Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыБірлік пен татулық

Бірлік пен татулық

Скачать материал

   КММ «№16 орта мектебі»  

Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі

Туғамбаева А.Ж.

1санат,еңбек өтілі 18 жыл                               

 

 

                                                   Эссе

                                         Бірлік  пен  татулық

    Татулық пен бірлік, менің ойымша, мағынасы тереңде жатқан асыл сөз. Қазақта «жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас» болмаса «жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен жүріп адас», немесе «бөлінгенді бөрі жейді» деген  аталы сөзі бар.  Жалғыз адам айдалада  өскен ағашпен тең. Сондықтан да «жалғыздық құдайға ғана жарасқан, адамның күні адаммен» дейді. Ал көппен қарым қатынаста болу-береке, бірліктің, татулықтың ізгі бастауы болмақ. Адам баласы әр атқан таңдағы күнін игілікті істермен бастап,  берекелі тірлік етсе,  айналасындағы жандарға шапағатын тигізсе нұр үстіне нұр болары сөзсіз. Ізгі ниетті, жаны таза адал жандар осылайша көптің «алтын алма, алғыс ал, алтын деген — жер сыйы, алғыс деген — ел сыйына» ие болады.  

      Татулық пен бірлік, менің ойымша, ынтымағы жарасқан көп ұлтты қазақ елінің ежелден қонақжай табиғаты.  Мен Қазақстанның табиғаты ғажап Риддер деп аталатын қаласында тұрамын. №16 орта мектебінде оқушыларға мемлекеттік тілді үйретіп жатырмын. Біздің мектеп елбасымыздың «ең асыл қазына-бірлік» деген ұстанымы аясында оқушылармен, ұстаздармен, ата-аналармен тұрақты түрде жұмыс жүргізеді. Мектептің қандай шаралары болмасын «бірлесіп пішкен тон болар» дегенді ескеріп отырады. Өйткені «бірлік еткен озар, бірлеспеген тозар» деген дана сөзді ойларынан шығармайды.

      Татулық пен бірлік, менің ойымша, сонымен қатар айналадағы дос құрбыларыңның өзіңе деген құрметі дер едім. Ойыңдағы сырды айтып бөлісер, адал дос адамға әрқашан қажет.  Досыңа адал болу қасиеті де арадағы татулық пен сыйластықтан туады. Ал ешкіммен тату болмасаң, досыңа көмек керек жерде болыспасаң, олармен бірікпесең кімді серік етесің!  Ендеше «татулық — бұзылмайтын қорған» екені рас.

    Татулық пен бірлік, менің ойымша, отбасындағы туған туысқандар үшін де маңызы терең.  «Абысын тату болса, ас көп, ағайын тату болса ат көп»,  «жақыныңды жат етсең елге күлкі боларсың», «туысы бірдің уысы бір», «жақыныңды жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін», «жақсы ағаң –орман, жақсы інің-қорған» деген аталы сөздер осының айғағы. Өз үйінде сыйласпаған жан көпшілікпен сыйыспайды. Сондықтан да ынтымақтың негізі оның алған тәрбиесімен қаланатынын, оның қоғамдағы алатын орны ерекше екенін лайым есте ұстап, «жас талдың қисық өспеуінің» алдын алып оған дұрыс бағыт көрсету үлкендердің міндеті деп білемін. 

Татулық пен бірлік, менің ойымша, қазақ жерін мекен ететін түрлі ұлт пен ұлыстың барлығы еліміздің дамуына елеулі үлес қосып келе жатқаны.  Елбасымыз Н.Назарбаевтың  көп ұлтты қазақ елінде барлық дәстүрлі діндердің дамуына мүмкіндік бар екенін атап айтқанын білеміз.   

 Ия, олай болса, бірлік пен татулық, тұрақтылық пен рухани келісім бар жерде береке де бар. Еліміздің болашақта қарыштап дамуы үшін үлес қосатын ұрпақ өсіп келеді. Сол ұрпаққа жол көрсетуші,бағыт бағдар беруші  біздер боламыз ,әріптестер!Татулық пен бірліктің  жеңісі жалғасын таба берсін деп тілейік!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Мұғалімнің  жұмысында   татулық пен бірліктің  қазіргі  замандағы алатын орны туралы ерекше аталып өтілген.Қазіргі ғылым мен техниканың шарықтаған кезеңінде жер шарын мекендеген халықтарға  татулық пен бірліктің ,түсіністіктің  халықтар арасында  өте қажет екендігі айтылады.Мемлектімізді басқарып отырған  Елбасымыздың арқасында  біздің елімізде  әр ұлттың өкілдері  ынтымақта өмір сүріп отыр.Біз мақтанышпен өз Отанымызды ,Елбасымызды құрметтейміз.Халықтар арасында ғана емес  ұлттар арасында,туыстар ,достар арасындағы  татулықтың алатын орны  ерекше.Татулық пен бірлік болмаса  бұл өмірдің сәні де,мәні де болмас еді. Татулық пен бірліктің  нәрін біз,мұғалімдер мектепке  келген бүлдіршін сәбилерге беруден  бастауымыз керек.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Бірлік пен татулық"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Психолог

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

  Мұғалімнің  жұмысында   татулық пен бірліктің  қазіргі  замандағы алатын орны туралы ерекше аталып өтілген.Қазіргі ғылым мен техниканың шарықтаған кезеңінде жер шарын мекендеген халықтарға  татулық пен бірліктің ,түсіністіктің  халықтар арасында  өте қажет екендігі айтылады.Мемлектімізді басқарып отырған  Елбасымыздың арқасында  біздің елімізде  әр ұлттың өкілдері  ынтымақта өмір сүріп отыр.Біз мақтанышпен өз Отанымызды ,Елбасымызды құрметтейміз.Халықтар арасында ғана емес  ұлттар арасында,туыстар ,достар арасындағы  татулықтың алатын орны  ерекше.Татулық пен бірлік болмаса  бұл өмірдің сәні де,мәні де болмас еді. Татулық пен бірліктің  нәрін біз,мұғалімдер мектепке  келген бүлдіршін сәбилерге беруден  бастауымыз керек.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 653 528 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.04.2014 22846
    • DOCX 16.5 кбайт
    • 12 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тугамбаева Анар Жаденовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Тугамбаева Анар Жаденовна
    Тугамбаева Анар Жаденовна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 16740
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Проективные методики в начальной школе в соответствии с ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 58 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 450 человек

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания предмета «Родной (русский) язык» с учетом реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 235 человек из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 167 человек

Курс повышения квалификации

Развитие критического мышления у младших школьников в условиях обновленного ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 73 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 718 человек

Мини-курс

Патологии нервной системы у детей: от перинатального периода до нарушений поведения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 24 человека

Мини-курс

Педагогические аспекты работы с баснями Эзопа

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные медиа: экономика, системы и технологии

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе