Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Сабақтың тақырыбы:“Темекі мен арақтан, аман болшы балапан!”
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

Сабақтың тақырыбы:“Темекі мен арақтан, аман болшы балапан!”

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: “Темекі мен арақтан, аман болшы балапан!”

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділігі: «Бірінші байлық- денсаулық». Олай болса, «Қазақстан-2030» бағдарламасында көрсетілгендей өркениетті елдің әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал- ахуалы жақсы болуы үшін зиянды әдеттерден ішімдік, шылым шегушіліктен жерітіп, денсаулыққа, болашақ ұрпаққа жау екендігін ұғындыру.

2. Тәрбиелігі: Маскүнемдіктің зардаптары. Маскүнем ата-аналардан туған балалар ұмытшақ, алаңғасар, халқымызға пайдасыз болып өмірге келетінін жете түсіндіру.

3. Дамытушылығы: Темекінің, арақтың зиянына ғылыми дәлелденген деректер бойынша нақты фактілермен көз жеткізу. Өркениетті елімізге лайықты зиянды әдеттерге қарсы күресетін, білімді де тәрбиелі тұлға қалыптастыру.

Сабақтың көрнекілігі: Жасөспірімдерге арналған ереже,    темекіден, арақтан  болатын аурулар,  “темекінің, арақтың  адам ағзасына зияны” тақырыпта түсірілген видеороликтер, суреттер,   ұлы адамдар сөзінен цитаттар .

Сабақтың түрі: Сот сабағы

 

Сабақтың барысы:

Егер адамдар өздерін өздері арақ- шарап,

темекі, апиындармен еліртпей, есіртпей

уландыра бермесе, онда біздің өмірімізде

арман ететіндей бақытты өзгеріс болар еді.

(Л.Н.Толстой.)



Мұғалім сөзі: - Қазіргі кезде елімізде темекі шегу, маскүнемдік  және оларға  қарсы күрес жүргізу негізгі мәселенің біріне айналды. Темекіге әуесқойлық, әсіресе, жасөспірімдердің арасында қатты етек алып отыр. Әділін айтсақ, бұлардың қайсысы болса да қайғылы жағдайға соқтыратын құмарлық кесел. Маскүнем ата-аналардан туған балалар ұмытшақ алаңғасар, халқымызға пайдасыз болып өмірге келеді. Ішімдік, нашақорлық, темекі адам организміне өте қауіпті. Бірақ біз бүгінгі шағын уақытымызда бұл мәселелерді бірден қамти алмаймыз. Сондықтан бүгінгі күніміздің тақырыбын ” Темекі мен арақтан, аман болшы, балапан!” деген тақырыпқа арнасақ.

Сынып оқушылары рөлдерге бөлініп, сабаққа дайындықпен келді.

Арақ(Нұрбек): Мен арақпын, арақпын! Адамға келер азаппын Улатып ой- саны Шірітіп күллі ағзаны Қара түнек тозақпын!

Темекі(Бексұлтан):

Барлық адам өмірін Көк түтінге улатып, Тәнін жаулап алам мен.

Хатшы(Диана): – Сот кезінде тыныштық сақтауларыңызды өтінеміз. Сот келеді, орындарыңыздан тұрыңыздар!

Сот төрағасы(Олжас): -Мемлекетіміздің бөлшегі- отбасымыздың шырқын бұзып, қоғамымызды айықпас дертке айналдырып жүрген спиртті, темекіні айыптап, қоғамнан алыстату мәселесін қараймыз. Бірінші куә, спирттің, темекінің шығу тарихы өмірбаянымен таныстырады, сөз тарихшыға беріледі.

Тарихшы(Жанель): -Бұрын адамзат ішімдікті білмеген. Египетте жүзімді ашытып, шарап жасай бастады. Осылайша спирт барлық елдерге таралды. Арақ ішкен адам қоғамға тек қасірет әкелетін болғандықтан, кейіннен халық оны «қасірет суы» деп атап кеткен. Темекінің шығу тарихы Португалияның Париждегі елшісі Жак Никаның есіміне байланысты. 1560 жылы әйел патша Екатерина Медичидің басының сақинасы ұстағанда Жак Ника дәрі ретінде әкеліп берген. Міне, темекі осы кезден бастап алғаш емдік шөп ретінде пайдаланылған. Темекі тарту әдеті жайлы ең алғашқы кітапты Эрпандесу де Овьеда жазды. Ол Америка тұрғындарының адамгершілігі мен әдет ғұрыптары деп аталады. Онда қысқаша былай делінген. “Расанолла” аралында тұратын халықтың тым зиянды әдет-ғұрыптары, олар қасиеті жағынан меңдіуанаға ұқсас шөпті жандырғанда шыққан түтінді танаулары арқылы ішіне тартып мас болады. Онысы “тобоко” деп аталады.

Сот төрағасы(Олжас): -Өте жақсы, рахмет. Енді спирттің, темекінің қасиеттері жайлы куәгер химиктің сөзін тыңдасақ.

Химик(Әсел): -Спирттің туыстарын метанол, этанол, пропанол т.б. тұрмыста, өнеркәсіпте заласыздандырғыш ретінде, ерткіш заттар ретінде пайдаланады. Этил спирті немесе этанолдың судағы 40 % ерітіндісі  арақ, өсіп келе жатқан жастар үшін өте улы наркотикалық  зат.Темекі түтінінің құрамында 12 000 жуық заттар мен химиялық қосылыстар бар. Оның 196 — улы және 14 наркотик тәріздес. Заттар саны: диоксид көміртегі            45—65 мг, монооксид көміртегі    10—23 мг,азоты оксиді 0,1—0,6 мг, бутадиен    0,025—0,04 мг, бензол            0,012—0,05 мг, формальдегид 0,02—0,1 мг, ацетальдегид       0,4—1,4 мг, метанол 0,08—0,18 мг, синильдік кислота         1,3 мг, никотин        0,8—3 мгкөмірсулар            0,0001—0,00025 мг. Темекідегі улы зат никотин нерв жүйесінің реттілігін бұзады. Сондықтан да темекіге әуестенген мектеп жасындағы балалар сабаққа көңіл бөлмейді. Улы газ баланың жұмыс, қабілетін төмендетеді. Темекіні тастап кету адамның өзіне байланысты.

Сот төрағасы(Олжас): -Келесі сөзді, куәгер биологке берейік.

Биолог(Қаныш): -Этил спирті жасөспірімдер үшін өте қауіпті. Ол гипофиздің өсу гормоны – соматотропиннің синтезделуін тоқтатады. Организмнің өсуі тоқтап, жүйке жұмысының жұмысы бұзылады. Ересектер арақты көп ішсе, жүйке, бұлшықет, көз, жүрек жасушаларында жүріп жатқан реакциялар жылдамдығы бәсеңдейді, мишықтың қызметі төмендеп тепе- теңдік бұзылады. Стенокардия – темекі тартудың көп тараған қасіреттерінің бірі. Темекі тартудан болатын стенокардия ауруына шалдыкқандардың кеудесі қысылып әлсірейді. Бұл ауруға шалдыққандардың өмір қысқарады. Мұндай ауруға шалдықкан адамның өмірі қысқа болады. Эндартерит – темекі тартудан болатын ауру. Төменгі қан тамырларының біресе кеңейіп, біресе тартылуы осыған байланысты. Бұл ауру кезінде адамның жаны қатты қиналып, адам жүріп келе жатып еріксіз тоқтап, отыруға мәжбүр болады. Сәл тоқтап отырса ауруы басылады. 50-70 м жүрген соң қайта ауырады. Мұндай ауруға шалдықкан адамдардың қан тамырларынын кеңею қабілеті жетіспейді.Құрғак гонгрена – темекі тартудан болатын аурудың жалғасы. Бүл ауру кезінде жүрек бір калыпты қан айналымын қамтамасыз ете алмайды. Аяқтың башпайлары суланып, көгере бастайды, осыдан аяқ жансызданады, оны кесуге тура келеді.   Ісік   аурулары   никотин уының тамырларға қатты әсер етуінен болады. Темекі түтінінің шамадан тыс әсер етуінен асқазан, ащы ішек ісік ауруына әсер етеді. Темекі тартушылар арасында өкпе рагы, көмей рагы өте жиі кездеседі. Мына көріп отырғандарыңыз таза асқазан, ал мынау көбінесе темекі никотинінен болатын жара түскен асқазан, осы жара біртіндеп үлғаяды. Бұл ауру темекі тартатын адамдарда көп кездеседі.

Мұғалім сөзі: Ас қорытуға байланысты асқа деген тәбетті қайтарады, ас қорытуды қиындатады.  Асқазанда жара пайда болады. Ерін, тіл және өңеш рагына жол ашады. Жөтел және қақырық пайда болады. Созылмалы тыныс жолдары қабынуына әкеліп соқтырады. Көмекей және өкпе рагына тап болушылардың 90 пайызының себебі темекіден. Тамырды қатайтады (атересклероз). Қол – аяқ тамырлары бітеді, гангрена (тән талшықтарының жансыздануы, шіруі) пайда болып, қол – аяқ кесіліп, кемтарлыққа дейін апарады. Миды қамдайтын тамырларды да қатайтып, салдануға себепші болады. Жүрек ауруларына, әсіресе жүрек бұлшық еті инфарктіне (жүрек ұстамасы) қолайлылық туғызады. Асқазанда жара пайда болады. Ерін, тіл және өңеш жіңішке ауруына (раг) жол ашады. Тамақ дұрыс бойға сіңбейді. Өкпе мен көмекейді жіңішке ауруына ұшыратады. Осы аурулардың 90 пайызының себебі – темекіден. Мұрын, ауыз, тыныс алу жолдары қабынады.  Жөтел және қақырық пайда болады. Тыныс алу жолдары созылмалы ауруға ұшырайды.  Тамырды қатайтады (атеросклероз), қан қысымын көтереді. Қол-аяқтың қан тамырлары бітеледі, гангрена (тән тканьдерінің жансыздануы, шіруі) пайда болады, содан қол-аяқты кесуге тура келіп, адам кемтар болып қалады. Миды қамтитын тамырлар да қатайып, клеткалары өледі (орнына келмейді). Сол себепті адамның есте сақтау қабілеті азаяды.

Сот төрағасы(Олжас): Сөз дәрігер-наркологке беріледі:

Дәрігер-нарколог(Айдос): Никотиннің темекіде болатын түсі сары сұйық зат. Суға және майға тез ериді, теріге тез сіңеді. Оны ауыл шаруашылығында зиянды жәндіктерді өлтіруге пайдаланады. Никотин нерв жүйесінің жансызданып қалуына әсер етеді. Никотин адамға өте қауіпті. Онымен уланғанда көз қарауытып, тамыр қысымы күшейеді, құсады, бұл кезең темекі тартудың бірінші фазасы. Есеннің тіпті қазір менің бұрынғыдай басым ауырмайды, құсқым келмейді дегені,  ол кезең темекі тартудың екінші фазасы. оның организмі никотинге біршама дағдыланды, біртіндеп оған деген құштарлықты арттырады, тартқысы келіп тұратыны содан.

Мұғалім сөзі– Мына көріп отырғандарыңыз темекі тартпайтын, никотинмен уланбаған адамның таза өкпесі, ал мынау темекінің никотинімен уланған адамның өкпесі. Мұнда адамның өкпесі темекі ысынан әбден уланған. Осылай біртіңдеп рак ауруына шалдығуы мүмкін. Ал мына көріп отырғандарыңыз, темекі тартпайтын адамның тыныс жолы мен темекі шегетін адамның тыныс жолы. Темекі шегетін әбден үйренген адамның жөтелуі, кеудесінің сырылдап тұруы осыған байланысты. Ал мынада темекі тартушыларда көп кездесетін ракка айнальш, әбден ісіген өкпе көрсетілген. Ал мына көріп отырғандарыңыз темекі тартушыларда көп кездесетін, ракқа айналып, әбден ісетін өкпе көрсетілген. Мынау темекі ысы мен никотиннен болған ерін рагы. Ал мынау сау адамның көмейі. Мына көріп отырғаныңыз темекіден ракқа айналып шіри бастаған көмей.

Сот төрағасы(Олжас):- Сөзді куә экологке беремін.

Эколог: - Мысалы, Англияда темекі тартқаны үшін айыпталады, тұзақ салып, көшелерде дарға асты. Темекі тартуды тоқтату мақсатында адамдар арасында үрей туғызу үшін, аузында темекісі бар кесіп алған бастарды алаңға, жұртшылықтың көз алдында іліп қойды. 1860 жылы Францияда темекі тартушылармен қызу күрес жүргізілді. XIII Людовик темекіні сатуға тыйым салды, орыс патшасы 1634 жылы темекі тартушыларга өлім жазасын қолданды, түрмеге қамап, алыс жерлерге жер аударды. Арақтың, темекінің салдарынан қоғамға ақыл- есі, дене мүшесі кем балалар дүниеге келіп жатыр көзқарасы бұлыңғыр, ар- ожданнан айрылған адамдар көбеюде.

Сот төрағасы(Олжас):- Пікіріңізді мұқият тыңдадық, енді келесі сөзді айыпталушыға берсек.

Айыпталушы(Нұрбек): – Менің айтарым, мен кінәлы емеспін. Көшелерде көрнекі етіп жарнамалар, мені үйіңе ала кетші деп салынған арақтың, темекінің суреттері ілінген. «Бахус арағы керемет», «Маллбора-ол бақыт» деп, теледидардан бірнеше рет жарнамалағанды қойсаңыздаршы, ағайын!

Сот төрағасы(Олжас):-Сот алқасы кеңесуге кетеді.

Хатшы(Диана): Сот келеді, орындарыңыздан тұрыңыздар!

Сот төрағасы(Олжас):-Сот алқасы кеңесіп, төмендегідей қаулы етті. ҚР- қылмыстық кодексінің 257- бабымен арақты, темекіні кінәлі деп тауып, жоғарыдағы деректерге сүйене отырып, адамдардың санасына арақты, темекінің зияндылығын түсіндіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде, жаны таза қоғам мүшелерін тәрбиелеу жұмысы жолға қойылсын! «Арақ, темекі адам санасынан аластатылсын» деп, үкім қабылдадық. Сот процесін жабық деп жариялаймын.

Хатшы(Диана): – Орындарыңыздан тұрыңыздар! Сот аяқталды.

Темекі мен арақ туралы видеоролик көрсетіледі.

Мұғалім сөзі: – Міне, балалар біздің темекінің, арақтың  зиянын білуімізге арналған уақытымыз таяу қалды, өздерінде байқап отырған боларсыңдар, темекі тартуға әуестенген мектеп жасындағы балалардың оқу үлгерімі төмен, алаңғасар болады. Бұл қазақ халқы үшін үлкен қасірет болып отыр. Сондықтан қазір Егемендік алып, өз алдымызға шаңырақ тігіп, дамыған елдер Испан, Американ, Ағылшын елдерінің қатарына жетуіміз үшін темекімен,арақпен  үздіксіз күрес жүргізуіміз керек.

 



























































































Ашық сабақ





Тақырыбы: «Темекі мен арақтан, аман болшы балапан!»







Аты-жөні: Сембекова Жадыра Құдайбергеновна



Лауазымы: Біліктілігі жоғары деңгейдегі

санатсыз тәрбиеші.



Жұмыс орны: ПДТ балаларға арналған

мектеп- интернат (КММ)































Қарағанды қаласы




Краткое описание документа:

Хатшы(Диана): – Сот кезінде тыныштық сақтауларыңызды өтінеміз. Сот келеді, орындарыңыздан тұрыңыздар!Сот төрағасы(Олжас): -Мемлекетіміздің бөлшегі- отбасымыздың шырқын бұзып, қоғамымызды айықпас дертке айналдырып жүрген спиртті, темекіні айыптап, қоғамнан алыстату мәселесін қараймыз. Бірінші куә, спирттің, темекінің шығу тарихы өмірбаянымен таныстырады, сөз тарихшыға беріледі.Тарихшы(Жанель): -Бұрын адамзат ішімдікті білмеген. Египетте жүзімді ашытып, шарап жасай бастады. Осылайша спирт барлық елдерге таралды. Арақ ішкен адам қоғамға тек қасірет әкелетін болғандықтан, кейіннен халық оны «қасірет суы» деп атап кеткен. Темекінің шығу тарихы Португалияның Париждегі елшісі Жак Никаның есіміне байланысты. 1560 жылы әйел патша Екатерина Медичидің басының сақинасы ұстағанда Жак Ника дәрі ретінде әкеліп берген. Міне, темекі осы кезден бастап алғаш емдік шөп ретінде пайдаланылған. Темекі тарту әдеті жайлы ең алғашқы кітапты Эрпандесу де Овьеда жазды. Ол Америка тұрғындарының адамгершілігі мен әдет ғұрыптары деп аталады. Онда қысқаша былай делінген. “Расанолла” аралында тұратын халықтың тым зиянды әдет-ғұрыптары, олар қасиеті жағынан меңдіуанаға ұқсас шөпті жандырғанда шыққан түтінді танаулары арқылы ішіне тартып мас болады. Онысы “тобоко” деп аталады.
Автор
Дата добавления 18.04.2014
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров731
Номер материала 74421041821
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы
Асыл сөз
18.04.2014
Просмотров: 509
Комментариев: 0

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх