«Ал, қанеки, қыздар!»
Логотип Инфоурока

Получите 10₽ за публикацию своей разработки в библиотеке «Инфоурок»

Добавить материал

и получить бесплатное свидетельство о размещении материала на сайте infourok.ru

Инфоурок Классному руководителю Конспекты«Ал, қанеки, қыздар!»

«Ал, қанеки, қыздар!»

Скачать материал

          


                                «Ал, қанеки, қыздар!» атты сайыс
Өтілу формасы:   (сайыс)
Міндеттері: Ойын тәсілі арқылы оқушылардың ойын дамытып, пәнге деген қызығушылығын ояту;  Мақсаты: Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту.   
әдептілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.

Әдісі: Ойын сауық, жарыс.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, математика, бейнелеу өнері.
Көрнекілігі: Ұлағатты асыл сөздер жазылған плакаттар,
 

Жоспары (1 сағатқа арналған).
І. Ұйымдастыру бөлімі:
- сайыстың тақырыбымен таныстыру,
- сайысқа қатысушы топтармен таныстыру,
- әділқазы алқаларымен таныстыру.
- сайыстың шарттарымен таныстыру,
 

ІІ. Сайыстың барысы:
ІІІ. Сайыс қорытындысы.

Сайыс барысы:
Жүргізуші:
Қыздарымыз сүйкімді болсын деп,
Өнер –білімге икемді болсын деп,
Бәйтеректей бойшаңдансын деп,
Өрен-өршіл өркенді болсын деп,
Жақсы жолды таңдайық.
Жамандық тәлім алмайық,

мектептегі дәстүрді
Жаңалайық, жалғайық,
Ары адал, жаны жаз,
Арулар жолын таңдайық, - деп «Ал, қанеки, қыздар» атты кешімізді бастайық.
1) Армысыздар қадірменді көрермен қауым! Қадірменді көрермен қауым, ақылына көркі сай қыздарымыздың өнері мен өнегесін, білімі мен парасатын тамашалауға баршаңызда қош келдіңіздер дейміз.
Ендігі сәтте бүгінгі сайысымыздың шартарымен таныстырып өтейін.
1-шарт. «Сәлем – сөздің атасы» – деп аталады, әр топ атымен, ұранымен эмблемасымен таныстырады. (4 мин)
2-шарт. «Бәйге» сұрақ-жауап сайысы. (5 мин)
3-шарт. «Кім жылдам?» (8 мин)
Әр топ мүшелері өздерінің шеберліктерін, икемділіктерін көрсетеді.
а) «Ою ойғанның ойы ұшқыр» (қағаздан ою ою)
ә) картоп ашу
б) Инені сабақтап түйіндеу
в) түйме қадау
 4-шарт. «Тіл өнері» (5 мин)
Мақал-мәтелдерден, жұмбақтардан жасырылған сөздердің жауабын табу.
 5-шарт. «Он саусағы майысқан шебер болар ұрпақпыз» - қолөнер бұйымдарын көрсету және үй тапсырмасы (сөзжұмбақ 2 мин).

Өнер, білім, өнеге тұнған дарын,
Өнерліге өз басым таң қаламын.
Өнерді әділдікпен бағалайтын,
Таныстырайын әділқазы алқаларын.


1. Директордың әдістемелік істер жөніндегі орынбасары:  Қасенов М.
2. Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары: Ахметқалиева Н.
3. Еңбек пәнінің мұғалімі:  Тұрарова Қ.

Сайыстың 1 шарты бойынша топтардың атымен, ұранымен, эмблемасымен таныстыру. (әр топқа 1 мин – 4 мин)

Ақылдылық қыздарға жарасады,
Көзі ашықпен бәрі де санасады.
Келесі сұрақ – жауап сайысында
Сыналар білімі мен парасаты – дей отырып, келесі кезекте сұрақтарға жауап береді.
«Бәйге»
Әр топқа
 4-сұрақтан қойылады, тез әрі нақты жауап беру керек. Әр қатысушыға 2 минуттан 7 минут беріледі.

«Бәйге»

1-топ. Ұлттық бас киімді ата. (сәукеле, тақия, бөрік т.б.)
1. Малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақталатын тағам (құрт)
2. Үш арсызды ата. (ұйқы, күлкі, тамақ)
3. Ою-өрнек түрлері нешеге бөлінеді. (4), (жануар тектес, өсімдік тектес, геометриялық, космогониялық).
  

 4. Тамақтан соң ауыз сүртуге арналған орамал. (салфетка)

2-топ
1. Киізге ою-өрнек басып жасалған кілемше (түскиіз)
2. Кестелеуге ине мен жіптің қандай түрін алған жөн? (жіңішке ине, кесте жіп)
3. Қандай қолданбалы өнер түрлерін білесіңдер? (кілем тоқу, құрақ құрау, киіз басу, сырмақ сыру) 4.Бидайдан әзірленген ұнтақ (манка)

  3-топ

1.
Табиғи жүнді неден алады? (қой, ешкі)
2.Кешке жатарда асты неше сағат бұрын ішу керек? (3 сағ)
3.Қамырдың негізгі шикізаты (ұн)

 4. Адам баласы тәуліктің қай мезгілінде жақсы тамақтану керек? (түсте)

 

 4-топ

1.Көкөністен дайындалған салқын тағам. (салат)
2.Тамақ әзірлеу өнері (кулинария)
3.Иық бұйымына жататын қазақтың ұлттық киімі (камзол)
4. Кестелеу үшін қандай құрал керек? (кергіш, оймақ, ине)


3-шарт. «Кім жылдам?»
а) «Ою ойғанның ойы ұшқыр» (1 қыз түрлі-түсті қағаздан ою ойып беруі керек).
ә) Картоп тазалау. (әр топтан 1 қыз шығып, картопты тез әрі жұқа, әрі үзілмеген етіп аршылуы керек).
б) Инені сабақтап, түйіндеу. (тез әрі дұрыс істеуі керек).
в) Түйме қадау. (түйме мата түсіне сәйкестігіне, ине, жіп түйілгені ескерілуі керек).
 
4-шарт. «Тіл өнері»
Ал, қанеки, қыздар, ойнайық,
Ойнайық та, ойлайық
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық – дегендей жұмбақ шешіп көрейік.
1-топ
1. Бар екен дүниеде жалғыз көзді,
Сол көзбен дүниенің бәрін кезді.
Әлемді он сегіз мың киіндіріп,
Дүниеден жап-жалаңаш өзі безді. (Ине) Оқу инемен құдық қазғандай.

2. Құрғақ жерде сақтайсың
Онсыз тамақ татпайсың. (Тұз) Доссыз адам – тұссыз ас.

 
 2-топ
1.Екі семсер айқасқан, Асыл қайшы пішуге сән,
Оқта-текте шайқасқан. (Қайшы) Күміс қасық – ішуге сән.

2. Арық ат қарны қабысқан
Бір көлді ішіп тауысқан. (Қасық) Құрғақ қасық ауыз жыртар.

  
  3-топ
1. Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды, Қоныс көркі – там,
Қонақтарды көңілдене сыйлайды. (Дастархан) Дастархан көркі – нан.

2. Бір сусын бар жұртымда,
Ішсең уыз ұртыңда.
Бәрі содан шығады,                           Жылқыда өт жоқ,
Ірімшік май құртыңда. (Сүт)               Құста сүт жоқ.

 4-топ
1. Қимылдаса қос шебер,
Қыруар-қыруар іс өнер (Қол) Көз қорқақ, қол батыр.

2. Инеден өзі бір елі де қалмайды,
Бөлшектерді тігіспен ол жалғайды. (Жіп)    инеге  жіп  қымбат

 Келесі 5-шартымыз бойынша «Шебердің қолы ортақ, шешеннің сөзі ортақ» дейді қазақ, енді қыздарымыздың қолөнер бұйымдарын тамашалап, бағалайық.
Осымен бүгінгі сайысымыз мәресіне жетті. Ал қазір кімнің ұпайы көп екенін білу үшін әділқазылар алқасына сөз кезегін береміз. Жеңген топ марапаттау қағазымен марапатталады.
Қыздар, бүгін сендер өз білімдеріңді ортаға салып тамаша өнер көрсеттіңдер. Сайысқа қатысқан қыздарымызға және көрермендерімізге үлкен алғысымызды айтамыз.

Қорытынды: Салт-дәстүр, әдет-ғұрып ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жалғасып келе жатқан халқымыздың асыл мұрасы. Салт-дәстүрлер қоғамдық әлеуметтік дүние, ол халықтың мінез-құлқы мен іс-әрекетінің рухани негізі. Халқымыздың осындай баға жетпес құнды қазынасын бүгінгі ұрпақтың санасына сіңіріп, әрі қарай жалғастыруына мүмкіндік жасау басты мақсатымыз.

 

 

 

Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

Пожаловаться на материал
Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

также Вы можете выбрать тип материала:

Краткое описание документа:

                                «Ал, қанеки, қыздар!» атты сайысӨтілу формасы:   (сайыс)Міндеттері: Ойын тәсілі арқылы оқушылардың ойын дамытып, пәнге деген қызығушылығын ояту;  Мақсаты: Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту.   әдептілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.Әдісі: Ойын сауық, жарыс.Пәнаралық байланыс: ана тілі, математика, бейнелеу өнері.Көрнекілігі: Ұлағатты асыл сөздер жазылған плакаттар,  Жоспары (1 сағатқа арналған).І. Ұйымдастыру бөлімі:- сайыстың тақырыбымен таныстыру,- сайысқа қатысушы топтармен таныстыру,- әділқазы алқаларымен таныстыру.- сайыстың шарттарымен таныстыру,  ІІ. Сайыстың барысы:ІІІ. Сайыс қорытындысы.Сайыс барысы:Жүргізуші:Қыздарымыз сүйкімді болсын деп,Өнер –білімге икемді болсын деп,Бәйтеректей бойшаңдансын деп,Өрен-өршіл өркенді болсын деп,Жақсы жолды таңдайық.Жамандық тәлім алмайық,мектептегі дәстүрдіЖаңалайық, жалғайық,Ары адал, жаны жаз,Арулар жолын таңдайық, - деп «Ал, қанеки, қыздар» атты кешімізді бастайық.1) Армысыздар қадірменді көрермен қауым! Қадірменді көрермен қауым, ақылына көркі сай қыздарымыздың өнері мен өнегесін, білімі мен парасатын тамашалауға баршаңызда қош келдіңіздер дейміз.Ендігі сәтте бүгінгі сайысымыздың шартарымен таныстырып өтейін.1-шарт. «Сәлем – сөздің атасы» – деп аталады, әр топ атымен, ұранымен эмблемасымен таныстырады. (4 мин)2-шарт. «Бәйге» сұрақ-жауап сайысы. (5 мин)3-шарт. «Кім жылдам?» (8 мин)Әр топ мүшелері өздерінің шеберліктерін, икемділіктерін көрсетеді.а) «Ою ойғанның ойы ұшқыр» (қағаздан ою ою)ә) картоп ашуб) Инені сабақтап түйіндеув) түйме қадау 4-шарт. «Тіл өнері» (5 мин)Мақал-мәтелдерден, жұмбақтардан жасырылған сөздердің жауабын табу. 5-шарт. «Он саусағы майысқан шебер болар ұрпақпыз» - қолөнер бұйымдарын көрсету және үй тапсырмасы (сөзжұмбақ 2 мин).Өнер, білім, өнеге тұнған дарын,Өнерліге өз басым таң қаламын.Өнерді әділдікпен бағалайтын,Таныстырайын әділқазы алқаларын.Сайыстың 1 шарты бойынша топтардың атымен, ұранымен, эмблемасымен таныстыру. (әр топқа 1 мин – 4 мин)Ақылдылық қыздарға жарасады,Көзі ашықпен бәрі де санасады.Келесі сұрақ – жауап сайысындаСыналар білімі мен парасаты – дей отырып, келесі кезекте сұрақтарға жауап береді.«Бәйге»Әр топқа  4-сұрақтан қойылады, тез әрі нақты жауап беру керек. Әр қатысушыға 2 минуттан 7 минут беріледі.«Бәйге»1-топ. 2-топ  3-топ  4-топ3-шарт. «Кім жылдам?«а) «Ою ойғанның ойы ұшқыр» (1 қыз түрлі-түсті қағаздан ою ойып беруі керек).ә) Картоп тазалау. (әр топтан 1 қыз шығып, картопты тез әрі жұқа, әрі үзілмеген етіп аршылуы керек).б) Инені сабақтап, түйіндеу. (тез әрі дұрыс істеуі керек).в) Түйме қадау. (түйме мата түсіне сәйкестігіне, ине, жіп түйілгені ескерілуі керек). 4-шарт. «Тіл өнері«Ал, қанеки, қыздар, ойнайық,Ойнайық та, ойлайықҚандай жұмбақ болса да,Шешпей оны қоймайық – дегендей жұмбақ шешіп көрейік.1-топ1. Бар екен дүниеде жалғыз көзді,Сол көзбен дүниенің бәрін кезді.Әлемді он сегіз мың киіндіріп,Дүниеден жап-жалаңаш өзі безді. (Ине) Оқу инемен құдық қазғандай.2. Құрғақ жерде сақтайсыңОнсыз тамақ татпайсың. (Тұз) Доссыз адам – тұссыз ас.  2-топ1.Екі семсер айқасқан, Асыл қайшы пішуге сән,Оқта-текте шайқасқан. (Қайшы) Күміс қасық – ішуге сән.2. Арық ат қарны қабысқанБір көлді ішіп тауысқан. (Қасық) Құрғақ қасық ауыз жыртар.    3-топ1. Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды, Қоныс көркі – там,Қонақтарды көңілдене сыйлайды. (Дастархан) Дастархан көркі – нан.2. Бір сусын бар жұртымда,Ішсең уыз ұртыңда.Бәрі содан шығады,                           Жылқыда өт жоқ,Ірімшік май құртыңда. (Сүт)               Құста сүт жоқ. 4-топ1. Қимылдаса қос шебер,Қыруар-қыруар іс өнер (Қол) Көз қорқақ, қол батыр.2. Инеден өзі бір елі де қалмайды,Бөлшектерді тігіспен ол жалғайды. (Жіп)    инеге  жіп  қымбат Келесі 5-шартымыз бойынша «Шебердің қолы ортақ, шешеннің сөзі ортақ» дейді қазақ, енді қыздарымыздың қолөнер бұйымдарын тамашалап, бағалайық.Осымен бүгінгі сайысымыз мәресіне жетті. Ал қазір кімнің ұпайы көп екенін білу үшін әділқазылар алқасына сөз кезегін береміз. Жеңген топ марапаттау қағазымен марапатталады.Қыздар, бүгін сендер өз білімдеріңді ортаға салып тамаша өнер көрсеттіңдер. Сайысқа қатысқан қыздарымызға және көрермендерімізге үлкен алғысымызды айтамыз.Қорытынды: Салт-дәстүр, әдет-ғұрып ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жалғасып келе жатқан халқымыздың асыл мұрасы. Салт-дәстүрлер қоғамдық әлеуметтік дүние, ол халықтың мінез-құлқы мен іс-әрекетінің рухани негізі. Халқымыздың осындай баға жетпес құнды қазынасын бүгінгі ұрпақтың санасына сіңіріп, әрі қарай жалғастыруына мүмкіндік жасау басты мақсатымыз. 

Общая информация

Скачать материал

Похожие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.