Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыБаяндама Ыбырай Алтынсарин

Баяндама Ыбырай Алтынсарин

Скачать материал

«Өрлеу» БАҰО» АҚ  филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ»

«Ы.Алтынсариннің педагогикалық мұрасын меңгеру үрдісі ретінде мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балаларға патриоттық тәрбие беру»  тақырыбы бойынша педагогикалық оқулар.

 

 

Баяндама

Тақырыбы:  Ы.Алтынсарин  еңбектерінің бала тәрбиесіндегі ролі

 

 

 

 

 

 

Т.А.Ә. Шаукенова Зайра Арсеновна

Жұмыс орны: « Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Ғ.Жұмабаев атындағы Боровской орта мектебі» ММ

Лауазымы: бастауыш сынып мұғалімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2013 ж.

                                                                              Денесі оның Тобылдың жағасында,

                                                                        Мүсіні тұр Қостанай қаласында

                                                                        Ыбырай бұлағының мөлдір суы

                                                                           Шүпілдейді білімнің шарасында.

 

Ы.Алтынсариннің өмір жолы,еңбек еткен ортасы, әлеуметтік істері өзгешелеу. Біріншіден, Ыбырай, Шоқан мен Абайдың туған халқын мәдениетті халықтар қатарынан көргісі келетін арманын өз қолымен іс жүзіне асырды. Ол бұратана халықтар үшін тың үлгімен мектеп ашып, оқу құралдарын жазып, жинақтаған жаңашыл-педагог.

Екіншіден, өзінің шығармаларын қос тілде бірдей жазды. Үшіншіден, соқтықпалы соқпақты, дүбірлі кезеңдерде Ыбырай өз халқымен бірге болып, оның барлық ауыртпалығын бөлісті.

Бүгінгі күн тұрғысынан айтқанда, Ыбырайдың шығармашылығы мен өмір жолы инновациялық идеялар мен іс-әрекеттерден тұрады. Ыбырай шығармашылығына арналған зерттеулерге жүгінер болсақ, ол өзінің қолға алған барлық істерінде тұңғыш, негізін қалаушы, көшбасшы ретінде көрінеді. Мысалы, Ыбырай қазақтың әдебиет тарихында алғашқы балалар жазушысы болды.

                                                 Бір Аллаға сиынып,

                                                 Кел, балалар, оқылық,-

деп басталатын әйгілі өлең шумақтары жасөспірімдерді сауат ашып, білім алуға, материалдық емес, рухани байлықты азық етуге шақырады:

                                                 Мал дәулеттің байлығы,

                                                 Бір жұтасаң жоқ болар.

                                                 Оқымыстың байлығы

                                                 Күннен-күнге көп болар,-

деп,- өнер-білім құдіретін өлеңмен өрнектеген Ыбырай-ақынның өсиет өлеңдерінің тілі көркем, ойы мейлінше терең.

Ыбырай-қазақ балаларының менталдық бейнесін жасаған жазушы, көркем сөз шебері. Оның дидактикалық әңгімелері қазақ баласының жан сарайын, кәсіби ойлау қабілетін ұлттық рухта сипаттайды. Жастарды еңбексүйгіштікке, ізгілікке, тапқырлық пен әрекетшілдікке, ізденімпаздылыққа тәрбиелейді.

Жалпы, Ыбырай  әңгімелерінің  қазақтардың экономикалық санасына ықпалы да едәуір байқалады. Қазіргі таңдағы әрекетшіл адам болу парадигмасымен үндестік те бар. Бала тәрбиесінде   Ыбырай Алтынсариннің тәлімгерлік мұраттарына тереңдеп үңіліп, оның ой- маржандарын іс-әрекетке пайдаланудың берері мол.

"Қазақ хрестоматиясы" оқулығының  "сөз басында" Ы.Алтынсарин туған елінің "азбаған, талап, тілегі біреу салып берген тар шеңбердің қыспағына сыя алмайтын ой - пікірі еркін халық" екенін айта келіп, "оның келешегі үшін сана-сезім жағынан, жалпы білім мен пайдалы өнерді үйрету керек болып отыр"деген. Бұл ойын жүзеге асыру үшін жетекші құрал ретінде қызмет атқарған  оқулығында бала тәрбиесінің сан түріне нұсқау беретін әңгімелер енгізген.

Әдебиетші, ғылым, әдіскер Ә.Қоңырбаевтың айтуынша: "Ы.Алтынсариннің хрестоматиясындағы өлеңдер мен әңгімелері, аудармалары жас буынға эскетикалық тәрбие ғана емес, үлкен жүйелі білім мен және қоғамдық ұғым берді. Жастарды адамгершілекке, ағартушылық идеясына, қоғамдық міндетке баулыды" деген.

Ы.Алтынсарин шығармаларының қайсысын алсақ та мектепте дейінгі және бастауыш сыныптарда жаттатып қана қоймай, кез - келген әдіс-тәсілдерімен шығарманы бала бойына ашық, түсінікті еткізу мұғалім шеберлігі. Сөйтіп, оқыту тәжірибесінде алғашқы Ы.Алтынсариннің мектептерінен дамыған әдіс-тәсілдердің қай-қайсысы да мүлде ескірген деуге болмайды. Бүгінгі оқудың басты шарты - оқылатын мазмұнды оқушының танымдық әрекеті арқылы меңгеруін қамтамасыз ету, тиімділігіне қарай қолдана отырып, балалардың қызығушылығын арттыру, еркін ойлауға, ой - сезімін көркем тілмен жеткізе білуге тәбиелеу.

      Қазақ балаларына білім беріп, халқын оқыған, мәдениетті ел қатарына жеткізуді армандаған, осы мақсатқа бар өмірін арнаған ұлы ұстаз, жазушы Ыбырай Алтынсариннің еңбегі өте зор. Қазақ халқының тәуелсіздігі үшін, оның сауатты да білікті ел қатарына қосылуы үшін ақтық демі біткенше күресіп өткен осынау ұлы адамның аты ұлт жүрегінде мәңгі сақталатыны сөзсіз.

    Ы.Алтынсарин әңгімелері біздің өмірімізде ең керекті, әсіресе бүгінгі тәуелсіздік алған тұста халқымыздың адал еңбек етіп, өмір жеңісіне қол жеткізу үшін қажет. Халықтың рухани өміріне зор әсерін тигізген үздік туындысы "Қазақ хрестоматиясына" ақынның өлеңдері мен әңгімелері кірген. Әңгімелерінің негізгі тақырыптары еңбекті сүю, қадірлеу. Ұстаздың әңгімелерін оқи отыра, білім алушылар оның ұлағатты ойын, үлгі етер өнегесін бойларына азық етеді. Әңгімелесу, пікірлесу, әдеби шағын пікір-таластар өткізу арқылы білім алушылардың бойына жақсы ізгіліктерді қалыптастыруға болады. Ағартушы-ұстаз елге үлгі боларлық шығармалар жазу барысында алдына үлкен мақсат қойды."Мен қазақ балаларын ұқыптылыққа, тазалыққа, отырықшыл тұрмыстың артықшылығына үйретудің өзі қазақ даласына тәрбиелік мәні бар жұмыс деп білемін" дейді. Өз шығармаларында адамгершілікке тәрбиелеу идеясын көтеріп, оны шешудің жолдарын іздейді. Шығармаларының идеясы-шыншыл, еңбексүйгіш, әдепті қоғам белсендісін тәрбиелеп және оларды ғылым-білімге үйрету еді.

     Ата-ананы сыйлау, құрмет тұту, ана қадірін түсіну, жақын достарын сыйлай білу керек деген жалпы халықтық қағиданы әрқашан бала зердесіне салып отыру әрбір тәрбиешінің міндеті.      

   "Ананың сүюі" деген өлеңі бала жанын тебірентіп, ана қадірін аяққа бастырмауға үндейді. Ананың балаға берілген сезімі мен ізгі ниетін жеткізе отырып, аналық мейірімнің молдығын, асылдығын балаларға ұғындыру мақсаты көзделген. Сол сияқты"Аурудан-аяған күштірек" деген әңгімесінде де осы тақырып кеңінен ашылады. Мұнда жас баланың шыдамдылық, төзімділік,имандылық сияқты ерік-жігер қасиеттері сипатталады.       "Бір уыс мақта" деген әңгімесі балаларды ұқыптылыққа тәрбиелесе, "Жеміс ағаштары"әңгімесі бала тәрбиесінде дұрыс бағып-қағудың, дұрыс бағыт берудің маңызды екендігін ашып көрсетеді. Аталған әңгімелердің оқытушылар мен білім алушылар үшін тәрбиелік мәні зор. "Баланы жастан"дегендей, жас кезінен түзу тәрбие беру оның болашақ өмірі үшін керек.

   Ұлы ұстаздың мұндай тәрбиелік маңызы бар әңгімелері адамзат баласы үшін қай заманда болсын құнын жоймайды.

   Балаларға арналған хрестоматияға енгізген мақалалары мен әңгімелерінде ағартушы-ұстаз еңбектің аса зор маңызын көрсетіп, еңбекті қадірлеуге және сүюге тәрбиелеу мақсатын көздейді.Ұлы ұстаздың қандай шығармасын алсақ та білім алушысының санасын оятып, балаларға үлгі-өнеге берерлік, болашағына жол сілтерлік, оларды іс-әрекетке үйретіп өмір танытарлық ой тастайды. Өнерге ұмтылу, Отанын, елін сүю,талаптылық, жигерлілік, ізденімпаздық, кішіпейілділік, махаббат, қайырымдылық, адамгершілік, жинақылық т.б. осылар тәрізді жақсы мінез-құлыққа тәрбиелеуге қажетті мәселелерді қамтиды.

  Ы.Алтынсарин балаларға білім мен тәрбие беру ісінде маңызды роль атқаратын мұғалім дей келіп, оларға бірқатар педагогикалық талаптар қоя білді. Оқу тәрбие ісінде дұрыс қолданған тәсіл жемісін берері хақ дейді. Оқытудың тым теориялық жағын ұстамай, білім алушылардың қабілетіне қарап, үлкен шыдамдылықпен қажырлы еңбек етуді ұсынады.

    Бүкіл қазақ халқының жарық жұлдызы болған  Ы.Алтынсарин мұралары - өшпейтін мұра. Сол мұрадан сусындаған ұрпағымыз білімді де ойлы, зерделі де тәрбиелі болып шығатынына сенімдіміз.

    "Ақын бол, болма өз еркің, азамат болу міндетің" демекші, ұстаз міндеті әр баланың өмірде өз орнын тауып, үлкен азамат болуына үлесін қосу.

     Ұрпақ тәрбиесі -  ұлттың болашағы. Ендеше сол ұрпақ үшін ұстаз қауымына артылатын жүк оңай емес. Жақсы оқушы, жақсы азамат тәрбиелеу - уақыт талабы.

     "Қыран түлегіне қайырылмас қанат сыйлайды, ұстаз түлегіне алға бастырар талап сыйлайды"десек,еселі табысымыз туған елге арналады.

Баяндамамды Ы.Алтынсариннің мына нақыл сөздерімен аяқтағым келеді:"Өз Отанымызға қолымыздан келгенше пайда тигізу-әрбір азаматтың парызы,борышы."

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымшалар

Тәрбие бағу-қағудан басталады

  Шығармалары

Оқушыларды неге тәрбиелейді?

1

«Әке мен бала» әңгімесі

«Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмыска тап боларсьң, азға қанағат етпесең, кептен қарыз қаларсьң», дейді.

2

«Асыл шөп» әңгімесі

- Ол шөп сенің қолыңа түшей ме ден қорқамын, аты - «сабыр» деген, - деді. Сабырлылық, шыдамдылық, төзімділік, ұстамды болуға үндейді.

3

«Бақша             ағаштары» әңгімесі

Тәрбие бағу-қағудан басталады деген ойды меңдейді. Тәрбиелі болуға, адамгершілікке, үлкенді сыйлауға үйретеді.

4

«Байулы» әңгімесі

«Батаменен ер көгереді», «Баталы ұл арымас» деген халық қағидаларының өміршеңдігін әңгімеге аркау етіп, жастарды қайырымды, ізгі жүректі болуға, жоқ-жітік, жетім-жесірге қамқоршы болуға үндейді.

5

«Алтын          шекілдеуік» әңгімесі

«Не нәрсенін де құр сыртына қарап қызықпа, асылы ішінде болар»

6

«Тәкаппарлық» әңгімесі

Кішіпейілдіктен опық жемейсін, тәкаппарлық ұятқа қалдырады.

7

 

«Мейірімді бала», «Шеше мен бала», «Аурудан аяған күштірек»

 

Мейірімділік, рақымды болу, адамға жақсылық ету, төзімділік сияқты жақсы қасиеггерге баулиды. Бала әке-шеше алдында өзін мәңгі қарыздар сезінуі керек .  Махаббат - зор сезім.

8

«Талаптың пайдасы»

 

«Кім талап етсе, сол мақсатына жетеді. Талапты ерге нұр жауар». Өнерге, оны сүюге, талапты болуға, өз бойындағы дарынды тәрбиелеуге шақырады.

 

9

«Бір уыс мақта» әңгімесі

Үнемшілдікке, қолда барды қадірлей білуге шақырады. Ұқыптылықка тәрбиелейді.

 

Ыбырай  Алтынсарин - балалар әдебиетінің атасы.

 

Арқалық қаласындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы гимназия.

 

 

Қостанай қаласындағы тұңғыш педагог, ұстаздың ескерткіші.

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама Ыбырай Алтынсарин"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Патентовед

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

    Қазақ балаларына білім беріп, халқын оқыған, мәдениетті ел қатарына жеткізуді армандаған, осы мақсатқа бар өмірін арнаған ұлы ұстаз, жазушы Ыбырай Алтынсариннің еңбегі өте зор. Қазақ халқының тәуелсіздігі үшін, оның сауатты да білікті ел қатарына қосылуы үшін ақтық демі біткенше күресіп өткен осынау ұлы адамның аты ұлт жүрегінде мәңгі сақталатыны сөзсіз.     Ы.Алтынсарин әңгімелері біздің өмірімізде ең керекті, әсіресе бүгінгі тәуелсіздік алған тұста халқымыздың адал еңбек етіп, өмір жеңісіне қол жеткізу үшін қажет. Халықтың рухани өміріне зор әсерін тигізген үздік туындысы «Қазақ хрестоматиясына» ақынның өлеңдері мен әңгімелері кірген. Әңгімелерінің негізгі тақырыптары еңбекті сүю, қадірлеу. Ұстаздың әңгімелерін оқи отыра, білім алушылар оның ұлағатты ойын, үлгі етер өнегесін бойларына азық етеді. Әңгімелесу, пікірлесу, әдеби шағын пікір-таластар өткізу арқылы білім алушылардың бойына жақсы ізгіліктерді қалыптастыруға болады. Ағартушы-ұстаз елге үлгі боларлық шығармалар жазу барысында алдына үлкен мақсат қойды.«Мен қазақ балаларын ұқыптылыққа, тазалыққа, отырықшыл тұрмыстың артықшылығына үйретудің өзі қазақ даласына тәрбиелік мәні бар жұмыс деп білемін» дейді. Өз шығармаларында адамгершілікке тәрбиелеу идеясын көтеріп, оны шешудің жолдарын іздейді. Шығармаларының идеясы-шыншыл, еңбексүйгіш, әдепті қоғам белсендісін тәрбиелеп және оларды ғылым-білімге үйрету еді.      Ата-ананы сыйлау, құрмет тұту, ана қадірін түсіну, жақын достарын сыйлай білу керек деген жалпы халықтық қағиданы әрқашан бала зердесіне салып отыру әрбір тәрбиешінің міндеті.          «Ананың сүюі» деген өлеңі бала жанын тебірентіп, ана қадірін аяққа бастырмауға үндейді. Ананың балаға берілген сезімі мен ізгі ниетін жеткізе отырып, аналық мейірімнің молдығын, асылдығын балаларға ұғындыру мақсаты көзделген. Сол сияқты«Аурудан-аяған күштірек» деген әңгімесінде де осы тақырып кеңінен ашылады. Мұнда жас баланың шыдамдылық, төзімділік,имандылық сияқты ерік-жігер қасиеттері сипатталады.               «Бір уыс мақта» деген әңгімесі балаларды ұқыптылыққа тәрбиелесе, «Жеміс ағаштары»әңгімесі бала тәрбиесінде дұрыс бағып-қағудың, дұрыс бағыт берудің маңызды екендігін ашып көрсетеді. Аталған әңгімелердің оқытушылар мен білім алушылар үшін тәрбиелік мәні зор. «Баланы жастан«дегендей, жас кезінен түзу тәрбие беру оның болашақ өмірі үшін керек.    Ұлы ұстаздың мұндай тәрбиелік маңызы бар әңгімелері адамзат баласы үшін қай заманда болсын құнын жоймайды.    Балаларға арналған хрестоматияға енгізген мақалалары мен әңгімелерінде ағартушы-ұстаз еңбектің аса зор маңызын көрсетіп, еңбекті қадірлеуге және сүюге тәрбиелеу мақсатын көздейді.Ұлы ұстаздың қандай шығармасын алсақ та білім алушысының санасын оятып, балаларға үлгі-өнеге берерлік, болашағына жол сілтерлік, оларды іс-әрекетке үйретіп өмір танытарлық ой тастайды. Өнерге ұмтылу, Отанын, елін сүю,талаптылық, жигерлілік, ізденімпаздық, кішіпейілділік, махаббат, қайырымдылық, адамгершілік, жинақылық т.б. осылар тәрізді жақсы мінез-құлыққа тәрбиелеуге қажетті мәселелерді қамтиды.   Ы.Алтынсарин балаларға білім мен тәрбие беру ісінде маңызды роль атқаратын мұғалім дей келіп, оларға бірқатар педагогикалық талаптар қоя білді. Оқу тәрбие ісінде дұрыс қолданған тәсіл жемісін берері хақ дейді. Оқытудың тым теориялық жағын ұстамай, білім алушылардың қабілетіне қарап, үлкен шыдамдылықпен қажырлы еңбек етуді ұсынады.     Бүкіл қазақ халқының жарық жұлдызы болған  Ы.Алтынсарин мұралары - өшпейтін мұра. Сол мұрадан сусындаған ұрпағымыз білімді де ойлы, зерделі де тәрбиелі болып шығатынына сенімдіміз.     «Ақын бол, болма өз еркің, азамат болу міндетің» демекші, ұстаз міндеті әр баланың өмірде өз орнын тауып, үлкен азамат болуына үлесін қосу.      Ұрпақ тәрбиесі -  ұлттың болашағы. Ендеше сол ұрпақ үшін ұстаз қауымына артылатын жүк оңай емес. Жақсы оқушы, жақсы азамат тәрбиелеу - уақыт талабы.      «Қыран түлегіне қайырылмас қанат сыйлайды, ұстаз түлегіне алға бастырар талап сыйлайды«десек,еселі табысымыз туған елге арналады. Баяндамамды Ы.Алтынсариннің мына нақыл сөздерімен аяқтағым келеді:»Өз Отанымызға қолымыздан келгенше пайда тигізу-әрбір азаматтың парызы,борышы.»

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 925 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.04.2014 6478
    • DOCX 1.5 мбайт
    • 38 скачиваний
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шаукенова Зайра Арсеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шаукенова Зайра Арсеновна
    Шаукенова Зайра Арсеновна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4713
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Особенности реализации ФГОС НОО для слепых и слабовидящих детей

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Инклюзивное образование в начальной школе

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 29 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности преподавания литературного чтения в условиях реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 43 человека из 21 региона

Мини-курс

Продвижение экспертной деятельности: от личного сайта до личного помощника

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Классики и современники: литературные портреты и психология творчества

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 17 регионов

Мини-курс

Развитие дошкольного мышления

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе