Инфоурок Иностранные языки Конспекты»Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында, сыныптан тыс шараларда оқушыларға патриоттық тәрбие беру»

»Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында, сыныптан тыс шараларда оқушыларға патриоттық тәрбие беру»

Скачать материал

 

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушыларды патриоттық санада тәрбиелеу.

Жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің бағдарлы идеялары еліміздің Президенті Н.Назарбаевтың «Тәуелсіздік белестері» жинағында « .... біз Қазақстанның барлық азаматтарының сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз», «...  аса маңызды идеологиялық міндетіміз -  қазақстандық отаншылдыққа тәрбиелеу»

Патриоттық тәрбиені ойға алғанда бірінші санаға Отан түсінігі келеді. Отанға құрмет көрсету тұрғысындағы патриоттық сезім жалпы адам баласына тән туған түйсік-қасиет, оның еліне, туған жеріне,  өз тілі мен мәдениетіне, ұлттық құндылықтарына жеке қатынасын, өзіндік бағасын, қуаттап-қолдауын пайымдайтын сезім көрсеткіші болып табылады. Патриоттық сезімнің нысаны мен қайнар көзіне Отан, туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі ұлттық құндылықтар жатады.

Отансүйгіштік – Отан, ел деген сөздерден шыққан. Ол Отанға, елге, туған жерге, халыққа деген сүйіспеншілікті білдіретін жиынтық ұғым. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні сабағында оқушыларға патриоттық тәрбие беруде «№ 3 орта мектебі» КММ әдістемелік бірлестік мұғалімдері  төмендегідей бағыттарды басшылыққа алады:

1.     Патриоттық білім.

2.     Патриоттық сана.

3.     Патриоттық іс – әрекет.

«Білім – патриотизм негізі» ұстанымымен оқыту үрдісінде қазақ тілі мен әдебиеті сабағында патриоттық – азаматтық тәрбие берумен ұштастыра жүргізеді.

Патриоттық сана сабақта және сабақтан тыс Отанды сүю, елін қорғау ұғымында оқушылар бойындағы игілікті құлшыныстар мен сезімді ояту, жандандыру, олардың болмысына, ерік – жігері мен парасатына ықпал ету, Қазақстанның гүлденуіне деген ұмтылысын, адам бойындағы парыз сезімін ұштап, тәрбиелеуге бағытталады. Қазіргі қоғамдағы патриоттық сана екі топтан тұратын біртұтас жүйе ретінде беріледі:

-      Оқушылардың сана сезімін өз ұлтының мәдениеті мен өз ана тілін, мемлекеттік тілді меңгеру кезінде дамыту;

-      Әлемдік өркениет жетістіктерін, жалпыазаматтың қасиеттер жүйесін меңгеру негізінде дамыту;

Патриоттық іс – әрекет – тұлғаның мұқтаждары немесе психикалық үдерістерін қанағаттандыруға бағытталған іс – әрекет.

Оқушыны патриоттық санада тәрбиелеу сабақтың басынан бастап өн бойы жүргізіледі. Сабақты: «Сен қазақ тілін үйренуің керек. Сен қазақ елінің азаматысың. Сен Қазақстанда тұрасың.  Қазақ тілі сенің екінші ана тілің болуға тиіс» - деген ой тастаудан бастаймыз. Мұндай ой тастауды үнемі қолдану патриоттық сезімді оятады. Оқушыларға ел сүйгіштік, ата – ананы сүю, Отанды сүю мәселесінде сабақтарда мемлекеттік рәміздерді, халық ауыз әдебиетінің батырлар жыры, қиссалар, ертегілер, ұлттық спорт ойындары, ұлттық салт – дәстүрлер, Отан қорғау ел бірлігі, осыған байланысты нақылдар, мақал – мәтелдер, ұлылар сөзі т.б. арқылы оқушылардың патриоттық сана – сезімі қалыптасады. Мақал – мәтелдер – халық даналығы, ғасырлар шежіресі, сондықтан оқушыларға қазақ тілін оқыту барысында міндетті түрде мақал – мәтелдерді үйрету қажет деп санаймыз, өйткені мақал – мәтелдерсіз халықтың тарихын, мінезін, асыл – өнегесін түсіну мүмкін емес. Мақал – мәтелдерді оқып, орысша баламасын табу, өз тарапынан сөйлеуде пайдалану. 7 қысқы Азиада ойындары туралы 3 сынып оқушыларымен өткізілген сабақ арқылы елжандылыққа, отаншылдық рухта тәрбиелеу және мақтаныш сезімге бөлейді, себебі алтын, күміс және қола медалдарының иегерлері, Қазақстан Республикасының намысын қорғаған жеңімпаз спортшыларымыздың көбі біздің туған Риддер қаласынан, оның ішінде осы № 3 орта мектебі түлектері.Оқушыларға патриоттық тәрбие беруде биылғы оқу жылы көлемінде Қазақстан халқының тілдері мерекесіне орай «Тілге құрмет – елге құрмет» , 10 сыныптар арасында «Тілге құрмет -  тәуелсіздікке құрмет», «Астана – болашағы үлкен қала»  тақырыбына шығармалар сайысы, «Тәуелсіздіктің 20 жылдығына – 20 жарқын іс – шара» аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәндері апталығы, қалалық білім беру бөлімі тарапынан бастауыш сыныптар арасында өткізілген «Тілге құрмет – тәуелсіздікке құрмет» қалалық сайысы, оқушыларға рухани – адамгершілік тәрбие беруден қалалық семинар өтті. Қазақ тілі мұғалімі О.С.Козыреваның ұйымдастыруымен өткізілген «Желтоқсан – тәуелсіздік тарихымыз» әдеби – сазды кешінде оқушылар еліміздің тарихы мен жеткен жетістіктері жайлы оқушылар өлең жолдарымен айтты.

 

 

 

 

 А.Ш. Отарбаева 4 сыныптар арасында «Бақытты сәт» атты сайыс жүргізді, оқушылар өз білімдерін ән айту, би билеу, ұлттық ойындар ойнау, өлеңді нақышына келтіріп оқу арқылы ортаға салды.

 Мерекелік шаралар А.А. Құмарова, Ш.Б. Мұқанова, Г.С.Мыспаева, А.В.Салимованың ұйымдастырылуымен болған сайыстармен жалғасын тапты. Апталық 14 желтоқсанда Риддер қалалық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен болған «Тілге құрмет – тәуелсіздікке құрмет» атты бастауыш сыныптар арасында өткен мемлекеттік тілді білу сайысымен ұштасты. Қазақ мәдениеті мен әдебиетіне деген өзге ұлт өкілдерінің ынтасын ояту, қазақстандық  рухани бірлікті қуаттау, Отансүйгіштік сезімді арттыру мақсатында өткізілген сайысқа қала мектептерінен 13 үміткер қатысып, үш  кезеңнен тұратын сайыстың шарты бойынша бірінші кезекте өзін өзі таныстыру, 2 – Отан, туған жер туралы өлеңді мәнерлеп оқу, 3 – белгілі бір тақырыпқа диалог құру бойынша мемлекеттік тілде сөйлеу мәнерімен көпшіліктің ризашылығына ие болған үміткерлер әділқазылар шешімімен І орынды № 3 орта мектебінің 3 сынып оқушысы Завьялов Кирилл (мұғалімі Қашқынбаева К.С.) иеленді.Яғни, патриоттық тәрбие беру сабақта ғана шектеліп қалмай, мектепте, мектептен, сабақтан тыс шараларда да жүзеге асырылады.Ол 3 бағытта жүзеге асады:

Саяси бағыт – қалалық тілдер бөлімі, қалалық білім беру бөлімі тарапынан өткізілетін «Абай оқулары», «Махамбет оқулары» ,«Үш тұғырлы тіл»  байқаулары, 9 мамыр Жеңіс күніне арналған шеру, Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған шаралар т.б.

Мәдени бағыт – тілдер фестивалі, мәнерлеп оқу сайыстары, наурыз мерекесі, халықтар бірлігі мерекесі т.б.

Пәндік бағыт – мектепішілік, қалалық, облыстық олимпиадалар, Дарын орталығының интеллектуалдық сайыстары, ғылыми іздену жобалар сайысы т.б.

2011 – 2012 оқу жылында ҚР халықтарының Тілдері мерекесіне орай қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Қашқынбаева К.С., Құмарова А.А. 3 сыныптар арасында «Үш бақытым» тақырыбына мәнерлеп оқу сайысын өткізді.

 

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің ұйымдастырумен үгіт – насихат топтары, ауызша жұрнал, интеллектуалды ойындар да жиі өткізіліп тұрады. Жыл сайын Ұлыстың ұлы күні – наурыз мерекесіне орай оқушылардың қатысумен салт – дәстүрлер, ұлттың ойындар арқылы патриоттық тәрбие береді.

 

 

Қорыта айтқанда, оқушылармен жоғарыда баяндалғандай іс – шараларға қатыстыра отырып, олардың көкейіне осындай іс – әрекеттерімен ой сала білсек, үлгі көрсетсек, заманға сай, қоғамға керекті азамат, отансүйгіш, елсүйгіш азамат, елге қызмет ететін қайраткер тәрбиелейміз.

 

 

Қазақ тілі және әдебиеті пәні ӘБ жетекшісі Отарбаева А.Ш.

15.04.2014  жыл

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "»Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында, сыныптан тыс шараларда оқушыларға патриоттық тәрбие беру»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Заместитель директора

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Оқушыларға патриоттық тәрбие беруді қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында, сыныптан тыс, сабақтан тыс шараларда өз туған жері, Отаны, туған елі туралы тақпақтар, өлеңдер жатқа айту арқылы, қазақ халқының салт - дәстүрлерін, ұлттық ойындарын сахналық қойылымдар арқылы беруге болады. Шаралар орыс тілді мектептерде жүргізілетін болғандықтан, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуына, балалардың өздерін сахнада, сыныптастары алдында ұстай алуына көп назар аударылады. Шараларға дайындалу барысында мұғалімдерге көмекке сынып жетекшілері, ата - аналары келеді. Ата - аналары ұлттық киімдер дайындауға, шараларды фотоға, бейне таспаға түсіруге көмектессе, сынып жетекшілері ертегі қойылымдарына жаттығу жасауға көмектеседі. Себебі әр сынып жетекшісі, егер екі сынып конкурсқа түскен жағдайда, өз оқушыларының жеңіске жеткенін қалайды. Патриотизмге тәрбиелеу кез келген сабақта, әсіресе Тәуелсіздікке орай, Наурыз мерекесіне орай және т.б.өткізілетін шараларда көрініс табады. Оқушылар осындай шараларға қызыға қатысады. Мен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері әдістемелік бірлестігінің жетекшіісі ретінде Наурыз мейрамына орай өткізілген шаралардан үзіндіні назарларыңызға ұсынып отырмын.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 076 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.04.2014 2690
    • DOCX 14 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Отарбаева Алмаш Чаймардановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Отарбаева Алмаш Чаймардановна
    Отарбаева Алмаш Чаймардановна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2325
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Основные методики обучения немецкому языку

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 82 человека

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания русского языка как иностранного

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 166 человек

Курс повышения квалификации

Английский язык для IT-специалистов

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 149 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 66 человек

Мини-курс

Неорганическая химия

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов

Мини-курс

Организация и планирование воспитательной работы в СПО

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Физическая культура и спорт: методика, педагогика, психология

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек