Инфоурок Иностранные языки Другие методич. материалыОтбасының берекесі

Отбасының берекесі

Скачать материал

                          Мектеп.Оқушы. Ата-ана.

       Мектеп – оқушы – ата-ана.Қазіргі заман мектебі ата-аналарды да, балаларды да тәрбиелейтін, оларды өз тәрбие ықпалының объектісіне айналдыратын жетекшінің қызметінен бас тартуда. Баланың жеке тұлғасының дара қасиеттерін қалыптастыруда отбасы үлкен мүмкіндіктерге ие. Олар күнделікті отбасылық өмірде, отбасының дәстүрлері мен адамгершілік ұстанымдары, шежіресі мен тарихы, отбасы мүшелерінің ортақ қызығуы және мақсат-мүдделері арқылы іске асады. Бұл мүмкіндіктерді мектептің мүмкіндіктерімен үйлестіру – табысты тәрбиенің тағы бір негізі.Ата-ана балаға сөзден гөрі іс, күнделікті жақсы әдет-ғұрып өнегесі күшті әсер ететінін ескеру керек. Айтқан ақылыңыз қаншалықты дұрыс болғанымен, өз өнегеңіз, әдет-қылығыңыз керісінше болып жатса, жалаң ақылдан еш нәрсе шықпайды.Сонымен қатар, бүгіндері қаптап кеткен компьютер ойындары, кафе, бар, би алаңдары, үйдегі көгілдір экранда балалар көрмейтін көріністер көрсетіліп, темекі мен арақты жарнамалау оқушылардың көңілін алаңдатып отырғаны жүрегімізді ауыртады. Балаларымыз еліктеп, кейбіреулері соған бет бұрды. Құмарлана соңынан ере бастады, түнде бейуақытқа дейін жүрістері көбейді, айқай-шуға, төбелеске, даудамайға, қорқытып бір-бірінен теңге жинауға, ішкілік ішіп, темекі шегуге дағдылана бастады.Ата-аналар үйымының рөлін көтеру кез келген мектеп үшін оңай емес. Көп жағдайда бұл мәселе ата-аналардың жұмыспен қамтылуына байланысты уақыттарының жетіспеушілігі сияқты объективті себептерлермен түсіндіріледі. Дегенмен, оның себептерін тек ата-аналар ортасынан іздеу дұрыс емес. Бастамашылық мектеп жағынан бәрібір басым болу керек. Өйткені, мектеп – қоғамның, отбасының және өзінің өзара тәрбиелік іс – қимылың үйлестіруші қоғамдық институт. Өзара іс-әрекеттің мақсаты мен міндеттерін мектеп жалғыз өзі, тиісті мәселеге тек өзінің ұстанымына сүйенген түрде анықтаса, ал ата-аналар оларды іске асыру сатысында ғана қамтылса, нәтиже төмен болады. Мектеп ата-аналар қауымы үшін әрқашан ашық болып, өзара ынтымастық пен серіктестік жүйесін жетілдіруге бағытталып, олардың кез келген бастамасын көтермелеп отыруы қажет.Ұлттық психология тәлімдерін ұстансақ тіпті дұрыс болар еді. Қазақы тәрбиеден артығы жоқ. Қазіргі баланың психикасы өзгеріп кеткендігі туралы көп айтылады. Бұл енді жасөспірімдердің арасында болмай қоймайтын ауытқулар екендігі дауыссыз. Баланың психикасына ата-баба қастерлейтін имандылықты сіңірудің жағымды жақтары мол. Қазақ халқының қанына біткен әдет-ғұрып, салт- дәстүрдің талайы баланы адамгершілікке баулуға септігін тигізеді. Бір жағынан жазылмаған заң сияқты көрінгенімен, бұлардың жас ұрпақты тәрбиелеуге берері мол. Мәселен, қазақ халқының нақыл сөздерін алайықшы. Бұлардың қай-қайсын да баланың санасына сіңіре алсақ, қайтарамы мол болар еді. Өкініштісі, бұл бағытта жүйелі жұмыс жүргізуге жете көңіл бөлінбей келеді.Ата-аналармен ынтымақтастыққа бағытталған әкімшілік – ұйымдастыру жұмыстары – мектептің және топтың ата-аналар комитеттерінің іс – әрекетін ұйымдастыру тарту (құқықтық тәрбие жөніндегі кеңес, салауатты өмір салты жөніндегі кеңес,т. б.) .Ата- аналар жиналысы – мектеп пен отбасының біріккен іс – қимылындағы ең қажетті бұын. Біз, мұғалімдер, ата-аналарды мектеп және топтың ата-аналар жиналыстарына түгел қатыстыру үшін жиі күресеміз.Ата-аналар жиналысының өзіне лайық жүргізу әдебі бар.Ең алдымен, бұл – ата-аналармен сөйлесуде әдейі жасалатын, келіспеушілікті көтермейтін үйретушілік мәнер, ата-аналарды ашық түрде есеп беруге тарту және жалғыз көреген тәрбиеші ұстамынынан бала тәрбиесіндегі кемшіліктерді ғана көрсету. Әдетте, бұндай мұғалімнің ата-аналармен сөйлесуінде *қарамайсыздар*, *байқамайсызөдар*, *талап етпейсіздер*, *тексермейсіздер* деген етістіктер көбірек қолданылады. Ата-аналарға бұндай ұстаным іш жиғызады; мектепке келуге әуестігін жояды. Бұл-ата-аналардың табиғы қорғаныс ұстанымы. Ата-аналар өздерін белгілі бір нәрсені дұрыс істей алмаған балалар ретінде сезінеді.Тағы да бір көп тараған қателік – мектеп пен отбасының өзара қарым-қатынасының көп түрлілігін ескермей, мұғалімнің оқушылар тәртібі мен үлгірімі туралы ақпарат беруші қызметін орындаумен ғана шектеп қою. Бұл бағытта да ата-аналардың зейіні жағымсыз фактілерге жиі шоғырландырылады. Сөйтіп, өз отбасында ізгі, ақ қөңіл болатын сүйікті бала *жаман оқушы* ролінде шыға келеді. Ал, бұл отбасында да мектеп пен отбасының қарым-қатынасында да келіспеушіліктің қайнар көзі бола бастайды. Біз, мұғалімдер, кейде қазақ мақалында дәл тұжырымдалған: * Қарға да өз балапанын *әппағым* дейді* деген шындыққа ұмыта береміз.Үшінші қателік – ата-аналармен байланыс көп жағдайда көмек сұрау өтініштермен ғана шектеледі (жөндеу, безендіру, ата-аналар қоры). Бұның барлығы әрине, қажетті әр імаңызды. Бірақ отбасы мен мектептің өзара іс-қимылы осымен ғана шектелмеуі керек.Тәрбиенің әр түрлі тәсілдері бар, олар: қатаң тәртіпті (кемшіліктерді жою); мектептің басымдылық ұстанымына, жаппай бақылауға,бұйрыққа және талапқа негізделіп құрылған фронталдық шектелген тәсіл. Бұл тәсілдердің барлығы табиғатқа сәйкестік ұстанымына негізделмей, баланың және оның отбасының психологиясын ескермей іске асырылады, сондықтан да олар, әдетте, нәтижесіз болады.Жетістік арқылы тәрбиелеу баланың және оның отбасының қадір-қасиеттеріне, құндылықтарына, мұраттарына сүйенген түрде оқушыны, ата-аналарды мейлінше тереңірек түсінуге деген педагог пен мектептің ұмтылысын көздейді. Ата-аналардың тиімді тәжірибесін пайдалану, тәрбие үрдісінің барлық субъектілерінде (оқушы, ата-ана, педагог) отбасының және отбасылық дәстүрлердің басымдылығын көтеру олардың әрқайсысы, әсіресе оқушы, жеңістің дәмін татып, оны өз басынан өткізіп көретін жетістіктік ортасын жасауға мүмкіндік береді.*Алмақтың да салмағы бар* дегендей, әрбір жас, ең алдымен, өзінің дүниеге әкелген ата-анаға, түрлі қамқорлық жасап отырған Отанға, білім берген ұстаздарға, рухани жағынан үлес қосқан ғылым, көркем-өнер иелеріне қарыздар. Оның өтеуі азаматтың жан-жақты білімді, мәдениетті, еңбекшіл, мейірімді адам болып қалыптасуы, өмірден өзіне лайықты орын тауып, Отан-ананың тгілігін арттыруға үлес қосуы деп түсінгеніміз жөн.

 

 

 

Отбасының берекесі

 

 

Сабақтың тақырыбы: Отбасының берекесі

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға отбасы туралы түсініктерін кенейту. Өз ойларын жүйелі түрде жеткізе білуге үйрету.

Сабақтың міндеттері: Оқушылардың сөздік қорын молайту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың тақырыбы: Отбасының берекесі

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға отбасы туралы түсініктерін кенейту. Өз ойларын жүйелі түрде жеткізе білуге үйрету.

Сабақтың міндеттері: Оқушылардың сөздік қорын молайту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Адамгершілікке тәрбиелеу.

 

Түрі: Жаңа сабақ.

Әдісі: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, топпен жұмыс, ойындар

Көрнекілігі:Мақал - мәтелдер, нақыл сөздер, суреттер.

 

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпты сабаққа әзірлеу. Назарын сабаққа аудару.

II. Психологиялық дайындық.

III. Үй тапсырмасын тексеру. Интерактивті тақтамен жұмыс.

 - «Жануарлар әлемін қорғау» мәтіні бойынша мазмұнын айту.

 - Өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің азайып бара жатқаны неліктен?

 - Біздің халқымыз ежелден жануарлар мен өсімдіктерді қалай қорғаған?

 - Осы мәтін бойынша Төле би бабамыз туралы қандай аңыз бар екенін білеміз?

 - Қазақ халқы қандай жануарлар мен құстарды қасиетті деп санаған?

 - Өте жақсы.

 - Ендеше балалар, жаңа сабақты бастамас бұрын « Кім көп біледі?» ойынын ойнау арқылы жаңа сабақтың тақырыбымен танысамыз.

 

 

« Отбасы» деп айтуға болады.

 - Ендеше балалар, мына сұрақтарға жауап берейікші.

 - Отбасына кімдер жатады?

 - «Отбасы» туралы қандай мақал –мәтелдер білесіңдер?

 - Өте жақсы.

 - Ендеше , балалар, бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы:

« Отбасының берекесі».

IV. Жаңа сабақ.

Бүгінгі жаңа сабақты ойын түрінде өткізіледі. Топпен жұмыс. Оқушыларды топқа бөлу, топ аттарымен және топ басшыларын таныстыру.

 - Міне, бүгін біз балалар топпен жұмыс жүргізу арқылы, топпенен таныстырып өтейін. І - ші топ « Қамқоршы» тобы. Топ басшысы: Бақтибаев Азамат, ІІ - ші топ «Жәрдемші» тобы. Топ басшысы: Камал Уәлихан. ІІІ - ші топ «Көмекші» тобы. Топ басшысы: Нұралина Жұлдызай. Топ басшылары мына топты бағалау парағы арқылы өз топтарында ойынға белсене қатысып отырған оқушыларды бағалап отыру керек.

 - Осы кезде есік қағылады.

 - Балалар, бізге ата мен әже келіп қалған екен, төрлетіңіздер!

 - Ата мен әже. Қырықтың бір қыдыр , - деген.

 - Кәне, балалар әженің әкелген « Сандық» стратегиясы туралы тапсырмасын орындайық.

 

1. Не тәтті? ( Ананың сүті тәтті.)

2. Не жұмсақ? ( Ананың қолы)

3. Не қатты? ( Атаның жүрегі қатты)

4. Кім жақын? ( Тату болса, ағайын жақын,

Ақылшың болса, апайың жақын.

Алдыңа тартқан, адал асын,

Қимас жақын қарындасың.)

5. Не қымбат? ( Алтын ұяң Отан қымбат.

Құт - береке атаң қымбат.

Аймалайтын анаң қымбат.

Бәрінен де ар мен ұят қымбат.)

 

V. Оқулықпен жұмыс.

а) Мәтінді мұғалім оқуы, түсіндіру.

б) Оқушыларға тізбектей оқыту.

 

Атаның тапсырмасын орындау. « Қоржындағы асық» ойыны. Ойынның шарты: қоржындағы асықтарды алып, сол асықтағы тапсырмаларды орындату.

 

1. Отбасын кімдер құрайды? ( Ата, апа, ана, әке, аға, қарындас, әпке, сіңілі, іні.)

2. Ұл мен қызды жасына қарай қалай атайды? ( қарындас, әпке, сіңілі, аға, іні)

3. Отбасының әдет - ғұрпы туралы түсініктеме беру ( Үлкенді сыйлау, айтқан ақылдарын тыңдау, үлкендер - кішіге ақылшы, кішіге - көмекші.

4. Неке дегенді қалай түсінесің? ( Сүйіп қосылған екі адамның ерікті одағы)

5. Отбасының бүкіл міндеті кімдерге негізделген?( Ата - анасына)

6. « Үлкенге көмек» дегенді қалай түсінесің? ( Үлкендердің заттарын көтеріп, айтқандарын істеу керек.)

7. Конституцияда отбасына қамқорлық туралы не айтылған? ( 27 - бабында «Неке мен отбасы, әке мен ана және бала мемлекеттің қарауында болады деп көрсетілген»).

8. Отбасының ұйтқысы кім? ( Ана)

9. Отбасының басшысы кім? ( Әке)

 - Ата, балалар тапсырмасын дұрыс орындағаны үшін бата береді.

VI. Сергіту сәті.

 - Балалар, енді « Кім жылдам?» ойыны арқылы бойымызды сергітіп алайық. Ойынның шарты. Отбасы мүшелерінің заттарын жылдам құрастыру керек.

 

VIІ. Дәптермен жұмыс.

 - Балалар, « Менің отбасым» немесе сурет бойынша эссе жазыңдар.

 

VIІІ. Қорытынды.

Отбасы дегеніміз өте жақын адамдар. Отбасында бәрі бірін - бірі жақмы көреді және қамқор болады.

Ата - ананы тыңдайық,

Айтқанынан шықпайық,

Ал, достарды қолдайық,

Қиын шақта қорғайық.

 - Ендеше балалар «ІNSERT» жүйесі арқылы «Не үйрендік?» «Не білдік?» Сабақты бекітейік.

 - Осымен сабағымызды аяқтаймыз.

 - Отбасымыз аман, деніміз сау болсын!

 - Балалар, сабағымызды қорытындылай келе қай топ көп ұпай жинағаның тексерейік.

 

ІХ. Бағалау.

 - Әр топ басшылары бағалау парағы арқылы өз топтарындағы оқушыларды бағалайды.

 

Х. Үйге тапсырма:

1. «Отбасының берекесі» мәтінін мәнерлеп оқып, мазмұнын айту.

2. Отбасына байланысты мақал - мәтелдер, нақыл сөздер жаттау.

3. Мәтін бойынша сурет салып келу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ынтымағы жарасқан отбасы

 

Тақырыбы: Ынтымағы жарасқан отбасы

Мақсаты: Отбасы туралы түсініктерін кеңейту. Отбасылық, туыстық қарым – қатынастың мәнін түсіндіру

Оқу нәтижелері: Балалар отбасы туралы, туыстық атауларды біледі. Ойлау, сөйлеу қабілеттері дамиды.

Түйінді идея: Сурет құрастыру әңгімелеу арқылы отбасында сыйластық қарым – қатынасқа және отбасына деген сүйіспеншіліктерін көрсету.

Тапсырмалар мен жаттығулар:

І. Ұйымдастыру кезеңі

«Шаттық шеңбері» әдісімен оқушылар бір – біріне әдемі күлкілерін сыйлайды.

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек,

Көңілді болып жүрейік!

 

ІІ. Тыныштық сәті!

Баяу музыка ойнап тұрады.

- Балалар, бір сәтке көздеріңді жұмып, көз алдарыңа туған үйіңді, отбасы мүшелерін елестетіп көріңдерші. Туған үйіміз сондай ыстық. Отбасы мүшелері қандай сүйкімді, көңіл күйіміз өте жақсы! Ал енді көздеріңді жәймен ашыңдар.

 

ІІІ. Балалар өз отбасы туралы әңгімелейді.

- Сен не көрдің?

- Сенің отбасың қандай?

- Сенің отбасыңда неше адам бар?

- Олар кімдер?

- Отбасыңда сені қалай еркелетіп айтады? Сені ше?

- Сен от басыңдағы адамдарды қалай атайсың?

 

ІV. Дидактикалық ойын «Менің отбасым»

Балалар шеңберге тұрып, допты бір – біріне лақтырып, отбасы жайлы жақсы сөздер айтады.

- Менің отбасым бар тату, әдемі, бақытты.

- Менің отбасым үлкен, әдепті, қамқор

- Менің отбасым ыстық, ақкөңіл, сүйкімді.

 

V. Топтық жұмыс:

Балалар қима суреттерді таңдап, үш топқа бөлінеді. «Аю», «қоян», «кірпі»

Әр топқа «Ынтымағы жарасқан отбасы» үш түрлі қима сурет беріледі. Мозайка бойынша сурет құрастырады. Балалар сурет бойынша әңгіме құрайды. Әр топ ортаға шығып, өз әңгімесін айтады.

 

VI. Сергіту сәті:

Әкем менің қауыншы

Шешем менің сауыншы

Атам болса ол ұста

Отырмаймын мен текке

Кеттім мен де мектепке

 

VII. Қорытынды:

 

1. Сұрақ - жауап

Отбасы деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Отбасына кімдер жатады?

Сенің отбасыңда неше адам бар?

Өз отбасың туралы әңгімелеп бер.

2. «Жүректен – жүрекке» шеңберіне тұрып, оқушылар бір – біріне жылы тілектерін айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Біздің отбасымыз, Мен кіммін?

 

Тақырыбы: «Біздің отбасымыз»

Білімділік: Отбасы жайлы, олардың аттарын айта білуге үйрету. Отбасы мүшелерінің түсінігімен таныстыру.

Дамытушылық: Тілдерін дамыту. Ой өрісін дамыта отырып, сөздік қорын байыту.

Тәрбиелік мәні: Үлкендерді сыйлай білуге үйрету. Инабаттылық пен адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілік: Отбасы туралы суреттер. 06 - 14.№1

Сөздік жұмыс: Отбасы, сыйласымдық, ізеттілік.

Қостілділік компоненті: Отбасы - семья

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық – қозғаушы

 

Ш. ш: «Табиғат» 06 - 04 «Ә» №1

 

Тәрбиеші, ұйымдастырылған оқу - іс әрекетін санамақтан бастайды.

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз.

Анам, әкем, апам, атам және мен.

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз. Табиғатым тамаша,

Көз тоймайды қараса.

Табиғатты аялап,

Жүрейікші жараса

 

Балалар санамақты тыңдап, тәрбиешінің артынан қайталайды.

Саусақтарымен санап көрсету арқылы санамақты қайталайды.

Іздену - барлау

 

Санамақта ата, апа, аға, әпке, бауыр туралы айтылған. Осы айтылғандардың бәрін отбасы деп атаймыз.

Отбасындағы ата мен әже, ата - баба болып келеді, әкең мен шешең, ата - ана. Ал әпке, аға, ата - ана, балалар отбасының мүшелері болады. Үйдегі үлкен кісілерге көмектесу қажет, ата - апаларға төрден орын беру керек.

Көліктердің ішінде де үлкен кісілерді көргенде орын беріп амандасып жүру қажет.

 

Аяжан сенің отбасыңда қанша адам бар?

 

Сергіту сәті: «Алақан» 06 - 04 «Ә» №24

Балалардан өз отбасы туралы әңгімелеп берулерін сұрау.

«Біздің отбасымыз»

Тақырыбында балалармен әңгімелесу, ата - аналары жайында сұрау.

Балалардың айтқандарын тыңдау. Балалар тыңдайды.

 

Ата, апа, аға, апай.

Көрсетілген суреттерге қызыға қарап айтылған сөздерді тыңдап отырады.

Аяжан өз отбасында қанша адамдар бар, және олар кімдер екенін айтады.

 

Алақаны аялы,

Анам бар жаны саялы.

Кешіре білген кінәмді,

Әкем бар менің шыдамды.

 

Әр бала өз отбасы туралы айтады.

Рефлексивті - қорытындылау

Балалармен бірігіп суреттерді қарау.

 

Біз бүгін не жайында әңгімелестік?

Отбасына кімдер кіреді екен?

 

Санамақ айту.

Белсене қатысқан балаларды мақтау. Балалар өз отбасы туралы айтқанға қуанады.

 

Бүгін біз отбасы туралы әңгімелестік.

Ата, апа, әке, шеше, аға, іні, қарындас, бауыр.

 

Санамақты қайталайды.

Күтілетін нәтиже:

Білуі немесе хабардар болуы: Балалар өз жанұялар жайлы айта білуге, олардың атарын айта алуға үйренеді. Үлкендерді сыйлау керектігін үйренеді. Кішілерге ізеттілік көрсетіп, төбелеспей, бірлесіп ойнау керектігі жайлы хабардар болады.

Қалыптасқан әдет: Балалар ұйымдастырылған оқу - іс әрекетіне қызығушылық танытады. Істей біледі: Балалар өз жанұяларындағы адам аттарын айта алады.

 

Білім беру салалары: «Таным»

Бөлімдері: Қоршаған орта мен таныстыру.

Тақырыбы: Мен кіммін?

Мақсаты:

Білімділік: Өзі туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру.

Дамытушылық: (Мен адаммын, менің қолым, аяғым, басым, құлағым, көзім, мұрным, аузым, бар, мен аштықты, суықты сеземін және т. б.)

Тәрбиелік мәні: Өзін - өзі құрметтей білуге тәрбиелеу.

Көрнекілік: Адамның суреті, қоян суреті.

Сөздік жұмыс: Дене мүшелері, тазалық.

Қостілділік компоненті: Мен - я, менікі - моё.

Әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің іс - әрекеті. Балалардың іс - әрекеті.

Мотивациялық - қозғаушы. Ш. ш: «Қане біздің қолымыз» 06 - 04 «Б» №3

 

Біз бір - бірімізге амандасқанда, тамақ ішкен кезде қасықты қай қолымызға ұстаймыз?

 

Топқа ойыншық қоян келеді.

Мен кіммін?

 

Қоянның қолында суреті бар екен.

Қояның қолындағы суретте кім бейнеленген?

 

Қоян сендер кімсіңдер деп сұрайды. Армысың асыл күн!

Армысың асыл жер!

Армысың көк аспан!

Армысың досым!

Жылуыма жылу қос!

Міне менің қолым!

 

Қасықты оң қолымызға ұстаймыз.

 

Қызығушылық танытады.

Сен қоянсың.

 

Суретіне қарайды.

Адамның суреті бейнеленген.

 

Біз балалармыз.

Іздену - барлау Ойын «Кім жылдам».

Ойынның шарты қоян қолындағы суреттерден ауыз, қол, аяқ, мұрын т. б дене мүшелерінің суреттерін көрсетеді балалар тез сол суреттердегіні дұрыс атап өз дене мүшелеріннен көрсетеді.

Міне көрдіңдер ме балалар адамдар көздерімен айналаны көреді.

Танауларымен иіс сезеді, дем алады.

Ауыздарымен тамақ ішеді, бір - бірлерімен сөйлеседі.

Аяғымызбен жүреміз, құлағымызбен естиміз.

 

Қоян өз дене мүшелерін де көрсетіп, балалардан сол мүшелерін атауын сұрайды.

Сергіту сәті: «Ұзын құлақ» 06 - 04» «Ә» №3

 

Менің құлағымның сендердің құлақтарыңнан қандай айырмашылығы бар?

 

Сендер кімсіңдер?

Мен ше? Балалар тез өз дене мүшелерін сурет арқылы көрсетіп қоянға айтып отырады. (ауыз, көз, мұрын, құлақ) т. б.

 

Көз, танау, ауыз, құлақ т. б.

 

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды,

Ойлы қырлы жерлерден,

Ытқып - ытқып секірді

Айтып қимыл мен көрсетеді.

 

Біздің құлағымыздан қоянның құлағы ұзын.

 

Біз адамбыз, балалармыз.

Сен қоянсың.

Рефлексивті - қортындылау. Қоян балаларға дене мүшелерінің таза ұстауларын айтады.

 

Қоян қоштасып тағы да келетінін айтып топтан шығып кетеді.

Қоян қайда өмір сүреді?

Қояның құлағы қандай екен?

 

Балаларда рахмет айтып қоянға сау бол айтады.

 

Қоян орманда өмір сүреді.

Қоянның құлағы ұзын.

 

Күтілген нәтиже:

Білуі немесе хабардар болуы: Балалар дене мүшелерінің атқаратын қызметтерімен танысты.

Қалыптасқан әдет: Балалар қойылған сұрақтарға жауап бере алады.

Істей біледі: Балалар ұйымдастырылған оқу іс - әрекетіне қызығушылықпен қатысады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Отбасым бақыт мекені

 

    Іс - әрекет этаптары Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушы Шаттық шеңбері.

- Амансыңдар ма, балалар! Мен сендерге кездескеніме өте қуаныштымын.

Қане, бір - бірімізге жылы тілегімізді өлең жолымен айтайық.

Біздің топта балалар,

Тату - тәтті ойнаймыз.

Дос көңілі әрқашан,

Тек жақсылық ойлаймыз.

 

Балалар өлең жолын қайталайды.

Ұйымдастырушылық, ізденімпаздық - Бүгін біз «Өзін - өзі тану» әлемінің картасындағы «Отбасы аялдамасына» топталамыз.

- Қане, осы аялдамадағы суретке қарап әңгіме құрастырып көрейікші. Балалар отбасы деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Отбасын неліктен жақсы көресіңдер? Жарайсыңдар балалар, сұраққа жақсы жауап бердіңдер. Балалар бізге жақындарымыз керемет сыйлық дайындап қойыпты. Қане, балалар үнтаспадан жақындарымыздың дауысын тыңдап көрейікші. Жақындарыңның дауысын ажырата білулерің керек. Балалар, қане енді теледидарға қарайық.

Теледидардан балаларды еркелеткен жақындарының суреті көрсетіледі.

 

Қане, балалар ақын Ә. Ысқақов ағамыздың «Кім ойлап тапқан?» өлеңін тыңдайық.

Ойын: «Допты қағып ал»

Шарты: Балалар лақтырылған допты қағып алып, тәрбиешінің қойған сұрағына жауап береді.

Мысалы: «Отбасы мүшелерін ата?», «Ата - анаңа көмектесесің бе?» Жарайсыңдар балалар ойынға жақсы қатысып, сұраққа жақсы жауап бердіңдер. Балалар үлкендерді сыйлап, айтқанын тыңдап, кішілерге қамқорлық жасау керек.

Әңгімелесу.

Балалар отбасымен түскен суреттеріне қарап, өз отбасы туралы әңгімелеу.

 

Дәптермен жұмыс.

Балалар отбасымен түскен суреттерін қағазға жапсыру.

 

Дәйек сөз.

«Күннен жылу тарайды,

Анадан мейірім тарайды».

Күннің шуағы бізге жылу таратады. Ал, аналарың сендерді жақсы көріп өз мейірімін таратады екен. Сендерді еркелетіп аймалайды. Ал, балалар, біз енді шардан жасалған күннің бейнесіне аналарыңа арнап өз жүректеріңнен шыққан жылы лебіздеріңді айтып, кеуделеріңдегі жүрекшелеріңді күннің бейнесіне жапсырыңдар.

Өзіммен - өзім

Үнтаспадан баяу әуен ойналады. Балалар көздеріңді жұмып, өз аналарыңа қандай гүл шоғын сыйлайтындарыңды елестетіңдер. Қане енді көзімізді ашайық. Алдарыңдағы ақ қағазға елестеткен гүл шоғының суретін салайық.

 

Балалар суретке қарап әңгіме құрастырады.

Балалардың жауабы тыңдалады.

Балалардың өздерінің жақындарының дауысын үнтаспадан тыңдап, таниды.

Балалар теледидардан жақындарының суретін көріп, өздерінің жауаптарының дұрыстығын тексереді.

Балалар өлеңді тыңдайды, қайталап айтады.

Балалар допты қағып алып, қойылған сұраққа жауап береді.

 

Отбасы мүшелерін атайды.

Ата - анасына қалай көмектесетінін айтады. Балалар өздерінің жауаптарын айтып, ойын жалғасады.

Балалар отбасымен түскен суретіне қарап «Мен отбасымды жақсы көремін» деп әңгімелеп береді. Әр бала өз ойларын жалғастырып айтады.

Балалар өздерінің отбасымен түскен суреттерін қағазға әдемілеп жапсырады.

Балалар кеуделеріндегі жүрекшелерін алып, жылы лебіздерін айтып, күннің шуағына жапсырады.

 

Балалар көздерін жұмып, өз аналарына қандай гүл шоғын сыйлайтынын елестетіп ақ қағазға гүлдің суретін салады.

Рефлекциялық Қорытындылау.

Бүгін біз бізге ең жақын, ең қымбат анамыз, әкеміз, ата - әжеміз, іні - қарындас, аға - әпкеміз туралы әңгімелестік. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек.

Жүректен - жүрекке.

Балалар өз отбасыларыңды жақсы көресіңдер. Оларда сендерді жақсы көреді. Енді микрофонды алып өздеріңнің жүректен шыққан лебіздеріңді айтасыңдар. Сендердің айтқан сөздерің үнтаспаға жазылып, ата - аналарыңа тыңдатылады. Отбасы мүшелері сендердің лебіздеріңді тыңдап, қуанатын болады.

 

Балалар микрофонды алып, өздерінің жүректерінен шыққан лебіздерін айтады.

 

Күтілетін нәтиже:

Білу: Отбасы, сүйіспеншілігі, сыйластығы туралы түсінік алды.

Меңгерту: Сүйіспеншілік, сыйластық, мейірімділік туралы түсініктері қалыптасады.

Жасай білу: Берілген тапсырмаларды орындай білу.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Отбасының берекесі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Музыкальный журналист

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: Отбасының берекесіСабақтың мақсаты: Оқушыларға отбасы туралы түсініктерін кенейту. Өз ойларын жүйелі түрде жеткізе білуге үйрету.Сабақтың міндеттері: Оқушылардың сөздік қорын молайту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Адамгершілікке тәрбиелеу.Сабақтың тақырыбы: Отбасының берекесіСабақтың мақсаты: Оқушыларға отбасы туралы түсініктерін кенейту. Өз ойларын жүйелі түрде жеткізе білуге үйрету.Сабақтың міндеттері: Оқушылардың сөздік қорын молайту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Адамгершілікке тәрбиелеу.Түрі: Жаңа сабақ.Әдісі: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, топпен жұмыс, ойындарКөрнекілігі:Мақал - мәтелдер, нақыл сөздер, суреттер.Сабақтың барысыI. Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпты сабаққа әзірлеу. Назарын сабаққа аудару. II. Психологиялық дайындық.  

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 610 073 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.04.2014 2910
    • DOCX 103 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жайылханова Гульсая Базарбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 17700
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика преподавания иностранных языков: английский, немецкий, французский

Учитель иностранного языка

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 99 человек из 41 региона

Курс повышения квалификации

Методика обучения немецкому языку

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Основы теории обучения немецкому языку

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Художественная гимнастика: диагностика и технические аспекты

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективное управление запасами

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Здоровьесбережение и физическое развитие школьников

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе