1538025
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
Добавить материал и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
До повышения цен на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации осталось:
0 дней 0 часов 0 минут 0 секунд
Успейте подать заявку на курсы по минимальной цене!
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 5.520 руб.;
- курсы повышения квалификации от 1.200 руб.

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ 60%
ИнфоурокТехнологияКонспектыАғаш бетіне ою-өрнек түсіру

Ағаш бетіне ою-өрнек түсіру

Лабиринт
библиотека
материалов

Бекітемін:

Тақырыбы: Ағаш бетіне ою-өрнек түсіру
Пәні: Технология
Мақсаты:
Білімділігі: Ағаш бетіне үш тіліп ою тәсілі мен үшқырлы ойық өрнек түсіруді меңгеру
Тәрбиелілігі: Оқушыларды ұқыптылыққа,тазалыққа, іскерлікке тәрбиелеу
Дамытушылығы: Оқушылардың қауіпсіздік ережесін тиімді пайдалану арқылы арнаулы пышақпен жұмыс
жасау қабілетін дамыту
Сабақ типі: Аралас сабақ
Сабақ әдісі: Түсіндірме — практикалық
Сабаққа қолданылатын стратегиялық әдістер: Топтастыру әдісі,СТО әдістері
Көрнекілігі: слайдтар, плакат, үлестірмелі карточкалар, ағаш бөліктері

Құралдары: Ағаш өңдеу құралдары, арнаулы пышақ
Пайдаланған әдебиет: Технология 5, 6, 7, 8, 9, «Оқыту үрдісіндегі танымдық және шығармашылық әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану» Е.Дүйсенбаев, А.Балғожаев Қызылорда 2006 ж

Сабақ барысы

I Ұйымдастыру кезеңі
а) Сабаққа дайындық жүргізу
ә) Оқушыларды түгелдеу
б) Оқушы назарын сабаққа аудару
II Үй тапсырмасын тексеру
Қашаумен өрнек ою
«Өзіндік бағалау» әдісі:
Оқушылар берілген үй тапсырмасына өзінің дайындық деңгейін мұғалім сұрағына қол көтеру арқылы байқатады: Кім «беске» дайын? Кім «төртке» дайын? Кім «үшке» дайын? Кім мүлде дайын емес?
Қашау түрлерін слаид арқылы сұрау (6 қашау)
«Тізбектей сұрау» әдісі:
Қойылған сұраққа беріліп жатқан оқушының жауабы кез келген жерінен тоқтатылып, ары қарай басқа оқушының жауап берілуі сұралады. Бұл әдіс оқушылардың зейінін аудару және байқағыштығын дамытуға пайдалы.
III Үй тапсырмасын бекіту
Қауіпсіздік ережелерін сұрау
Жедел турнир сұрақтары
IV Жаңа сабақты даярлау. Жаңа сабақ
Ағаш бетіне ою-өрнек түсіру
Ағаш материалының бетіне өрнекті арнаулы пышақпен орындайды. Мұндай жағдайда қажетті ережелерді бұлжытпай орындамасаң, қолыңды жарақаттап алуың мүмкін. Өйткені ою көбінесе қолдың күшімен ойылады. Сондықтан бос қолыңды пышақ жүзі жүретін бағытқа жақындатуға болмайды. Әдетте жүзі мұқалған құрал тайғыш келеді. Өйткені құрал жүзі тақтай бетіне қажетті тереңдікке түспесе, өрнек анық шықпайды. Артық күш салып жіберсең, пышақ көтеріліп немесе өрнек ізінен тайып, шығып кетеді.
Кез келген бұйымның өрнектерін оймас бұрын оны міндетті түрде тазалап алу керек. Бұйым талаптарға сай тазалағаннан кейін оған ойылатын өрнектер пішініне, құрылымына байланысты жоспарланады. Бұл талап алдын ала орындалмаса, яғни өрнектерді кесіп болғаннан кейін тазаласа, оның жиектерін, деңгейін бүлдіріп алуың мүмкін.
Бұйымдардың бөліктеріне өрнектерді жоспарлау үшін алдымен оның үлгісін жасап аламыз. Үлгі екі түрде жасалады: біріншісі — өрнектерді қағазға бейнелеп алып, арнаулы бастырма қара қағаз арқылы бұйымға көшіреді; екіншісі – бөлек қағазға өрнектердің бөліктерін симметрия тәртібімен түсіріп, қайшымен қиып алады да бұйымның тиісті орнына жиек бойымен түсіреді.
Үшқырлы ойық өрнек. Геометриялық үшқырлы ойық өрнекті орындау технологиясы:
1. Теңбүйірлі үшбұрыштардан құралған өрнектің төбесін ойықтың түбіне қарата ою
2. Шаршы ішіндегі тең қабырғалы үшбұрыштардың төбелерін ойықтың ортасына қарай тереңдете ою
3. Тең қабырғалы үшбұрыштардың табандарын батыра ою
Геометриялық өрнекті ою кезінде оның қарапайым түрлерінен бастап, қолды жаттықтырады. Ол үшін тақтайдың бетіне алдын ала араларын 10 мм етіп, бірнеше көлденең және тігінен (шаршы немесе тіктөртбұрыш) сызықтар сызылады. Нәтижесінде шаршының немесе төртбұрыштың диагональ қиғаш сызықтарын сызып, оны үшбұрыштарға бөледі. Ойық өрнек кесетін үшкір пышақты тік ұстап, үшбұрыштың төбесінен пышақты батырыңқырап, оның табанына қарай жүргізіп, ағаш талшығын кеседі. Үшбұрыштың екінші қабырғасын да осы тәсілмен кеседі. Үшбұрыштың ортасын пышақтың ұшымен төбесіне қарай тереңдете батырып алып тастайды. Нәтижесінде үшбұрыштың төбесінде тереңдетілген көлбеу ойық шығады. Ойық үшбұрыштың төбесінің тақтай бетіне тереңдігі 1,5-2 мм болады. Егер үшбұрыш ағаш талшығына көлденең немесе қиғаш келсе, онда пышақтың ұшымен тереңдете жұқалап екі-үш рет жаңқалай жона кесіп алады.

Оқушылардан қандай қауіпсіздік ережесін білетіндігін сұрау және де арнаулы пышақпен жұмыс істеген кездегі қауіпсіздік ережесімен таныстыру
Арнаулы пышақпен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері
1. Арнаулы пышақты ағашқа терең қадама.
2. Жұмысты сабы мықты бекітілген, шытынап-жарылмаған, өткір арнаулы пышақпен істе.
3. Құрал-сайманың бүлінсе міндетті түрде ауыстырып ал және мұғалімге хабарла
4. Ойықтағы артық жаңқаны уақытылы алып тастап отыр.
5. Ұшы өткір пышақты қалтаңа салма.
6. Арнаулы пышақты ұстағанда, екінші қолың пышақ жүзінің кері бағытында болсын.
7. Пышақтың жүзін саусағынмен сипама.
8. Екінші кісіге пышақты сабы жағымен ұстат.
9. Екінші кісіге қарай пышақты сілтеме.
10. Пышақтың жүзін жоғары қаратып қойма.
11. Жұмыс кезінде пышақтың үстіне тым еңкейме. Денеңді тік ұстап жұмыс істе
Сергіту сәті
Оқушыларды екі топқа бөліп қағазға 1 минут ішінде ағашқа түсірілген өрнектер қандай затта кздесетінін жазу керек. Қай топ көп және дұрыс жазса, сол топ жеңімпаз болып есептелінеді.

Практикалық сабаққа дайындық:
Жұмыс киімін кию
Арнаулы пышақты тарату
Ағаш дайындамаларын әр оқушыға үлестіру

Практикалық жұмыстың аяғында жүргізілуге тиіс жұмыстар:

- бұйымның негізін талаптарға сай тазалау
- өрнектерді кесу
- бұйымдарды бояу, оған әр беру
- боялған бұйымды тазалау
- бұйымды лактау

V Жаңа сабақты бекіту
«Тақырыптардың түйісуі» ойыны:
Оқушылар топтарға бөлініп, өтілген материалдың мұғалім көрсеткен тақырыппен байланысатын тұстарын табады, мысалдар келтіріп, тапсырмалар құрастырады, сұрақтар дайындап, жорамалдар жасайды.

Оқушылардан бүгінгі сабақтан не түсінгендерін сұрау

VI Бағалау
VII Үйге тапсырма беру

«Идеал тапсырма» әдісі: Әр оқушы өзі орындайтын үй тапсырмасын өзі таңдайды. Мысалы: біреу қосымша дерек жинаса, келесі сурет салуы, үшіншісі мақала жазуы не бұйым жасауы мүмкін.





Лабиринт
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Краткое описание документа:
Тақырыбы: Ағаш бетіне ою-өрнек түсіру Пәні: Технология Мақсаты: Білімділігі: Ағаш бетіне үш тіліп ою тәсілі мен үшқырлы ойық өрнек түсіруді меңгеру Тәрбиелілігі: Оқушыларды ұқыптылыққа,тазалыққа, іскерлікке тәрбиелеу Дамытушылығы: Оқушылардың қауіпсіздік ережесін тиімді пайдалану арқылы арнаулы пышақпен жұмыс жасау қабілетін дамыту Сабақ типі: Аралас сабақ Сабақ әдісі: Түсіндірме — практикалық Көрнекілігі: слайдтар, плакат, үлестірмелі карточкалар, ағаш бөліктері Құралдары: Ағаш өңдеу құралдары, арнаулы пышақ Сабақ барысы I Ұйымдастыру кезеңі II Үй тапсырмасын тексеру Қашаумен өрнек ою «Өзіндік бағалау» әдісі: Оқушылар берілген үй тапсырмасына өзінің дайындық деңгейін мұғалім сұрағына қол көтеру арқылы байқатады: Кім «беске» дайын? Кім «төртке» дайын? Кім «үшке» дайын? Кім мүлде дайын емес? Қашау түрлерін слаид арқылы сұрау (6 қашау) «Тізбектей сұрау» әдісі: Қойылған сұраққа беріліп жатқан оқушының жауабы кез келген жерінен тоқтатылып, ары қарай басқа оқушының жауап берілуі сұралады. Бұл әдіс оқушылардың зейінін аудару және байқағыштығын дамытуға пайдалы. III Үй тапсырмасын бекіту Қауіпсіздік ережелерін сұрау Жедел турнир сұрақтары IV Жаңа сабақты даярлау. Жаңа сабақ Ағаш бетіне ою-өрнек түсіру Ағаш материалының бетіне өрнекті арнаулы пышақпен орындайды. Мұндай жағдайда қажетті ережелерді бұлжытпай орындамасаң, қолыңды жарақаттап алуың мүмкін. Өйткені ою көбінесе қолдың күшімен ойылады. Сондықтан бос қолыңды пышақ жүзі жүретін бағытқа жақындатуға болмайды. Әдетте жүзі мұқалған құрал тайғыш келеді. Өйткені құрал жүзі тақтай бетіне қажетті тереңдікке түспесе, өрнек анық шықпайды. Артық күш салып жіберсең, пышақ көтеріліп немесе өрнек ізінен тайып, шығып кетеді. Кез келген бұйымның өрнектерін оймас бұрын оны міндетті түрде тазалап алу керек. Бұйым талаптарға сай тазалағаннан кейін оған ойылатын өрнектер пішініне, құрылымына байланысты жоспарланады. Бұл талап алдын ала орындалмаса, яғни өрнектерді кесіп болғаннан кейін тазаласа, оның жиектерін, деңгейін бүлдіріп алуың мүмкін. Бұйымдардың бөліктеріне өрнектерді жоспарлау үшін алдымен оның үлгісін жасап аламыз. Үлгі екі түрде жасалады: біріншісі — өрнектерді қағазға бейнелеп алып, арнаулы бастырма қара қағаз арқылы бұйымға көшіреді; екіншісі – бөлек қағазға өрнектердің бөліктерін симметрия тәртібімен түсіріп, қайшымен қиып алады да бұйымның тиісті орнына жиек бойымен түсіреді. Үшқырлы ойық өрнек. Геометриялық үшқырлы ойық өрнекті орындау технологиясы: 1. Теңбүйірлі үшбұрыштардан құралған өрнектің төбесін ойықтың түбіне қарата ою 2. Шаршы ішіндегі тең қабырғалы үшбұрыштардың төбелерін ойықтың ортасына қарай тереңдете ою 3. Тең қабырғалы үшбұрыштардың табандарын батыра ою Геометриялық өрнекті ою кезінде оның қарапайым түрлерінен бастап, қолды жаттықтырады. Ол үшін тақтайдың бетіне алдын ала араларын 10 мм етіп, бірнеше көлденең және тігінен (шаршы немесе тіктөртбұрыш) сызықтар сызылады. Нәтижесінде шаршының немесе төртбұрыштың диагональ қиғаш сызықтарын сызып, оны үшбұрыштарға бөледі. Ойық өрнек кесетін үшкір пышақты тік ұстап, үшбұрыштың төбесінен пышақты батырыңқырап, оның табанына қарай жүргізіп, ағаш талшығын кеседі. Үшбұрыштың екінші қабырғасын да осы тәсілмен кеседі. Үшбұрыштың ортасын пышақтың ұшымен төбесіне қарай тереңдете батырып алып тастайды. Нәтижесінде үшбұрыштың төбесінде тереңдетілген көлбеу ойық шығады. Ойық үшбұрыштың төбесінің тақтай бетіне тереңдігі 1,5-2 мм болады. Егер үшбұрыш ағаш талшығына көлденең немесе қиғаш келсе, онда пышақтың ұшымен тереңдете жұқалап екі-үш рет жаңқалай жона кесіп алады. Оқушылардан қандай қауіпсіздік ережесін білетіндігін сұрау және де арнаулы пышақпен жұмыс істеген кездегі қауіпсіздік ережесімен таныстыру Арнаулы пышақпен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері Сергіту сәті Оқушыларды екі топқа бөліп қағазға 1 минут ішінде ағашқа түсірілген өрнектер қандай затта кздесетінін жазу керек. Қай топ көп және дұрыс жазса, сол топ жеңімпаз болып есептелінеді. Практикалық сабаққа дайындық: Жұмыс киімін кию Арнаулы пышақты тарату Ағаш дайындамаларын әр оқушыға үлестіру Практикалық жұмыстың аяғында жүргізілуге тиіс жұмыстар: - бұйымның негізін талаптарға сай тазалау - өрнектерді кесу - бұйымдарды бояу, оған әр беру - боялған бұйымды тазалау - бұйымды лактау V Жаңа сабақты бекіту «Тақырыптардың түйісуі» ойыны: Оқушылар топтарға бөлініп, өтілген материалдың мұғалім көрсеткен тақырыппен байланысатын тұстарын табады, мысалдар келтіріп, тапсырмалар құрастырады, сұрақтар дайындап, жорамалдар жасайды. Оқушылардан бүгінгі сабақтан не түсінгендерін сұрау VI Бағалау VII Үйге тапсырма беру
Общая информация

Вам будут интересны эти курсы:

Курс «Бухгалтерский учет»
Курс профессиональной переподготовки «Технология: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Технология и организация кухонь народов мира: особенности и традиции»
Курс профессиональной переподготовки «Организация логистической деятельности на транспорте»
Курс повышения квалификации «Применение MS Word, Excel в финансовых расчетах»
Курс повышения квалификации «Источники финансов»
Курс повышения квалификации «Психодинамический подход в консультировании»
Курс профессиональной переподготовки «Черчение: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Учебная деятельность по предметной области «Черчение»: основы предмета и реализация обучения в условиях ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности специалиста оценщика-эксперта по оценке имущества»
Курс профессиональной переподготовки «Метрология, стандартизация и сертификация»
Курс профессиональной переподготовки «Организация и управление процессом по предоставлению услуг по кредитному брокериджу»
Курс профессиональной переподготовки «Стратегическое управление деятельностью по дистанционному информационно-справочному обслуживанию»
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.