Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Физкультура / Рабочие программы / Дене шынықтыру сабағындағы спорттық ойындардың тәрбиелік мәні
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Физкультура

Дене шынықтыру сабағындағы спорттық ойындардың тәрбиелік мәні

библиотека
материалов

Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы

Аңқаты ЖОББ мектебінің

дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

Жумагалиев Максим Ербулатұлы


Тақырыбы: «Денешынықтыру сабағындағы спорттық ойындардың тәрбиелік мәні»

Мақсаты:

  1. Оқушыларды волейбол ойынына қызықтыру.

  2. Оқушыларды топтық, жолдастық және ұжымдық сезімдерге тәрбиелеу.

Міндеттері:

  • Оқушылардың спорттық ойындарына деген қызығушылықтарын арттыру;

  • Әрбір жаттығуды талапқа сай, әдемілеп орындауын қадағалау;

  • Волейбол ойынының ережесін жан-жақты меңгеруге жағдай жасау.

Күтілетін нәтиже:

  • Оқушылар дене шынықтыру сабағында әр жаттығуды ережеге сай орындай алады;

  • Алған білімді ұқсас және жаңа жағдайда қолдана білуге үйренеді;

  • Волейбол ойынын еркін ойнай алады.

Сабақ үш бөлімнен тұрады.

І бөлім. Дайындық бөлімі 10–15 мин.
ІІ бөлім. Негізгі бөлім 25–30 мин.
ІІІ бөлім. Қорытынды бөлім 4–5 мин

І. Дайындық бөлімі

Дайындық бөлімінде оқушыларды сапқа тұрғызып, кезекшінің рапорты тыңдалады. Қозғалыс қасиеттерін дамыту мақсатында дайындық жаттығуларын орындатамын.

Олар жүру жаттығулары:

денені түзу ұстап, басты көтере белді түзу ұстап жүру;

жүгіру жаттығулары: еркін демалып, бірқалыпты жүгіру, тек сол иықпен қарап алға жүгіру, әрбір жаттығуды талапқа сай әдемілеп орындау;

қозғалыстағы жаттығулар: денені түзу ұстап, қолды иықтың деңгейінде ұстау;

орында орындалатын жаттығулар: басты жоғары көтеріп денені түзу ұстау.

Бұл дайындық жаттығулары бірнеше рет орындалады.


ІІ. Негізгі бөлім

Негізгі бөлімде, волейбол ойынын ойнау кезеңінде допты жоғарыдан және төменнен екі қолмен қабылдауды үйретемін. Допты жоғарыдан және төменнен екі қолмен қабылдауды үйрету үшін, оқушыларды бір-біріне арақашықтығы 6–7 метрден бетпе-бет қаратып, допты жоғары лақтырып, қайтадан қабылдатып, арықарай қарсыласына көтеріп бергіземін. Арақашықтығы 7–8 метрден оқушы допты жоғары көтеріп сыныптасына береді, сыныптасы допты қолын көтеріп қабылдап, қайта береді.

Келесі кезеңде оқушыларға допты еденге ұрып сыныптасына беруді, сыныптасы допты жоғарыдан қабылдап, ұстап қайта еденмен беру жаттығуларын орындатамын.

Допты төменнен қабылдауды үйрету үшін, оқушының екі қолмен төменнен допты қабылдау тұрысын көрсетіп, келесі жаттығуларды орындатамын.

Оқушы сыныптасының қолына допты беріп, екі қолмен қабылдап, қайта береді. Оқушылар арақашықтығы 8–10 м жерден қарама-қарсы тұрып, бірінші номерлі оқушы допты жоғарыдан қабылдап, екінші номерлі оқушы допты төменнен қабылдауды үйренеді. Сабақ соңына қарай оқушылар ережемен волейбол ойнайды.


ІІІ. Қорытынды бөлім

Қорытынды бөлімде оқушыларды спорт залда жай жүгіртіп, демдерін алғызып, сапқа тұрғызып, сабақты қорытындылаймын. Үйге тапсырма ретінде мысалы: доппен жаттығулар жасау және ұлдарға 8–10 рет тартылу, қыздарға 25–30 рет дене көтеру жаттығуларын беріп, сабақты аяқтаймын.










Краткое описание документа:

Тақырыбы:  «Дене шынықтыру сабағындағы спорттық ойындардың тәрбиелік мәні» Мақсаты: 1.     Оқушыларды волейбол ойынына қызықтыру. 2.     Оқушыларды топтық, жолдастық және ұжымдық сезімдерге тәрбиелеу. Міндеттері: ·       Оқушылардың спорттық ойындарына деген қызығушылықтарын арттыру; ·        Әрбір жаттығуды талапқа сай, әдемілеп орындауын қадағалау; ·        Волейбол ойынының ережесін жан-жақты меңгеруге жағдай жасау. Күтілетін нәтиже: ·       Оқушылар дене шынықтыру сабағында әр жаттығуды ережеге сай орындай алады; ·       Алған білімді ұқсас және жаңа жағдайда қолдана білуге үйренеді; ·       Волейбол ойынын еркін ойнай алады. Сабақ үш бөлімнен тұрады. І бөлім. Дайындық бөлімі 10–15 мин. ІІ бөлім. Негізгі бөлім 25–30 мин. ІІІ бөлім. Қорытынды бөлім 4–5 мин І. Дайындық бөлімі Дайындық бөлімінде оқушыларды сапқа тұрғызып, кезекшінің рапорты тыңдалады. Қозғалыс қасиеттерін дамыту мақсатында дайындық жаттығуларын орындатамын. Олар жүру жаттығулары: денені түзу ұстап, басты көтере белді түзу ұстап жүру; жүгіру жаттығулары: еркін демалып, бірқалыпты жүгіру, тек сол иықпен қарап алға жүгіру, әрбір жаттығуды талапқа сай әдемілеп орындау;  қозғалыстағы жаттығулар: денені түзу ұстап, қолды иықтың деңгейінде ұстау;                             орында орындалатын жаттығулар: басты жоғары көтеріп денені түзу ұстау. Бұл дайындық жаттығулары бірнеше рет орындалады.   ІІ. Негізгі бөлім Негізгі бөлімде, волейбол ойынын ойнау кезеңінде допты жоғарыдан және төменнен екі қолмен қабылдауды үйретемін. Допты жоғарыдан және төменнен екі қолмен қабылдауды үйрету үшін, оқушыларды бір-біріне арақашықтығы 6–7 метрден бетпе-бет қаратып, допты жоғары лақтырып, қайтадан қабылдатып, арықарай қарсыласына көтеріп
Автор
Дата добавления 16.04.2014
Раздел Физкультура
Подраздел Рабочие программы
Просмотров668
Номер материала 71657041655
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх