1664987
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
Добавить материал и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
ИнфоурокНачальные классыКонспектыАна - өмір шуағы

Ана - өмір шуағы

библиотека
материалов


Тәрбие сағатының тақырыбы:Ана өмір шуағы.

Сабақтың мақсаты:

1.Балаларға 8-наурыз туралы түсінік беру. Жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту.Анаға деген бала махаббатын ояту.

2.Балаларды ұятқа тән жақсы қасиеттерді білуге,үйренуге және олардың логикалық ой өрісін,тіл байлығын,сөздік қорын,ойлау қабілеттерін бала бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту.

3.Балаларды мейірімділікке аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге,анасын сүю арқылы еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.


Сабақтың көрнекілігі:Қабырға газеті.


Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушыларды сахна төріне тұрғызу.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:Құрметті ұстаздар,аяулы аналар,көктем күніндей құлпырған қыздар!Сіздерді 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыз!Дендеріңізге саулық,отбасыларыңызға амандық ,еңбектеріңізге табыс тілеймін.Өз бақытын,қуанышын өзі өмірге әкелген перзентінің қылығынан қызығынан іздейтін аяулы аналар ,әрқашан жүздеріңізден мейрім нышаны кетпей,айналаңызға нұрларыңызды шашып,аналық бақытқа кенеліп жүре беріңіздер.Ананың сүті-бал,Баланыңтілі-бал.Күннің шуағы-жылы,Ананың құшағы-жылы.Ана-үйдің берекесі,Бала үйдің-мерекесі.Ана сүтін ақтамағанды,ешкім мақтамайды.


1-жүргізуші:

Жылы шырайлы көктемнің алғашқы бір күндері барша

адамзаттың көңілін жадырата келген 8 наурыз мерекесіне

қош келдіңіздер.

2-жүргізуші:

Қымбатты қонақтар, ардақты ұстаздар, аяулы аналар мен сұлу

қыздар! Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын ниетпен құттықтаймыз!

Тәуелсіз еліміздің бүгінгі күнінде асыл аналарымыз, ардақты

жеңешелеріміз , апа-әпке сіңілдеріміз өлшеусіз үлес қосуда.

Отбасының күнбе-күнгі шаруасын, бала тәрбиесін, қоғамдық

жұмыстарды қоса атқарып әйел заты ел бірлігін сақтап келді.

Баршаңызға мереке, қайырлы құтты болсын! Әрбір шаңырақ

шаттық пен бақыт, отбасына аманшылық тілейміз!

Әйел шырағы сөнбесін.

3-жүргізуші

Жанұяның жылуын суытпай тал бесікті тербей отырып

бесік жыры арқылы, аңыз ертегілері арқылы ұрпағының

бойына адамдық қасиеттерді дарытып, отырған аналардың

құдіретті сезімдеріне арналған әсем көріністі тамашалаңыздар!

Көрініс «Ата мен бала»

Автор: Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде, көденің көгерген жасыл кезінде, жерден қар кетіп, жердің түрі түрленіп тұрған уақытта, күннің сәулесі көктен қыздырып, жер-ананың денесі бусанған шақта, «Көктем» атты патшалық болыпты. Бұл патшалыққа да жадырап «Наурыз» айы келді Дүние жаңарды. Көк жетіліп, әлем құлпырды.Бұл патшалықты еліне сыйлы,ақылды хан басқарыпты.Оның қайсар да қайратты 7 ұлы,ай десе аузы,күн десе көзі бар 7қызы болыпты.Хан өзінің ұлдарын сынамаққа бел буды.

Хан: Ұлдарым, қыздарым ! Мен қартайдым,менің сендерге қоятын талабым бар. Кімнің өнері мен ақылы көркіне сай болса, сол менің мұрагерім болады.

Хан:Балаларым үйдегі алтын қазық , кім ?

Бала:Үйдегі алтын қазық -бала,ол -мен.

Хан:Жоқ балам,үйдегі алтын қазық сен емес, ол-ана.Ана ақылды болса,бала дана болады.Ана тәрбиесі қызға үлгі.

Хан:Балаларым, жоқты барететін,ашты тоқ ететін кім?

Баласы:Жоқты бар ететін,ашты тоқ ететін әке.

Хан:Жоқ,балам! Әке қанша мейрімді болса да,ананың жөні бөлек.Жоқты бар ететін, ашты тоқ ететін-ол ана.Анасыз бала ұйықтамайды,Қатықсыз айран ұйымайды.

Хан:Сендердің жауаптарыңа көңілім толмады.

Бала:Алдияр әке не бұйырасыз?

Хан:Өнеріңді көрсет!

Бала:Ана! Ана!Не деген қасиетті сөз едің.

Осынау үш әріптен тұратын ұлы сөздің

түбірінде қаншама ұлы сезім, ұлы құдірет

жатыр десеңізші. Ананың ыстық алақаны

жүрекке жылы тиіп, әр сөзі адамзат баласына

өшпес нәр береді. Дүниеде ана қадірлі.

Автор: Осы патшалықтағы аяулы ана алыста

тұратын бауырының үйінде болатын. Үйге

бір аптадан кейін оралды. Үйге кірісімен

қыздары бірінен соң бірі аналарын қалай

сағынғандарын айта бастады.

1-қыз: Анашым, мен сені күн сәулесін күткен

көкнәр гүліндей сағындым.

2-қыз: Анашым, мен сені бір тамшы суды

аңсаған шөл даладай күттім.

3-қыз: Мен енесін сағынып шырылдаған

кішкентай балапандай болып жыладым,анашым.

4-қыз:Мен сенсіз гүл таппаған ара сияқтымын.

5-қыз:Сен менің түсімде раушан гүлінің түсіне енген шық тамшыларындай болып көріндің,анашым.

6-қыз:Шие бағын іздеген бұлбұлдай мен сенің жолыңды күтумен бодым,анашым.

Автор:Ал,жетінші қызы үндемеді.Ол анасының қолын жууға су әкелді . Алдына ас қойып ,шай құйды.

Ана:Қыз-қызғалдақтарым менің! Бәрінен де мені ең кіші

қызым қатты сағыныпты.

Нұрай: Бізге осы жарық дүниені сыйлаған кім?

Бәрі:Ана.

Нұрай: Түн ұйқысын төрт бөліп, бөбегін бөлеген кім?

Бәрі:-Ол-мейрімді ана.

Ұстаз:Құрметті де ардақты, аналар! Адамға өмір нәрін себуші

құдірет иесі сіздер! Біз мәңгілік сіздердің алдарыңызда

борыштармыз. Бүгінгідей мерекеде балапандарыңыздың

қызметін, құрметін қабыл алыңыздар! Бүгінгі ән, би, бәрі

де сіздер үшін.

Әдеби монтаж:

Мирас:

«Ана» дейміз бәріміз де анқылдап,

«Ана» дейді жас сәби де жарқылдап.

«Ана» деген -бәйтерегі өмірдің,

«Ана» деген алтын қазық, алтын бақ.

Ұлбосын:

Адамзат ең алдымен ана алдында парызда. Ана парызы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды қаламайды, ана баласының ер жетіп, адам болуын қалайды. Анаға осыдан артық тарту- сыйлықтың керегі жоқ.

Әдия:

Ана баласының ғана қамқоршысы емес, ол адамзат атаулның амандығын тілеп, сол үшін қажырлы күреске шығады. Сондықтан да дүние жүзінің озық ойшыл жандары 8-наурызды халықаралық әйелдер күні етіп белгіледі. Бұл күн жыл сайын үлкен мереке ретінде аталып өтіледі.

Мұхамет-Әмин:

Жан ана, құттытаймын мерекеңмен,

Көктемнің құлпыра бер нар гүлімен.

Төрлетсін елдің берген бақыт бағы,

Жазбасын шат көңілің, ақ күніңмен.

Диас:

Ана десем алғыс алам халқымнан,

Ана десем теңіз болам шалқыған.

Ана десем ашылады қабағым,

Ана десем әділдікті ұғамын.

Шырай:

Анам менің панам ғой,

Содан қорған табам ғой

Асықпа, ана, ертең-ақ

Отың болып жанам ғой

Мирас:Құрметтейік,о адамдар аналарды,

Бізді өмірге әкелген даналарды.

Себебі,ана деген асыл жан ғой,

Ойлауменен істейтін әр қадамды.

Ұлбосын:

Аналар-ау менің шалқар көлдерім,

Көлдерім мен ақар-асқар белдерім.

Мына өмірде қуанышты жүргенім,

Сенің арқаң бұл өмірге келгенім.

Нұрай:Бастадым мен сөзімді Ана деп мен,

Себебі анам ғой мені адам еткен.

Өмірдің бар асылын бойына жинаған,

Дүниенің ардақтысы анам екен.

Ақжан:

Сенен өскен балалар,

Сенен өскен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті асыл аналар.

Рүстем:

Достықты біз ойлаймыз,

Бірге күліп ойнаймыз.

Қыздарды да құттықтап,

Мерекесін тойлаймыз!

Гүлназ:

Ерлік еңбек атқарған,

Еңбегімен мақтанам.

Ел сенімін ақтаған,

Айналайын ақ мамам!

Естай:

Анасыздар,әр үйге панасыздар.

Бала десе от болып жанасыздар.

Бір қолыңмен бесікті,

Бір қолыңмен ұлы әлемді.

Еламан:

Батыр да туған анадан,

Ақын да туған анадан.

Анаға мәңгі борыштар

елдегі барлық дана адамдар,

Ана сүтін беріп өсірген,

Бұзық болсам кешірген,

Тілін алсам аймалап,

Кінәм болса кешірген.

Еркежан:

Анасыздар-Ақ еділ,жайықсыздар,

Ана сіздер кең байтақ даласыздар.

Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздарІ

Әр үйдің күні десек лайықсыздар.

Данияр:

Артқан соң бала сенім

Дертімнің дауасы едің.,

Биік қой бұл өмірде.

Қадірің ана сенің.

Өмірге қадам мығым

Анашым панам күнім.

Баланың бақыты мен

Ойлаған амандығын.

Жәнібек:

Мөлдір кәусәр бұлақсың

Мен сүрінсем жылапсың

Шыңға шықсамқуанып

мен құласым құлапсың.

Назым:

О ана!

Неткен қамқор жан едің ,

Білегіңді сыбанып.

Әлденеге қуанып,

Тыным таппай жүресің.

Қабақты да шытасын,

басылады ашуың

Жібек көйлек кепкенше,

Сондай жайлы мінезің.

Көрініс:Ананың жұмбағы.

Автор:Бірде көп балалы ана ұлдарына былай депті:

Ана: балапандарым, мен сендерге бір жұмбақ айтамын, сендер соны шешіндер.

Сендердің 9ай абақтыға жапса, одан шыққан соң аузыңа өкпе қойса, арқанды ағашқа таңса, сол адамға не істер едіңіздер?

Тұңғыш ұлы:Мен оның басын шабар едім!

Екінші ұлы:Мен оны мылтықпен атып тастар едім!

Үшінші ұлы:Оның мұрнын бұзар едім!

Кенже ұлы:Жоқ !ана бұл үшеуінің жасайтындары ақымақтық!Ал мен болсам ол адамды аялап өлгенімше алақаныма салып бағар едім.Сіз бізді 9-ай көтеріп бізге жарық дүниені сыйладыңыз!Қырқынан шығарып ағаш бесікке бөледіңіз!

Міне жұмбағыңыздың шешуі!

Ана:Жарайсың!кенжетайым.

Хан:Менің көңілім толды!Көктем атты патшалықты өзіңе тапсырамын.Ізетті инабатты бауырларыңды тыңдаңдар!Бірлік пен татулықты серік етіңдер.Ана сыйлағанды Алла жарылқайды.Аналарыңды сыйлаңдар!

Автор:Сонымен патшалықты кенже ұлы басқарып аналарға нұрын шашып Ана-өмір шуағы атты жадыраған жайдары бір күнін асыл аналарымызға сыйлапты.

Сіздерге арналған ән .Қабыл алыңыздар!

Келесі нөмірімізде өзбек биі.

Қортындылау :Ата аналарға сөз береміз.

Курс профессиональной переподготовки
Учитель начальных классов
Labirint.ru - ваш проводник по лабиринту книг
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Краткое описание документа:
1.Балаларға 8-наурыз туралы түсінік беру. Жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту.Анаға деген бала махаббатын ояту. 2.Балаларды ұятқа тән жақсы қасиеттерді білуге,үйренуге және олардың логикалық ой өрісін,тіл байлығын,сөздік қорын,ойлау қабілеттерін бала бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту. 3.Балаларды мейірімділікке аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге,анасын сүю арқылы еліне деген  сүйіспеншілікке тәрбиелеу.Өз бақытын,қуанышын өзі өмірге әкелген перзентінің қылығынан қызығынан іздейтін аяулы аналар ,әрқашан жүздеріңізден мейрім нышаны кетпей,айналаңызға нұрларыңызды шашып,аналық бақытқа кенеліп жүре беріңіздер.Ананың сүті-бал,Баланыңтілі-бал.Күннің шуағы-жылы,Ананың құшағы-жылы.Ана-үйдің берекесі,Бала үйдің-мерекесі.Ана сүтін ақтамағанды,ешкім мақтамайды
Общая информация
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону N273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» педагогическая деятельность требует от педагога наличия системы специальных знаний в области обучения и воспитания детей с ОВЗ. Поэтому для всех педагогов является актуальным повышение квалификации по этому направлению!

Дистанционный курс «Обучающиеся с ОВЗ: Особенности организации учебной деятельности в соответствии с ФГОС» от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (72 часа).

Подать заявку на курс

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Роль педагога в реализации концепции патриотического воспитания школьников в образовательном процессе в свете ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Методика организации образовательного процесса в начальном общем образовании»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности педагога-воспитателя группы продленного дня»
Курс повышения квалификации «Актуальные проблемы обучения детей с нарушением слуха в образовательных организациях общего и среднего профессионального образования»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогические аспекты инклюзивного образования в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Система образовательной организации в начальном общем образовании в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Мотивационное сопровождение учебного процесса младших школьников «группы риска» в общеобразовательном учреждении»
Курс повышения квалификации «Содержательные аспекты профессионального и личностного развития педагогических работников в рамках реализации профессионального стандарта»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности педагога-дефектолога: специальная педагогика и психология»
Курс повышения квалификации «Система работы учителя-дефектолога при обучении и воспитании детей с особыми образовательными потребностями (ООП) в общеобразовательном учреждении»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогическая диагностика в современном образовательном процессе»
Курс повышения квалификации «Активизация познавательной деятельности младших школьников с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ) как стратегия повышения успешной учебной деятельности»
Курс повышения квалификации «Продуктивность учебной деятельности младших школьников общеобразовательного учреждения в рамках реализации ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Проективные методики в начальной школе в соответствии с ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Оказание психолого–педагогической помощи лицам с ОВЗ»
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.
Labirint.ru - ваш проводник по лабиринту книг
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.