегендіктен, олар туғылғанға дейін де, туылғанннан кейін де ерекше мейірімділікке, қамқорлыққа, әсіресе, құқықтық қамқорлыққа мұқтаж» делінген.конфенцияда әрбір ата-ана және тәрбиеші жеткіншектердің өркениетті елдерде қазіргі заман талабына сай білім алуын қамтамсыз етуге міндетті екендігін айта келіп, ол білімдердің мына бағытта: баланың жеке басын. 
Автор
Дата добавления 15.04.2014
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1156
Номер материала 70120041559
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх