83107
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 6.900 руб.;
- курсы повышения квалификации от 1.500 руб.
Престижные документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ 50%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО сейчас!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок")

ИнфоурокМузыкаПрезентации«Қобыздың қоңыр үнімен... Қобызға арналған халық композиторларының ән-күйлері» атты электрондық оқулық

«Қобыздың қоңыр үнімен... Қобызға арналған халық композиторларының ән-күйлері» атты электрондық оқулық

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.


«Қобыздың қоңыр үнімен... Қобызға арналған халық композиторларының ән-күйлері» атты электрондық оқулық

Авторы: Нұрымбетова Жамиля Игілікқызы


Қазақ халқының өнерінде аспаптық музыканың алатын орны ерекше. Қара домбыра мен қыл қобызға арналған күйлер ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа өнерпаз орындаушы арқылы жалғасын тауып келеді.

Қазақ қобызын алғаш жасаған Қорқыт ата делінеді. А.Жұбанов өзінің «Ғасырлар пернесі» атты еңбегінде былай деп жазады: «Үні, әуезі бай бір аспап – қобыз. Қобыз тұтас ағаштан ойып жасалады. Оған тағылатын да екі шек. Қобыз шанағының үстіңгі беті түйе терісімен қапталып, шек ретінде аттың қылы пайдаланылады. Ысқышы иілген садақ тәрізді келеді. Оң қол ысқыш арқылы қобыздан үн шығарса, сол қолдың саусақтары шекті қатты баспай, жаншымай, тырнақтың түбімен жанасып қана тартады (қобыздың мойны мен тартылған шек бір-бірінен алшақ тұрады). Бұлай ойнау құлаққа жағымды ерекше үн шығарады, ол адам үніне өте ұқсас». Домбыраға қарағанда қобызда ойнау тым қиын болғандықтан, оны екінің бірі ұстай бермейді. Қыл қобыздың тылсым үнін бақсылар өз мақсаттарына пайдаланған. Дімкәстердің ауруын жазып, денсаулығына көріпкелдік жасаған қазақ қобызшылары бұл аспап үшін небір ғажайып күйлер шығарған. Ал, Қорқыттан кейін ұзақ жылдар бойына үнсіз қалған қыл-қобызды, тек ХІХ-ғасырда ұлы Ықылас жалғасын тапты.

1930 жылдары А.Жұбановтың басшылығымен қазақтың халық аспаптары оркестрі құрылып, тапсырыс бойынша музыкалық аспаптардың жаңа түрлерін, оның ішінде үш ішекті прима-қобызды жасады. Келесі өрлеу кезеңі 1944 жылы Құрманғазы атындағы консерваториясының ашылуымен байланысты. Өнер өрістеуі, тыңдаушылардың талғампаздық талабы, жаңаша қалыптасып келе жатқан педагогика жүйесі, репертуарлық сұраныс, қобызды әлде де жетілдіре түсу міндетін жүктеді. 1953-1954 жылдары республикаға танымал Досымжан Тезекбаевтың жасап берген чертежі бойынша музыкалық аспаптар жасайтын шеберлер А.Першин мен А.Тұрдыбаев жаңа төрт ішекті прима-қобыз жасап шығарып, айтақаларлықтай жаңалық болды. Бірақ дәстүрлі көбемен орындау әдісі сақталды.

Бізге жеткен қобыз сарыны – халқымыздың қайталанбас, қастерлі мұрасы. Осы мұраны танып, меңгеру – бүгінгі, келешек ұрпақтар үшін парыз десек, оны оқытып, үйрету – білікті ұстаз-мамандардың міндеті.

Ата-баба ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздікке қолы жеткен еліміздің білім, тәрбие беру ісіндегі басты мақсат – рухани жан дүниесі биік, жеке тұлға қалыптастыру. Ал тұлғаны музыкаға тәрбиелеу дегеніміз – ол баланың бойында белгілі бір қызығушылықты ояту, қажетті құндылық бағдарын, соның ішінде пайдалы іс-әрекеттерді қалыптастыру, дарындылық көзін ашу деген сөз.

«Қобыздың қоңыр үнімен... Қобызға арналған халық композиторларының ән-күйлері» - алғашқы шығып отырған электронды оқулық. Басқа оқулықтар сияқты мазмұны, алғы сөз, кіріспеден тұрады. Оқулықтың аты айтып тұрғандай халық әндері, халық композиторларының шығармаларынан құрастырылған. Жеке-жеке қазақтың ән және домбыра дәстүрлері жайлы қысқаша мағлұмат берілген.

Қазақ халқы әнге бай. Ән - қазақ өмірінің айнасы. Халық өзінің қуанышын да, қайғысын да, мұңын да әнмен жеткізіп, әнді серік еткен.

Музыкалық шығарманың, өлеңнің бабын зерттей келе оның халық тарихынан, өмірінен, дінінен, салтынан шыққанын ұмытпау керек.

Күй өнері және онымен шендес өмір сүретін күй аңыздары қазақ халқының рухани мәдениетінде елеулі орын алатыны, сондай-ақ ғасырлар қойнауынан басталатын текті дәстүр екені тарихи, археологиялық, этнографиялық, лингвистикалық, жазбаша айғақ-деректер арқылы көрініс тапқан.

ҚР Білім және ғылым министрлігі және Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығының қолдауымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға білім беру стандартында көрсетілген 050404 «Дәстүрлі музыкалық өнер», Халық аспаптары мамандықтары бойынша Жоғарғы оқу орындарында оқытудың түрлеріне базалық пән – мамандық жатқызылған. Әр оқу жылының өзінің міндетті компоненттері көрсетілген. Бітіруші түлек - кәсіби концерттік орындаушы, оқытушы мамандығын игеріп шығады.

Сабақ кезінде студенттерге аспапта орындап көрсетіп, орындаушылық тәжірибесін шыңдауға практика есебінде көмектескен жөн. Жеке орындаудағы музыкалық шығармадан үзінділер, үнтаспалар, аудио-бейнетаспалар тыңдату өте пайдалы. Бұл оқытудың негізгі формасы болып табылады.

Өкінішке орай біздің облысымыздың қорында осындай арнайы қобыздың үнтаспалары сабаққа пайдалану үшін жоқтың қасы деуге болады. Сондықтан бұл алғашқы оқулық қобызшы оқытушылар, студенттер мен оқушылар үшін пайдасы мол деп ойлаймын.

«Қобыздың қоңыр үнімен... Қобызға арналған халық композиторларының ән-күйлері» атты электронды оқулыққа халықтың 32 әні және 16 халық композиторларының әндері мен күйлері енген. Олар: Ақан сері Қорамсаұлы, Балуан Шолақ Баймырзаұлы, Біржан сал Қожағұлұлы, Әсет Найманбайұлы, Жаяу Мұса Байжанұлы, Майра Уәлиқызы, Мәди Алшынбаев, Мұхит Мералыұлы, Үкілі Ыбырай және Арынғазы Әбілғазизұлы, Дәулеткерей Шұғайұлы, Дина Нұрпейіскеліні, Есір Айшуақұлы, Құрманғазы Сағырбайұлы, Сүгір Әлиұлы, Тәттімбет Қазанғапұлы. Оқулықтың құндылығы автордың өмірбаяны, шығарманың нотасы клавирмен, фотосуреті және жанды аудиодыбысы қатар жүреді. Сонымен қатар оқулыққа әндер мен күйлерді зерттеушілердің фото мен өмірбаяндары да енген. Студент қауымы үшін бұл өте пайдасы зор көмек.

Оқулықтағы барлық әндер, күйлер өзімнің орындауымда (Жамиля Нұрымбетова) «Өнер институтының» дыбыс жазу кабинетінде аудиотаспаға жазылды. Бұл электронды оқулық БҚМУ базасында бірінші рет жарыққа шығып отыр. Пікір жазғандар: ҚРеңбек сіңірген әртісі Құрманғазы атындағы ұлттық консерваториясының профессоры Каленбаева М.К.,ҚР Халық әртісі Құрманғазы атындағы ұлттық консерваториясының профессоры Молдакаримова Ғ.А және П.И.Чайковский атындағы саз колледжінің оқытушысы, қобызшы Сүйінтаева М.К.

Қобыз музыкасы бүгін мен болашақты, өткенді жалғастырушы алтын көпір міндетін атқарып отыр.





Краткое описание документа:
        «Қобыздың қоңыр үнімен... Қобызға арналған халық композиторларының ән-күйлері» атты электрондық оқулық Авторы: Нұрымбетова Жамиля Игілікқызы   Қазақ халқының өнерінде аспаптық музыканың алатын орны ерекше. Қара домбыра мен қыл қобызға арналған күйлер ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа өнерпаз орындаушы арқылы жалғасын тауып келеді. Қазақ қобызын алғаш жасаған Қорқыт ата делінеді. А.Жұбанов өзінің «Ғасырлар пернесі» атты еңбегінде былай деп жазады: «Үні, әуезі бай бір аспап – қобыз. Қобыз тұтас ағаштан ойып жасалады. Оған тағылатын да екі шек. Қобыз шанағының үстіңгі беті түйе терісімен қапталып, шек ретінде аттың қылы пайдаланылады. Ысқышы иілген садақ тәрізді келеді. Оң қол ысқыш арқылы қобыздан үн шығарса, сол қолдың саусақтары шекті қатты баспай, жаншымай, тырнақтың түбімен жанасып қана тартады (қобыздың мойны мен тартылған шек бір-бірінен алшақ тұрады). Бұлай ойнау құлаққа жағымды ерекше үн шығарады, ол адам үніне өте ұқсас». Домбыраға қарағанда қобызда ойнау тым қиын болғандықтан, оны екінің бірі ұстай бермейді. Қыл қобыздың тылсым үнін бақсылар өз мақсаттарына пайдаланған. Дімкәстердің ауруын жазып, денсаулығына көріпкелдік жасаған қазақ қобызшылары бұл аспап үшін небір ғажайып күйлер шығарған. Ал, Қорқыттан кейін ұзақ жылдар бойына үнсіз қалған қыл-қобызды, тек ХІХ-ғасырда ұлы Ықылас жалғасын тапты. 1930 жылдары А.Жұбановтың басшылығымен қазақтың халық аспаптары оркестрі құрылып, тапсырыс бойынша музыкалық аспаптардың жаңа түрлерін, оның ішінде үш ішекті прима-қобызды жасады. Келесі өрлеу кезеңі 1944 жылы Құрманғазы атындағы консерваториясының ашылуымен байланысты Бізге жеткен қобыз сарыны – халқымыздың қайталанбас, қастерлі мұрасы. Осы мұраны танып, меңгеру – бүгінгі, келешек ұрпақтар үшін парыз десек, оны оқытып, үйрету – білікті ұстаз-мамандардың міндеті. Ата-баба ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздікке қолы жеткен еліміздің білім, тәрбие беру ісіндегі басты мақсат – рухани жан дүниесі биік, жеке тұлға қалыптастыру. Ал тұлғаны музыкаға тәрбиелеу дегеніміз – ол баланың бойында белгілі бір қызығушылықты ояту, қажетті құндылық бағдарын, соның ішінде пайдалы іс-әрекеттерді қалыптастыру, дарындылық көзін ашу деген сөз. «Қобыздың қоңыр үнімен... Қобызға арналған халық композиторларының ән-күйлері» - алғашқы шығып отырған электронды оқулық. Басқа оқулықтар сияқты мазмұны, алғы сөз, кіріспеден тұрады. Оқулықтың аты айтып тұрғандай халық әндері, халық композиторларының шығармаларынан құрастырылған. Жеке-жеке қазақтың ән және домбыра дәстүрлері жайлы қысқаша мағлұмат берілген. ҚР Білім және ғылым министрлігі және Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығының қолдауымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға білім беру стандартында көрсетілген 050404 «Дәстүрлі музыкалық өнер», Халық аспаптары мамандықтары бойынша Жоғарғы оқу орындарында оқытудың түрлеріне базалық пән – мамандық жатқызылған. Әр оқу жылының өзінің міндетті компоненттері көрсетілген. Бітіруші түлек - кәсіби концерттік орындаушы, оқытушы мамандығын игеріп шығады. Сабақ кезінде студенттерге аспапта орындап көрсетіп, орындаушылық тәжірибесін шыңдауға практика есебінде көмектескен жөн. Жеке орындаудағы музыкалық шығармадан үзінділер, үнтаспалар, аудио-бейнетаспалар тыңдату өте пайдалы. Бұл оқытудың негізгі формасы болып табылады. Өкінішке орай біздің облысымыздың қорында осындай арнайы қобыздың үнтаспалары сабаққа пайдалану үшін жоқтың қасы деуге болады. Сондықтан бұл алғашқы оқулық қобызшы оқытушылар, студенттер мен оқушылар үшін пайдасы мол деп ойлаймын. «Қобыздың қоңыр үнімен... Қобызға арналған халық композиторларының ән-күйлері» атты электронды оқулыққа халықтың 32 әні және 16 халық композиторларының әндері  мен күйлері енген. Олар: Ақан сері Қорамсаұлы, Балуан Шолақ Баймырзаұлы, Біржан сал Қожағұлұлы, Әсет Найманбайұлы, Жаяу Мұса Байжанұлы, Майра Уәлиқызы, Мәди Алшынбаев, Мұхит Мералыұлы, Үкілі Ыбырай және Арынғазы  Әбілғазизұлы, Дәулеткерей Шұғайұлы, Дина Нұрпейіскеліні, Есір Айшуақұлы, Құрманғазы Сағырбайұлы, Сүгір Әлиұлы, Тәттімбет Қазанғапұлы. Оқулықтың құндылығы автордың өмірбаяны, шығарманың нотасы клавирмен, фотосуреті және жанды аудиодыбысы қатар жүреді. Сонымен қатар оқулыққа әндер мен күйлерді зерттеушілердің фото мен өмірбаяндары да енген. Студент қауымы үшін бұл өте пайдасы зор көмек. Оқулықтағы барлық әндер, күйлер өзімнің орындауымда (Жамиля Нұрымбетова) «Өнер институтының» дыбыс жазу кабинетінде аудиотаспаға жазылды. Бұл электронды оқулық БҚМУ базасында бірінші рет жарыққа шығып отыр. Пікір жазғандар: ҚРеңбек сіңірген әртісі Құрманғазы атындағы ұлттық консерваториясының профессоры Каленбаева М.К.,ҚР Халық әртісі Құрманғазы атындағы ұлттық консерваториясының профессоры Молдакаримова Ғ.А және П.И.Чайковский атындағы саз колледжінің оқытушысы, қобызшы Сүйінтаева М.К. Қобыз музыкасы бүгін мен болашақты, өткенді жалғастырушы алтын көпір міндетін атқарып отыр.
Общая информация

Номер материала: 75508041943

Вам будут интересны эти курсы:

Курс «Бухгалтерский учет»
Курс повышения квалификации «Основы управления проектами в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Организация практики студентов в соответствии с требованиями ФГОС технических направлений подготовки»
Курс повышения квалификации «Правовое регулирование рекламной и PR-деятельности»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности помощника-референта руководителя со знанием иностранных языков»
Курс профессиональной переподготовки «Организация технической поддержки клиентов при установке и эксплуатации информационно-коммуникационных систем»
Курс профессиональной переподготовки «Корпоративная культура как фактор эффективности современной организации»
Курс повышения квалификации «Актуальные вопросы банковской деятельности»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности преподавателя детской хореографии»
Курс повышения квалификации «Музыкальное развитие детей в соответствии с ФГОС ДО»
Курс профессиональной переподготовки «Музыка: теория и методика преподавания в профессиональном образовании»
Курс профессиональной переподготовки «Теория и методика музейного дела и Охраны исторических памятников»
Курс профессиональной переподготовки «Музыка: теория и методика преподавания в сфере начального общего, основного общего, среднего общего образования»
Курс профессиональной переподготовки «Организация и управление процессом по предоставлению услуг по кредитному брокериджу»
Курс профессиональной переподготовки «Музыка: теория и методика преподавания в сфере дошкольного образования»
Оставьте свой комментарий
Для того чтобы задавать вопросы нужно авторизироватся.
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.