Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыТақырыбы:«Психикалық дамуы артта қалған оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру»

Тақырыбы:«Психикалық дамуы артта қалған оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру»

Скачать материал

Психикалық дамуы артта қалған  оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру

 

1.     Психикалық дамуы артта қалған балаларды төменгі сатыда оқытудың методикалық принциптері

2.     Психикалық дамуы артта қалған балалардың оқу дағдысын қалыптастыру кезеңдері

3.     Психикалық дамуы артта қалған балалардың оқу техникасын қалыптастыру жолдары

4.     Оқу дағдысының оқыту процесіндегі маңызы

Орыс методисі М.Р.Львова тілді оқытуда методикалық принциптер санаулы ғана болуы керек деп санайды және төмендегі принциптерді ұсынады:

1.     Оқытудың коммуникативті бағыттағы принципі

Түзету мектептеріндегі тілді оқытудың басты принциптерінің бірі – коммуникативті бағыттағы принцип болып табылады.

В.Г.Петрова тілі дамымаған бала туралы «қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынас жасай алмайды, әңгімеге сирек араласады, қойған сұраққа қиналып, қате жауап береді» деген.

Тіл – қарым-қатынас құралы болғандықтан мұғалімнің педагогикалық әрекеті ПДҚА балаларының тіліндегі барлық кемшіліктерді түзеу ісіне, қызығушылығын арттырып, жалпы дамытуға бағытталу заңдылығына бағынуы керек.

Коммуникативті бағыттағы принциптің болжамынша, балаларды оқытудың негізі – тіл аспектілері(фонетика, морфология, синтаксис) ғана емес, ауызекі сөйлеудегі түрлі тілдік категорияларды қолдана білу дағдыларын дамыту. Қорыта айтқанда, оқушылар лингвистикалық ақпарат алып, орфографиялық ережелерді меңгеріп, сөйлуде қолдана біледі. Әсіресе, маңыздысы – тілді коммуникативті мақсатта қолдана біледі. Бұл принцип төменгі сынып оқушыларымен қарым-қатынаста жақсы нәтиже береді.Коммуникативті бағыттағы принциптің нәтижесі оқыту процесінде түрлі тілдік жаттығулары арқылы іске асады. Оларға жататындар: сұраққа жауап, диалогты тиісті дауыс ырғағымен оқу, үлгі бойынша, берілген ситуация арқылы диалог құру, әңгімелеу, орындалған жұмыс  туралы пікір алмасу, диафильмдер мен кинофильмдерге талдау жасау, рольдік ойындар т.б. Бұл тапсырмаларды орындау арқылы алынған нәтижелер тіл және  жазу сабақтарында лингвистикалық тапсырмаларды және оқу мен тіл дамыту сабақтарында ақпараттық тапсырмаларды орындауда қолданылады.

2.                 Ойлау мен тіл дамытудың тұтастық бағыты

Бұл принцип сөйлеу мен ойлауға байланысты психологиялық заңдылықтарға сүйенеді. ПДАҚ балалардың интеллектуалдық әрекеттерінің бұзылуы олардың дұрыс сөйлей алмауына әкеліп соғады. Өз кезегінде бұл олардың ойлауын тежейді. Бұл тұйықталған шеңберді тіл дамыту аймағында үзуге болады. Н.И.Жинкин атап көрсеткендей, «сөз – ойлауды дамытудың каналы» және ішкі әрекетке негізделген канал.

Ал В.Г.Петрованың пікірінше, «Тіл оқушылардың ойлау қабілетін ұйымдастырады, тәртіпке келтіреді, дамытады және таным әрекетін арттырып, ойдың қарапайым байланыстарын қалыптастыруға көмектеседі»  Ұлы педагог К.Д.Ушинский де «Тілді ойдан бөлек алып дамыту мүмкін емес, тіпті қауіпті де» деп атап көрсеткен.

Ойлау мен тіл дамытудың тұтастық бағытының принципі сөйлеу мен ойлау әрекеттеріне белсенді әсер ететін оқытудың әдіс-тәсілдерінің көмегімен іске асады. Бұл әдіс-тәсілдерді әліппе кезеңінен бастап-ақ қолдана беруге болады. Бұларға жататындар: анализ бен синтез, нақтылау, жалпылау, салыстыру, классификациялау (бөлу, жіктеу, топтау)

3.                 Тіл дамытудағы оқушы қызығушылығын арттырудың міндеттілік принципі

   Арнаулы мектеп психологтары мен әдіскерлері ПДАҚ балаларының тілдік тұйықталуын және тілге қызығушылығының әлсіздігін үнемі атап көрсетеді. Зерттеу көрсеткендей, қосымша әдіс-тәсілдерді қолдану оқушылардың тілдік материалға қызығушылықтарын оятып, сөйлеу дағдысын арттырады.

  Тіл дамытудағы оқушы қызығушылығын арттырудың міндеттілік принципі оқу сабақтарында жүзеге асады. Сондықтан оқу сабақтарында, сабақтан тыс оқулардағы кітап мазмұны балаларды қызықтыратындай болуы шарт.

    Сабақ құрылымы да бала қызығушылығын арттыруда үлкен роль атқарады. Мұғалім сабақ жоспарын құрғанда оқуға мөлшерлі уақыт беруі, сабақ кезеңдерін сатылап құруы, ауызша, жазбаша жаттығуларды кезектестіріп орындатуы, т.б. сабаққа қойылатын талаптарды орындауы керек. Әдістерді таңдау, тәсілдерді қолдану, тапсырмаларды түрлендіру сабақ құрылымымен тығыз байланысты. Бұнымен қатар, бала қызығушылығын арттыруда өзіндік жұмыстарды да ұйымдастыру қажет. 

    Төмендегі тіл дамыту жаттығулары жақсы нәтиже береді:

1)                Тақтаға жазылған сөйлемдерді дауыс ырғағын сақтап оқу. Ондағы жай, құрмалас сөйлемдерді ажыратып, әр топтың негізгі грамматикалық белгілерін салыстыру.

2)                Оқулықпен жұмыс. Жай сөйлемді құрмалас сөйлемге айналдыру. Тыныс белгілерін қойып, тұрлаулы сөйлем мүшелерін табу.

3)                Карточкалармен жұмыс. Сөйлемді мағынасына қарай қосарлап (жай және құрмалас) оқу. Екі сөйлемді салыстыру. Дәптерге көшіріп жазу.

4)                Сұрақтарға жауап беру. Жауап беру үшін қолданған сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдап, схемасын құру. Сөйлемдегі сөздердің байланысын анықтау.

5)                Схема арқылы сөйлем құрау. Мұғалім айтқан ситуация арқылы немесе тірек сөздер арқылы сөйлем құрау. Жазу.

6)                Жазылған тірек сөздер арқылы мәтін құрау. Ондағы  жай және құрмалас сөйлемдерді топтау.

   Мұғалімнің оқушы қызығушылығын сабақ үстінде арттыруы маңызды. Ол үшін педагог мақтау, мадақтау қолданып, әділ баға қоюы, сыныпта дұрыс қарым-қатынас орнатуы тиіс. Сабақты дұрыс ұйымдастырған мұғалім баланың сөйлеу дағдысын да дамытады.

4.                 Оқу әрекетіндегі тілдің тіректік маңызын сезіндіру принципі

Мектептегі тіл заңдылықтарын білуге, сөйлеу мәдениетіне оқытудың негізі – мектепке дейінгі балаларда тілдік материяның қалыптасуы болады. Ал ПДҚА балаларының тілдік сезімі мектепке дейінгі кезеңде дамымайды, оларда сөйлесу шектеулі, негізгісі – олардың тілге деген қызығушылығы оянбаған.сөздің лексикалық мағынасын түсіну қиын болғандықтан, сөздік қорлары аз болып, сөйлем құрауда қиналады.

    Оқу әрекетіндегі тілдің тіректік маңызын сезіндіру принципі ПДАҚ балаларында тілге деген сүйіспеншілігін  оятып, оны тілдік сезімге негіз, тірек етуді мақсат тұтады. Тілді құрметтеу сезімдерін тәрбиелеу төменгі сынып оқушыларымен барлық пән сабақтарында жүргізіледі. Арнайы ұйымдастырылған тіл жаттығулары арқылы бір сөздің бірнеше мағынада қолданылуы үйретіледі, оларды сөйлемде дұрыс байланыстыруға жаттықтырылады. Тіл жаттығу сабақтарында оқушылар заттың пішіні, түрі, саны, дәмі т.б қасиеттерін атайды.Мысалы: алма домалақ, тәтті, қызыл. Заттың атауын оның белгілерінен айыра білуге үйренеді. Жазу және тіл дамыту сабақтарында қосымша тапсырмалар арқылы баланың сөздік қоры молайып, тілге деген құрметі артады.

5.                 Тілдің ауызша және жазбаша формаларының байланыстылық принципі

Тілдің ауызша және жазбаша формалары қатынас құралы боып табылады. Ауызша сөйлеу жазбаша формадан озық тұрады. Ол әңгімелесушілердің қарым-қатынас құралы болып, дауыс ырғағы, мимика, қимылмен ерекшеленеді. Жазба тіл ауызша сөйлеу базасында тұжырымдалып, жазылады. Бірақ жазба тілдің де өзіне тән ерекшеліктері бар.  Жазба тілдің ерекшеліктері: көркемдік, шапшаңдық және сауаттылық. Бұл принцип әліппеге дейінгі кезеңнен-ақ бастау алады. Жолмен, белгілі өлшеммен таңбаларды салу; әріпті, сөзді, сөйлемді дұрыс, анық, таза жазу; оларды тақтадан, кітаптан дұрыс көшіру; есту бойынша жазу; жазғанын тексеріп түзеу жұмыстары арқылы іске асады. Грамматика және көркем жазу сабақтарындағы шығармашылық жұмыстар – мазмұндама, шығарма, еркін диктанттар, ырғақ бойынша жазу т.б жақсы нәтиже береді.

    Өзіндік ерекшеліктеріне қарамастан, тілдің ауызша және жазбаша формалары бір-бірімен тығыз байланысты.

       Қорыта айтқанда, ана тілін оқытудағы жалпы дидактикалық принциптерді қолдану түзету жұмыстарын жүргізу мақсатында қолданылады.

      Адам 80 % ақпаратты оқу арқылы алатын болғандықтан, қазіргі уақытта психофизиологиялық процесс – баланы оқуға дағдыландыруға көп көңіл бөлініп отыр. Ақпарат құралдарының дамуы баланың оқуға деген қажеттілігін төмендетіп, субъект ретіндегі белсенділігін жоғалтады, оқуға деген мұқтаждығы мен ішкі қажеттілігінің туындауына теріс әсерін тигізеді.     Психологтардың көзқарасы бойынша, оқу - ақпарат тәсілдері мен қорытумен байланыстыжәне басты орында қабылдау болатын бірнеше психикалық процестің жиынтығы болып табылады. Сондықтан, А.А.Леонтьевтің пікірінше, оқу қабылдаудың жалпы заңына бағынады және екі аспектіде болады: 1) қабылдаудың образын жасау;

2) жасалған образды меңгерту.

Оқуға дағдыландыру процесі автоматты дағдыға айналмас бұрын бірнеше кезеңнен өтеді. Қазіргі педагогикада Т.Т.Егоров жасаған оқудың классификациясы кеңінен қолданылады. Автор оқу дағдыларын қалыптастырудың төмендегі кезеңдерін атап көрсетеді.

1) дыбыс-әріптік таңбаларды меңгеру

                   2) буындап оқу

                   3) түсініп оқу тәсілдерін меңгерту

                   4) түсініп оқу

Бірінші кезеңде балалар дыбыс туралы түсінік алады, сөзді буынға бөлуге, дыбыстап айтуға үйренеді, ауызекі сөйлеудегі дыбыстың таңбалануы әріп екенін біледі. Сөздің мағынасы мен оқығанын түсіну арасындағы айырмашылыққа балалар қызықпайды.

         Буындап оқу кезеңінде оқу процесіндегі дыбыстардың буынға айналуы балаларға қиындық тудырмайды, буын сөздің бөлшегіне айналады. Бұл кезеңде сөзді тұтас қабылдау мен түсініп оқу арасындағы айырмашылық  әлі де сақталады.

         Үшінші кезеңде буын сөздің бөлшегіне айналып, оқушыға қарапайым сөздерді тұтас оқу қиын болмайды. Таныс емес сөздерді әлі де буындап оқиды, сөз мағынасын қабылдауда «қателер» кездеседі.Соңғы кезеңде оқу процесі қиындық тудырмайды. Басты назар оқылған мәтіннің мазмұнында болып, қабылдау бұрынғы білетіндері мен оқығандары негізінде өтеді. Қабылдау мен түсіну арасында айырмашылық болмайды.

     Психикалық дамуы артта қалған оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыруда оқытуда кездесетін қиыншылықтар сияқтыөзіндік қиыншылықтары бар. Олар оқу техникасын өте ұзақ және үлкен еңбекпен меңгереді: оқығанын  жеткілікті түсінбейді; оқу кезінде көп қателіктер жібереді. Оқу техникасы төмен болуы, қоршаған орта туралы түсінігі, сөздік қорының аздығы, жалпы дамуының шектелуі, жекелеген сөздердің мағынасын түсінбеуі мәтінді тұтас түсінбеуге әкеліп соғады. Балалар өздеріне таныс емес сөздер мен ұғымдарды өз бетімен қолдана алмайды.

     Оқушыларға оқыған мәтіннің мазмұнындағы негізгі ойды табу, сөйлем арасындағы байланыстарды анықтау, кейіпкерге мінездеме беру, олардың істерін бағалау қиынға түседі. Бұдан әрі оқушылар оқудағы дауыс ырғағын сақтауға қиналады. Бұл кемшіліктер, бір жағынан оқығанын түсінуді қиындатады, екінші жағынан қоршаған орта туралы мәліметтер мен білімдерінің кеңеюін, оқушының жалпы және тілдік дамуын тежейді, дүниетанымының кеңеюіне бөгет жасап, барлық оқыту процесіне кері ықпалын тигізеді.

    Бастауыш мектептегі оқу сабақтарының басты мақсаты – оқу дағдысын қалыптастыру болып табылады. Қалыптасқан оқу дағдысы төрт компоненттен көрінеді: Түсініп оқу:

-         Сөз мағынасын түсініп оқу;

-         Сөйлемдегі сөздердің байланысын айырып оқу;

-         Ауыспалы мағыналы (кекету, күлу, сықақтау) сөздерді дауыс ырғағына сай оқу;

Дұрыс оқу:

-         Сөз ішінен әріпті, жеке буынды, жеке бір сөзді қалдырмай оқу;

-         Кейбір буынды немесе жеке сөзді қайталамай оқу;

-         Кейбір дыбыстардың, сөздердің орнын ауыстырмай оқу;

-         Орфоэпиялық талаптарға сай оқу;

-         Мәтіндегі сөздердің мағынасына қарай лайықты дауыс ырғағын, интонациясын сақтап оқу;

Жүгіртіп оқу:

-         Оқу темпін (қарқынын) тездетіп, жылдамырақ оқу;

Мәнерлеп оқу:

-         Әуезді-сазды ерекшеліктерді сақтап оқу;

-         Ой екпінін дұрыс қойып оқу;

-         Кейіпкердің көңіл-күйін сезіне оқу;

   Оқу дағдысын қалыптастырумен ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту, қоршаған орта туралы білімдерін кеңейту қатар жүреді.

     ПДАҚ төменгі  саты оқушыларын оқытуда бағдарламаға сәйкес оқу оқушылардың психофизиологиялық жағдайын ескере отырып, артта қалған дамуын жетілдіру бағытында жүргізіледі.

       Көптеген әдіскерлер оқу сапасын «темп» және «жүгіртіп оқу» деп түсінеді. К.Д.Ушинский оқығанда түсіну мен жүгіртіп оқуды бөліп қарауға болмайды деп санаған. Көптеген әдіскерлердің пікіріне сүйенсек, дауыстап оқудағы темп түсініп оқудың негізгі шарты болып табылады.

       Бірінші жылы ПДАҚ оқушылары барлық әріпті танып, олардан буын құрауды, ережеге сәйкес оқушылардың 50 %-ы буындап оқудан тұтас сөзді оқуға көшсе, қалғаны әлі де әріптеп оқиды. Оқушылардың оқу темпі әртүрлі болып келеді, бұл олардың таңбаларды қабылдауының төмендігі, сондай-ақ, оқушылардың жеке қабілеттеріне байланысты. Оқығанның мазмұны да негізгі себептердің бірі болып табылады: көпшілік оқушы мазмұны қиын мәтінді өте баяу оқиды.

Оқуды жеңілдету үшін оқушылар өз бетінше түрлі тәсілдерді қолданып, төмендегідей қателер жібереді. Мысалы: - сөздегі алғашқы буынды бөліп оқу  тө-рт, да-с-тархан;

-         қос дауыссыздың бірін тастап кету;

-         сөзге бір дыбысты қосып айту;

Қысқа сөздер негізінен дұрыс оқылғанымен, көп буынды сөздерді оқушылар қиналып оқиды. 2-сыныпта ережеге сәйкес оқу жылдамдығының көтерілгені байқалады, бірақ әртүрлі тақырыптағы мәтіндерді оқуда айырмашылық байқалмайды. ПДАҚ оқушылар үшін баяу оқуының себебі – бірден оқығанын түсінуге тырысуы болады.  Көпшілік оқушылар түсініп оқу кезеңінде болады, олардың оқыған сөздерін түсіну темптері дамиды, бірақ, қиын, көпбуынды, әсіресе таныс емес сөздерді оқуда қиналады.

  3-сыныпта оқушылардың жартысы толықтай тұтас сөздерді оқуды меңгереді. Қалған оқушылар да буындап оқуды меңгеріп, тұтас оқуға көшеді. Келесі жолға тасымалданған сөзді оқу қиынға түседі: екі жолға бөлінген сөзді тұтас оқу оқушылардан қосымша күшті талап етеді, сөздің мағынасын қабылдауды тежейді. Көпбуынды сөздер мен дұрыс екпін түсіріп оқитын қиын сөздер де баланың сөзді тұтас оқуына қиындық келтіреді.

    Баланың ойлау қабілетіндегі жеке ерекшеліктер, қабылдау мен түсініп айту, қиын және көпбуынды сөздерді оқу – оқудағы кедесетін қиындықтардың себептері болып табылады. 

   ПДАҚ балаларында әліппе кезеңіндегі оқудың дыбыс-әріп процесі өте баяу жүреді, сондықтан оларға буын құрауды меңгертуде ерекше көңіл бөлінуі керек. Әр балада оқу процесіндегі төменгі сатыдан жоғарғы сатыға өтужеке және әртүрлі мерзімде жүреді, ал ПДАҚ балаларда ерекше баяулатылады. Бағдарламаға сәйкес бастауыш сыныпты аяқтаған оқушылардың көпшілігінің оқу жылдамдығы қалыптасады (минутына 70-80 сөз оқиды)

Өзім оқытқан 2009 жылы 4-сыныпты аяқтаған оқушылардың

30     % нормадан жоғары,   40  % нормада,30  %нормадан төмен көрсеткіш көрсетті.

Ал қазіргі уақытта сабақ беретін 2 сынып оқушыларының оқу көрсеткіштері мынадай:36% нормадан жоғары, 36%  нормада,28% нормадан төменоқиды.

оқу техникасын қалыптастыру жолдары:

1.     Ұқсас буындар мен сөздерді дифференциялдау

   Ма – па             қол – жол

   Бо – то              шана – пана

   Ту – қу             Дана – Дина

2.     буындар мен сөздерді өзгертіп оқу

ма, мо, му           күн, түн, жүн

ба, бо, бу            бар, бер, бір

қа, қо, қу             көл, кел, күл

3.     буындар мен сөздерді дайындықпен оқу

а – та – ата – атай

е – ел – кел – келу

о – от – ота – отау

4.     бір, екі әрпі өзгеше немесе орны ауысқан сөздерді оқу

кел – көл                       қамал – қалам

бөрік – көрік                 келем - келме

керік – серік                  сабақ – басқа

5.     оңға және солға оқу

есек – кесе

мысық – қысым

лақ – қал

6.     туынды сөздерді оқу

үй – үйшік                   жас - жастық

тарт – тартпа                ас - аспаз

бас – басшы                 ер – ерлік

7.     түбірлес сөздерді оқу

басшы, басқар, бастық

бал, балық, балықшы

Қорыта келгенде ПДАҚ төменгі саты оқушыларының дамуында оқу дағдыларының дұрыс қалыптасуының маңызы зор.

Бастауыш сыныпты аяқтаудың соңына қарай алдыңғы жылдардағымен салыстырғанда ПДАҚ оқушыларда оқу процесінде жіберетін қателердің саны азаяды, әрі мұндай нәтижеге осы қателердің жартысын оқушылардың оқу процесінде өздері түзетуі арқылы қол жеткізіледі.

Екінші сынып оқушыларының жауаптарына талдау жасағанда олардың көпшілігінің оқыған мәтін мазмұнының мағынасын түсіне алатынын көрсетеді. Көпшілік оқушылар мазмұн бойынша өз бетімен қорытынды жасауға үйренеді. Кейбір жағдайларда мәтіндегі астарлы айтылған сөз тіркестерінің мағынасын сол қалпында қабылдағандықтан сөйлем мағынасын түсінудегі қиыншылықтар да кездеседі.

Үшінші сыныпта оқушыларда оқу барысында мәтінді талдай отырып ұғыну қалыптасады. Жіберген қателерін өздері түзетеді. Кейде егер оқу барысында оқушы қате оқыған сөзге қайта оралмаса да, бұл мәтіннің қарапайым мағыналық бірлігін түсінуге бөгет болмайды. Мәтіннің жалпы логикалық-ақпараттық жоспарын түсінудің ықпалымен оқушылар оқу процесінде сұраққа жауап бере отырып, жекелеген ауыстыруларға түзету жасайды.

ПДАҚ балалардың оқу дағдыларын арттыруды жоғарыда талдап көрсеткеніміздей қойылатын әдістемелік принциптер мен психологиялық, педагогикалық талаптарды қатаң сақтап, оқу процесін соған сәйкес жүргізгенде төмендегідей нәтижелерге қол жеткізу мүмкіндігін тәжірибе көрсетті: жеке сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсініп, әрі тура және жанама мағынада қолдана алу, тұтас сөйлемнің мағынасын, мәтіннің толық немесе жекелеген бөліктерін түсіну, байланыстардың себеп-салдарлық және уақытша түрлерін анықтау, негізгі ойды айқындау, оқылған мазмұнға байланысты өз көзқарасын білдіру;

Оқу дағдысы дұрыс қалыптасқан оқушы оқыту процесінде басқа пәндерден де жоғары білім деңгейін көрсете алады:

-         сауатты жазады, өзіндік және шығармашылық жұмыстарды сапалы орындайды;

-         математикадан мәтінді есептерді түсініп, шешімін таба алады;

-         кез-келген есептің орындалу алгоритмін түсіндіріп бере алады;

-         ойлау, танымдылық қабілеті артады;

-         тақырыпқа байланысты өзіндік пікірін айта біледі;

-         белсенді сөздік қоры молайып, көркем сөйлеу мәнері қалыптасады;

Сонымен қатар, қоршаған ортада басқалармен өзін еркін сезініп қарым-қатынас жасай білуге үйренеді, рухани дүниесі кеңейеді, ақыл-ойы дамиды. Оқу, баяндау, сөйлеу, сөйлесу – оның тұлғалық қасиетінің қалыптасуына ықпал ететін негізгі факторлар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                ПДТ балаларға арналған мектеп интернат КММ

 

 

 

 

 

 

 

 

Баяндама

Тақырыбы: Психикалық дамуы артта қалған  оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру

 

Орындаған:бастауыш сынып             мұғалімі Досмакова М.А.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Қарағанды-2014

 

                                                                                        

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тақырыбы:«Психикалық дамуы артта қалған оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Шеф-повар

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Бастауыш сыныпты аяқтаудың соңына қарай алдыңғы жылдардағымен салыстырғанда ПДАҚ оқушыларда оқу процесінде жіберетін қателердің саны азаяды, әрі мұндай нәтижеге осы қателердің жартысын оқушылардың оқу процесінде өздері түзетуі арқылы қол жеткізіледі. Екінші сынып оқушыларының жауаптарына талдау жасағанда олардың көпшілігінің оқыған мәтін мазмұнының мағынасын түсіне алатынын көрсетеді. Көпшілік оқушылар мазмұн бойынша өз бетімен қорытынды жасауға үйренеді. Кейбір жағдайларда мәтіндегі астарлы айтылған сөз тіркестерінің мағынасын сол қалпында қабылдағандықтан сөйлем мағынасын түсінудегі қиыншылықтар да кездеседі. Үшінші сыныпта оқушыларда оқу барысында мәтінді талдай отырып ұғыну қалыптасады. Жіберген қателерін өздері түзетеді. Кейде егер оқу барысында оқушы қате оқыған сөзге қайта оралмаса да, бұл мәтіннің қарапайым мағыналық бірлігін түсінуге бөгет болмайды. Мәтіннің жалпы логикалық-ақпараттық жоспарын түсінудің ықпалымен оқушылар оқу процесінде сұраққа жауап бере отырып, жекелеген ауыстыруларға түзету жасайды.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 973 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.04.2014 2130
    • DOCX 33.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Серикбаева Салима Толегеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Серикбаева Салима Толегеновна
    Серикбаева Салима Толегеновна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 214771
    • Всего материалов: 123

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 121 человек из 43 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности реализации Федеральной рабочей программы воспитания в школе

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 90 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 249 человек

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 216 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 549 человек

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 748 человек из 74 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 953 человека

Мини-курс

Уникальный образ как педагога: основные принципы позиционирования

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Мини-курс

Психология обучения и развития детей: от садика до школы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Мини-курс

Основы налогообложения и формирования налогооблагаемых показателей

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе