Инфоурок / История / Другие методич. материалы / Творческая работа «Түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық дағдыларын қалыптастыру»
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям рекомендуем принять участие в Международном конкурсе «Я люблю природу», приуроченном к году экологии. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

СЕГОДНЯ (15 ДЕКАБРЯ) ПОСЛЕДНИЙ ДЕНЬ ПРИЁМА ЗАЯВОК!

Конкурс "Я люблю природу"

Творческая работа «Түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық дағдыларын қалыптастыру»



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ Творческая работа.doc

библиотека
материалов

Түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың

шығармашылық дағдыларын қалыптастыру


Бастауыш мектеп – бұл оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қатар жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан да бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің “Қазақстан - 2030” жолдауында:
“ ... Оқушыларды қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет. Бүгіннен бастап, ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тәкапарлық, тектілік, білімділік, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек ”, - деген болатын.

Халыққа білім беруді қайта құру кезіндегі басты жұмыстардың бір саласы,оқу-тәрбие жұмысының негізгі түрі – сабақ формалары мен оның құрамын жетілдіру, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін іздестіру делінген. Қазіргі кезде бастауыш мектепте оқыту, мазмұнын жаңарту жұмыстары жүргізіліп, оқыту, тәрбиелеу , дамытудың жаңа мүмкіндіктері ашылуда.

Өмірге еніп жатқан жаңалықтар келешек ұрпақтың еркін дамуын, жан-жақты білім алуын, белсенді, шығармашыл болуын талап етеді.Осыған байланысты оқыту мазмұнын, түрін, әдісін таңдай білу қажеттігі туады. Бастауыш сыныптардан бастап баланы өмірге дайындау, тәрбиелеу жоғары орынға қойылуда. Баланы әсемдік дүниесіне енгізу, оның бойындағы қабілетін ашу, одан әрі дамыту – оқыту қажеттігі туып отыр.

Мұғалім бағдарлама көлемінде білім беріп қана қоймай , шығармашылық жұмыстар арқылы баланың дамуын қамтамасыз етуі керек.

Дамыта, тереңдете оқыту оқулық мазмұны мен оны оқыту әдістерімен жүзеге асады. Ендеше бастауыш сыныптарда жүргізілетін негізгі жұмыстың бір түрі – оқушылардың тілін дамыту жұмыстарын тереңдете жүргізу. Төменгі сынып оқушыларының келешекте алатын білімі мен тәрбиесінің деңгейі де, көбінесе олардың осы бастауыш сыныптардағы тілі мен ойының даму дәрежесіне байланысты болып отырады. Оқушылардың тілін дамыту жұмыстарын тереңдете жүргізу сауат ашудың алғашқы сабағынан басталып,оқытудың барлық кезеңдерінде үзбей жүйелі жүргізілу нәтижесінде ғана бір қорытынды береді.

Білім негізі бастауышта қаланды десек, ұрпақ тәрбиесі алдында бастауыш сынып мұғалімдерінің жауапкершілігі орасан зор. Күнде өзгеріс болып жатқан бүгінгі таңда халқымыздың арғы – бергі тарихы мен дәстүрін, бүгініміз бен келешегімізді қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, белсенді, шығармашыл адамдар қажет.
Сондықтан сабақтарда тек білімдік мақсаттарды ғана шешіп қоймай, балалардың жекелік қасиеттерін, қабілеттерін дамытудың жолдарын қарастырған жөн. Ол үшін сабақтарда түрлі қызықты ойындар,



шығармашылық тапсырмалар, логикалық тапсырмалар пайдаланудың мәні зор.


Ұлттық тәлім – тәрбие беру арқылы оқушыларды өздігінен шығармашылықпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту тақырыбында шығармашылық жұмыспен айналысамын. Оқушыны жан-жақты жетілген, өз бетімен әрекет ете алатын, шығармашыл-ізденімпаз тұлға болып қалыптасуына жағдай жасау мақсатындағы міндеттері: шығармашылық белсенділік пен суреткерлік қиялын жетілдіру.
Ұлттық ерекшелігін, дәстүрін зерделей білетін оқушыларды тәрбиелеу. Олардың бойына өз халқының игілігін дарыту. Оқушыларды осындай өзіндік ізденіске жетелей отырып, шығармашылыққа баулудың сыннан өткен мына дай түрлерін қолданамын.

Енді осыларға жекелей тоқтала өтсем. Өлең құрастыру – бастауыш снып оқушыларынгың ой шапшаңдығын арттырады. Ол үшін ең алғаш “Ұйқас” деген сөздің мағынасын түсіндіріп, оқыған өлеңдегі ұйқастарды тауып, қалай жазылып тұрғанын талдаудың мәні зор.

Мысалы: Мұғалім: а-а-а ...

Оқушылар: Қызыл алма,

Мұғалім: у-у-у ...

Оқушылар: жақсы оқу, деп жалғастырады.

Берілген тақырып бойынша өлең жазу төмендегі әдіс бойынша жүргізіледі.

Мысалы: бір жол беремін.

Жаз келді алақай,

Қуанды балақай.

Орманда, тоғайда

Өсіпті қалақай, - деген (мүмкін басқаша) өлең жолы шығуы мүмкін.

Ойдан ертегі, әңгіме құрастыру оқушылардың қиялын дамытады. Алғашқыда сурет бойынша әңгіме құрудан басталған жұмыс бірте-бірте күрделене түседі. Бұдан соңғы кезеңдерде оқыған ертегінің мазмұнын өз қалауынша өзгерту, басқаша аяқтау, мақал-мәтелдер мазмұнына сәйкес әңгіме құрастыру сияқты болып жалғаса береді.

Кейіпкерді мүсіндеу арқылы да шығармашылыққа үйретуге болады. Мүсіндеу арқылы бала кейіпкерді өз қабылдауы бойынша бейнелейді, шығармашылық кезеңнің барлық сәттерін бастан кешеді. Ауызша суреттеу жұмысын белгілі бір тақырыпты оқып болған соң ондағы кейіпкерлерді, құсты, аңды, жануарды суреттеуден бастаған жөн.Әр оқушы оны қалай салыстыратындығын өзінің елестеуі бойынша әңгімелеп береді.

Диафильм құрастыру – яғни суретті шығарма. Диафильм баланың байқағыштығын, зейінін тәрбиелейді. Диафильм құрмас бұрын оның неше кадрдан тұратынын анықтау керек. Оны әңгімелі бөліктерге бөліп, белгілейді. Бөліктерге ең негізгі сөйлемді жазады. Сосын әр бөлікке ауызша суреттер салынады.

Баланың қабілеттерін дамытудың негізгі кілттерінің бірі – драммалау. Балалар шығарманың кейіпкерлеріндей өздерін сезіну арқылы тәжірибе


жинақтайды, мінез-құлығын қалыптастырады. Драммалау балалардың ойын, тілін дамытады. Олардың қоршаған дүниеге деген көзқарасын қалыптастырады, сезімдерін, қабілеттерін дамытады.

Сөзді әлдендіру үшін, баланың тілін дамытып, шығармашылық қабілетін арттыру үшін мақал-мәтелдер қолданылады. Мақал – мәтелді пайдаланудың әр түрлі жолдары бар.

Жұмбақ айтып, шешуі бойынша мақал айту, оқиғаға байланысты мақал-мәтел айтып, өзі ойлап шығару, керісінше мақал-мәтелге сай келетін оқиға ойластыру. Сурет бойынша бірнеше мақал айту.

Сонымен бірге белгілі бір затты жасырып айтып, жұмбақ құрастыру танымды ойындар (сөзжұмбақ, ребус, метеграмма) құрастыру. Оқушылардың қызығушылығын арттырып, шығармашылық логикалық ойлау қабілеттерін дамытады. Осындай әдіс-тәсілдерді үнемді жүргізу шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы талант көзін ашып, тілін байыту, қиялын ұштау мен өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді.

Сондықтан әрбір оқушының шығармашылық күш-қуатын толық пайдаланып жұмыс істеуіне, өз күшіне сенімділігін, еңбегінің қуанышын сезіне білуіне ықпал ететін әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып оқушылардың өздігінен шығармашылықпен жұмыс істеуіне көп көңіл бөлемін.Соның нәтижесінде оқушыларымның шығармашылық жұмыстары республикалық,қалалық газет-журналдарға жариялануда.

Жоғарыда айтылған шығармашылық қабілеттерін дамытудың әдіс- тәсілдерін әр сыныпқа сай кеңейтіп қолдану арқылы және оны белгілі бір өлшеуіш деңгейі арқылы бағалау барысында бастауыш буын моделі анықталады.

Фhello_html_m3fb94a18.gifункционалдық, Құндылықтар
сауаттылық базасы

hello_html_m3ae9770f.gifhello_html_m3ae9770f.gifӨз Отанының патриоты болады,
азаматтық белсенділік көрсетеді.
Өз халқының мәдениетін бағалай және
түсіне біледі.
Әртүрлі жағдайларда сын көзімен
қарап, талдау дағдылары қалыптасып
және жауапты шешім қабылдайтын
болады.
Салауатты өмір салты және бос
уақытын үнемді ұйымдастыруға
дағдыланады.
Қоршаған ортаға және әлемге
эстетикалық қабылдауы қалыптасады.
Туындаған проблемаларды шешуге
қажетті ақпараттарды таба және
пайдалана біледі.
Өздігімен бақылау, тексеру, бағалауды

жүзеге асырады.


hello_html_m65d981fd.gifӨзіндік іс-әрекет Танымдық іс-әрекет





Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Тұрғанбаева Б. А. Шығармашылық қабілеттер және дамыта оқыту.

Алматы, 1999

2.Тұрғанбаева Б.А. Ұстаздық шығармашылық. Алматы , 2007

3.Кіші жастағы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.

Алматы , 1998

4. «Қазақстан мектебі» журналдары, 2,7. 2007

5. Бастауыш мектебі №7-8 14-23 беттер.

Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Краткое описание документа:

Представлена статья «Түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық дағдыларын қалыптастыру», в которой рассказывается какие виды работ нужно делать с детьми начальной школы, на уроках литературы, познания мира, математики, развития речи, чтобы у них развивалось творчество, самостоятельность, фантазия, воображение. Развивался интерес к предмету, окружающей среде, появлялось желание творить. Материал представлен на казахском языке и предназначен для школ с казахским языком обучения.

Общая информация

Номер материала: 73979041805

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>