Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Иностранные языки / Другие методич. материалы / Дидактикалық материал
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Иностранные языки

Дидактикалық материал

библиотека
материалов

1 билет

Қазақстан Республикасының рәміздері .

-Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қашан қабылданды? -ҚР мемлекеттік рәміздері 1992 жылы 4 маусымда қабылданды.-Мемлекеттік рәміздерге не жатады?-Мемлекеттік рәміздерге гимн, елтаңба, ту жатады.-Тудың аторы кім? -Тудың аторы Шәкен Ниязбеков. -Туда не бейнеленген?-Күн, қыран және ою-өрнек бейнеленген.-Елтаңба авторлары кім?-Елтаңба авторлары Шота Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков.

-Елтаңбада не бейнеленген?-Елтаңбада шаңырақ, уық, қанатты пырақ, бес бұрышты жұлдыз, «Қазақстан» сөзі бейнеленген. -Гимн авторы кім?-Гимн сөзін Жұмекең Нәжімеденов, Нұрсултан Назарбаев әнін жазған Шәмші Қалдаяқов.

2 Міржақып Дулатов (1885-1935)(1885 жылы, қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданы – 1935 жылы туған,көрнекті қазақ ақыны, жазушы, педагог, қоғам қайраткері. 1920-жылдардың бас кезіндегі қазақ мәдениеті мен әдебиетінің көрнкеті өкілі.Оның «Оян, қазақ! » атты өлеңдер жинағы. «Бақытсыз Жамал» атты тұңғыш романы, «Азамат» , «Терме» тағы басқа жинақтары, «Бүркіттің иесі» поэмасы , «Балқия» пьесасы , «Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов» , «Ахмет Байтұрсынов» атты мақалалары бар, сондай-ақ ол әдебиет, мәдениет, тарих, этнография мәселелері жөнінде жүздеген мақалалар мен зерттеулер жазған. А.С.Пушкиннің, М.Ю.Лермонтовтың, И.А.Крыловтың шығармаларынан кейбір туындыларын қазақ тіліне аударған. Оның шығармалары мен оқулықтары қазақ даласына кеңінен тарап , қазақ әдебиетінің дамуына үлкен әсерін тигізді.

3. Подставь нужные союзы сложносочиненных.

1. Жазда көп жаңбыр жауды, сондықтан биыл егін мол шықты.2. Көктем келді, және далада жұмыстар басталады.3. Бүгін не қар жауады, не жаңбыр жауады.4. Ертең киноға я мен барамын, я сен барасың.5. Білім адам үшін бағалы, сондықтан білім алуға тырысу керек.

2 билет 1. «Жаз»-Жаз айлары қай айлар?-Жаз айлары: маусым, шілде, тамыз.-Жазда ауа райы қандай болады?-Жазда күн ыстық болады, кейде жаңбыр жауады.-Жазда тағы не болады?-Жазда жазғы демалыс басталады. Балалар ауылға, басқа қалаларға, саяхатқа барады. Адамдар суға шомылады.

-Саған жаз мезгілі ұнайды ма?-Иә, маған жаз мезгілі өте ұнайды. Бұл ең жақсы жыл мезгілі.

2. Қабанбай батыр.Қабандайдың шын аты – Ерасыл. XVIII ғасырда жоңғар басқыншыларына қарсы күрестің бел ортасында жүрген қолбасшылардың бірі. Халық арасында оны Қаракерей Қабанбай деп атаған. Қабанбай 1691 жылы дүниеге келіп, 1769 жылы қайтыс болған. Ол ер жүрек, қайсар, әйгілі батыр болған.. Қабанбай 18 ғасырда болған шайқастарға қатысқан. Ол 1724 жылы Түркістанды қорғау соғысында, Алакөл шайқасына, 1723-1730 жылдардағы соғытарға қолбасшы болған.

3. Составь с этими словами предложения. Ұлы Отан соғысы 1945 жылы аяқталды. Қабанбай батыр – ер жүрек батыр.Айнала ақ қарға жамылды.Халық бейбітшілік үшін күресті.Бұл өте қызықты шығарма..

3 билет

1. «Мектеп асханасы»-Осы мектепте асхана бар ма?-Иә, бар.-Мектеп асханасы қайда?--Мектеп асханасы бірінші қабатта.-Ол қандай?-Ол үлкен, кең, жарық, таза, әдемі.-Онда кімдер бар?- Онда аспаздар, мұғалімдер, оқушылар бар.-Аспаздар не істейді?-Аспаздар дәмді тамақтар әзірлейді.-Сен асханаға барасың ба?-Иә, мен асханаға барамын.-Қашан барасың?-Мен түстен кейін барамын?-Саған асхана тамақтары ұнайды ма?-Иә, маған бідің сханамыздың тағамдары өте ұнайды.

2. Қожа Ахмет Иасауи Қожа Ахмет Иасауидың туған жылы анық емес. Қожа Ахмет Иасауидың шыққан тегі Дүниеге келгені:шамамен 1093, кейбір деректерде 1103 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы. Қайтыс болғаны 1166 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан Ол ақын, философ болған. Оның шығармасы – «Диуани Хикмат» (Хикмат жинақ). Түркістан қаласында жерленген Қожа Ахмет Ясауи әзіреті сұлтан аталып, басына XIV ғасырдың аяғында атақты Ақсақ Темір күмбез орнаттырады.

3. Закончи предложения, опредли вид сложносочиненных. 1.Қонаққа Әсем келеді немесе Әсемкеледі. Талғаулы салалас құрмалас сөйлем

2.Күн бұлтты болды, бірақ жаңбыр жауған жоқ. Қарсылықты 3.Мен сабаққа кешігіп қалдым, өйткені автобус бұзылып қалды. Себеп-салдар4.Күн кешкіріп кетті, сондықтан менүйге қайттым. Себеп-салдар

4 билет

1. «Қала» -Қала туралы не білесің?-Иә, ол үлкен елді мекен. Сен қанда қалаларды білесің?-Мен көптеген қалаларды білемін. Олар: Алматы, Астана, Қарағанды, Петропавл және т.б. Сен қай қалада тұрасың?-Мен Риддер қаласында тұрамын. -Ол қайда орналасқан?-Ол Қазақстанның шығысында орналасқан.-Ол қандай қала?-Ол кішкене, табиғаты әдемі қала. -Онда не бар?-Онда көп өнеркәсіптер, шахталар және зауыттар бар. Үйлері үлкен емес, стадион, мәдениет үйі, мұражай және көптеген әдемі жерлер бар.Айналасында тау және орман. Орманда майқарағай өседі, оның жаңғағы болады.

-Риддердің ауа райы қандай болады?-Қысы суық болады, қар көп түседі. Жазы кейде ыстық кейде жылы, жаңбырлы болады-Бұл қалада кімдер тұрады?-Қалада көп орыс тұрады. Қазақтар аз. -Саған өз қалаң ұнайды ма?Иә, маған Риддер қаласы өте ұнайды.

2. Сөздік —жеке тілдің сөздік құрамының, әлеуметтік топ диалектісінің, жазушы шығармаларының лексикалық жиынтығы. Түркі халықтарының алғашқы сөздікі 11 ғасырда жазылған Махмұт ҚашқаридыңДиуани лұғат-ит-түрк” еңбегі саналады. Сөздік жасаудың әдісін, теориясы мен тәжірибесін, технологиясын лексикография саласы зерттейді.Сөздіктердің түрлері: нциклопедиялық, аударма сөздік, түсіндірме сөздік, синоним, антоним, омонимдер сөздігі, фразеологиялық, этимологиялық сөздіктер, топонимикалық, орфографиялық, орфоэпиялық, электрондық, терминологиялық сөздіктер.

3. Вставь нужные слова. Разбери предложение.Олар кеше көшеде көп қыдырды. Биыл біз жазда оқуға түсеміз.Оля әкесімен мұражайдан келе жатыр. Бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, пысықтауыш, анықтауыш.

5 билет

1. «Мектебім» -Сен қай мектепте оқисың?-Мен он төртінші мектепте оқимын. –Сенің мектебің қандай?- Менің мектебім үлкен. –Ол неше қабатты? – Ол төрт қабатты? -Бірінші қабатта не бар? Бірінші қабатта асхана, киім ілетін орын, спортзал, директор кабинеті, қабылдау бөлмесі, шағын орталық бар. –Екінші қабатта не бар? – Екінші қабатта акт залы, оқу ісінің меңгерушісі кабинеті, мұғалімдер бөлмесі, химия, физика, математика, бастауыш сынптар кабинеттері бар. Ал үшінші және төртінші қабаттарында қазақ тілі, орыс тілі, биология, география, тарих пәні және т.б. кабинеттер бар. Мектеп кабинеттері қандай? – Мектеп кабинеттері үлкен, кең, жарық, таза, әдемі.

2. Ахмет Байтұрсынов Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1937). Көрнекті тілші ғалым, әдебиет зерттеуші, дарынды аудармашы, ағартушы және оқу құралдарының авторы А.Б. қазіргі Торғай облысындағы Сартүбек деген жерде туған. Ірі қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың артында аса мол әдеби, ғылыми еңбектер қалды. Ол өз заманында әрі ақьш, әрі аудармашы, әрі ғалым ретінде танылды. Оның "Оқу құралы", "Тіл құралы", "Әліпби" , "Жаңа әліпби" кітаптары бар. Ол қазақ тіл білімінде терминдер жүйесін қалыптастырды.

Переведи и определи падежи.Қазақ тілінен(шығыс) олимпиадаға біз өзіміз дайындаламыз.(Барыс септік) Демалыс күні біз әкеммен(көмектес) көлге(барыс) бардық Бөлменің(ілік) іші таза. Ораз кешеден(шығыс) бері осында(жатыс).

6 билет

1. «Наурыз мейрамы» -22 наурыз қандай күн?-22 наурыз - Наурыз мейрамы. – Бұл қандай мейрам? – Бұл Ұлыстың Ұлы күні, Жаңа жыл. Бұл күні не болады? -Адамдар бір-бірімен сәлемдесіп,жақсы тілек айтады.-Наурыз мерекесі қалай тойланады?-Наурыз мерекесінде дастархан жасалып, домбырамен ән айтылып, би билеп, ұлттық ойындар ойналады. Үлкен кісілер ақ батасын береді.-Бұл күні қандай ұлттық тағам пісіріледі?-Бұл күні Наурыз көже пісіріледі. - Наурыз мейрамы мектепте қалай өтеді ? - Наурыз мейрамы жақсы көңілді өтеді . Біз би билейміз, өлең айтамыз, ән саламыз.
- Дастарқанға нелерді қояды? - Қазақтың ұлттық тағамдарын

2. Ақан Сері Ақан Сері, А қ ж і г і т Қ о р а м с а ұ л ы — ақын, әнші, ком­по­зитор. Ақан 1843 ж. бұрынғы Көкше­тау (қазіргі Ақмо­ла) об­лы­сын­дағы Үлкен Қоскөлдің маңын­да туған.Ха­лық оны «Ақан сері» деп атаған. Ол жас кезінде ай­на­ласы­на әнші-күйші жас­тарды жи­нап, өзге­ше бір өнерлі топ бо­лып ел ара­лады. Ба­лу­ан шо­лақ, Жа­яу Мұса, Ес­тай, Иман Жүсіп, Құлту­ма сияқты атақты ақын-әншілер Ақан­ның ең жақын дос­та­ры болған. Оның «Ақ көй­лек», «Аужар», «Ал­ты­басар», «Ғашық жарға», «Тағри­пың», «Құла­гер», «Маңмаңгер», «Көкжен­дет», «Екі то­ры ат», «Алай көк», «Тер қатқан» «Көкше­тау», «Сы­рым­бет», «Кер­без сұлу» деп ата­латын әндері бар.1913 ж. Ақан өзінің туған жерінде дүние сал­ды. Ақан сері – өмір шын­дығын үлкен су­рет­керлікпен жыр­лаған за­маны­ның асқақ ақыны ғана емес, мұңшыл да сыр­шыл, әншілік-орын­да­ушы­лық өнерімен та­нылған өзге­ше да­рын иесі.

3. С данными словами составь вопросительные предложения. Сен хат жаздың ба? Қазақстан тарихын білесің бе? Сенің анаң сұлу ма? Сенде қанша ақша бар? Ол тез келеді ме?

7 билет

1. «Мамандық» -Қандай мамандықтар бар?- Әр түрлі мамандық бар. Олар: дәрігер, мұғалім, наубайшы, жүргізуші, егінші, шаштараз, кітапханашы, сатушы, аспаз және тағы басқалар. Олар не істейді? -Дәрігер адамдарды емдейді. Мұғалім балаларды оқытады. Наубайшы нан пісіреді. Жүргізуші машина жүргізеді. Егінші егін егеді. Шаштараз шаш қияды. Кітапханашы кітап береді. Аспаз тамақ даярлайды. Сен кім болғың келеді?-Мен заңгер болғым келеді. Ол мамандық неге ұнайды? - Бұл мамандықтың адамдары әрқашан әділ, шынайы, батыл болып, жақсылық, қайырымдылық үлгісін көрсетеді.

2. Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген.. Ол тұңғыш өлеңін 13 жасында жазған. Сан қырлы талант иесі Жүсіпбек Аймауытовтың артында қалған шығармашылық мұрасы аса бай. Оның ішінде көптеген өлеңдер, «Қартқожа», «Ақбілек» романдары, «Күнікейдің жазығы» хикаяты мен «Әнші» секілді бірқатар көркем әңгімелері, «Рәбиға», «Мансапқорлар», «Қанапия мен Шәрбану», «Ел қорғаны», «Шернияз» пьесалары, «Нұр күйі» поэмасы, сондай-ақ бірсыпыра сын мақалалар мен аудармалары бар. Жүсіпбек Аймауытовтың әдеби мұрасының ең салмақты саласы - прозалық шығармалар. Ол «Қартқожа», «Ақбілек» романдары. Жүсіпбек Аймауытов кезінде аудармашы ретінде де танылды. Ол аударған А.С. Пушкиннің, Н.В. Гогольдің, А. Дюманың, Дж.Лондонның, Г. Мопассанның, В. Шекспирдің, К. Берковичтің, С. Чуйковтың шығармалары аударды.

3.Вместо точек вставь местоимения.Бүгін барлық халық алаңға жиналды.Шешесі оған дүкеннен жейде сатып берді.Ол мені көрген жоқ.Үйде ол отыр.

8 билет

1. «Ауруханада» Кіруге рұқсат па? –Иә кіріңіз. Қай жеріңіз ауырады? -Басым ауырады. -Тамаққа тәбетіңіз қалай?-Нашар(тәбетім жоқ).-Қан қысымыңызда өзгеріс бар ма?-Білмей тұрмын,өлшеп көрсеңіз қайтеді?-Өлшеп көрейін. Жоғары екен. –Оған не істеу қажет? –Мен сізге мына дәрілерді жазып берейін. Алыңыз. – Рақмет. Бұл дәрілерді қалай қолдануым керек? –Барлағы қағазға жазылды. Мұқият оқыңыз.

2. Ә.Фараби Әл Фараби 870 жылы Сыр бойындағы Фараб қаласында дүниеге келген.
Туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырар. Мухаммед Ибн Тархан отбасында дүниеге келген. Әкесі Тархан Ибн осы атақты қала қорғанының бастығы болды, ауқатты, сауатты адам болған. Фарабидің толық аты-жөні Әбу Насыр Мухаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фараби. Данышпан энциклопедист- ғалым, ойшыл философ, математик, астролог, музыка теоретигі – ғалымның жан жақты тұлға екенін көрсетеді. Ол 1.“Ғалымдардың шығуы.”2.“Ғалымдар энциклопедиясы.” 3.“Музыканың үлкен кітабы.”4.“Ақылдың мәні” тағы басқа көптеген еңбектер жазған.

3. Ответь на данные вопросы.

Мен таңертең жетіде тұрамын. Алты сағат мектепте боламын. Әке-шешем сағат жетіде жұмыстан келеді. Менің пәтерің үшінші қабатта. Отбасыңда төртеуміз. Партада оқушылар екіден отырады.

9 билет

1.«Менің күн тәртібім» - Сенің күн тәртібің бар ма? – Иә менің өз күн тәртібім бар. –Сен таңертең нешеде тұрасың? – Мен таңертең жетіде тұрам.

-Одан кейін не істейсің.? – Одан кейін жуынамын, таңғы асымды ішемін, сабаққа барамын. –Сен мектепте неше сағат боласың? –Мен мектепте жеті сағат боламын.-Мектептен кейін не істейсің? –Мектептен кейін сурет үйірмесіне барамын№ Одан кейін біраз демалып сабағымды қараймын. -Бос уақытында сен не істейсің? –Мен бос уақытымда теледидар көремін, музыка тыңдаймын, серуендеймін, кітап, газет, журнал оқимын.-Сен нешеде уйықтайсын. Мен күнделікті сағат онда ұйықтаймын.

2. Шәкәрім Құдайбердиев

Шәкәрім Құдайбердіұлы(1858-1931) Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Шыңғыс бөктерінде 1858 жылы 11 шілдеде дүниеге келген. Атасы Құнанбайдың, соңынан ағасы Абайдың тәлім-тәрбиесін алады. «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» атты тұңғыш кітабы 1911 ж. жарық көрген. Шәкәрім ойшыл философ, тарихшы, ақын. Оның шығармалары: Үш анық», «Мұсылсандық шарты» «Жолсыз жаза», «Қалқаман — Мамыр», "Еңлік - Кебек", "Нартайлақ-Айсұлу" т.б. Оның әндері: «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек», «Жастық туралы», «Анадан алғаш туғанымда»


3. Перевести данные предложения и определить степень прилагательных. Өте қызықты кітап. (асырмалы шырай) Біздің аудитория бесінші аудиториядан кеңірек. (салыстырмалы) Асан үлкен үйде тұрады. (жай) Сенің костюмін үлкенірек. (салыстырмалы)




10 билет 1. «Өз бөлмең» -Сен қайда тұрасың? Мен үшінші ықшамауданда тұрамын.-Нешінші үйде? –Он бесінші үйде. Үйің неше қабатты?-Менің үйім бес қабатты. Сенің пәтерің неше бөлмелі? –Менің пәтерім үш бөлмелі. –Сенің өз бөлмең бар ма?-Иә, менің өз бөлмем бар. –Ол қандай? –Ол кішкентай, жарық, әдемі, жайлы. Сенің бөлмеңде не бар?- Бөлмемде eкi кереует, гарде­роб,жазу үстелі, бip орындық бар. –Үстелде не жатыр? -Үстелде калькулятор, өшіргіш, қалам,қарындаштар,кітап және дәптерлер жатыр. Компьютер, кітап cөpeciде осында.

Мағжан Жұмабаев (1893-1938)– лирик ақын, сыршыл ақын. Ақын поэзиясы – оның лирикалары. Ақын лирикасының тақырыптары алуан: туған жер, ата мекен, халық тағдыры, ар – адамгершілік, шынайы махаббат, т.б. Мағжан – эпик ақын. Оның қаламынан «Батыр Баян», «Қорқыт», «Жүсіпхан» сияқты поэмалар туған. «Батыр Баян» поэмасы «алашым» деп еңіреп, «майданда жолбарыстай» ерлік көрсеткен осы аруақты көкжал батырға арналған.

Дополни пословицы, переведи Отансыз адам - ормансыз бұлбұл. (Человек без родины, соловей без леса) Өнер алды - қызыл тіл. (начало исскусства – красноречие)Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады. (язык бьет камень, если не камень то голову) Жақсы сөз - жарым ырыс. (хорошее слово половина благополучия) Ақыл азбайды, білім тозбайды. (Ум и знания не стареют)

11 билет 1. «Менің үйім» -Сен қайда тұрасың?-Мен үшінші ықшамауданда тұрамын. Қай үйде тұрасың? –Мен он бесінші үйде тұрамын?-Нешінші пәтерде? -Он бесінші пәтерде. -Сенің пәтерің неше бөлмелі? –Менің пәтерім үш бөлмелі –-Үйің неше қабатты?-Менің үйім бес қабатты. Сенің үйің қандай? –Менің үйім үлкен, биік, түсі жасыл.

2. Абылай (Әбілмансұр) хан — (17331737) билік құрғаны. Абылай хан (1711-1781) Қазақ Ордасының ханы, қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері. Абылай жекпе-жекке шыққанда жауы шақ келмейтін батыр болып, қанішер Абылай атаныпты. Абылай өте каһарлы, қайсар, әділ хан болған.Абылай каһарлы хан болуымен қатар, қазақ халқының дарынды күйші ретінде де белгілі.Ол — "Ақтолқын", "Алабайрақ", "Бүланжігіт", Дүние қалды", "Жетімторы", "Қайран елім", "Қара жорға", "Қоржынқақпай", "Майда жел", "Садаққаққан", "Сары бура", "Шандыжорық", т.б. күйлердің авторы. Абылай өмір жолын ат үстінде жорықтарда өткізіп, Арыс өзені жағасыңда қайтыс болды.

3. К данным словам подбери синонимы, составь предл. Көп-мол, оқушы-шәкірт, әдемі-сұлу, бірінші-алғашқы. Биыл астық көп болды. Ол өте ақылды оқушы. Менің анам өте әдемі. Менің бұл қалаға бірніші рет келдім.

12 билет 1. «Менің отбасым» Сенің отбасың қандай?-Менің отбасым үлкен емес. -Олар кімдер?-Олар-анам, әкем, інім және мен. Сенің әкең кім?-Менің әкем кенші. Оның аты Сергей, тегі Плешков. -Ол неше жаста?-Ол қырық жаста. Анаң ше? – Анам дәрігер. Аты Марина, тегі-Плешкова. Ол неше жаста?-Ол отыз жеті жаста. Інің кім? –Інім Плешков Алексей. Ол он жаста. Ол қайда оқиды? –Ол он төртінші мектепте төртінші сыныпта оқиды. –Сенің отбасың қандай? Менің отбасым өте тату. Демалыс күндері және мереке күндері бірге өткіземіз. Мен өз отбасымды өте жақсы көремін.

2. Қазақтың салт-дәстүрлері Көптеген ғасырлардың барысында қазақтардың өзіндік бірегей әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері қалыптасты. Қазақтарға дәстүрлі қонақжайлылық қасиет ежелден тән. Қазақ халқының салт-дәстүрлері шілдехана, қырқынан шығару, бесікке салу, тұсау кесу.

Шілдехана – жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын той. Дастархан жайылып, домбыра тартып, ұлттық ойындар ойналады. Қырқынан шығару – нәрестенің туған күніне қырық күн толған соң, ыдысқа қырық бір қасық су құйып, соған баланы шомылдырады. Сәбидің қарын шашын, тырнағын алады. Мерекелік дастархан жайылады. Бесікке салу. Халқымыздың бесік-қасиетті, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі. Бесікті отпен аластап, баланы бөлейді. Бесікке салу жолы үлкен, елдің құрметті, өнегелі адамына жүктеледі. Тұсау кесу – сәбидің қаз тұра бастағанда, тез жүріп кетсін деп, ала жіп есіп, екі аяғын тұсап, сүрінбей жүретін адамға тұсауын кестіреді. Баланы қолынан ұстап, тез-тез жүгіртеді.

3. Найди нужные слова, и сделай морф. разбор. Біз Ахметтің әкесімен таныстық. Әке-түбір, сі тәуелдік жалғау ІІІ жақ, мен-көмектес септік жалғауы. Зат есім дара, негізгі, жанды, жалпы, деректі, жекеше түрі. Сөйлемде толықтауыш.Кеше Дүйсен екеуміз киноға бардық.екеу-туынды түбірміз-тәуелдік жалғау І жағы көпше түрі, сан есім, дара, туынды, жинақтық. Сөйлемде күрделі бастауыш.Айша жақсы билейді. Жақсы -түбір. Сын есім дара, негізгі, сапалық. Сөйлемде пысықтауыш. Гүлсара мен Оля жазғы демалысты жақсы өткізді. Демалыс-түбір, ты-табыс септік жалғауы. Зат есім күрделі, біріккен, жаныз, жалпы, деректі, жекеше түрі. Сөйлемде толықтауыш.

13 билет1. . «Жыл мезгілдері» -Бір жылда неше жыл мезгілі бар?- Бір жылда төрт мезгіл бар:қыс, көктем,жаз, күз. Қыс айлары қай айлар?-.Қыс айлары –желтоқсан қантар , ақпан. Қыста ауа райы қандай болады? -Қыста күн суық, күн қысқа, ал түн ұзақ болады. Қыс- өте әдемі, ақ қарлы, керемет кез! Көктем айлары қай айлар?-Көктем айлары– наурыз, сәуір,мамыр.-Көктем қандай кез?- Көктем- тамаша кез. Көктемде күн жылы, салқын емес, кейде жаңбырлы, кейдк құрғақ. –Жаз айлары қай айлар? -Жаз айлары– маусым, шілде,тамыз. Жаз қандай кез?- Жаз –ең жақсы кез.Жазда күн ыстық,жаңбыр аз. Жаз– демалыс кезі..–Күз айлары қай айлар? -Күз айлары– қыркүйек,қазан қараша. Күзде ауа райы қандай болады?- Күзде күн салқын,жаңбыр көп. Күзде жеміс-жидек,көкөніс өте көп. Саған жылдың қай мезгілі ұнайды?-Маған көктем ұнайды..

2. Шоқан Уәлиханов (1835-1865) 1835 жылы қараша айында қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде дүниеге келген. Жасында ауыл мектебінен мұсылманша хат таныған Шоқан Уәлиханов ол кейін Омбыдағы кадет корпусында оқиды. Онда әскери сабақтарға қоса жалпы және Ресей географиясы мен тарихы, батыс философиясы, физика негіздері, шетел тілдері оқытылған. Шоқан үздік оқиды. Жазғы демалыс кездерінде ол ел ішіндегі аңыз-әңгімелерді, халықтық жырларды жазып алумен айналысады. Шоқан қазақ тарихын зерттеуге ерекше деп қойды. Шоқанның тамаша еңбектерінің бірі – «Алты шаһардың жайы туралы» деген шығармасы. Шоқан 1865 жылдың сәуір айында қайтыс болды.

3. К данным словам найди антонимы, составь предл. Ашық—жабық. Бүгін кітапхана жабық.

Семіз-арық Оның әкесі арық., Кір-таза Менің бөлмем таза. Көңілді-көңілсіз. Бүгін бәрі көңілсіз.

14 билет 1. .«Темір жол вокзалында» Сәлеметсіз бе, Түркістанға қандай пойыздар барады?- Сәлеметсіз бе? Астана-Қызылорда, Көкшетау-Қызылорда пойыздары барады.Олар қай күндері жүреді?Астана-Қызылорда тақ күндері, Көкшетау-Қызылорда жұп күндері жүреді.-Сізге қай күнге билет керек?-Маған ертеңге Түркістанға дейін Көкшетау-Қызылорда пойызына билет беріңізші?-Неше билет керек?Екеу. Мүмкін болса, біреуін төменгі орынға беріңізші.-Жарайды, төлқұжаттарыңызды беріңіз.Иә, міне.Барлығы 10 250 (он мың екі жүз елу) теңге болады.Міне, алыңыз. Түркістанға қай күні жетіп, сағат нешеде түсеміз?-Бір жарым тәуліктен соң, түнгі сағат үш жарымда түсесіздер.-Бейсенбіден жұмаға қараған түнде түсеміз бе?-Иә, дұрыс айтасыз. Кері қайтуға билет керек емес пе?-Иә-иә, керек. Келесі сейсенбіге, осы пойызға екі билет беріңіз.-Рахмет. Сау болыңыз.

2. «Қазақстанның табиғат байлығы» Қазақстан Республикасының табиғаты әр алуан. Мұнда жазық дала, тау, орман, өзен, көлдер кездеседі. Орталық Қазақстан жазық даласын, ұсақ қыраттарын, әдемі де сирек құстар мекені – Теңізді мақтан етеді. Солтүстік пен Шығыста қарағайлы ормандар бар. Қазақстан Республикасында сирек жан-жануарлардың 305 түрі, өсімдіктердің 87 түрі кездеседі. Елімізде бірнеше табиғат қорығы бар, олар мемлекет қамқорлығына алынған. Қазір Қазақстанда табиғат байлығын қорғау, оны арттыру үшін «Жасыл ел» бағдарламасы жұмыс істейді.«Жасыл ел» жастарды табиғатты қорғауға, сақтауға шақырады.

3. Из данных предл. определи лишнее слово и переведи. Графинде жақын ішетін су бар. БЛИЗКО Асханада өте әдемі көже дайындады.ОЧЕНЬ КРАСИВЫЙ Ертең біз Наурыз мерекесін дейін тойлаймыз.ДО Кеше демалыс күні біз орманға серуенге барамыз.ВЧЕРА Қазір біз сабақта отырмыз. СЕЙЧАС

15 билет 1. «Менің досым» - Сенің досың бар ма?- Иә, менің досым бар.-Оның аты кім?-Оның аты - Мұрат. Мен оны 1 сыныптан бастап білемін. -Ол неше жаста?-Ол қазір 16 жаста. -Ол нешінші сыныпта оқиды?-Ол он бірінші сыныпта оқиды?-Қай мектепте оқиды?-Ол нөмір он төртінші мектепте оқиды.-Ол қандай?-Ол ұзын бойлы, сымбатты жігіт. -Оның мінезі қандай?-Оның мінезі ашық, адамдармен тез тіл табысады. -Бос уақытта сендер не істейсіңдер?-Бос уақытта Мұрат екеуміз киноға барамыз. Интернетке шығамыз.. Мен адал досымды жақсы көремін.

.2 Төле би (1663 – 1756) Төле би Әлібекұлы 1663 жылы қазіргі Жамбыл облысы, Шу өзенінің бойындағы Әулиеата маңындағы Жайсаң Жайлау деген жерде дүниеге келген. Төле жасынан араб, парсы тілдерін жетік меңгерген. Төленің әкесі Әлібек те сөзге ділмәр, шешен, би болған адам. Төле Әлібекұлы– қазақтың қоғам қайраткері, шешен, Ұлы жүздің бас биі, "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі. Өз заманында Қазақ хандығының тұтастығы үшін күрескен қайраткер.

3. Переведи и определи вид сложных предл.Ән аяқталды, бірақ домбыра үні басылған жоқ. Песня закончилась, но звук домбры не утихала. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем.Менің тоңғаным сонша, ауырып қалдым. Я так замерзла, что заболела. Біз біресе қазақша сөйлейміз, біресе орысша сөйлейміз. Мы разговариваем то на казахском, то на русском. Кезектес салалас құрмалас сөйлем. Біздің ауылға жету қиын, себебі жол жоқ. До нашего аула доехать сложно, так как дороги нет. Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем. Қар ериді, бірақ жер көгере қоймайды. Снег тает, но земля еще не зеленеет. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем.

16 билет 1. «Алматы қаласы» -Алматы қаласы туралы білесің бе?-Иә білемін. Алматы қаласы – бұрынғы Қазақстан Республикасының астанасы. Ол– оңтүстік астана.-Ол қайда орналасқан?-Ол Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан.

-Ол қандай қала?Алматы- өте үлкен, әдемі қала. -Онда не бар? -Онда Үлкен Алматы,Кіші Алматы өзендері бар.Олар қаланың орталығында. Алматыда көп қабатты үйлер, Әуезов қазақ драма театры, лермонтов орыс драма театры, «Арман», «Алатау», Байқоңыр»кинотеатрлары, Мәдениет сарайы, Орталық спорт кешені, мейрамханалар, дүкендер бар. Қаланың орталығында 25 қабатты қонақ үйі, цирк, «Заңғар» сауда үйі, теміржол бекеті, әуежай,орталық кітапхана және оқу орындары бар. Медеу мұзайдыны да жақын.-Қала көшелері қандай?-Алматының көшелері түзу және кең. Осы кең, түзу көшелерде машиналар, автобустар, трамвайлар, троллейбустар өте көп.

2. Ы.Алтынсарин (1841-1889) – қазақ халқының ағартушысы, жазушы, этнограф, қоғам қайраткері. Ы.Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда қазіргі Қостанай облысының Затабол ауданында туған. «Дала қоңырауы» аталған тұлға білім беру ісіне ат салысып, алғашқы қазақ мектебін ашып, тұңғыш «Қазақ хрестоматиясын» дүниеге әкелді. Ыбырай екі сыныптық орыс-қазақ мектептерін ашты. Ол қазақ қыздары үшін интернат-мектеп ашып берген. Аталған оқу орындарына оқулықтар қажет еді. Сондықтан 1879 жылы Ы.Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясы», «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» атты екі кітап шығарған. Ыбырай Алтынсарин қазақ кәсіби білімнің дамуына жол ашты, педагогикалық білімнің іргесін қалады.

3. Переведи предл. и разбери. 1.Мен мұражайда бір ғажайып дәптер көрдім. Я в музее увидел великолепную тетрадь.2.Бұл дәптерді Мұхтардың ұстаздары жоғалтпай сақтапты. Эту терадь учителя Мухтара сохранили не потеряв.3.Қазақ халқы Мұхтар Әуезовты өте жоғары бағалайды. Казахский народо очень высоко ценит Мухтара.

4.Ыбырай қазақ балалары үшін тұңғыш оқулық жазды. Ыбырай первым написал учебник для казахских детей.

5.Демалыс күні оқушылар ертемен мектепке жиналды. В выходной день дети очень рано собрались в школу.

17 билет 1. «Дәмханада» -Сәлеметсіз бе?-Сәлеметсіздер ме, жоғарылатыңыздар!-Дастарқан мәзірін көруге бола ма?-Әрине, міне, көріңіздер. -Сіздерге ұнауға тиіс. -Бәрі бар.-

Рахмет. -Бізге қуырылған еттен екеу, қияр салатынан біреу, және қызылша салатынан біреу, жеміс шырынынан екеу әкелсеңіз (әкеліңіз).-Жақсы.-Ас болсын, тағамдарыңыз дәмді болсын.

2. Мұхтар Әуезов. (1897-1961) -ұлы жазушы, драматург, әдебиетші-ғалым, қазақ әдебиетінің классигі. «Абай жолы» романы әлемдік әдебиет антологиясына енген. Семейдегі Шыңғыстау өңірінде дүниеге келген. «Айман-Шолпан», «Қаракөз», т.б. спектакльдердің сценарийін жазған. Қазақ театр өнерінің негізін салушылардың бірі. Мұхтар Әуезовтің алғашкы көлемді көркем шығармасы— 1917 жылы жазылған "Еңлік—Кебек» пьесасы

.3. С данными словами составь предл. Партада дәптер жатыр. Оқушылар емтиханға дайындалды. Наурыз мерекесі көңілді боды. Алаңға жұрт жиналды.

18 билет

1. «Менің қалам» Сенің туған жерің қай қала?-Менің тұған жерім Риддер қаласы. -Риддер қаласы қандай?-Риддер қаласы үлкен емес, әдемі қала.-Онда не бар?-Онда көп өнеркәсіптер, шахталар және зауыттар бар. Үйлері үлкен емес, стадион, мәдениет үйі, мұражай және көптеген әдемі жерлер бар.Айналасында тау және орман. Орманда майқарағай өседі, оның жаңғағы болады.-Айа рай қандай болады?-Қыс суық болады, қар көп түседі. Жазы кейде ыстық кейде жылы, жаңбырлы болады-Бұл қалада кімдер тұрады?-Қалада көп орыс тұрады. Қазақтар аз. -Саған өз қалаң ұнайды ма?Иә, маған Риддер қаласы өте ұнайды.

2. «Қазақ тілі» Қазақ тілі-қазақ халқының ана тілі. Ол халық тарихымен бірге жасап, ұрпақтан-ұрпаққа қатынас құралы ретінде қызмет етіп келеді. 1989 жылы мемлекеттік мәртебе алды. Ол түркі тілдері тобына жатады. Түркі тілдер тобына қарақалпақ, ноғай, татар, башқұрт, қырғыз, өзбек, түрікмен, әзірбайджан, ұйғыр,чуваш, тува, якут жатады.

3.Переведи прилаг. и образуй сравнительную степень

Красный-қызылдау, прохладный-салқындау, красивый-әдемірек, светлый-ашықтау, высокий-биіктеу, длинный-ұзындау, крепкий-мықтырақ, интересный-қызықтырақ.




19 билет

1. Қазақ тілі Сен қазақ тілінде сөйлей аласың ба ? -Жоқ, мен қазақ тілінде сөйлей алмаймын.-Қазақстанның мемлекеттік тілі қай тіл?-Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік тіл – тек қатынас құралы ғана еамес, бір ұлт пен екінші ұлтты жақындастыратын құрал. Сондықтан қазақ тілді терең біліп, дамыту керек -Қазақ тілі қашан мемлекеттік мәртебе алды ? -1997 жылы 11 шілдеде ҚР-ның «Тіл туралы» Заңы қабылданды. Бұнда қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болды.-Қазақ тілі қандай тілдер тобына жатады ? - Қазақ тілі түркі тлдес тілдер тобына жатады. - Қазақ тілін білу үшін не істеу керек? - Қазақ тілін білу үшін. Жиі-жиі қазақша сөйлеу керек. Сөздерді жаттау керек. Радио тыңдау керек. Теледидар көру керек. Қазақша газет-журнал оқу керек.

Үйірмеге қатысу керек. Сабаққа дайындалу керек. -Сенің сыныбыңда қазақ тілі сабағы аптасына неше рет өткізіледі? Менің сыныбымда қазақ тілі сабағы аптасына бес рет өткізіледі.

2. «Экология және біз» Біз өз Отанымыздың иесіміз, және де ол біз үшін өмірдің ұлы қазынасы сақталған шуаққа толы сандық сияқты. Балыққа өмір сүру үшін – су, құсқа – ауа, жануарларға – орман, дала,таулар, ал адамға - Отан қажет. Табиғатты қорғау – Отаныңды қорғау дегенді білдіреді. Экология мәселесі бүгінгі таңда бүкіл әлемді толғандырып отыр.Сондай экологиялық апатты аймақтың бірі-Балқаш қаласы.Өйткені, Балқаш көлінің балықтарының саны азайып,климаты өзгерді. Табиғат-тіршілік көзі. Табиғатты қорғау-әр адамның міндеті.Табиғатты пайдалану барысында оны таза,көркем,мол қазыналы қалпында мәңгілікке сақтап қалу немесе тоздыру адамның қолында.Табиғатты жойсақ өзіміз де жойыламыз.Сондықтан,біздің міндетіміз- табиғатты аялау,қастерлеу.

3 Вместо точек вставь нужные числительные

Мен сыныпта бірінші қатарда отырамын.Таңертең сағат жетіде тұрамын.Мен бір мың тоғыз жүз тоқсан бесінші жылы тудым.

Қазақстан бір мың тоғыз жүз тоқсан бірінші жылы жылы тәуелсіздік алды. Қазір сағат оннан он бес минут кетті.

20 билет

1. «Менің досым» -Сенің досың бар ма?-Иә, менің досым бар.

-Оның аты кім?-Оның аты Вася.-Ол нешінші сыныпта оқиды:

Ол он бірінші сыныпта оқиды.Ол неше жаста?-Ол он жеті жаста.

-Вася қандай?-Вася ұзын бойлы, әдемі, шашы қара, көзі көк.

-Оның мінезі қандай?-Ол өте ақ көңіл, мейірімді. -Бос уақытта сендер не істейсіңдер?-Бос уақытта Мұрат екеуміз киноға барамыз. Интернетке шығамыз.. Мен адал досымды жақсы көремін.

2. Менің қаламның тарихы Қала 1934 жылы құрылған. Қала аумағы 3,4 мың шаршы километрге тең. 2011 жылғы 1 қаңтарға аудан халқы 58,1 мың адамды құрады.Қалалық әкімдігінде 1 қала, 1 кенттік округ, 1 кент, 1 ауылдық округ, 19 ауылдық елді мекен бар. Қалада 9,6% қазақ, 85,5% орыс, 1,0% украин, 0,3% шешен, 0,3% белорус, 1,0% татар, 1,1% неміс, 1,2% басқа ұлт өкілдері тұрады. Ең ірі кәсіпорындары: Тау-кен металлургия кешені "Казцинк" АҚ, Риддер мырыш зауыты "Казцинк" АҚ, "Казцинкмаш" ЖШС, "Риддер ТЭЦ" ЖШС, "ЛК ГЭС" ЖШС.

Өндірілетін өнеркәсіп өнімдерінің негізгі түрлері: мыс кені, қорғасын-мырыш, құрамында алтыны бар кендер мен концентраттар, қорғасын, жылу энергиясы, шұжық өнімдері, нан және нан-тоқаш өнімдері, сыра. Қалада 9 кітапхана, 1 мұражай, 3 клуб мекемесі, 2 табиғатты қорғау объектісі бар.

3. С глаголами составь предл. в наст. времени

Маша үй жұмысын орындап отыр. Әкем дүкеннен теледидар әкеле жатыр. Оқушылар асханада тамақ ішіп отыр. Балалар қағаздан кеме жасап жатыр. Менің отбасым ауылда демалып жатыр.





21 билет

1. «Көктем» Қане, балалар, көктем айларын еске түсіреміз. Көктем туралы не білесіңдер? Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр.

Көктемнің алғашқы айы – наурыз. Ең тамаша ай. Наурызда күн жылына бастайды. Қар ериді. Жыл құстары келе бастайды. Гүлдер гүлдейді. Ағаштар бүршік жарады. Көктем – жылдың ең әдемі мезгілі. Балалар, қандай гүлдерді, құстарды білесіңдер?Қарлығаш, қараторғай, бұлбұл, тырна.

  • Бәйшешек, қызғалдақ, бақбақ, інжігүл.Көктемде адамдар не істейді?Диқандар жер жыртып, егін егеді. Бау-бақшаға жеміс ағаштарын отырғызады.

2. Мақал-мәтелдер - халық даналығы Мақал-мәтелдер – халық даналығының қазына байлығы. Мақал мен мәтелге бай халықтың бірі – қазақ халқы. Мақал тәжірибеден шыққан ақиқат түрінде айтылады. мақалда тұрмыста қолданылып жүрген сөздеріміз шындықпен астасып келіп, мақалдап, шешен тілмен айтылатын сөздер. Онда адамдарды бір нәрсеге үйретеді, тәрбиелейді. Тақырыптары: отан, білім, отбасы, еңбек, дәстүр, тәрбие және т.б.

3. К данным словам подбери синонимы составь предл.

Үлкен-Мен бір дәу аюды көрдім. БОЛЬШОЙ Сұлу-Риддер табиғаты өте әдемі. КРАСИВЫЙ Ел-Ақын халық үшін күресті. НАРОД Мереке-Наурыз мейрамы құтты болсын! ПРАЗДНИК Бостандық-Ол балаға еркіндік керек.СВОБОДА.

22 билет

1. «Кітапханада» -Маған әліпбилік каталогты көрсетіп жіберіңізші. -Бірінші қабаттан табасыз.-Кешіріңіз, оқу залы нешінші қабатта?-Екінші қабаттағы 3-ші зал.-Маған түсіндірме сөздіктің 5-томын беріңізші.-Міне, мынау ғой. -Иә, рахмет!

2. Оралхан Бөкей – көркем сөз өнерінің шебері. Ол1943 жылы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Катон-Қарағай ауданына қарасты Шыңғыстай ауылында туған.

Қазақтың көрнекті жазушысы Оралхан Бөкей әдебиетке өзіндік қолтаңбасымен, стиль, мінезімен келген қаламгер. Проза және драматургия жанрларында қызмет етті. Шығармалары:"Қар қызы", «Сайтан көпір», "Қайдасың қасқа құлыным", "Қамшыгер",«Жетім бота», «Бәрі де майдан үшін» жылдары «Қамшыгер»(1971), «Үркер»(1973), «Қайдасың, қасқа құлыным» «Мұз тау», «Ән салады шағылдар», «Өз отыңды өшірме», «Үркер ауып барады», «Кербұғы», «Өліара», «Атаукере»

  1. Из предл. найди обстоятелства задай вопрос определи вид. Оқуды бітірген соң Астанаға (қайда? МЕКЕН) барамын.Біз әдейі (қалай?МАҚСАТ) саған келдік.Әкем менің сөзімді үндемей отырып (қалай? ҚИМЫЛ-СЫН) тыңдады.Жарқын мен Сапар төмен (қайда? МЕКЕН) қарады.Оларды тәжірибе үшін (не үшін? МАҚСАТ) жинаған

23 билет

1. Мақал-мәтелдер 1.Өмір – үлкен мектеп 2.Мектеп – кеме, білім – теңіз. 3.Кітап - алтын қазына 4.Ұстаздан оқушы озар 5.Кітап – ғалым, тілсіз мектеп Отан 1.Отансыз адам – ормансыз бұлбұл 2.Туған жердей жер болмас Туған елдей ел болмас 3.Отан оттан да ыстық 4.Бірлігі жоқ ел тозар, бірлігі күшті ел озар. 5.Туған жердің жуасы – да тәтті

.2.Абай Құнанбаев – ұлы қазақ халқының ақыны, Семей облысы, Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген. Ол жас кезінен-ақ өлең-жыр, әңгіме, аңыз-ертегілерді құмарта тыңдап өскен. Абай Семей қаласындағы медреседе оқып жүргенде көп уақытын кітап оқуға өздігінен ізденуге жұмсайды. Шығыстың классик ақыдарының ертегі, дастан, хисса сияқты әдеби шығармалармен Абай осы кезде танысып, оларды қызыға оқыған. Осы медреседе оқуымен қатар ол өз бетінше орыстың прикодтық мектебінен сабақ алып, орыс тілін үйренеді.

Вставь нужные окончания МенІҢ әжеМ наурыз көже пісірді.Наурыз көжеНІ тауысып ішу керек. АдамДАР бір-біріне ақ тілек тілейді.ҚазақТЫҢ НаурызЫ- тұрмыс мейрамЫ. Сіз зауытта жұмысшыСЫЗ. Сендер оқушыСЫҢДАР.

24 билет 1.Абайдың өлеңі

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң, арқалан.

Сен де – бір кірпіш, дүниеге,

Кетігін тап та, бар қалан.

Қайрат пен ақыл жол табар,

Қашқанға да, қуғанға.

Әділет, шапқат кімде бар,

Сол жарасар туғанға.

2. Төлеген Тоқтаров Еліміздің еркіндігін, ар намысын қорғаған ержүрек перзентеріміздің бірі - Төлеген Тоқтаров. Ол 1920 жылы Шығыс Қазақстан облысы Таврия ауданы Қарақұдық ауылында дүниеге келген. Төлегеннің ата-анасы ашаршылық жылдарының құрбаны болған. Тоқтаров Төлеген (1920-1942), Кеңес Одағының батыры.Төлеген 275- полктың автоматшылар ротасының жауынгері болады. Өте тапқыр, ержүрек те ақжарқын жас жігіт келген күннен -ақ рота жауынгерлері арасында зор сүйіспеншілікке бөленді.

Отан гвардияшы Т.Тоқтаровқа Кеңес Одағының батыры атағын беріп, оны ерлігі жоғары бағаланды.
Т.Тоқтаров жайлы ән, опера жазылды. Лениногор полиметалл комбинатының территориясындабатырға ескерткіш орнатылған.

3. Бірақ, сондықтан, және, өйткені составь предл сэтими союзами Қар ериді, бірақ жер көгере қоймайды Мен ауырып қалдым, сондықтан мен сабаққа барған жоқпын. Көктем басталды, және күн жылына бастады. Біздің ауылға жету қиын, өйткені жол жоқ.


25 билет 1. «Дүкенде» Сәлеметсіз бе! - Сәлеметсіз бе!
- Мынау қандай дүкен? - Бұл азық-түлік дүкені. Не сатып аласыз? - Мен ірімшік, шай, сүт сатып аламын. - Сүт қанша тұрады? - Бір литр сүт жүз теңге тұрады. Міне, алыңыз.
- Рахмет, сау болыңыз. - Сау болыңыз.
2. Іс қағаздар Қазақ тіліндегі іскер қағаздардың үлгілері

І АҚПАРАТТЫҚ-АНЫҚТАМАЛЫҚ ҚҰЖАТТАР Анықтама, мәлімет, акт, байқау туралы хабарлама, релиз-өтініш, куәлік, қызметтік хат, кепілдік хат, баянжазба, түсініктеме, бағыттама хат, хабарлама хат, хаттама және т.б.

IІ АЗАМАТТЫҚ ҚАТЫНАСТАР БОЙЫНША ҚҰЖАТТАР
Шарт, сатып алу-сату шарты, келісім-шарт, сенім хат, еңбек келісім-шарты, жұмысқа қабылдау туралы өтініш, жұмыстн босату туралы, мінездеме, анкета, өмірбаян, түйіндеме және басқа.III БҰЙРЫҚТАРТағайындау туралы, іссапарға жіберу туралы, демалыс туралы, сайлау туралы, ескертулер жариялау туралы, еңбек демалысынан кері шақырып алу туралы, және т.б.IV ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ ҚҰЖАТТАР Ұйымның (мекеменің, кәсіпорынның) құрылымы және ұйымның штаттағы саны, штаттық күн тәртібі, лауазымдық нұсқаулық, «Қызметкер туралы» ереже және т.б.

3. Переведи предл. В какой форме глагол

Сіз бүгін демалыңыз.Вы сегодня отдыхайте. Жіктік жалғау ІІ жақ бұйрық рай. Көп оқысаң, көп білерсің.Много будешь читать, много будешь знать Жіктік жалғау ІІІ жақ шартты рай. Біз серуенге тоғайға барғымыз келді.Мы хотели на прогулку в лес. Жіктік жалғау І жақ қалау рай

Мектепке ертерек келсін.Пусть в школу придет пораньше Жіктік жалғау ІІІ жақ бұйрық рай

Кеште би билегім келді.На вечере я хотел танцевать Жіктік жалғау І жақ қалау рай



























Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Бұл дидактикалық материалда 11 сыныпта өтетін мемлекеттік емтихан билетттерінің  жауаптары  бір жүйеге келтіріліп жинақталған. Барлық  билеттердің үш тапсырмаларының жауаптары,  яғни бірінші тапсырмаларындағы диалог, екінші тапсырмадағы мәтін құрастыру және үшінші тапсырмадағы грамматиклық тапсырмалар да толық  жазылған. Бұл материал мұғаліидер үшін дайын құрал. Оқушылар үшін де қте қолайлы.Және де  жауаптар нақты және толық жазылған. Оқушыларға таратпа ретінде қолдануға болады. Бұл өте қажетті материал.
Автор
Дата добавления 16.04.2014
Раздел Иностранные языки
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров950
Номер материала 71464041654
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы
Eating Habits
16.04.2014
Просмотров: 949
Комментариев: 0

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх