Инфоурок ИЗО, МХК Другие методич. материалыПДТ балалармен жеке жұмысты ұйымдастыру

ПДТ балалармен жеке жұмысты ұйымдастыру

Скачать материал

КММ  «ПДТ балаларға арналған мектеп - интернат»

Қазақ тілі және қазақ әдебиет мұғалімі

 Тальжанова Казтай Алдунгаровна

 

ПДТ балалармен жеке жұмысты ұйымдастыру

 

Мақсаты: Мұғалім мен оқушылардың қарым – қатынасын жақсарту

Міндеті:   Оқушылардың жан-жақты болу қасиеттерін дамыту

                       Оқушыларды іс-əрекет ұйымдастыру əдістері қарастыру

                       Оқушыларды ынталандыру əдістері қарастыру

Қазіргі кездегі білім беру жүйесінде ақпараттық технологиялар мен компьютерлік коммуникациялар белсенді қолдануда. Білім беру жүйесін ақпараттандыру дегеніміз - берілетін білім сапасын көтеруді жүзеге асыруға бағытталған процесс, яғни еліміздің ұлттық білім жүйесінің барлық түрлерінде кәдімгі технологияларды тиімді жаңа комплекстік ақпараттандыру технологияларына алмастыру, оларды сүйемелдеу және дамыту, нақты жүзеге асыру шаралары.

Білім беру жүйесін ақпараттандыру ісінің негіздерінің бірі болып білім алу саласына ақпараттық технологияларды енгізу жұмыстары саналады, бірақ бұл негіз ақпараттандыруды басқаша түсіну қаупін туғызып, оны көптеген жағдайларда тек техникалық құралдармен жабдықтауға ғана әкеліп соқтыратыны белгілі.

Білім беру жүйесін ақпараттандыру ісі жаңа оқыту технологияларын дайындауды талап етеді. Білім беруді ақпараттандырудың теориясы мен әдістемесі мынадай зерттеу бағыттарынан тұрады:

-  қазіргі ақпараттық қоғам мен ғаламдық коммуникация жағдайында білім беру мазмұнын жетілдіру;

-  оқушының ақыл-ой әлеуетін дамыту;

- бірлескен ақпараттық желілер мен ғаламдық коммуникациялар базасында жұмыс істейтін «виртуалдық» білім беру;

- оқушының ақыл-ой қуатының деңгейін белгілеудің, оның білімі мен жетістігін бақылау және бағалаудың компьютерлік тестілеуші, диагностикалаушы әдістемелерін жасап пайдалану.

Бүгінгі күні арнайы мектептерде де ақпараттық технология кең көлемде қолданылады. Электронды оқулықтар, көмекші құралдар, компьютерлік тапсырмаларды оқытушылар өздері құрады және пайдаланады.

Осыған орай арнайы мектептерде география сабақтарын оқытудың тиімді әдіс–тәсілдерін қарастыру, яғни география пәнін оқытуда пайдаланылатын электрондық бағдарламаны құрастыру мәселелері дипломдық зерттеу жұмысының өзектілігін көрсетеді. Заманауи оқыту талаптарына сәйкес сабақтарда ақпараттық технологияларды қолдану оқыту үрдісінің тиімділігін арттырып, балалардың оқу материалдарын игеру дәрежесін жоғарылатады.

Күнделікті сабаққа бейне, аудио қондырғыларын, теледидар мен компьютерді қолдану айтарлықтай нәтижелер беріп келеді. Заман ағымына сай ондай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып,зейін қойып тыңдаумен қатар, түсінбей қалған сәттерін қайталап көруге не тыңдауға, алған мағлұматты нақтылауға мүмкіндік береді. Оқушылардың өздері де алынған ақпаратты көшіріп алып онымен өз ыңғайына қарай жұмыс істей алады.

Іс-əрекет ұйымдастыру əдістері

 

Тəрбие көзделген əрекет-қылық (поведение) типін қалыптастыруы міндетті. Тұлға тəрбиелілігі түсінік, ұғымнан көрінбейді, ол адамның нақты іс-əрекетімен бағаланады. Бұл тұрғыдан іс-əрекет ұйымдастыру мен қылық қалыптастыру тəрбие процесінің өзегі ретінде қарастырылады. Аталған топтағы əдістердің бəрі тəрбиеленушілердің практикалық іс-əрекетіне негізделген. Мұндай іс-əрекетті басқару үшін педагог оны құрамды бөліктерге – нақты істер жəне қылықтарға жіктейді.

Қажетті тұлға сапаларын қалыптастырудың жалпыланған əдісі – жаттықтыру. Балада қалыптасатын қылық, əрекеттің қай-қайсысы да жаттығып, дағдыланудан. Балаға басқалардың қалай жазатынын əңгімелеп, жазуға, атақты күйші өнерін көрсетіп, домбыра тартуға үйрету мүмкін емес. Тəрбиеленушіні мақсатты бағытталған белсенді əрекетке ынталандырмай, жоспарланған мінез бітісін де орнықтыруға болмайды. Жаттықтыру мəні – талап етілген əрекеттерді көп мəрте қайталаумен автоматты орындалу дəрежесіне жеткізу. Жаттығулар нəтижесі – тұлғаның бекіген сапалары: əдеттер мен дағдылар.

Жаттықтыру істерінің тиімділігін келесі шарттар анықтайды: 1) жаттығулар жүйесі; 2) олар мазмұны; 3) түсініктілігі мен жеңілдігі; 4) көлемі;

5) қайталау жиілігі; 6) бақылау мен түзету; 7) тəрбиеленушілердің тұлғалық сапалары; 8) жаттығулардың орындалу мерзімі мен орны; 9) жеке-дара, топтық, ұжымдық жаттығулар формасы; 10) жаттығу сеп-түрткілері мен оған деген ынта себептері. Жаттығулар жиілігі, көлемі жəне жетіскен нəтижелер арасында тікелей тəуелділік бар: жаттығу неғұрлым көп орындалса, олар жəрдемімен қалыптасушы сапалар дамуы да соғұрлым жоғары келеді. Бұл тəуелділік тұлғалық ерекшеліктерімен реттеліп барады. Бірдей тең деңгейлі сапаны қалыптастыру үшін əр оқушының орындайтын жаттығуларының саны əрқилы: бір бала көзделген сапаға аз санды жаттығудан жететін болса, екінші біреуінде ондаған, жүздеген жаттығу əрекеті қажет. Сапа неғұрлым күрделі келсе, оған байланысты əдеттерді қалыптастырып, тұрақтандыру үшін соғұрлым көп жаттығу орындап, көп мəрте қайталау керек.

Жаттығулар жүйесін жоспарлауда тəрбиеші ең алдымен өз тəрбиеленушілеріне қандай дағдылар мен əдеттерді қалыптастыруы қажет болатынын ойластырып алғаны жөн. Жаттығулардың көзделген қылық-əрекетке сəйкес болуы (адекватность) – əдісінен баланың өмірлік қажетті, мəнді жəне пайдалы дағдылары мен əдеттері қалыптасады. Сондықтан жаттығулар қалай болса, солай ойдан шығарылмай, өмірден алынуы тиіс. Бірінші кезекте жалпы адамзаттық ізгілі сапалар тұрғызушы жаттығулар пайдаланылады.

Тұрақты дағдылар мен əдеттер қалыптастыру үшін жаттығуларды мүмкін болғанша ерте жастан қолданған дұрыс. Жас организм қай əсерді де тез қабылдайды. Əдеттенген адам өз сезімін басқара біледі, құмарлықтарына тоқтау береді, өз ниеттерін басқалар мүдделерімен салыстырып, бағалай алады. ұстамдылық, өзіндік бақылау, ұқыптылық, тəртіптілік, қатынас мəдениеті – бəрі де тұрақтанған əдеттер негізінде туындайтын ізгілі адам сапалары.

Жаттықтыру əдістерінің тиімділігіне себепші маңызды шарттардың бірі- біртұтас жаттығулар жүйесінің біртіндеп күрделеніп баруы. Кіші сынып оқушыларында мінез-құлық мəдениетін қалыптастыруда келесідей шамалап түзілген ілгерілі жаттығулар жоспарын ұсынуға болады.

Гуманистік тəрбиеде де қатаң əдістер қолданылады. Бірақ əңгіме оны қалай пайдалануда. Осындай шешімді əдеттердің бірі – талап. Тəрбие барысындағы талап тəрбиеленуші əрекетінің ынталылығын көтеруге не оны тежеуге қажет талаптар тікелей не жанамалы болып келеді. Тікелей талап – анық, дəл, нақты. Жанамалы талапта əрекетке келтіретін талаптың (кеңес, өтініш, сенім, қолдау, құлақ-қағыс жəне т.б.) өзі емес, ал сол талаптан туындайтын психологиялық жағдаяттар: толғаныс, күйзеліс, мүдде, ұмтылыс. Жанама талаптар арасында аса көп қолданылатындары:

Кеңес-талап. Бала санасына ықпал жасаумен педагог қойған талаптың қажеттігін, пайдасын түсіндіреді. Мұндайда кеңестің қабылдануы не қабылданбауы педагог беделіне, оның оқушымен қатынасына тəуелді.

Ойын талап. Əрқандай талаптарды қою үшін тəжірибелі мұғалім баланың ойынға құштарлығын пайдаланады. Бала ойынды қызығушылықпен орындай жүріп, өзі байқамай талаптарды да қабылдайды. Бұл талап əдісінің өте ізгілікті жəне тиімді формасы, бірақ оны қолдануда аса жоғары педагогикалық шеберлік қажет.

Сенім талап. Мұндай əдіс, əдетте, сыйластық жайлаған ортада іске асады.

Өтініш талап. Педагог пен тəрбиеленуші арасында достық, жолдастық қарым-қатынас болған жағдайда өз тиімділігін береді.

Үйретіп көндіру – көзделген сапаны жылдам əрі жоғары деңгейде қалыптастыру үшін қолданылады. Кейде бала мұндай талапты ауырсынады, өжеттікпен қарсы шығады. Солай болса да, көндіру баланың өзі үшін қажет. Гуманистік педагогика адам құқына қарсы қатаң əдістерді қолданудан аулақ, дегенмен орынды жерінде бұл əдісті жұмсарта, басқа əдістермен, əсіресе ойынмен бірлестіре пайдаланғанды жөн санайды. Үйретіп көндіру жəне оны ойынмен бірлестіру бала табиғатына сай келеді.

Үйретіп көндіру тəрбие процесінің барша кезеңдерінде де тиімді, бірақ бала дамуының алғашқы сатысында əбден қажет. Бұл əдісті пайдалану шарттары:

1. Тəрбие шарттарын екі тараптың да анық, дұрыс түсінуі. Егер тəрбиеші алдына қойған көндіру мақсатының мəнін, пайдасын жете пайымдамаса, онда əдіс баланы түгелдей бағындырумен орындалады. Баланың өзі нені қажетсінетінін түбегейлі түсінген жағдайда ғана əдіс өз нəтижесін береді.

2. Қандай да талапқа көндіруде, айтар ойыңызды сөзбен анық, түсінімді өрнектеңіз, ерекше пікіріңізді «олай бол да, солай бол» деп қайырмаңыз. Дұрысы «Көршіңе сəлем берсең – ол да жылы сəлемдеседі», «Салақтың болашағы жоқ, тырнағы өскен, құлағы кір – адам шоршытады» сияқты насихат жолымен ұғындырған жөн.

3. Əрбір уақыт аралығына қонымды, оқушы мүмкіндігіне сай əрекет жоспарлаңыз. Асығыстық мақсатты жақындатпайды, керісінше, алыстатады. Алғашында дəл орындауға, кейін тез орындауға үйретіңіз.

4. Қалай орындалуын, одан болар нəтижені көрсете біліңіз. Салақтық пен тазалықты, ұқыптылық пен салғырттықты нақты мысалмен көрсете түсіндіріп, бала жанын қозғаңыз, өз тəрбиесіздігінен ұялып, оқушыны өзінің келеңсіз əрекетінен жеркенуге мəжбүр етіңіз.

5. Көндірудің бірізді – параллель схемасын қолданыңыз. Егер тұлға сапаларын біртіндеп, кезегімен тəрбиелейтін болсаңыз – уақыт жеткізе алмаймыз. Барша сапаларды параллель де қалыптастырып болмайды. Сондықтан, қай сапалар өзара табиғи байланысты болатынын анықтап, оларды бірқатар тəрбиелеңіз, екіншіде қай сапа қандай қасиетке негіз боларын біліп алып, оларды бірінен соң екіншісін қалыптастырыңыз.

6. Көндіру тілектестік пен мүдделілікке негізделген, бірақ бірқалыпты қатаң, үздіксіз бақылау бар жерде нəтижесін береді. Бақылау оқушының өзіндік бақылауына ұласуы қажет.

7. Көндірудің педагогикалық тиімді нəтижесі ойынмен бірге келеді. Бала белгілі қағидаларды ойын барысында еш зорлықсыз-ақ, өз қалауымен орындайды. Көндіру үшін баланы ойынға тартудың себептері: 1) қажетті іс-əрекет мақсаты оқушылар үшін тартымсыз болса; 2) мақсатқа жету жолы іс логикасына орай баланы жалықтыратын, қолайсыз болса.

Тапсырыстар беру – балаларды ұнамды қылық-əрекеттерге жетелеудің тиімді жолы. Тапсырыстар түрі əрқилы: сырқат жолдасынан хабар алып, оның оқуына жəрдемдесу; қамқорлыққа алынған балабақшаға ойыншықтар дайындау; сынып бөлмесін мейрамға безендіру жəне т.б. Қажетті сапаларды дамыту үшін де тапсырмалар қолданылады, мысалы, нақтылығы мен ұқыптылығы кем балаларға – дəл əрі орынды жасау əрекеті, шыдамсыздарға – байсалдылық талап ететін жұмыстарды тапсырып тəрбиелеуге болады. Тапсырыстың орындалуын ежелеп, түсіндіріп жатудың қажеті жоқ.

Тəрбиелік жағдайлар – арнайы жасалған шарттарға орай тəрбиеленуші іс-əрекеті мен мінез-қылығын қалыптастыру əдісі. Тəрбиелік жағдайлар (ситуация) тиімділігін көтерудің екі жолын еске ұстаған жөн:

- жағдай жалған, жасанды болмай, нақты өмірде кездесетін қарама-қарсылықтары мен қүрделіліктерден құралуы тиіс. Тəрбиеші əдейі жағдай туындатушы шарттарды түзеді, ал ситуациялар табиғи қалпында өтуі тиіс. Мектеп өмірі мұндай ситуацияларға бай: «Оқушы – мұғалім», «Оқушы – жол тəртібінің сақшысы», «Оқушы – ертеңгі серуен басшысы» жəне т.б. тосын жағдайлар. Мұғалім ескертпесін күткен тəрбиеленуші оған алдын ала дайындалады, ал əрекет тосын болса, көп жағдайда бала мұғалім айтқанына көнеді. Оқушының тосын қылығына мұғалім кеңпейілділік, қайырымдылық танытуы лазым. Бірақ бұл жағдайдағы басты шарт: бала мұғалім əрекетін дұрыс түсініп, оны əлсіздік, сенімсіздік демей, жоғары адамгершілік тұрғысынан қабылдауы тиіс. Қай жағдайда да мұғалімнің ситуация дамуына тікелей араласпағаны жөн.

Аталған əдіс басқа тəрбие əдістерінің баршасымен тығыз байланысты.

Тұлға мінез-қылығын қалыптастыру əдістері тəрбиеде өте қажет. Олардың бəрі тəрбие процесінің өзегін құрайды. Атап айтсақ, бұл əдістер: жаттықтыру, талап, көндіру, тəрбиелік жағдайлар (ситуациялар).

 

Ынталандыру əдістері

 

Тəрбиеленушіні белгілі іс-əрекетті орындатуға талаптандыру ниетімен қолданылатын əдістер тобында ынталандырудың орны өз алдына. Бұл əдістің ежелден-ақ мадақтау мен жазалау түрі белгілі. XX ғасыр педагогикасы жəне бір өте əсерлі ынталандыру əдісі – жарыстыру əдісін алға тартып отыр. Кейінгі он жылдықта дəстүрлі ықпал əдістеріне қосымша субъектив-прагматикалық əдістің тиімділігі жариялануда. Ғылыми зерттеулер мен практика нақтылағандай, бүгінгі жастардың ерекшелігі - өмірге болған прагматикалық (пайдакүнемдік) қатынасы. Осыдан қазіргі заман оқушысы өзіне, өз жолдастарына тəрбие маған не береді, неге, қай уақытта ол қажет, одан түсер пайда қандай жəне қаншалықты деген сұрақтарды үстемелеп қоятын болды. Осы секілді пайдакүнемдік – прагматикалық бағытты ескере отырып, кейбір шет ел педагогикалық жүйелері тəрбие процесін тəрбиеші мен тəрбиеленуші арасындағы коммерциялық қатынас сипатында бағалайды. Ал мұндай қатынас өзегі – пайда. Əдіс əлі қалыптасып, ресми қабылданған емес, бірақ тұрмыста тəрбиеші мен тəрбиеленушілер арасында түзілетін келісім-шарттар жүйесімен біртіндеп тұрақтануда.

Мадақтау – тəрбиеленушілер əрекетіне ұнамды баға беру. Мадақтау ықпалы оқушының ұнамды көңіл-күй сезімін көтеруге негізделген. Осыдан да мадақтау балада өзіне деген сенім орнықтырып, жұмысқа деген жағымды көңіл қатынасын оятады, жауапкершілік арттырады. Мадақтау түрліше орындалуы мүмкін. Олар арасында тəрбие процесінде жиі қолданылатындары – қолдау, қуаттау, алғыс жариялау, құрметті құқықтар беру, мақтау қағаздары мен сыйлықтар беру жəне т.б.

Қарапайымды бола тұра, мадақтау өте жауапкерлі де іс. Мадақ шектен тыс əсіреге айналып кетпей, орынсыз кем де болмауы керек. Санамен сарапталмаған əсіре мадақ баланы бұзады. Осыдан мадақтаудың психологиялық қырлары мен оның салдарын ескерген жөн:

1. Мадақ-марапат сырттай көзге түсіп, əйгілену ниетімен емес, мақтаушы мұғалім мен марапатталушы оқушының, яғни екі тараптың бірдей жан дүниелік қалауы мен қабылдауынан болуы шарт.

2. Мадақтау арқылы тəрбиеленушіні басқа балаларға қарсы қойып алмауды да ойластырған жөн. Сондықтан тек табысқа жеткен оқушыны ғана мақтап шектелместен, шын ықыласымен еңбектенген, өз ісіне адалдық танытатындардың бəріне де жылы лебіз, мадақ сөзді аянбаған жөн.

3. Мадақ қолдана отырып, кім, не үшін, қаншалықты сыйға тұрарлық екенін сараптауды ұмытпаңыз. Əсіре мадақ астамшылдыққа апарады.

4. Əрқандай мадақ жеке тұлғалық ерекшеліктерді ескерумен беріледі. Өзіне сенімі жоқ, үлгерімі төмен оқушыны қолдап-қуаттау қажет. Қандай да ұнамды сапасын танып, педагог сол арқылы балада сенім оятады, ұмтылыс пен дербестік, кедергілерден сескенбеу қасиетін баулиды. Өзіне тəрбиеші, төңірегіндегі адамдар сенімін артқан бала, өз кемшіліктерін де «жүгендеп», оңды жолға түсе бастайды.

5. Бүгінгі мектеп тəрбиесіндегі басты міндеттерден жазбау. Мадақтау мəселесін шешуде өз шəкірттеріңізбен пікір алысуды да жадтан шығармаңыз.

Жарыс, бəсеке. Көп бала топтала қалса, сол бойда өзара бедел таластыра бастайды. Балалар табиғатына аса тəн құбылыс – бəсекелестік. Төңірегіндегілер арасында өз беделін танытып, оны бекіту – əр адамның тума қажеті. Ал бұл қажеттілікті іске асыру басқалармен жарысуды керек етеді. Жарыс нəтижесі баланың ұжымдағы беделін ұзақ уақытқа айқындап, бекітеді.

Жарыс əдісімен баланың бəсекелестікке деген табиғи қажеттігін жеке тұлғаға жəне жалпы қоғамға сай қасиеттерді баулитын тəрбие арнасына бұруға болады. Өзара жарыса жүріп, оқушылар қоғамдық қылық тəжірибелерін тез игеріп, тəн-дене, адамгершілік, эстетикалық сапаларын дамытады. Жарыс əсіресе үлгерімі төмен оқушылар үшін аса қажет: өз нəтижелерін жолдастарының жетістіктерімен салыстыра отырып, өз білімдері мен ептіліктерін көтеруге болған қозғау күш алады, оқуы мен өзіндік тəрбиесіне ден қоя бастайды. Жарыс ұйымдастыру – оңай іс емес: балалар психологиясын жете тану қажет, біртұтас маңызды шарттар мен талаптарды ұстану əрі орындау керек. Жарыс тиімділігі оның ұйымдастырылуында. Бұл үшін жарыстың мақсаттары мен міндеттері айқындалады, бағдарлама түзіледі, баға өлшемдері белгіленеді, жарыстыру шарт - жағдайлары жасалады, қорытынды шығарылып, жеңімпаздар марапатталады. Жарыс өзіне сай күрделілігімен əрі қызықты өткізілуі тиіс. Сонымен бірге жарыс ережелері соңғы нəтижелерді бағалап, салыстыруға келетіндей нақты болғаны жөн. қорытындылау мен жеңімпаздарды анықтау жариялы болып, бағалау өлшемдері қарапайым, баршаға түсінімді болғаны дұрыс. Жарыс бағдары мен мазмұны айқын болуы тиіс. Бүгінгі таңда мектеп тəжірибесінде сынып, мектептің озық оқушысы, пəн білгірі атақтарын алу жарыстары өткізілуде.

Гуманистік педагогика жазалауды да жоққа шығармайды, бірақ оның шегін, сипатын, орындалу жолдарын өзгертуді талап етеді.

Жазалау –келеңсіз қылықтарды шектеп, тежеу үшін, басқалар алдында, өз тұрғысынан айыбын мойындау сезімін ояту мақсатында қолданылатын педагогикалық ықпал əдісі. Басқа тəрбие əдістері секілді жазалау да қылық-əрекеттердің сырттай себептерінің тұлғалық ішкі ықылас-ниеттерге ауысуына негізделген. Мектеп тəжірибесінде жазалаудың келесідей түрлері қолданылуда; 1) қосымша міндеттер таңу; 2) кей құқықтардан айыру не шектеу; 3) моральдық сөгіс, не айып тағу. Тəрбие барысында жазалаудың келесі формалары қабылданған: жақтырмау, ескерту, сөгіс жариялау, алдын ала сақтандыру, айыпқа сай талап қою.

Жазалау əдісінің тиімділігін анықтаушы шарттар төмендегідей:

1. Оқушы «пір» тұтқан абыройлы адам тарапынан болған жаза əсерлі келеді. Келеңсіз қылығы тек тəрбиеші емес, дос, жолдастарының да жақтырмауына, ескертуіне ұшыраса, айып сезімі күштілеу болады. Сондықтан тəрбиеші ұжымдық пікірге көбірек жүгінгені жөн.

2. Бүкіл сыныпқа жаза қолдануға болмайды.

3. Жаза шешімі қабылданса, ол орындалуы шарт.

4. Жаза тиімділігі оның оқушыға түсінімді болып, оны əділ деп қабылдауынан. Өтелген жаза қайтып еске алынбайды, оқушымен қалыпты қатынас жалғасын табады.

5. Жазала, бірақ оқушының намысына тиюші болма. Тəрбиеші жазаны өз жек көргендігінен емес, педагогикалық қажеттіктен қолданады. «Келеңсіз қылық - жаза» формуласы мүлтіксіз орындалуы шарт.

6. Жазалау мəселесін шешуде негізінен келеңсіз қылықтарды, болымсыз мінез бітістері мен əдістерді шектеу, тежеуге бағытталған тəрбие əрекеттері тізбегін біртіндеп қолданып, басты, мəні нақты, ұнамды сапаларды орнықтыруға қаратылған іс-əрекеттерге өту қажет.

7. Жазалау əдісін қолдануға негіз- дау-дамайлы жағдай (ситуация). Бірақ көрінген орынсыз қылық пен ережеден ауытқу жанжал туындатпайды, сондықтан, парықсыз жаза қолдана беруге болмайды. Жазалау мəселесінде жалпы, барша жағдайға жаза тағайындау мүмкін емес, əрқандай тəртіп бұзу өзінің дара сипатына ие: оны істеген кім, қандай жағдайда болды, себептері не – осы жəйттерді ескерумен жаза жеңіл не өте қатал болуы ықтимал.

8. Жазалау - өте ауыр да əсерлі əдіс. Жаза таңдаудағы педагог қателігін түзету өте қиын. Сондықтан, жүз берген жағдай жөнінде толық та анық түсінім болмағанша, асығыстықпен жаза қолдануға болмайды. Кері жағдайда жаза өз əділдігі мен пайдасын жоғалтады.

9. Педагогикалық процестегі жаза – кек алу құралы емес. Балада жазаның оның өз пайдасы үшін қолданылып жатқанына сенім тудырыңыз. əрқандай жаза əр баланың жеке ерекшеліктеріне орай қолданылғаны дұрыс.

10. Жазаның жеке балаға,оны даралығына сай қолдануы – əділдіктен ауытқу емес. Бұл өте маңызды проблема. Егер педагог оқушының жеке тұлғалық ерекшеліктеріне мəн беретін болса, жаза да, мадақтау да жікке келеді, ал, егер ол тек келеңсіз қылықтың өзіне мəн беріп, қай тəрбиеленуші тарапынан болғанына назар аудармаса, жаза түрлері жіктелінбей қолданылып, тұлғалық бағыт заңдылығына қайшы келеді. Мұғалім өз педагогикалық позициясын балаларға түсіндіруі шарт, сонда ғана шəкірттер жаза əділдігін мойындайды.

11. Əрқандай жаза педагогикалық əдептілікті, жас кезеңдері психологиясын, сонымен бірге тек жазамен істі оңғаруға болмайтынын түсінген жөн. Осыдан да жаза басқа тəрбие əдістерімен бірлікті қолданылады.

Субъектив – прагматикалық əдіс негізі – тəрбиесіздік пен білімсіздіктің, тəртіп пен қоғамдық талаптарды өрескел бұзудың пайдасыз екенін түсінуде. Қоғамдық жəне экономикалық қатынастар баланы ерте жастан қатаң конкуренттік тайталасқа қосып, өмірге тыңғылықты дайындық көруге мəжбүрлейді. Осыдан да нарықтық экономикаға ертерек көшіп, дамыған елдердегі мектептік білім мен тəрбие қарапайым тұрмыс-тіршілік қажетіне (утилитарное) бағытталып, басты мақсат – шəкірттерді оқу орнын бітірген соң жұмыс табу, тіршілік қамын жасауға тəрбиелейді. Біздің өткен кеңестік дəуірдегі тəрбиеміз, керісінше, оқушыға бəрін білдірді, бірақ субъектив – прагматикалық тəрбиені буржуазиялық деп жоққа шығарғандықтан, мектеп түлегі білгенін тұрмыста қолдана алмай, жеке де, қоғамдық та пайдаға жарата алмады.

Педагогтар қоғамдық-экономикалық тарығуларды тəрбие мақсатында қолданады. Алдымен олар жоғары сапалы мектеп тəрбиесінің əр адамның нарықтық əлеміндегі орны жəне жағдайымен байланысты болатынын баса түсіндіреді, тəрбиесі төмен, білімі кем адамдардың болашақта беделді қызметтен, жоғары жалақыдан жұрдай болатынын, жұмыссыздар қатарында қалуы мүмкін екндігін нақты мысалдармен көрсетеді. Осыған байланысты тəрбие қатаң жеке тұлғалық бағытта жүргізіледі, себебі əр тəрбиеленуші мектеп бітіруде ұнамды пікір, бағамен еленіп, жұмысқа орналасу мен оқуға түсу үшін негіз қалайды. Бұлай болмағанда, жұмыс орындары мен мекеме басшылары оны қызметке алмайды. Егер педагог академиялық табыс, яғни педагогикалық процестегі жетістік əр оқушының қабілетіне байланысты болатынын əрі ол табысты қолға түсіру бала даралығына орай екенін жете түсінсе, оның қолынан болымсыз түлек шықпайтынына кəміл сенуге болады.

Субъектив – прагматикалық əдістің нақты іске асыру жолдары төмендегідей:

- тараптар міндеттері анық көрсетіліп, тəрбиеші мен тəрбиеленуші арасында жасалған келісім-шарт (контракт);

- тəрбиешілер жəне ата-аналар ортасында келісіммен түзілген жеке өзіндік жетілу бағдарламасы (өзіндік тəрбие мазмұны);

- жеке қызығушылықты арттыру үшін оқушылар қалаулары бойынша түзілген төлемді оқу-тəрбие топтары;

- құқық бұзуға бейімді балалармен тəрбие – сақтандыру жұмыстарын алып баруға арналған «тəрбиешілік топтары»;

- ең соңғы техникалық құралдар жəне электронды – есептеу машиналары жəрдемімен тəрбиеленушілердің мінез-құлығын, əлеуметтік дамуын үздіксіз бақылауға алу, яғни мониторинг жүргізу;

- техникалық құралдармен жинақталған сандық жəне сапалық көрсеткіштер нəтижесі негізінде тəрбиеленушінің жеке-дара даму бағытын анықтап, тұлғаның қажетті қасиет-сапаларын алдын ала жоспарланған арнада тəрбиелеудің «сценариін» түзу;

- ұдайы өткізіліп тұратын ойын, жарыс, курстарға байланысты əрбір оқушының тəрбиелік, əлеуметтік кемел, азаматтық дəрежесін анықтау үшін ұйымдастырылатыны тест-байқаулар;

- тəртіп бұзушыларды жазалау мақсатында қолданылатын айыппұл төлету, құқықтары мен еркіндігінен айыру, əлеуметтік-қоғамдық басымдықтарын (привилегии) алып тастау жəне т.б. секілді шараларды пайдалану.

Бұл əдіс, əзірше еліміз мектептерінде кең өріс ала алмай отыр. Дегенмен, тұрмысымызға қарқындай еніп жатқан əлеуметтік жəне экономикалық өзгерістер уақыт оздырмай, тəрбие процесінің маңызды шарттарының бірі ретінде субъектив-прагматикалық əдістің алғы шепке шығуы – заңды күтілетін құбылыс.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "ПДТ балалармен жеке жұмысты ұйымдастыру"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Помощник руководителя отдела библиотеки

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Қазіргі кездегі білім беру жүйесінде ақпараттық технологиялар мен компьютерлік коммуникациялар белсенді қолдануда. Білім беру жүйесін ақпараттандыру дегеніміз - берілетін білім сапасын көтеруді жүзеге асыруға бағытталған процесс, яғни еліміздің ұлттық білім жүйесінің барлық түрлерінде кәдімгі технологияларды тиімді жаңа комплекстік ақпараттандыру технологияларына алмастыру, оларды сүйемелдеу және дамыту, нақты жүзеге асыру шаралары. Білім беру жүйесін ақпараттандыру ісінің негіздерінің бірі болып білім алу саласына ақпараттық технологияларды енгізу жұмыстары саналады, бірақ бұл негіз ақпараттандыруды басқаша түсіну қаупін туғызып, оны көптеген жағдайларда тек техникалық құралдармен жабдықтауға ғана әкеліп соқтыратыны белгілі. Білім беру жүйесін ақпараттандыру ісі жаңа оқыту технологияларын дайындауды талап етеді. Білім беруді ақпараттандырудың теориясы мен әдістемесі мынадай зерттеу бағыттарынан тұрады: -  қазіргі ақпараттық қоғам мен ғаламдық коммуникация жағдайында білім беру мазмұнын жетілдіру; -  оқушының ақыл-ой әлеуетін дамыту; - бірлескен ақпараттық желілер мен ғаламдық коммуникациялар базасында жұмыс істейтін «виртуалдық» білім беру; - оқушының ақыл-ой қуатының деңгейін белгілеудің, оның білімі мен жетістігін бақылау және бағалаудың компьютерлік тестілеуші, диагностикалаушы әдістемелерін жасап пайдалану. Бүгінгі күні арнайы мектептерде де ақпараттық технология кең көлемде қолданылады. Электронды оқулықтар, көмекші құралдар, компьютерлік тапсырмаларды оқытушылар өздері құрады және пайдаланады. Осыған орай арнайы мектептерде география сабақтарын оқытудың тиімді әдіс–тәсілдерін қарастыру, яғни география пәнін оқытуда пайдаланылатын электрондық бағдарламаны құрастыру мәселелері дипломдық зерттеу жұмысының өзектілігін көрсетеді. Заманауи оқыту талаптарына сәйкес сабақтарда ақпараттық технологияларды қолдану оқыту үрдісінің тиімділігін арттырып, балалардың оқу материалдарын игеру дәрежесін жоғарылатады. Күнделікті сабаққа бейне, аудио қондырғыларын, теледидар мен компьютерді қолдану айтарлықтай нәтижелер беріп келеді. Заман ағымына сай ондай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып,зейін қойып тыңдаумен қатар, түсінбей қалған сәттерін қайталап көруге не тыңдауға, алған мағлұматты нақтылауға мүмкіндік береді. Оқушылардың өздері де алынған ақпаратты көшіріп алып онымен өз ыңғайына қарай жұмыс істей алады.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 730 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.04.2014 3890
    • DOCX 29 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Серикбаева Салима Толегеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Серикбаева Салима Толегеновна
    Серикбаева Салима Толегеновна
    • На сайте: 8 лет и 8 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 212986
    • Всего материалов: 123

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Изобразительное искусство и технология")

Учитель изобразительного искусства и технологии

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 36 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Мировая художественная культура")

Учитель мировой художественной культуры

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания изобразительного искусства в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 123 человека из 54 регионов

Мини-курс

Налог на прибыль и учет доходов/расходов

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Продвижение: от бесплатной рекламы до постоянных клиентов

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 22 регионов

Мини-курс

Подготовка менеджеров по продажам: аспекты телефонных переговоров

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе