Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыБұлақ көрсең көзін аш

Бұлақ көрсең көзін аш

Скачать материал

          

КММ Зәки Ахметов атындағы «Мектеп-гимназия»

Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі

Солтанбекова Армангүл Мұратбековна

1санат,еңбек өтілі 16 жыл

                   

 

Жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі ой толғаным

                         

                           «Бұлақ көрсең- көзін аш»

 

 

                      

                        Бұлақ көрсең көзін аш

                        Жол көрсетіп  ертеңге

                        Оқыт, үйрет, жолын аш

                        Жетістікке жетсін де!

 

      Ұстаз міндеті оқушыға сапалы білім саналы тәрбие беру ғана емес, сонымен қатар оқушының пәнге деген қызығушылығын дер кезінде ескеріп, дарындыларды анықтау, олармен тиімді бағытта жұмыс жүргізуді таңдай отырып нәтиже берер бағдарлама құра білу. Әр оқушының жеке жеке пәндерге қызығушылығы болады. Оның бойындағы сол қасиетті дамыта отырып, ертеңіне дұрыс бағыт бағдар беру ұстаздың  үлкен еңбегін қажет етеді. Оқушы бойындағы қасиетті  іздеп табу және жетілдіру - ұстаздық үлесің.  

      «Бұлақ көрсең көзін аш» деген аталы сөзді ескерер болсақ,  оқушыларды білім мен ғылымға, шығармашылыққа, жаңалықтың жаршысы болуға  бағыттау, талпынысына дер кезінде қолдау көрсетіп, онымен жұмыс жүргізе отырып оны ертеңге жетелеу бүгінде ұстаз үшін аса маңызды мәселе.   «Күш-білімде, білім-кітапта» деген халық даналығын оқушының зердесіне жеткізе білетін ұстаз кемде кем. Ұстаз жақсы болса, шәкірт оның дидарын көруге де асығады.  Жақсы ұстаздың аяқ басқанының өзі оқы, оқы деп дыбыс бергендей сезіледі. Өйткені, шәкірт терең ойлы, көркем сөзді, әсерлі сабақ берген  ұстазын алыстан таниды. Кейін мұндай шәкірт  ұстаздан озып жатса, ол ұстаздың ұлылығы болмақ.   

    Иә, тәжірибесіз, жаттығусыз, талдаусыз, рухани дамусыз жақсы ұстаз болу қиын.  Сондықтан да ұстазда балалық та, жастық шақ та қатар жүруі керек, сонда ол шәкірттермен тез тіл табысады. Шәкірт беті ашылып оқылмаған кітап сияқты, ұстаз ізгілік ниетпен сол кітапты  жалықпай оқып,        зерттеуші.

     Осы орайда дарынды оқушылармен жұмыс жүргізудің тиімді бағдарламасын құрған жөн деп ойлаймын. Мен орыс мектептерінде қазақ тілінен сабақ беріп жүргеніме 16 жыл болды. Осы жылдар ішінде оқушылар арасынан қазақ тілін үйренсем деп ынта қойғандар баршылық. Менің ойымда жүрген бағдарлама қарапайым. Жоба бастауыш, орта буын және жоғары сынып оқушыларына арналған. Бағдарламаның құрылымы төмендегідей: қазақ тілінде мектепішілік ойындар өткізу оқушының білсем, көзге түссем деген талабын алға жетелері сөзсіз. Мысалы, «Кім өз мектебі туралы көп біледі?», «Қазақтың ұлттық тағамдары», «Тәуелсіз Қазақстан жетістіктері», «Қазақтың ақын жазушылары», «Туған қаламның көшелері», «Астана-бас қала» т.б. тақырыпта викториналық ойындар түрін өткізуге болады. Сұрақтарын алдын ала мектептің ақпараттық хабарландыру стендіне іліп қойса, оқушылар алдын ала кітаханадан ізденіп өз бетімен жұмыс жасайды. Тіл мерекесіне орай «Үш тіл білу-болашағың жарқын болу» деген тақырыпта қазақ тілінде 7-11 сыныптар арасында мектепішілік шығарма жазу сайысын ұйымдастырып ынталандыру мақсатында мектеп әкімшілігі кеңесінің шешімімен оқушыны мектеп оқушыларының жиынында марапаттау керек. Сол сияқты әр мереке қарсаңында қазақ тілінде мектепішілік түрлі жарыстар ұйымдастырып отырса оқушылардың оқу жылының соңында қазақ тілін әжептәуір меңгеріп шығады деп ойлаймын. 

      Бастауыш сынып арасында «Толағай» отбасылық сайысын өткізіп сыныптағы баланың жылдамдық екпінін, қимыл қозғалыс жылдамдығын байқауға болады. Спортқа икемі бар оқушыны бейіміне қарай таңдап алу дене тәрбиесі мұғалімінің жетістігі болмақ. Сонымен қатар бұл сайыста бала қазақ тілінде сөйлеуге ұмтылады. Өйткені сайыстың аты, ұраны, турлары қазақ тілінде жүргізіледі.

    «Толағайдың» мектепішілік әнұранын жазып, сайысты тұрақты өткізіп тұрса оқушы оны жаттап алары сөзсіз.

     Мектепішілік саяси, спорттық хабарламамен құлақтандыруды  ұйымдастырып, әр аптаның соңында мектеп оқушыларына қазақ тілінде ұғынықты етіп саяси, спорттық хабарламалар жөнінде хабарлама өткізуге болады. Бұл біріншіден оқушының білімін жан-жақты толтыру болса, екіншіден баланың спортқа, салауатты өмір салтына деген қызығушылығын оятады. Бұл жұмыстарды мұғалім қазақ тілін үйренсем, білсем деген оқушылар арасынан дарындыларды таңдап  алып өзі басшылық жасауы керек. Шараларды өткізу кезінде белсенді оқушылар арасынан дарындылар да  анықталуы әбден мүмкін.

    Жоғарыдағы шараларда дарынды оқушылар міндетті түрде көзге түседі деп білемін.  Бағдарламамен әлі де жұмыс істеу керек, өйткені дарынды оқушылармен жұмыс жүргізу терең ойды, нәтижелі тапсырмаларды қарастыруды қажет етеді.    

      Ұлы Абайдың

                Ақырын жүріп анық бас

                Еңбегің кетпес далаға

               Ұстаздық еткен жалықпас

               Үйретуден балаға, -деп айтқаны ұстаз еңбегіне берілген баға екені даусыз. Ұстаздық жолда үлкен, кіші деген ұғым жоқ, ол тұтас әлем, сондықтан да ұстаздық жол қиын жол. Ұстаз ойшыл болмаса, шәкірт ұшқыр болмайды. Ұстаз шәкіртіне күн болып көрініп, нұр болып төгілсе оның болашақта айналаға шашар сәулесі де жарқырай түспек.  

     Елiмiздiң болашағы жастардың еңбекқорлығына, талап-тiлегiне, арман-мұратына байланысты. Мұны елбасы Н.Ә.Назарбаев еш уақытта назардан тыс қалдырған емес. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап «Болашақ» бағдарламасы жүзеге асуда, интеллектуалды мектептер мен зерттеу университеттері қалыптасты.  

Жаңа заман тәуелсiз ел мұраты – жастардың бiлiмi мен бiлiктiлiкке талпынып әрекеттенуiн, еңбектенiп өсуiн талап етiп отыр. Жастар ата-бабаларымыздан мұра болып келе жатқан құндылықтарымызды, тарихи дәстүрлерiмiздi жаңғыртып, оны алға бастырып қана қоймай, экономикасын, ғылымын да дамытуға, жiгерлене ел үшiн еңбектенуге мiндеттi. Ендеше, жастар еңбек жолына түскенде ғана болашақ қоғамымыз өрге басары сөзсіз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Бұл материалда қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімінің шәкірттерді  тәрбиелеудегі өзінің ой толғанысы туралы айтылады.Қазіргі заманғы ұстаздың алдындағы жауапкершілік өте үлкен.Заман талабына сай шәкірт тәрбиелеп,оларға дүрыс бағыт бағдар бері бүгінгі мұғалімдердің алдына үлкен талап қояды.

«Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деп

Халқымыздың Қаһарманы Бауыржан Момышұлы айтқандай ұстаздарға қандай құрмет етсең де жарасады.

 Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздарға сәттілік тілейік.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Бұлақ көрсең көзін аш"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ландшафтный дизайнер

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

  Бұл материалда қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімінің шәкірттерді  тәрбиелеудегі өзінің ой толғанысы туралы айтылады.Қазіргі заманғы ұстаздың алдындағы жауапкершілік өте үлкен.Заман талабына сай шәкірт тәрбиелеп,оларға дүрыс бағыт бағдар бері бүгінгі мұғалімдердің алдына үлкен талап қояды. «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деп Халқымыздың Қаһарманы Бауыржан Момышұлы айтқандай ұстаздарға қандай құрмет етсең де жарасады.  Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздарға сәттілік тілейік.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 768 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.04.2014 4862
    • DOCX 19.7 кбайт
    • 109 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Солтанбекова Армангуль Муратбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4343
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Инструменты в преподавании кубановедения в соответствии с ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 162 человека

Курс повышения квалификации

Использование элементов театрализации на уроках литературного чтения в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 62 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 492 человека

Курс повышения квалификации

Проективные методики в начальной школе в соответствии с ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 450 человек

Мини-курс

Методики воспитания и развитие в СПО

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Современные тренды в физкультуре и спорте: организация обучения и методика тренировок

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Специальная реабилитация: помощь детям с особыми потребностями

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе