Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Тесты / «Елі сүйген, елін сүйген елбасы»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • История

«Елі сүйген, елін сүйген елбасы»

библиотека
материалов

Тәрбие сабағының тақырыбы: «Елі сүйген, елін сүйген елбасы»

Мақсаты: Елбасының өмір жолы, ерекше қадыр қасиеті, тұлғалық тұғыры, ерең еңбегі туралы түсінік беру. Елбасының өмірі мен еңбегі үлгі тұту, елжандылыққа, отансүйгіштікке, азаматтыққа баулау, ел болашағы ойлайтын, халқы үшін қызмет ететін, ұлттық сана сезім жоғары, саяси сөйлеу, өз ойларын ашық айта білу дағдысын, болашаққа деген оң көзқарасын қалыптастыру.

Көрнекілігі:Елбасы кітаптары, Елбасы туралы жазылған кітаптар, бейнероликтер, бейнебаян, суреттер.

Үш қоңыр жайлауының жайқалған кезі. Жылқылар кісінеп, табиғат мәре сәре болып жатқан мезгіл. Осынау тамаша тамылжыған тыныштықты шырқыраған нәрестенің үнә бұзды.

Жаршы: Сүйінші, сүйінші.

ІІ Жыршы: Сүйінші, сүйінші, ақсарбас, ақсарбас....

Жаршы: Назарбай бидің шаңырағында ат ұстар ұл келді.

ІІ жарғы: Уа жараңдар. Сүйінші, сүйінші торсық шеке ұл келді.

Саха алдына Әбіш нәрестені алып шығады.

Әбіш: Жарық дүниеге келген құлыным, Алатаудай асқарлы бол, Күндей күркіреп, Жаңбырдай сіркіреп, даладай дастанды бол!

Мосқау кісі: Уа, Әбіш, баланың атын кім деп қоймақсың?

Әбіш: Анам Мырзабала сол кісіден сұрайық. Мына жатқан батырдың есімін анам қойсын.

Мырзабала әже: Өмірі нұрлы болсын, өз еліне сұлтан болсын деп, немеремнің есімін Нұрсылтан деп қойғанды жөн санадым, қабыл болсын!

Әбіш: Қабыл болсын!

Мосқау кісі: Иә, қабыл, әрі есімі құтты болсын!

Жаршы: Атына заты сай болсын!
Мырзабала әже: Уа, Әбіш, төменгі Шамалғандағы Әбубәкір моданы шақырып құлаңына азан айтып, есімін бер ғой енді.

(Азан үні) Сенің атын Әбішұлы Нұрсылтан... Сенің атын Әбішұлы Нұрсылтан... Сенің атын Әбішұлы Нұрсылтан...

Жүргізуші: Тәуелсіздік! Қандай киелі сөз! Ата бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт аңсап өткен киелі сөз! Осы тәуелсіздік жолында құрбан болған боздақтарымыз қаншама?! Олар елдің қамы, жердің қамы үшін қан төгіп, ақыр соңында солар төккен қызық қанның арқасында «Тәуелсіздік» атты бақытты қолымызға қондыра білдік, осы киелі сөздің мағынасы ұғына білдік. Сондай оқиғаның соңғысы «Желтоқсан оқиғасы». «Елім, жерім» деп қыршынынан қиылып, құрбан болған боздақтарымыздың есімдері сан ғасырлық тарихы бар еліміздің тарихынан, санансынан ұмытылдық емес. Міне осындай ұлтжанды, батыр азаматтарымыздың арқасында әә жылдан бері тәуелсіз, бейбіт елміз. Тәуелсіз ел болған соң сол елдің тізгінін ұстар, болашаққа бастар басшысы болуы керек. Біздің бүгінгі кешіміз елдің елдігін, халқының қамын ойлаған еліміздің алғашқы президенті. Елбасымыз Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев

Жүргізуші: Кешімізді бастамас бұрын еліміздің 22 жыл ішінде жүріп өткен шежірелі жылдарына тоқталып өтейік.

1986 жыл 16 желтоқсан. Желтоқсан көтерілісі болды.

1991 жыл 1 желтоқсан. Тұңғыш Республика президентіне жалпы халықтық сайлау болды. Қазақ КСРнің президенті болдып Н.Ә. НАзарбаев сайланды.

1992 жыл 2 наурыз. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды.

1992 жыл 4 маусым. Мемелекеттік рәміздер туралы заң қабылданды.

1993 жыл 15 қараша. Қазақстан Республиканың ұлттық валютасы теңге айналымға еңді.

1995 жыл 30 тамыз. Қазақстан Республикасының Ата Заңы қабылданды.

1998 жыл 6 мамыр. Ақмола қаласының атауы Астана болып жарияланды.

1998 жыл 10 маусым. Астананың тұсау кесері болды.

2006 жыл 7 қаңтар. « Менің Қазақстаным» әні мемлекетті әнұран ретінде қабылданды.

1991 жыл 16 желтоқсан. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң қабылданды. Бұл күн Тәуелсіздік күні болып белгіленді.

«Отбасым алтын діңгегім»

(Отбасы, бауырларының суреттері, көрсетіледі)

Оқушы:Әбіштің отбасында Сұлтаннан кейін Айсұлтан атты бала дүниеге келеді. Ол бала кішкене кезінде шетінеп кетеді де, одан кейін Сатыпалды дүниеге келеді. Балалары тұрмағасын ырымдап кіндік шешесіне қырқынан шыққанша еміздіріп, сатып алған есеппен Әбіш пен Әлжан ақшы төлеп өздері алады. Сол себепті есімін ырымдап, «Сатыпалды» деп қояды. Одан кейінгі бауырлары: Болат пен Әнипа.

«Қамқор әке, мейрімді ата»

(Жары Сарамен , қыздарымен, немерелерімен түскен суреттері көрсетіледы.)

Оқушы: Елбасының жары Сара Алпыс қызы «Бөбек» қайырымдылық қорының негізін қалаушы. «Өзіңді өзің таны» атты балаларға рухани адамгершілікті білім беру және тәрбие беру идеясының авторы. Бүгінгі таңда елбасы қыз, немере, шөбере сүйіп отырған қамқор әке, мейірімді ата.

«Метеллургтен басталған еңбек жолы»

(Металлург болған кездегі суреттері көрсетіледі)

Оқушы: Елбасы еңбек жолын жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастайды. Әке шешесі мындай ауыр жұмыс істеуіне қарсы болады. Әкесі барып балқыған темірдің маңындағы баласын көріп, еліне қайтармақ болады. Бірақ әқ жастағы жас жігіт табандылығының еңбекқорлығының арқасында жұмысын жалғастырып, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті. Осылайша еліміздің басшысы метеллург болып еңбек жолын бастаған еді.

«Халқының сайлап алған қалаулысы»

(Суреттер көрсетіледі.)

Оқушы: жылы желтоқсанның Қазақстан Республикасы Президенді үшін жалпыхалақтық сайлау өтті. Сайлау нәтежесінде Н.Ә. Назарбаев басым дауыспен () жеңіске жетті. Бүгінде еліміздің тұңғыш президенті, халқының сайлап алған қалаулысы Н. Назарбаевтың тәуелсіз елімізді басқарғанына әә жыл толып отыр. Өткен жылдан бастап «желтоқсан Елбасы күні) мерекесы болып бекітілді.

«Кемеңгер көзбасшысымен татулық кемесінде»

(суреттер көрсетіледі )

Оқушы: Еліміз тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктеріміз бен көрген жақсылығымыз, еліміздің қуаттануы мен гүлденуі Елбасының еңбегі мен сарабдау саясатының арқасы деп білеміз. Елбасы еліміздің өркендеп, өзге елдермен терезіміздің тең болып, иық тіресе биікке қарай өрлеуіміздің кеменгірлікпен ұйымдастыра білді. Ол бүгінде дан астам ұлт өклідерін бір шаңырақ астына жиып, татулық пен бірліктің тізгінін ұстаған кеменгер көзбасшы.

«Елбасы- халықаралық наградалар мен құрметті атақтарға ие тұлға»

(Елбасына медальдар, ордендер, тағылып жатқан суреттер көрсетіледі.)

Оқушы: Біздің елбасы

Экономика ғылымының докторы;

Халықаралық инжинерлік академиясының академигі.

Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі.

Әбунасыр әл Фараби атындағы қазақ мемелекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры.

Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы.

Қазақстан Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы.

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығынығ төрағасы.

«Нұр Отан»халықтық демократиялық партиясының төрағасы.

ЕҚЫҰ төрағасы.

«Елбасы жолдауын тыңдау- басты міндетіміз»

Оқушы: Н. Назарбаев жыл сайын халыққа жолдау арнайды. Жолдау дегеніміз Қазақстан Республикасының әлеуметтәк экономикалық даму деңгейін арттыруға, азаматтардың әл ауқатының өсуіне және ел қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған ұзақ және қысқа мерзімді бағдарламалар жобасы. Жылдан жылға дейін елбасымыз халыққа жолдау жолдапты. Біз, жас ұрпақ еліміздің болашағы болғандықтан Елбасын жолдауын мұқият, жауапкершілікпен тыңдап, есімізде сақтауымыз керек. Сонда ғана бізден елін, Отанын қастерлейтін азаматтар тұрады.

«Елбасы - жазушы, ақын»

Оқушы: Н. Назарбаев- бірқатар ғылыми еңбектердің, ғылыми қоғамдық, саяси тақырыптағы кітаптардың авторы. Демек, Елбасы жазушы. Сонымен қатар, Әнұранның «Сарыарқа», «Елім менің» әндері сөзінің авторы, яғни ақын. «Жан шуағы» атты шағын жыр жинағында Елбасы ең ыстық сезімдері персенттік тілегін халықына былайша жеткізелі:

Тәуелсізбін! Бар ма мұң?

Тәләйлі болсын талғамын!

Өркені өссің қазақтың,

Осы менің арманым!

Күн тұрғанда тұратын,

Жұрты сайран құратын

Қала болсын Астана,

Осы менің мұратым!

О, Ақорда, ақ шатыр,

Ұлысыма бақ шатыр,

Баянды болсын азаттық,

Осы менің мақсатым!

Халқым менің тірегім,

Құрбан жаным, жүрегім!

Атамыз, озсын бәйгеде,

Осы менің тілегім.



«Елбасы атындағы мұражайға саяхат»

(Мұражай суреттері көрсетіледі)

Оқушы: Астана қаласында Елбасы атындағы мұражай бар. Онда Елбасының жұмысшы болған кездегі киген киімдері, оқушы кезіңде отырған партасы, ұстаған қаламы, шетел саясаткерлінің берген сыйлықтары, ел азаматтарының жазған хаттары, қаламгерлердің қолтаібасы бар кітаптар сақталған.


«Елбасы атындағы саябақ»

(Ақтөбе қаласындағы саябақ суреттері көрсетіледі)

Оқушы: Ақтөбе қаласының ең көрікті жерлері әсем көрініс беретін саябақтары. Сондай саябақтардың бірі қаланың ортасында орналасқан тұңғыш президентіміз Н. Назарбаев атындағы саябақ. Елбасы саябаққа атын беруге қарсылық білдірген. Еобасының еңбегін есекерген ел ағалары саябақы Елбасы атымен атапты. Бұл Елбасының ел алдыңдағы абыройын, асқақ мәртебесін білдіреді.Бұл орын қала халқы мен қала қонақтары үшін қыдырып дем алатын әсем де көрікті мекен болып табылады.

«Елбасы атындағы білім ордалары»

(назарбаев университетінің суреттері көрсетіледі)

Оқушы:Білімді бәрінен жоғары қойған Елбасы өз атын білім және ғылыммен байланыстыруды дұрыс санап өз атына университет пен мектепдің ашылуына келісім берді.Н.Назарбаев университеті- нарық сұранысына бағдарланған жаңа оқу орны. Барлық пәндер ағылшын тілінде жүргізіледі. Елбасы «Назарбаев университетінде»жас ұрпаққа дәріс оқып тұрады.

«Астана қазағымның бас қаласы»

(Астана суреттері көрсетіледі)

Бүгінде Елбасы десек Астана, Астана десек Елбасы ойымызға оралады. Елбасының бастамасымен астанамыз болып жылы Астана қаласы бекітілді. Қаланың бүгінгідей көрсе көз тоймайтын сұлу келбеті, әлемді сүйсіндірген керемет көріңістері ел басының сарабдау саясатының арқасында қол жеткізген жітістігіміз.

Астана қазағымның бас қаласы

Арқада бой көтерген жас қаласы.

Көшірген Астананы орталыққа

Елбасы Нұрсылтанның бастамасы.

(Ән. Астана)


« Елбасының өзекжарды ойлары»

Оқушы: Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол Тәуелсіз Қазақстан.

Оқушы: Біз Тәулесіздікке ансап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін ерекше қастерлеуіміз, қадірлеуіміз керек.

Оқушы: Дана халқымыз қателіктерді түсінеді, оларды кешіреде біледі. Халық кешірмейтін бір ақ нәрсе бар: ол елдің қолына зарықтырып барып қонған Бақыт құсынан, Тәуелсіздіктен айырылып, қалуды кешірмейді. Егер біз тәуелсіздіктен айырылсақ, бізге кешірім жоқ.

Оқушы: Өз тарихын сыйламаған халық, өзің де сыйламайды.

«Елбасы туралы жазылған кітаптар аз емес»

(Елбасы туралы кітаптар көрсетіледі)

Оқушы:Н. НАзарбаев туралы жазылған кітаптар да аз емес, мұндай еңбектер қай кезде де ұрпаққа тарихи дерек көзі ретінде қолданылып қазына болмақ. Осныдай кітаптардың бірі (ХХІ ғасыр. Әлем саясаткерлері. Н. НАзарбаев туралы) Осы кітапта Елбасы туралы әлем саясаткеолері былай деп сыршертеді.

«Әлем елдері басшылары мен саясакерлерінің Н. Назарбаев туралы пікірлері»

(Өзге Елбасшылармен түскен суреттері көрсетіледі)

Оқушы: Ресей Федерациясының президенді В. Путин « Сіздің Қазақстан халқына жолдауыңыз елдің он жылдан астам уақыт аралығында жасалған терең әрі жан жақты талдау, Қазақстандағы ауқымды реформалар туралы, өзінің осы бағытта жүргізіп келе жатқан сан салылы жұмыс жайында мол мағлұмат береді. Қазақстан тәжіребиесі барынша зейін қоя зерделеуге лайық.»

Оқушы:АҚШ президенті Барак Обама: «Сіздің еліңіз егеменді, тұрақты және өркендеген мемлекет ретінде өзінің дамуына маңызды табыстарға қол жеткізді. Сіздің ұлт аралаық және діни төзімділікті алға жылжыту жөніндегі күш жігеріңізді жоғары бағалайды.

Оқушы: Қытай халық республикасының төрағасы Ху Цзин Тао: «Тәуелсіздік жылдары сіздің басшылығыңызбен еңбек сүйгіш те, ақылман қазақ халқы өзінің қажырлы да, жасампаз еңбегімен дамудың дұрыс таба білді. Бүгінде Қазақстанда экономика тұрақты даму үстінде. Соңғы жылдары Қытай Қазақстан қатынастары белсеңді дамуда.

Оқушы: БҰҰ ның бас хатшысы Пан Ги Мун: «Қазақстан Республикасының президентінің көреген саясаты болмағанда, бұл өңірдегі халық әлі күнге дейін сынақтардан зардап жегіп отыруы мүмкін еді. Сіздің Орталық Азияда ядролық қарудын ада аймақ құру бастамаңызбен Солтүстік жарты шарда ондай аумақ тұңғыш рет құрылғаның зор ризашылықпен айта аламын.

Оқушы: Германия кацлирі Ангела Меркель: «Жауапты міндеттерді одан әрі атқаруңызға сізге зор табыстар мен сәттілік тілеймін. Экономикалық, қоғамдық және саяси реформаларды жүргізуде Қазақстан бұдан былай Германия тарапынан болатын қолдауға сенім арта алатын болады.

«Жас ұрпақтың арнауы» айдары

(Слайд)

Көркемсөз

Оқушы:Тұманбай Молдағалиев «Есіл ер»

Сөйлесіп бір жүрген қай сөзінде де халықты биік қоясың,

Халықпен бірге ашығасың да халықпен бірге тоясың.

Жастықтың жалын шақтарыменен бірге айтып арман әндерін,

Қазақстанның бақтарыменен бірге жапырақ жаясың.

Халықтың мұңы мұңдайтының да, халықтың жыры жырлар жыр,

Көкірегіңде көнермей әлі өткен де кеткен жылдар жүр.

Соңына ердік сол ғана бізді жеткізеді деп бақытқа,

Бақытқа баста байтақ еліңді, бақытсыздықтан құр қалдыр.

Нұрсылтан бар деп нұрына сенің шомылғандай боп жүрем мен,

Бейненді көрсем, беймезгіл кезде қабағымды ашам түңірген.

Сүйеміз сені, санамыз сөніп, қалмай тұрғандай сүйеміз,

Алланың бізге бір өзі сеніп, өкілісің сен жіберген.

Жесірге пана, қашанда қамқор боп, жүренсің жетімге,

Ананның тілі, баланның тілі сөйлей білесің не тілде.

Қалам бермесек жүрек берді есеп басыннан өткен жылдарға.

Саған сенбесек кімге сенеміз осынау жердің бетінде

Оқушы: «Елбасы»

Төбемнен төңкергендей қара түнді,

Түлетті тәуелсіздік қанатымды.

Елбасы арқасында ел жаңарып,

Арқаға Астанадай қала тұрды.

Ежелде елтұтқалар ел орнатқан,

Ұласқан ұрпағына олар мақтан,

Елбасы қасиетті аталы сөз,

мазмұны мағынасы терең жатқан.

Ту тіккен, еңсе тіктеп елдігің ғой.

Тоқтамас ғасырлардан озған дәуір,

Тынысын сезінесің жазғанда жыр.

Кеңестік көсемдерді маңсұқ етіп,

Кетті ғой көсем деген сөзден қадір.

Әр сөздің астарында осы арада,

Ағыйын, ой жіберіп жете қара.

Тәуелсіз Қазақстан тарихында

Тұлғасы Елбасының жеке дара!

«Жүректен жүрекке»

(Оқушылар «Үшқоңыр» әнінің әуенімен Елбасына хат жазады.)

Сонымен Елбасы кім? (Алтынбек, Арай, Нұртас)

«Елімнің елдігінің белгілері» айдары

( Бейнероликтер арқылы сынып оқушылары сұрақ қояды)

Жүргізуші: Елбасымыз өзінің ерен еңбегінің кемеңгерлігінің арқасында елімізді әлем танитын елге айналдырды. Бүгінгі таңда біздің еліміз Қазақстан еш елдең кем тіспейтін Тәуелсіз, бейбіт, ынтымағы жарасқан ел, біздің елімізді адай әлемге паш етіп, тұрған ұлттық нышандарымыз бар. Сол белгілер арқылы бізді өзге елде тани алады. «Еліміздің елдігінің белгілері» не болды екен? Ойланып көрейік....

Оқушы: Ол мектептердің, ауруханалардың, әкімшіліктердің алдында ілулі тұрады. Оның түсі шексіз ашық аспан түсін білдіреді. Еліміздің спортшылары жеңіске жетіп оны биікке көтеріп жүр. (Ту)

Оқушы: Оның тарихы бастауында мөр таңбасы тұр. Оның мөрге бедерлеп түсірілген бейнесі ресми құжаттарға басылады. Ол тәуелсіздігіміздің төл белгісі болып табылады. Онда шаңырақ , жұлдыз, уық қанатты тұлпар бейнеленген. (Елтаңба)

Оқушы: Ол салтанытты жиындарда айтылады. Біз оны шат көңілмен, мақтанышпен айтамыз, оны жатқа айта алу әр қазақ баласының міндеді. (Әнұран)

Оқушы: Ол еліміздің тәуелсіздігінің жылдығына орай алматы қаласына тұрғызылған ескерткіш. Оның үстіңгі жағында қоладан құйылған қанатты барстың үстінде оң қолында қыран құсы, сол қолында садағы, белінде қанжары бар дуылғалы сарбаздың тұлғасы кескінделген.Оның биіктігі метрге дейін жетеді.(Тәуелсіздік монументі)

Оқушы:Ол2017 жылы Астана қаласында өтеді.Оны өткізу құқын Париж қаласында біздің еліміз жеңіп алды.Қазір бұл көрмеге келетін қонақтарды қарсы алуға, көрмені абыроймен өткізуге еліміз дайындалып жатыр.(ЭКСПО-2017)

Оқушы:Ол Астана қаласында бар.Ол темірлі құрылымдардан бар. Оның биіктігі-105 метр. Оны тұрғызу елбасының ойынан туындаған.Панорамалық залдың ортасында ағаш глобус бар. Оған Нұрсұлтан атамыздың алқанының ізі бар.(Бәйтерек)

«Тәуелсіздік перзентінің тілегі»айдары

(Оқушылар бір-бірден тілек айтып шығады.)

Хормен «Елім менің» әні орындалады.

Жүргізуші:

Тәуелсіздік,тәуелсіздік-жыр әнім,

Көк Байрағым, Елтаңба, Әнұраным.

Атыңнан айналайын, Тәуелсіздік,

Қолда елімді қасиетті құраным!

Ғасырлардан жаһұттай жиған қылық.

Жасасын тәуелсіздік, бейбітшілік!

Ел болып көтерілген шаңыраққа

Тілейміз бақыттылық, баяндылық!

Тәуелсіз еліміздің аспаны ашық, елі аман, жұрты тыныш болсын, ел басқарған Елбасымыз болашағы, жас ұрпақ, сендердің қолдарыңда.Сондықтан елдің, халықтың қамын ойлайтын азамат болыңдар дегім келеді.Бүгінгі күнімізді Елбасының мынадай сөзімен аяқтағым келіп отыр: «Елбасының ұлы болсаң , еліңе шын жаның ашыса, азаматтық жалғыз ұлттық мемлекетінің көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет, елдің де, жердің де иесі екендігі ұмытпа».


















Краткое описание документа:

Тәрбие сабағының тақырыбы: «Елі сүйген, елін сүйген елбасы» Мақсаты: Елбасының өмір жолы, ерекше қадыр қасиеті, тұлғалық тұғыры, ерең еңбегі туралы түсінік беру. Елбасының  өмірі мен еңбегі үлгі тұту, елжандылыққа, отансүйгіштікке, азаматтыққа баулау,  ел болашағы ойлайтын, халқы үшін қызмет ететін, ұлттық сана сезім жоғары, саяси сөйлеу, өз ойларын ашық айта білу дағдысын, болашаққа деген оң көзқарасын қалыптастыру. Көрнекілігі:Елбасы кітаптары, Елбасы туралы жазылған кітаптар, бейнероликтер, бейнебаян, суреттер. Үш қоңыр жайлауының  жайқалған кезі. Жылқылар кісінеп, табиғат мәре сәре болып жатқан мезгіл. Осынау тамаша тамылжыған тыныштықты шырқыраған нәрестенің үнә бұзды.  Жаршы: Сүйінші, сүйінші. ІІ Жыршы: Сүйінші, сүйінші, ақсарбас, ақсарбас.... Жаршы: Назарбай бидің шаңырағында ат ұстар ұл келді. ІІ жарғы: Уа жараңдар. Сүйінші, сүйінші торсық шеке ұл келді. Саха алдына Әбіш нәрестені алып шығады. Әбіш: Жарық  дүниеге келген құлыным, Алатаудай асқарлы бол, Күндей күркіреп, Жаңбырдай сіркіреп, даладай дастанды бол! Мосқау кісі: Уа, Әбіш, баланың атын кім деп қоймақсың? Әбіш: Анам Мырзабала сол кісіден сұрайық. Мына жатқан батырдың есімін анам қойсын. Мырзабала әже: Өмірі нұрлы болсын, өз еліне сұлтан болсын деп, немеремнің есімін Нұрсылтан деп қойғанды жөн санадым, қабыл болсын! Әбіш: Қабыл болсын! Мосқау кісі: Иә, қабыл, әрі есімі құтты болсын! Жаршы: Атына заты сай болсын! Мырзабала әже: Уа, Әбіш, төменгі Шамалғандағы  Әбубәкір моданы шақырып құлаңына азан айтып, есімін бер ғой енді. (Азан үні) Сенің атын Әбішұлы Нұрсылтан... Сенің атын Әбішұлы Нұрсылтан... Сенің атын Әбішұлы Нұрсылтан... Жүргізуші: Тәуелсіздік! Қандай киелі сөз! Ата бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт аңсап өткен  киелі  сөз! Осы тәуелсіздік жолында құрбан болған боздақтарымыз қаншама?! Олар елдің қамы, жердің қамы үшін қан төгіп, ақыр соңында солар төккен қызық қанның арқасында «Тәуелсіздік» атты бақытты қолымызға қондыра білдік, осы киелі  сөздің мағынасы ұғына білдік. Сондай оқиғаның соңғысы «Желтоқсан оқиғасы». «Елім, жерім» деп қыршынынан қиылып, құрбан болған боздақтарымыздың есімдері сан ғасырлық тарихы бар еліміздің  тарихынан, санансынан ұмытылдық емес.  Міне осындай ұлтжанды, батыр азаматтарымыздың арқасында әә жылдан бері тәуелсіз, бейбіт елміз. Тәуелсіз ел болған соң сол елдің тізгінін  ұстар, болашаққа бастар басшысы болуы керек.  Біздің бүгінгі  кешіміз  елдің елдігін, халқының қамын ойлаған еліміздің алғашқы  президенті. Елбасымыз Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев
Автор
Дата добавления 16.04.2014
Раздел История
Подраздел Тесты
Просмотров1396
Номер материала 71418041600
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх