Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Другие методич. материалы / Статья о работе детского сада
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Иностранные языки

Статья о работе детского сада

библиотека
материалов

БҚО, Ақжайық ауданы,

МКҚК «Ақ бота» мектепке дейінгі ұйымы,

Тлекбаева Айгүл Жексенқызы-балабақша әдіскері

Баланы балабақшаға келуге дайындау және

бейімдеу жолдары

(Мектепке дейінгі ұйым психологтарына кеңес)

Танымайтын ортада жарты сағат болудың өзі балаға өте ауыр тиеді. Сондықтан алғаш балабақшаға барған бала жаңа ортаға бірден бейімделіп кете алмайтындықтан, ата-аналарға бірнеше ақыл- кеңес ұсынамыз:

  • Баланыды бөгде (таныс емес) адамдармен, үлкендермен, балалармен қарым - қатынас жасауға бейімдеңіз.

  • Балалар саябағына, мерекелерге, ойын алаңдарына үнемі апарып, құммен ойнауға үйретіңіз.

  • Достарының туған күніне балаңызбен бірге барып, өзін қалай ұстайтынын бақылаңыз (ұялшақтығы, балалармен тіл табысуы, еркін сезінуі т.б.)

  • Мамандардың айтуынша баланың балабақшаға баруы өте маңызды. Балабақшада тәрбиеленген бала мектепке баруға ғана дайындалып қоймай, психологиялық әлеуметтік тұрғыдан да дайындалады. Егер қолыңыз бос болса, баланы төртке толғанша анасы өзі баққаны дұрыс. Себебі, бұл жасқа дейін сәби анасына тым жақын болады да, анасынан бөлек өмірге көнгісі келмейді, қыс бойы ауырып, мазасы кетеді.

  • Балаңызды балабақшаға берердің алдында балабақшамен және тәрбиешімен, балалармен таныстырып, баланың назарын таныс ойыншықтарға аударыңыз. Балаңызға не ұнайтынын, не ұнамайтынын, қандай дағдыларды меңгергендігін, қандай көмек керек екендігін, мадақтау мен жазалаудың қандай түрін қолдану тиімді екендігін анықтап алыңыз.

Баланың балабақшаға үйренуі үш деңгейде қарастырылады:

  1. Жеңіл үйрену. Бала жаңа ортаға бір айдың шамасында бейімделеді. Мұнда бөбектің тамаққа тәбеті бір аптаның ішінде, ұйқысы 1-2 аптаның ішінде үйдегі үйреншікті қалпына түседі. Аяқ астынан ауыруға ұшырамайды.

  2. Жеңілдеу үйрену. Баланың ұйқысы мен тамағы 20-40 күн шамасында бұрынғы қалпына келеді. Ай бойы қит етсе көңіл-күйі бұзылып, жылай береді.

  3. Ауыр үйрену. Күні бойы жылап сықтаудан көз ашпайды. Тәрбиеші үнемі көтеріп, не жетектеп жүруді талап етеді. Жүйкесіне жүк түскен сәби ауыруға шалдығады. Психикасы ьұзылып, ой-өрісінің дамуы тежелуі мүмкін. Ондай жағдай болмау үшін ата-ана төмендегі жағдайларды ескеру керек:

    • Алғашқы күні балаңызды балалардың серуені кезінде

    • алып келіңіз. Бұл орын үйіңіздің алдындағы аулаға ұқсайтындықтан, бала көп жатсына қоймайды, балалармен, тәрбиешімен танысуға ыңғайлы.

    • Егер бала бейтаныс адамдарға жақындамаса, күштеп, зорлап әрекет жасаудан аулақ болыңыз. Бала бейтаныс адамдарға біртіндеп үйренеді.

    • Балаңыз балабақшаға алғаш келген күні жалғыз қалдырмаңыз. азғана уақыт болса да, балаңыздың қасында болыңыз. Жаңа ортада анасының қасында болуы баланың сенімділігін арттыра түседі.

    • Баланың балабақшада болатын уақытын көбейте отырып, үйдегі жағдайды балабақшадағы күн тәртібіне ұқсас ұйымдастырыңыз, балаңызды өз бетімен киінуге, шешінуге, тамақтануға, беті – қолын жууға т.б. үйретіңіз.

    • Басқа балалардың жылағанын көрмес үшін балаңызды балабақшаға сәл кештеу әкеліңіз. Алайда бұл жөнінде тәрбиешімен ақылдасып алуды ұмытпаңыз.

    • Кешке жақын балаңызды балабақшадан алып қайтарда ата-аналар балаларына қалай келетінін, қандай көңіл- күймен қарсы алатынын, балалар бір- бірімен қалай қоштасатынын бақылаңыз. Бұл балаңыздың балабақшаға еркін келуіне жол ашады.

    • Балабақшадан қайтарда балаңыздан кіммен достасқаны, қандай ойыншықпен ойнағаны туралы сұрап біліңіз. Жақсы істеріне үнемі қолдау көрсетіп отырыңыз.

    • Алғашқы аптада балаңызды уақытында алып кетіп жүріңіз. Бала балабақшада жалғыз қалып қойса, қорғансыз, керексіз адам ретінде сезінеді, балада айналасындағы адамдарға деген сенімсіздік пайда болады.

    • Үйде балаңызбен бірге балабақша туралы ойын ойнаңыз. Балабақшада ойыншықтар қайда тұратынын, қандай ойыншықпен ойнағысы келетінін біліңіз, достарын табуға көмектесіңіз. Ойын арқылы балаңыздың балабақшадағы қиындықтарын шеше аласыз.

    • Балаға балабақша туралы әңгіме айтсаңыз өтірік, жоқ нәрселерді айтпаңыз, бақшаға қатысты барлық оқиғаны шынайы бейнелеңіз.

    • Таңертең баланы балабақшаға алып барғаннан кейін ұрланып, қашып кетпеңіз. Бала оны сатқындық деп қабылдайды. Баламен өзіңіз де тыныш, сенімді, әрі көңілді күйде қоштасыңыз.

    • Балаңыз балабақшаға үйренгеннен кейін, көз жасына ешқандай мән бермеңіз, байыпты, салмақты көзқараспен қараңыз. Мұндай жағдай баланың ұйқысының қанбауынан, көңіл-күйінің төменділігінен т.б. себептерден болады.



Балабақшаға барған баланың жетістіктері:

Бала балабақшадан көп нәрсені үйренеді. Ақыл-ой жағынан да, дене дамуы жағынан да жетіліп, эмоциялары мен сезімдері дамиды. Тәрбиеші балаларға балалармен, үлкендермен қарым-қатынас жасауды үйретеді. Бала жаңадан үйренген, көргіп-білген, меңгерген мәліметтерден кешке шаршайды. Сондықтан, бала үйде жақсы тынығу үшін ата-ана жағдай жасау керек. Бала күні бойы ата- анасын көрмейтіндіктен, кешкісін үйде балаңызбен азғана уақыт болса да, бірге болуға жағдай жасаңыз. Балабақшаға барған бала танымайтын адамдардың ортасында өзін еркін сезіне алатын болады.


Краткое описание документа:

БҚО, Ақжайық  ауданы,  МКҚК   «Ақ бота» мектепке дейінгі ұйымы,                                        Тлекбаева Айгүл  Жексенқызы-балабақша әдіскері Баланы балабақшаға келуге  дайындау және бейімдеу жолдары (Мектепке дейінгі ұйым психологтарына кеңес)         Танымайтын ортада жарты сағат болудың өзі балаға өте ауыр тиеді. Сондықтан алғаш балабақшаға барған бала жаңа ортаға бірден бейімделіп кете алмайтындықтан,  ата-аналарға бірнеше ақыл- кеңес ұсынамыз: ·        Баланыды бөгде (таныс емес) адамдармен,  үлкендермен, балалармен қарым - қатынас жасауға бейімдеңіз. ·        Балалар саябағына, мерекелерге, ойын алаңдарына үнемі апарып, құммен ойнауға үйретіңіз. ·         Достарының туған күніне балаңызбен бірге барып, өзін қалай ұстайтынын бақылаңыз (ұялшақтығы, балалармен тіл табысуы, еркін сезінуі т.б.) ·        Мамандардың айтуынша баланың балабақшаға баруы өте маңызды. Балабақшада тәрбиеленген бала мектепке баруға ғана дайындалып қоймай, психологиялық әлеуметтік тұрғыдан да дайындалады. Егер қолыңыз бос болса, баланы төртке толғанша анасы өзі баққаны дұрыс. Себебі, бұл жасқа дейін сәби анасына тым жақын болады да, анасынан бөлек өмірге көнгісі келмейді, қыс бойы ауырып, мазасы кетеді. ·        Балаңызды балабақшаға берердің алдында балабақшамен және тәрбиешімен, балалармен таныстырып, баланың назарын таныс ойыншықтарға аударыңыз.  Балаңызға не ұнайтынын, не ұнамайтынын, қандай дағдыларды меңгергендігін, қандай көмек керек екендігін, мадақтау мен жазалаудың қандай түрін қолдану тиімді екендігін анықтап алыңыз.
Автор
Дата добавления 17.04.2014
Раздел Иностранные языки
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров838
Номер материала 73136041730
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх