Инфоурок Иностранные языки Рабочие программыҰлттық бірыңғай тестілеуге дайындау жолдары

Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындау жолдары

Скачать материал

Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы

Аңқаты ЖОББ мектебінің

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Шамбилова Арайлым Ғалымжанқызы

 

         Тақырыбы: Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық жолдары.

 

Мақсаты: Оқушыларды ҰБТ-ге дайындау мақсатында лексика, фонетика, морфология, синтаксис тақырыптары бойынша лекциялық әдіспен баяндау, пікірлесу, тапсырмалар, тестілерді, жаттығуларды орындау, талдау, сабақ үстіндегі оқушылардың жұмысын бағыттау.

Міндеттері: 1) Оқушылардың тест жұмыстарын шешуде анықтамалық әдебиетті өз бетімен қолдануын ұйымдастыру; 2) ҰБТ-ді сәтті тапсыру үшін қазақ тілінен білім деңгейін анықтау; 3) оқушылардың ұмытып қалған, не түсінбей қалған тақырыптарын түсіндіру, қайталау; 4) оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру; 5) оқушының ойлау, есте сақтау, іздену дағдыларын қалыптастыру, белсенділігін арттыру; 6) Өтілген материалды жан-жақты меңгеруге жағдай жасау.

Күтілетін нәтиже:

Оқушылар қазақ тілі пәні бойынша тестіні сәтті тапсыра алады; берілген тапсырмалардың мазмұнын түсіне алады; өздігінен білім алуға үйрену қызметі қалыптасады; алған білімді ұқсас және жаңа жағдайда қолдана білуге үйренеді.

 

Ұлттық бірыңғай тестінің сапалы өтуі, алдымен, мұғалім мен оқушының уақытты тиімді пайдалануында және мұғалімнің тапсырмаларды түрлендіріп қолдануында. Ұлттық бірыңғай тестідегі негізгі пәндердің бірі – қазақ тілі. Ұлы педагог К.Д.Ушинский: «Ана тілін толық меңгермеген бала тарихты, географияны, жаратылыс ғылымдарын өз бетімен айтып бере алмайтын күйге ұшырайды. Ана тілі басқа пәндердің бәріне қатысы бар және олардың нәтижелерін өзіне жинастыратын басты өзекті пән екені түсінікті емес пе?!» - деген екен. Ана тілінен оқушыларды дайындау үшін қажетті тапсырма түрлерін ала білу өте маңызды.

Соңғы жылдары оқушыларды ҰБТ-ге дайындау жолдарын жүйелеп, сол жүйе бойынша дайындаудамын. Қазіргі уақытта ҰБТ-ге дайындықты үш кезеңге бөлемін.

           І. Диагностикалық кезең

Алдымен 10-сыныптан бастап оқушыларға байқау сынақтары өткізіледі. Байқау сынақтары мектебімізде арнайы жабдықталған тестілеу кабинетінде өтеді. Байқау сынақтары кезінде оқушыларды жауап парақтарын дұрыс толтыруға үйретемін. Сол кезден бастап жауап парағымен жұмыс жасайтын оқушының қолы жаттығып, ҰБТ-ге келгенде бүлдіріп алам деп қорыпайды және тез толтырып уақытын үнемдеуге көмектеседі. Содан соң сол байқау сынақтарының нәтижесімен оқушылар үш топқа бөлінеді.

І топқа 15 ұпайдан төмен жинайтындар кіреді.

ІІ топқа 15 ұпайдан 20 ұпайға дейін жинайтын оқушылар кіреді

ІІІ топқа 20 ұпайдан жоғары жинайтын оқушылар кіреді

  Сонда бұл сынып 11-сыныпқа ІІІ топқа бөлініп дайын келеді.

11-сыныпта практикалық кезең басталады.

 

            ІІ. Практикалық кезең.

         Практикалық кезеңде ең алдымен ҰБТ-ге арналған мектепшілік жылдық жоспарға сәйкес қазақ тілі пәні бойынша жоспар құрылады. Сонымен қатар Шәбікен Кәрібайұлы Бектұровтың кітабы бойынша тақырыптық жоспар құрылады.

         Құрылған тақырыптық жоспар бойынша  І тоқсан бойы ережелермен жұмыс жүргізіледі. Бұл бөлімде ІІІ топқа да тапсырмалар бірдей болады.

Мысалы: -грамматикалық ережелерді аудару, жаттау;
-ережелерін еске түсіріп жазу;
-мысалдар келтіру;
-бірін-бірі тексеру;
-өзін тексеру; т.б. Сонымен қатар сөздердің байланысу түрлерін немесе сөйлем түрлерін ережесімен сәйкестендіру сияқты тапсырмалар беріледі.

Түрлері:

Ережелері:

1.     Қиысу;

2.     Матасу;

3.     Меңгеру;

4.     Қабысу;

5.     Жанасу.

А) сөздердің жіктік жалғауы арқылы байланысуы немесе бастауыш пен баяндауыштың байланысуы;

В) сөздердің ешбір жалғаусыз бірде іргелес, бірде алшақ тұрып байланысуы (негізінен үстеу мен етістік байланысады);

С) сөздердің ілік септігінен басқа септіктердің жалғаулары арқылы байланысуы;

Д) ілік септігіндегі сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің байланысуы;

Е) сөздердің ешбір жалғаусыз тек орын тәртібі арқылы қатар тұрып байланысуы;

 

Түрлері:

Ережелері:

1.     Жақты;

2.     Жақсыз;

3.     Жалаң;

4.     Жайылма;

5.     Толымды;

6.     Толымсыз;

7.     Атаулы.

А) тұрлаусыз мүше қатысқан сөйлем;

Б) іс-оқиғаның, құбылыстың атауын ғана көрсететін сөйлем;

С) бастауышы бар сөйлем;

Д) айтылуға тиісті тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелердің бірі түсіп қалған сөйлем;

Е) бастауышы мүлдем жоқ сөйлем;

Ж) ойға қажетті мүшелердің бәрі қатысқан сөйлем;

З) тек тұрлаулы мүшеден тұратын сөйлем.

 

        ІІ-ІІІ тоқсанда оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беріледі. І топқа лексика мен фонетика тақырыптары басым, ІІ топқа морфология және арасында  лексика мен фонетиканы қамтитын, ал ІІІ топқа синтаксис пен пунктуация тақырыптары басым тапсырмалар беріледі. Ендігі мақсат І топтағы оқушыларды ІІ топқа, ІІ топтағы оқушыларды ІІІ топқа тарту. Ол үшін І топтың оқушылары лексика, фонетика бойынша, ІІ топтың оқушыларына лексика, фонетика және морфология тараулары бойынша  мемлекеттік білім беру стандартына сай құрылған тест тапсырмаларын орындайды. Нәтижесінде тарауды жақсы меңгерген оқушы бір саты жоғарлайды. Арасында тарауды толық меңгермеген оқушылар шықса, олармен жеке жұмыс жасалады.

ІІІ топтың оқушыларына уақыт үнемдеу үйретіледі.

Мысалы: жекелеген сұрақтарды қалай тез орындауға болатынын талдап түсіндіру:
-сұрақты асықпай, түсіне оқу
-сұраққа қатысты грамматикалық материалды еске түсіру.
Мысалы: «Салалас құрмалас сөйлемді табыңыз» деген тапсырма берілсе , дұрыс жауапты қалай тез табуға болады?
1-қадам: жалғаулық шылауы бар сөйлемді іздеу;
2-қадам: жалғаулық шылауы бар сөйлем жоқ болса , бірінші жай сөйлемнің баяндауышына қараймыз, ол тиянақты формада тұруы керек.

«Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз » деген тапсырма берілсе, дұрыс жауапты қалай тез табуға болады?
1-қадам: жай сөйлемдерді алып тастаймыз;
2-қадам: баяндауышы тиянақты сөйлемдерді алып тастаймыз, себебі бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз формада тұрады.

Осымен үшінші тоқсанды аяқтайды.

ІҮ тоқсанда бақылау кезеңі басталады.

 

ІІІ. Бақылау кезеңі.

Барлық оқушыларға бірдей тест орталықтарынан алынған тест беріледі. Тесттен кейін оқушылар қатемен жұмыс жасайды, оған арнайы қателерін тексеретін парақтар қолданылады. Ол парақта + - таңбалары арқылы кімнің қай сұрақтан қате жібергенін анықтайды. Әр оқушы жіберген қатесінің тақырыбын өздеріне жазып отырады. Содан кейін бірдей қате жіберген оқушыларды топтастырып, және қалған қате жіберген оқушыларға қателерін табуға уақыт беріп, сол қате кеткен тақырыптар бойынша тапсырмалар беріледі. Олар сол тақырыптарды еске түсіріп, ережесін тауып, өздері талдап, анықтаулары қажет. Осы бағытта жұмыс жалғасып отырады.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындау жолдары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Руководитель реабилитационного подразделения

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Аңқаты ЖОББ мектебінің Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шамбилова Арайлым Ғалымжанқызы            Тақырыбы: Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық жолдары.   Мақсаты: Оқушыларды ҰБТ-ге дайындау мақсатында лексика, фонетика, морфология, синтаксис тақырыптары бойынша лекциялық әдіспен баяндау, пікірлесу, тапсырмалар, тестілерді, жаттығуларды орындау, талдау, сабақ үстіндегі оқушылардың жұмысын бағыттау. Міндеттері: 1) Оқушылардың тест жұмыстарын шешуде анықтамалық әдебиетті өз бетімен қолдануын ұйымдастыру; 2) ҰБТ-ді сәтті тапсыру үшін қазақ тілінен білім деңгейін анықтау; 3) оқушылардың ұмытып қалған, не түсінбей қалған тақырыптарын түсіндіру, қайталау; 4) оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру; 5) оқушының ойлау, есте сақтау, іздену дағдыларын қалыптастыру, белсенділігін арттыру; 6) Өтілген материалды жан-жақты меңгеруге жағдай жасау. Күтілетін нәтиже: Оқушылар қазақ тілі пәні бойынша тестіні сәтті тапсыра алады; берілген тапсырмалардың мазмұнын түсіне алады; өздігінен білім алуға үйрену қызметі қалыптасады; алған білімді ұқсас және жаңа жағдайда қолдана білуге үйренеді.   Ұлттық бірыңғай тестінің сапалы өтуі, алдымен, мұғалім мен оқушының уақытты тиімді пайдалануында және мұғалімнің тапсырмаларды түрлендіріп қолдануында. Ұлттық бірыңғай тестідегі негізгі пәндердің бірі – қазақ тілі. Ұлы педагог К.Д.Ушинский: «Ана тілін толық меңгермеген бала тарихты, географияны, жаратылыс ғылымдарын өз бетімен айтып бере алмайтын күйге ұшырайды. Ана тілі басқа пәндердің бәріне қатысы бар және олардың нәтижелерін өзіне жинастыратын басты өзекті пән екені түсінікті емес пе?!» - деген екен. Ана тілінен оқушыларды дайындау үшін қажетті тапсырма түрлерін ала білу өте маңызды. Соңғы жылдары оқушыларды ҰБТ-ге дайындау жолдарын жүйелеп, сол жүйе бойынша дайындаудамын. Қазіргі уақытта ҰБТ-ге дайындықты үш кезеңге бөлемін.            І. Диагностикалық кезең Алдымен 10-сыныптан бастап оқушыларға байқау сынақтары өткізіледі. Байқау сынақтары мектебімізде арнайы жабдықталған тестілеу кабинетінде өтеді. Байқау сынақтары кезінде оқушыларды жауап парақтарын дұрыс толтыруға үйретемін. Сол кезден бастап жауап парағымен жұмыс жасайтын оқушының қолы жаттығып, ҰБТ-ге келгенде бүлдіріп алам деп қорыпайды және тез толтырып уақытын үнемдеуге көмектеседі. Содан соң сол байқау сынақтарының нәтижесімен оқушылар үш топқа бөлінеді.  

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 076 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.04.2014 1509
    • DOCX 21.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шамбилова Арайлым Галимжановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1368
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Основные методики обучения немецкому языку

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 82 человека

Курс профессиональной переподготовки

Немецкий язык: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель немецкого языка

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Курс профессиональной переподготовки

Немецкий язык: теория и методика обучения иностранному языку в образовательной организации

Учитель немецкого языка

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 272 человека из 57 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 054 человека

Мини-курс

Управление спортивными событиями и организация деятельности в спортивной сфере

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

Конкурентная разведка и маркетинговые исследования

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эволюция классической музыки до романтизма

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе