Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / «Ұлықтың үш тұлғасы»

«Ұлықтың үш тұлғасы»


  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

Тәрбие сағаты

Сабақтың тақырыбы: «Ұлықтың үш тұлғасы»

Мақсаты: оқушы жастарға кең байтақ қазақ жерінің, халқының ұлттық бірлігін, ынтымағын ойлаған, ұлы үш тұлғаны – Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билерді таныту, шешендік сөздермен таныстыру.

Отанымызды сүюге, ауызбіршілікке, бірлік,ынтымақтастыққа тәрбилеу.

Көрнекіліктері: үш бидің портреті, шешендік сөздері жазылған плакат, буклет, кітап бұрышы, қазақтың ескі жиһаздары.

Өткізілу жоспары: ұйымдастыру кезеңі. Кіріспе сөз. Әдеби – монтаж. Көрініс. Айтыс. Қорытынды.

Тарихта ел басқарған хандар мен билер шешен дердің есімдері сөздері үлгі өнеге болуда. Тәуке хан, Абылай хан, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Сырым батыр, Жанқожа, Бөген бай, Қабанбай батырлар. Бұлардан басқа да үлгі тұтарлық даналар аты да белгілі. Бірлік туын көтергендер ел арасында шыққан батыр да дара көсемдер, ойшылдар да дана шешендер – әйгілі үш ұлы тұлға – Үйсін Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Алшын Әйтеке би .

Содан бері үш ғасыр өтіпті. Сол аралықта небір қиыншылықтардың дәін татқан қазақ халқы бүгінде ес жиып, азаттық алып, тәуелсіз мемлекет ел болды.От ауызды, орақ тілді билеріміздің халықтың ұлттық бірдігін нығайтып, халықтығын сақтауға басшылық жасаудағы шешендік сөздерімен таныстыру мақсатында « Ұлықтың үш тұлғасы» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді. Оған бастауышы ұстаз бен жоғарғы сынып оқушылары қатысты.

1 – оқушы: Басталыпты алғашқы дәуір тастан,

Бабалар жазған бәрін етіп дастан.

Қазақтың бұрынғысын ьір қайталап,

Ақтарайық тарихты әуел бастан.

Өткеніміз қалың том боп қатталады,

Ұрпақтардың санасына жатталады.

15 – ғасырдың , сонау кезден ,

«Қазақ» деген ұлы халық басталады.

2 – оқушы: Елімізде талай батыр, хандар болған,

Әділетпен басқарған солар ғана .

Жәнібек пен Керейден соң көп хан болған.

Ішінде ерекше – Абылай дана.

Жер суынан ығысып,шетте қалып,

Ресейге қосылды біздің халық.

3 – оқушы: қазақ жері – қонақжай төрлер жері,

Қазақ жері – қас сақтай ерлер жері,

Елі кедей болмаған жері байтақ,

Едігедей,Бабырдай шерлер жері.

Қазақ жері – көп шеккен қасіретті,

Қазақ ері – өнерлі, өсиетті.

Египетті билеген Бейбарыстай,

Елі текті, киелі, қасиетті.

1 – жүргізуші: Төле би, ер Қазыбек, тілді Әйтеке

Асқар тау, айбарлы да білімді еді.

Бірі – күн, бірі – туған айдай болып,

Замана сәйкесімен келіп еді.

2 – жүргізуші: Үш жүз біріктірген, халықтың , ұлттық бірлігін, ынтымағын ойлаған ұлы үш тұлғаны ортаға шақырамыз.

Ұлы үш бидің «Шешендік даудан» үзінді көрсетуі.

1 – жүргізуші: Төле бидің өмірі.

Төле Әлібекұлы 1663 жылы қазіргі Жамбыл облысы, шу ауданының Жайсаң жайлауында дүниеге келген. Төле би қазақ тарихындағы үлкен қоғам қайраткері, әрі ақылшы, әрі данагөй, рухани көсем. Ән – күй, ақындық өнерді құрметтеген. 15 жасынан бастап ел билеу ісіне ынтасы ауған. Ардақты істерімен, асыл қасиеттерімен асқан әділдігімен, кемеңгерлік ғибрат кеңестерімен «даналық шешімдерімен» қазақ елін көркейтуге бар қажыр – қайратын жұмсаған ғұлама - 93 жас жасап, 1756 жылы қайтыс болған.

2 – жүргізуші: «Жүзге бөлінгендердің жүзі қара».

Төле би қатты ауырып, төсек тартып жатқан ауыр күндері Қаз дауысты Қазыбек би науқастың бас жағында , Көкі би, Мәлік би аяқ жағында отыр екен. Үйге сәлем беріп, жақсы киінген, қару жарақты үш кісі кіріпті.

Әлгілер Төле биге: Үшеуміз үш жүзден көңіліңізді сұрай келдік. Қазақ сорлының ендігі бақыты қайда, ардақты еліңізге қандай өсиет – өнеге айтып қалдырасыз? – депті.

Сонда Төле би басын көтеріп:

«Жүзге бөлінгендердің жүзі қара,

Руға бөлінгендердің құруға асыққаны.

Атаға бөлінгендер адыра қалады.

Көпті қорлаған көмусіз қалады,

Хан азса халқын сатады,

Халық азса хандыққа таласады.

Қазақ бақыты, бұрын өзара достық ынтымақта еді, ендігі жерде қазақ бақыты таздың басында, соқырдың көзінде , пұшықтың мұрнында қалып тұр» депті.

2 – жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар, Жақсы ән мен тәтті күй, - деп Абай атамыз айтқандай кезекті әнге береміз.

Ән: Қазағым.

1 – жүргізуші: Қаз дауысты Қазыбек би – 1667 жылы Сыр бойында дүниеге келген. 97 жасында, яғни 1764 жылы қайтыс болған. Қазыбек би қазақ пен қалмақ арасындағы шапқыншылық кезінде екі елдің арасында бітімші – бүтінші болған батыл елші, парасатты мәмлегер.

2 – жүргізуші: Ұят пенен ар қымбат. Қазыбек бидің шешендігі. Бұқар жыраудың қартайған шағында Қазыбек би сәлем бере келіпті. Елдің жақсылары, шешендері, ойшылдары жиналып, әңгіме дүкен құрып отырғанда

  • Қаз дауысты Қазыбегім келді. Бәрің түгел жиналыңда. Сендерге қояр сұрағым бар , соны шешіңдер – депті.

  • Айтыңыз, айтыңыз .

  • «Кім жақсы, не қымбат, не қиын»

  • Бұл сұрағыңызға мен жауап берейін, рұқсат етіңіз депті Қазыбек.

  • Тату болса – ағайын жақын ,

  • Ақылшы болса апайық жақсы.

  • Сыбайлас болса нағашың жақын,

  • Адал болса досың жақын.

Алтын ұяң Отан қымбат,

Құт берекең атаң қымбат,

Аймалайтын анаң қымбат,

Асқар тауың әкең қымбат,

Кіндік кескен жерің қымбат.

Арадан шықан жау қиын,

Таусылмайтын дау қиын,

Жазылмаса дерт қиын,

Іске аспаған серт қиын.

1 – жүргізуші: биле десе билейді,

Тұяғы жерге тимейді,

Біздің бір топ қыздарымыз,

«Әке толғауы» биін билейді.

2 – жүргізуші: артына аталы сөз қалдырған, есімі ел жадында сақтаған, қазақ шешендерінің бірі – Әйтеке би. Ол 1644 жылы Нұрата тауының, Бұқарға қарай созылған Қызбибі тауының сілемінде дүниеге келген. Қазақ руларының басын қосып, бір орталыққа бағындырған және туысқан қазақ , қарақалпақ, қырғыз халықтарын ардақтастырып, Тәуке ханның кеңесшісі, көмекшілерінің бірі.

1 – жүргізуші: «Тегімді сұрап нетесіз», Әйтеке бидің шешендігі. Ертеде Төле би мен Қазыбек би өлген бір кісінің құнын даулап Кіші жүзге келеді. Дау бірнеше күнге созылып, екі жақ келісе алмайды. Бір күні есік жақта отырған жігіт:

Асқар тау, сенде бір мін бар – асу бермейсің,

Тасқын су, сенде бір мін бар – өткел бермейсің,

Билер, сендерде бір мін бар – басқаға сөз бермейсің, - деп тұрып кетеді.

Шақыршы анау жігітті – дейді Қазыбек би.

Жігітті шақырып келген соң.

  • Шырағым , қай баласың аты – жөнің кім?

Сонда Әйтеке :

Әкемді сұрасаңыз – жетесіз

Шешемді сұрасаңыз – некесіз

Туа салған бір баламын,

Тегімді сұрап нетесіз? – депті.

  • Балам, сөзің жетті, енді осы дауға төрелігіңді айтып, сен ие бола ғой – дейді Төле.

Сонда Әйтеке тұрып:

Алты атасын арқалап жүргенді сіздерден көрдім, жеті атасын жетектеп жүргенді сіздерден көрдім. Ескіріп кеткен дау екен. Бірақ құр қайтсаңыздар ағалық назарларыңа қалармын.

Ердің құны жүз қара ғой. Кіші жүз санын жүзге толтырып тайынша – торпақ берсін, соған риза болыңдар - депті.

2 – жүргізуші: кезекті әсем әнге берейік.

Ән «Атамекен»

1 – жүргізуші: 18 ғасырдың жартысында байтақ елді ұйымдастырушылардың қасында атақты батырлар мен бірге ұлы үш бидің Ордабасындағы кеңесі.

Төле би :

Уа, халайық!

Аттың күші – атқарған тірлігінде,

Ағайынның күші – топтасқан бірлігінде ,

Төртеу түгел болса – төбедегі келеді,

Алтау ала болса – ауыздағы кетеді.

Жаңбыр жаумаса, жер жетім,

Басшы болмаса ел жетім,

Аққу қазсыз көл жетім,

Ұқпаса айтқан сөз жетім.

Қазыбек би:

  • Иә, бір жағадан бас , бір жеңнен қол шығарсақ – даусымызды мол шығарғанымыз емеспе , қараңғы түнек қапастан тайғанақсыз жол шығарғанымыз емеспе?!

Өркенім өссін десең, кекшіл болма – кесапаты тиер еліңе. Елім өссі десең өршіл болма, өскеніңді өшіресің .

Әйтеке би: - Жөн сөз! Бірі биік өрге тартса, бірі қайқаң белге тартса, бірі ойпаң жерге тартса – күніміз түн, түніміз түнек болмайма ?

Босып жүрген тірліктен, топтасып жүрген бірлік артық .

Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін.

Батыр болсаң жауыңа найзаң тисін.

Бай болып , елге пайдаң тимесе ,

Батыр болып, жауға найзаң тимесе,

Елден бөтен үйің күйсін.

1 – жүргізуші: Тарихта аттары қалған бұл билер қара қылды қақа жарып тұра сөйлеген шешендер.

Осымен бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды, уақыт бөліп келгендеріңізге көп - көп рахмет!



Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: «Ұлықтың  үш  тұлғасы» Мақсаты: оқушы жастарға кең байтақ қазақ жерінің, халқының ұлттық бірлігін, ынтымағын ойлаған, ұлы үш тұлғаны – Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билерді таныту, шешендік сөздермен таныстыру. Отанымызды сүюге, ауызбіршілікке, бірлік,ынтымақтастыққа тәрбилеу. Көрнекіліктері: үш бидің портреті, шешендік сөздері жазылған плакат, буклет, кітап бұрышы, қазақтың ескі жиһаздары. Өткізілу жоспары: ұйымдастыру кезеңі. Кіріспе сөз. Әдеби – монтаж. Көрініс. Айтыс. Қорытынды. Тарихта ел басқарған хандар мен билер шешен дердің есімдері сөздері үлгі өнеге болуда. Тәуке хан, Абылай хан, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Сырым батыр, Жанқожа, Бөген бай, Қабанбай батырлар. Бұлардан басқа да үлгі тұтарлық даналар аты да белгілі. Бірлік туын көтергендер  ел арасында шыққан батыр да дара көсемдер, ойшылдар да дана шешендер – әйгілі үш ұлы тұлға – Үйсін Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Алшын Әйтеке би .
Автор
Дата добавления 15.04.2014
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров531
Номер материала 70227041507
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх