Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Технология / Рабочие программы / Табиғи материалдардан «Құмырадағы гүл» композициясын құрастыру
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Технология

Табиғи материалдардан «Құмырадағы гүл» композициясын құрастыру

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Табиғи материалдардан «Құмырадағы гүл» композициясын құрастыру

Сабақтың мақсаты:

1. Білімдік: табиғи материалдардан «Құмырадағы гүл» композициясын құрастыруды үйрету.

2. Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту; табиғи материалдарды тиімді пайдалануға дағдыландыру.

3. Тәрбиелік: әсемдікке, сұлулыққа ықыласын арттыру.

Сабақтың көрнекілігі және қажетті материалдар: әртүрлі гүл суреттері, сәнді бүктемелер, табиғи материалдар - цитрусты жемістер (анельсин, мандарин, лимон), мата, қатырмақағаз, қарындаш, кәмпит қорабы, желім.

Еңбек нысаны: жеміс қабығын біркелкі аршып, оны дұрыстап желімдеу арқылы «Құмырадағы гүл» композициясын құрастыру.


Сабақтың барысы:

«Құмырадағы гүл» композициясын құрастыру үшін апельсин, мандарин немесе лимон жемістерінің қабығы қолданылады. Жеміс қабығын кептіріп, әрбір жеміс қабығынан екі гүл шоғын жасау үшін, көлемдерін біркелкі бөліктерге үнемдеп бөлеміз. Қатырмақағаз беті матамен қапталады. Кептірілген жеміс қабығынан жасалған гүлді ине-жіпнен тіккенде түбі мата түгінен көрінбей тұру үшін, мата бедерлі немесе түкті болғаны жөн. Мата түсі таңдалған жеміс қабығының түсіне сәйкес болғаны дұрыс.

Мұғалім жаңа сабақты оқушыларға «композиция», «панно», «икебана» ұғымдарына түсінік беруден бастайды. Өсімдіктерден композиция жасау өнерінің тарихы тереңде жатыр. Гүлді безендіру өнері VІ-VІІ ғасырларда пайда болған. Гүлдерді әсемдеп безендіру арқылы панно және икебана жасауға болады.

«Икебана» - кептірілген табиғи гүлдер болса, «панно» - кептірілген гүлдерден қабырғаға ілуге арналып жасалатын композиция. Композиция, латынша «соmpositio» - «шығару», «құрастыру», «біріктіру», «ойлап табу» деген мағынаны білдіреді. Гүлдерді әсемдеп безендіру өнері жапон мектебінде кеңінен қолданылды. Гүлшоғын құрастыруда, икебана, панно жасауда «Жоғарыда - аспан, төменде - жер, олардың арасында - адам» деген ұстанымды басшылыққа алған.

XIX ғасырдың соңында Германияда өсімдіктерден композиция құрастыру өнері пайда болды. Өсімдіктерден композиция жасау өнері қазіргі уақытта да кеңінен қолданылады.

Оқулықта суреті берілген гүлдердің атауын сұрап, сол гүлдер туралы, олардың қайда өсетіні жөнінде мағлұмат берген жөн. Оқушылардан өздеріне таныс, үлкендерден естіген гүл атауларын атап, ол гүлдердің бөлмеде, гүлзарда, аулада әлде далада өсетіндігі туралы сұрау керек.

Гүлдердің әдемілігі мен хош иісі барлығымызды сүйсіндіреді. Қауызын ашқан хош иісті гүлдерге көбелек, шыбын-шіркей де үйір болады. Әдемі гүлдердің бірі - раушан ақ, қызыл, сары, қызғылт түсті болады. Олар аулада бақшада, бөлмеде және гүлзарларда өседі. Гүлдің құрылысына келсек, ол: гүл, сабақ пен жапырақтардан тұрады. Раушангүл туралы аз-кем мағлұмат берілгеннен кейін, оқушыларға, үйлерінен әкелген жеміс қабығынан осы гүлді жасау тапсырылады.

Сарамандық жұмыс.

Мұғалім сарамандық жұмыста оқушылардың шығармашылық қабілетін, қиялын дамытып, ұқыптылыққа, өз бетінше жұмыс істеуге, туған жердің табиғатын сүюге баулиды.

Раушан гүлі өң ретінде алынған матаға ине-жіппен тігуге немесе ПВА желімімен жапсыруға болады. Оқушылар жеміс қабығын біркелкі етіп аршып, бір жемістің қабығын екі гүл шоғы жасалатындай етіп бөліп, тиісті орындарына дұрыс орналастыруын қадағалау керек. Оқушылар жұмыстың нобайын жасап, композициялық шешімді дұрыс таңдауға дағдыланады. Сәндік жұмыстарда қолданылатын элементтердің көлемі, пішіні бойынша үйлесімді орналасуы - композиция деп аталады. Композиция жасау нобайдан басталады. Гүлдер бірізділікпен кезектесіп, симметриялы қайталанып орналастырылып,

жапсырылады.

Табиғи материалдармен жұмыс істегенде ПВА желімін ғана пайдалану керек, себебі басқа желімдер өсімдіктің табиғи бояуын, сыртқы түрін бұзады.

Сарамандық жұмыс арасында оқушылардың қолдары шаршаса, гүлдер жайлы мақал-мәтел, өлең айтқызып; екі топқа бөліп, бір-біріне жұмбақ жасыртып, сергітіп алуға болады.

Мақал-мәтел

Ағаш көркі - жеміс,

Адам көркі - жақсы іс.

(С. Сарайи)

Өнер, білім, қызық жайлы ойлаңдар,

Үйренер де, ол әдетке айналар.

(Ж. Баласағұн)

Жүзіне қарама, өнеріне қара.

(М. Қашқари)

Сонымен қатар, екі топ гүлдердің атын буынға бөліп, әрбір буынға бөлгенде, шатаспай шапалақ ұру керек:

Қыз-ғал-дақ

Рау-шан

Ла-ла-гүл

' ' Нар-ғыз гүл.

Шартты дұрыс орындаған топ ұпай жинап отырады.








Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: Табиғи материалдардан «Құмырадағы гүл» композициясын құрастыру    Сабақтың мақсаты:    1. Білімдік: табиғи материалдардан «Құмырадағы гүл» композициясын құрастыруды үйрету.    2. Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту; табиғи материалдарды тиімді пайдалануға дағдыландыру.    3. Тәрбиелік: әсемдікке, сұлулыққа ықыласын арттыру.    Сабақтың көрнекілігі және қажетті материалдар: әртүрлі гүл суреттері, сәнді бүктемелер, табиғи материалдар - цитрусты жемістер (анельсин, мандарин, лимон), мата, қатырмақағаз, қарындаш, кәмпит қорабы, желім.    Еңбек нысаны: жеміс қабығын біркелкі аршып, оны дұрыстап желімдеу арқылы «Құмырадағы гүл» композициясын құрастыру.      Сабақтың барысы:    «Құмырадағы гүл» композициясын құрастыру үшін апельсин, мандарин немесе лимон жемістерінің қабығы қолданылады. Жеміс қабығын кептіріп, әрбір жеміс қабығынан екі гүл шоғын жасау үшін, көлемдерін біркелкі бөліктерге үнемдеп бөлеміз. Қатырмақағаз беті матамен қапталады. Кептірілген жеміс қабығынан жасалған гүлді ине-жіпнен тіккенде түбі мата түгінен көрінбей тұру үшін, мата бедерлі немесе түкті болғаны жөн. Мата түсі таңдалған жеміс қабығының түсіне сәйкес болғаны дұрыс.    Мұғалім жаңа сабақты оқушыларға «композиция», «панно», «икебана» ұғымдарына түсінік беруден бастайды. Өсімдіктерден композиция жасау өнерінің тарихы тереңде жатыр. Гүлді безендіру өнері VІ-VІІ ғасырларда пайда болған. Гүлдерді әсемдеп безендіру арқылы панно және икебана жасауға болады.    «Икебана» - кептірілген табиғи гүлдер болса, «панно» - кептірілген гүлдерден қабырғаға ілуге арналып жасалатын композиция. Композиция, латынша «соmpositio» - «шығару», «құрастыру», «біріктіру», «ойлап табу» деген мағынаны білдіреді. Гүлдерді әсемдеп безендіру өнері жапон мектебінде кеңінен қолданылды. Гүлшоғын құрастыруда, икебана, панно жасауда «Жоғарыда - аспан, төменде - жер, олардың арасында - адам» деген ұстанымды басшылыққа алған.    XIX ғасырдың соңында Германияда өсімдіктерден композиция құрастыру өнері пайда болды. Өсімдіктерден композиция жасау өнері қазіргі уақытта да кеңінен қолданылады.    Оқулықта суреті берілген гүлдердің атауын сұрап, сол гүлдер туралы, олардың қайда өсетіні жөнінде мағлұмат берген жөн. Оқушылардан өздеріне таныс, үлкендерден естіген гүл атауларын атап, ол гүлдердің бөлмеде, гүлзарда, аулада әлде далада өсетіндігі туралы сұрау керек.    Гүлдердің әдемілігі мен хош иісі барлығымызды сүйсіндіреді. Қауызын ашқан хош иісті гүлдерге көбелек, шыбын-шіркей де үйір болады. Әдемі гүлдердің бірі - раушан ақ, қызыл, сары, қызғылт түсті болады. Олар аулада бақшада, бөлмеде және гүлзарларда өседі. Гүлдің құрылысына келсек, ол: гүл, сабақ пен жапырақтардан тұрады. Раушангүл туралы аз-кем мағлұмат берілгеннен кейін, оқушыларға, үйлерінен әкелген жеміс қабығынан осы гүлді жасау тапсырылады.    Сарамандық жұмыс.    Мұғалім сарамандық жұмыста оқушылардың шығармашылық қабілетін, қиялын дамытып, ұқыптылыққа, өз бетінше жұмыс істеуге, туған жердің табиғатын сүюге баулиды.    Раушан гүлі өң ретінде алынған матаға ине-жіппен тігуге немесе ПВА желімімен жапсыруға болады. Оқушылар жеміс қабығын біркелкі етіп аршып, бір жемістің қабығын екі гүл шоғы жасалатындай етіп бөліп, тиісті орындарына дұрыс орналастыруын қадағалау керек. Оқушылар жұмыстың нобайын жасап, композициялық шешімді дұрыс таңдауға дағдыланады. Сәндік жұмыстарда қолданылатын элементтердің көлемі, пішіні бойынша үйлесімді орналасуы - композиция деп аталады. Композиция жасау нобайдан басталады. Гүлдер бірізділікпен кезектесіп, симметриялы қайталанып орналастырылып, жапсырылады.    Табиғи материалдармен жұмыс істегенде ПВА желімін ғана пайдалану керек, себебі басқа желімдер өсімдіктің табиғи бояуын, сыртқы түрін бұзады.    Сарамандық жұмыс арасында оқушылардың қолдары шаршаса, гүлдер жайлы мақал-мәтел, өлең айтқызып; екі топқа бөліп, бір-біріне жұмбақ жасыртып, сергітіп алуға болады.                               Мақал-мәтел                  Ағаш көркі - жеміс,                  Адам көркі - жақсы іс.                                          (С. Сарайи)                  Өнер, білім, қызық жайлы ойлаңдар,                  Үйренер де, ол әдетке айналар.                                                      (Ж. Баласағұн)                  Жүзіне қарама, өнеріне қара.                                                      (М. Қашқари)    Сонымен қатар, екі топ гүлдердің атын буынға бөліп, әрбір буынға бөлгенде, шатаспай шапалақ ұру керек:               Қыз-ғал-дақ               Рау-шан               Ла-ла-гүл ' '                      Нар-ғыз гүл.    Шартты дұрыс орындаған топ ұпай жинап отырады.               
Автор
Дата добавления 16.04.2014
Раздел Технология
Подраздел Рабочие программы
Просмотров3482
Номер материала 71475041628
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх