665493
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
Добавить материал и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
До повышения цен на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации осталось:
0 дней 0 часов 0 минут 0 секунд
Успейте подать заявку на курсы по минимальной цене!
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 5.520 руб.;
- курсы повышения квалификации от 1.200 руб.

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ 60%
ИнфоурокГеографияДругие методич. материалыОрыс және аралас тілді мектептерде қазақ тілін меңгерту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы

Орыс және аралас тілді мектептерде қазақ тілін меңгерту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы

Лабиринт
библиотека
материалов

Зеленов ауданы бойынша орыс және аралас тілді мектептерде қазақ тілін меңгерту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы


Бүгінгі таңда еліміздің көкейтесті проблемаларының бірі-ол мемлекеттік тілді дамыту мәселесі екені баршамызға мәлім. Адам баласының еркін тыныстауы үшін күнделікті ауа қандай қажет болса, ұлттың, сәбилердің, жастардың дамуы үшін ана тілі де соншалықты қажет. Көбіне мемлекеттік тілді дамыту қажет деп жатамыз. Қазақ тілі онсыз да әбден дамыған, өте бай, шырайы да, райы да өте көркем, тілдік қоры артқан тіл. Қазақ тілін дамыту деместен бұрын оны «қолданысқа енгізу», «қолданыс аясын кеңейту» деген дұрысырақ сияқты. Барлық тәрбие атаулының негізі-тіл. Ұрпақты бүгінгі таңда біз тілмен тәрбиелеуіміз керек. «Ел болам десең бесігіңді түзе» дегендей өз азаматын өз тілімен тәрбиелей алған мемлекеттің іргесі мен тіреуі мықты болатыны анық.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» және «Тіліміздің –мемлекеттік қызметте де, өндірісте де, ғылымда да, білім беруде де орыс тіліндей болып қолданылуы үшін қолдан келгеннің бәрін істеу керек», - деп қадап айтқандай, пәнді дәстүрлі-әдіс-тәсілдерді түрлендіре отырып, оқушы бойындағы тілге деген сүйіспеншілігін ояту қазақ тілі пәні мұғалімдерінің қоғам алдындағы абыройлы міндеті.

Зеленов ауданы бойынша 2013-2014 оқу жылында 47 мектеп болса, оның 9-ы орыс тілді, 31 аралас тілді және 7-уі қаза мектептері (2011-2012 оқу жылында-47мектеп: орысша-9, аралас-33, қазақ-5; 2012-2013 оқу жылында-48мектеп: орысша-9, аралас-33, қазақ-6;) Ондағы оқушылар саны-6992 (2011-2012ж-7030, 2012-2013ж-6990) Орыс және аралас тілде оқытылатын мектептердегі оқушылар саны-3686 (2011-2012 ж-3949, 2012-2013ж-3814), орыс және аралас тілдегі мектептердің орыс сыныптарында оқып жптқпн қазақтар-1207 (2011-2012ж-1371, 2012-2013-1260).

Тілдің қолданылу аясын жетілдіру, тіл шұбарлығынан, шорқақтығынан арылу, айтпақ болған ойды жеңіл әрі түсінікті жеткізу сияқты күрмеуі сан қилы мәселелердің оңтайлы шешімін табу мақсатында аудан мектептерінде төмендегідей іс шаралар жүзеге асырылуда:


Мектепішілік шаралар атауы

1

«Тіл тағдыры-ел тағдыры» онкүндігі

2

«Аталар сөзі-ақылдың көзі» нақыл сөздер мен мақал-мәтелдерден альбом жасақтау

3

«Дұрыс сөйлеу – мәдениеттіліктің белгісі» диалог түріндегі әңгімелер қойылымы

4

«Үздік дәптер» байқауы

5

«Ойна да күл, оқы да біл!» айдарында сөзжұмбақ, ребус, танымдық викториналар шешу

6

«Гүлден менің Қазақстаным!» гүлдер көрмесі

7

«Менің ОтанымҚазақстан» сурет фестивалі

8

«Қуыршақтар театры» ертегілерден көрініс қояды

9

«Ана тілім-айбыным» шығармалар байқауы

10

«Тіл-асыл қазына» мектепішілік қабырға газеті

11

«Қазақшаң қалай?» сайысы

12

«Тапқыр достар» сайысы

13

«Тіл тазалығы-ой тазалығы» апталығы

14

Сыныптан-сыныпқа көшу емтихандарын ауызша тапсыру

15

Мақал-мәтелдер, жұмбақтар сайысы

16

«Ерікті ел-Қазақстан» мерекелі концерт

17

«Менде де болсын бір тілек» жақсы тілек, лебіз білдіру байқауы

18

«Баталы ұл арымас» бата түрлерін жатқа айту сайысы

19

«Зерделілер зейіні» сауалнама, іс қағаздар толтыру сайысы

20

«Ынта болса адамда, қиын іс жоқ ғаламда!» айдарымен қазақ тілінен

үлгерімі жақсы балалардан шығармашылық топ құру



Орыс сыныптарындағы қазақ тілі пәні бойынша білім көрсеткіштері

2010-2011 оқу жылы

2011-2012 оқу жылы

2012-2013 оқу жылы

61

62

64


Орыс сыныптарындағы қазақ әдебиеті пәні бойынша білім көрсеткіштері

2010-2011 оқу жылы

2011-2012 оқу жылы

2012-2013 оқу жылы

63

65

67



Аудан бойыша орыс сыныптарына қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен сабақ беретін мұғалімдер саны- 110 болса, оның 92 жоғары білімді, 18 арнаулы орта білімді. Олардың ішінде жоғары санаттылары-4, І санаттылары-46, ІІ санаттылары-36, санатсыздары -24. Сондай-ақ орыс ұлты болса да қазақ тілінен сабақ беріп жүрген ұстаздарымызды ерекше атап өтуге болады: Горишная Наталья Александровна, Горячева Светлана Павловна, Акименко Светлана Евгеньевна.

Пән мұғалімдері озық оқыту технологиясын игеру барысында аудандық кітапханамен, баспасөзбен, қалалық тілдер басқармасымен, білім жетілдіру институтымен және аудандық білім беру бөлімімен терең байланыста болып, пәнді оқытумен қатар мемлекеттік тілге қатысты өзге де жұмыстардың атқарылуына жауапкершілікпен қарап отырады..


Курстан өткен мұғалімдер туралы

2010-2011 оқу жылы

2011-2012 оқу жылы

2012-2013 оқу жылы

12

26

36


Аттестациядан өткен мұғалімдер туралы

2010-2011 оқу жылы

2011-2012 оқу жылы

2012-2013 оқу жылы

19

15

22


Базалық деңгейден өткен мұғалімдер туралы

І деңгейден-1

ІІ деңгейден-3

ІІІ деңгейден-6

Педагогтармен және оқушылармен өткізілетін аудандық шаралардың түрлері

1

Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің берілу сапасын көтерудің жылдарға арналған аудандық бағдарламасы

2

Мұғалімдер арасында аудандық олимпиада өткізу

3

«Балбұлақ» аудандық байқау

4

«Мемлекеттік тіл-менің тілім» байқауы

5

«Полиглот» байқауы

6

«Ақ шағала» аудандық мәнерлеп оқу сайысы

7

«Тіл-халықтың ең ұлы байлығы» байқауы

8

«Үш тілдің патшалығы» сабақтар сайысы

9

«Жаңа әдіс-тәсілдер мен халық педагогикасын байланыстыра отырып, ұлтжанды тұлға тәрбиелеу» семинар

10

«Жаңа технологияны қолдану-сапалы білім негізі» семинар

11

«Жаңа форматты сабақ-білімге жаңа бастама» семинар

12

«Бағалауға жаңа көзқарас – білім сапасын арттырудың тиімді әдісі» конференция

13

«Панорамалық сабақтар» байқауы

14

«Ең үздік қазақ тілі кабинеті» байқауы

15

Жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету мақсатында дөңгелек үстел

16

Аудандық шығармашылық топтың отырысын өткізу




Орыс сыныптарында қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытудағы проблемалар:

1.Мектептердің интерактивті жүйемен толықтай қамтылмауы (проектор, интерактивті тақта, лингофондық кабинет, тестілеуші, аудио-видео материалдардың жоқтығы);

2. ҰБТ-де қазақ тілі пәнінің негізгі пәндер санатына қосылмауы (яғни пән бойынша балдың есептелмеуі) және тест тапсырмалары мен мысалдары өзгертілмей жыл сайын қайталануы;

3. Бірізді немесе жүйелі күнтізбелік-тақырыптық жоспардың болмауы;

4. Оқулық пен оқу бағдарламасы мазмұнының сай еместігі;

5. Оқулықпен бірге болуға тиіс оқу құралдарының жетіспеуі;

6. Оқулықтар мазмұнының жүйесіздігі;

7. Араласатын ортасының (отбасында, мектеп дәліздерінде) орыс тілді болуында;

8. Үш тілдің грамматикасының логикалық байланысының жоқтығы;

9. Бағдарлама мазмұнының оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес еместігі және сыныптан-сыныпқа көшкенде өзара сабақтастықтың жоқтығы;

10. Орыс тілді мектептерде әдебиет оқулығындағы шығармалардың ауқымдылығы өзге ұлт өкілдерінің меңгеру қабілетіне сай еместігі.

Дегенмен, тілді білу-қазіргі заман талабы.Сол себепті өркениет көшінен қалмай, соған сәйкес қадам жасауға, толыққанды білім алуға қол жеткізуге үлесімізді қосуымыз керек. Экономикадағы табыстар мамандардың біліміне, біліктілігіне байланысты екендігін білеміз. Сондықтан біз тек Қазақстанның ішінде ғана емес, әлем деңгейінде бәсекеге қабілетті жаңа мамандарды дайындай білуіміз керек. Қазіргі заман сабағы мұғалімсіз болмайды. Ұлы ағартушы Ы.Алтынсарин: «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені жақсы мұғалім-мектептің жүрегі» дегендей, құрметті әріптестер, «мектептің жүрегі» болумен қатар, жаңа егемен еліміздің ұрпағын жаңа білім нәрімен сусындатып, саналы тәрбие, сапалы білім беретін білімді де, білікті ұстаз болайық!



Лабиринт
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Краткое описание документа:
1. Өзге ұлт балаларының мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыруда сабақ беру жүйесін жаңашалай отырып, үздіксіз іздендіру, еліміздің ұрпағын білім нәрімен сусындатып, саналы тәрбие, сапалы білім беретін ұстаз мұғалімдерді  ақпараттандыру; 2. Оқушыларды мемлекеттік тілді оқытуда дұрыс оқып, дұрыс жазуға машықтануына, яғни тілдің орфографиясы мен орфоэпиясының заңдылықтарын түсіндіруге бағыттау; 3.Өтетін  іс – шаралар арқылы оқушылардың мемлекеттік тілге құрметін жандандыру, ұлттық қасиеттерді ояту, патриоттық сезімдерін ояту, жан- жақты дамыған, білімді, белсенді ұрпақ тәрбиелеу.
Общая информация

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Содержание и технологии школьного географического образования в условиях реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «География: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс профессиональной переподготовки «Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе»
Курс повышения квалификации «Правовое обеспечение деятельности коммерческой организации и индивидуальных предпринимателей»
Курс повышения квалификации «Методические аспекты реализации элективного курса «Основы геополитики» профильного обучения в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Формирование первичных компетенций использования территориального подхода как основы географического мышления с учетом ФГОС»
Курс повышения квалификации «Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения географии в условиях реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Основы организации рекреационной деятельности и лечебного туризма»
Курс повышения квалификации «Методы и инструменты современного моделирования»
Курс повышения квалификации «Педагогика и методика преподавания географии в условиях реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Разработка эффективной стратегии развития современного вуза»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности специалиста оценщика-эксперта по оценке имущества»
Курс профессиональной переподготовки «Техническая диагностика и контроль технического состояния автотранспортных средств»
Курс профессиональной переподготовки «Управление качеством»
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.