Инфоурок Информатика КонспектыИнформатикадан 5 сыныпқа арналған сабақ жоспарлары

Информатикадан 5 сыныпқа арналған сабақ жоспарлары

Скачать материал
hello_html_m74debd36.gif







C:\Documents and Settings\Меруерт Сагдатовна\Мои документы\анимации\42.gif









































Информатика пәнінен 5 сыныпқа арналған күнделікті сабақ жоспарлары. 34 сағат.





Информатика пәнінің мұғалімдеріне әдістемелік құрал ретінде ұсынылған.





















Тохашева Меруерт Сағдатқызы









1 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды қауіпсіздік техникасының ережелерімен, компьютер сыныбындағы тәртіппен, көз жаттығуларымен, төтенше жағдайдағы іс-әрекет ережелерімен таныстыру;

Тәрбиелілік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілігін дамыту.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютер, тақта, оқулық.

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру

  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру

1. НЕГІЗГІКАҒИДАЛАР

Барлық оқушылар оку процесінде есептеу техникасын қолдану алдында кауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау алып, апат жағдайдағы әрекеттер ережелерімен, электр тогымен закымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерімен және шаршағанда, көз талғанда дем алу үшін орындайтын жаттығулармен танысулары қажет, Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау берілгеннен кейін оқушылар сынақ, тапсырулары керек. Бұл жөнінде сәйкес үлгідегі журналға тіркеу керек.

Информатика кабинетінде сабақ өткізу кезіндегі оқушылар білуі тиісті еңбек қауіпсіздігін сақтау талаптарына кауіпсіздік техникасының ережелері, компьютер сыныбындағы тәртіп ережелері, электр тогымен закымданғанда көрсетілетін алғашқы дәрігерлік көмек тәсілдері, жалпы шаршағанда және көз талғанда қолданылатын жаттығулар жатады.

ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Қауіпсіздік техникасының ережелерін төмендегі пункттерге бөлуге болады:

  • Жалпы

  • ДК-де жұмысты бастау алдында

  • Жұмыс істеу кезінде

  • Авариялық жағдайларда

  • Жұмысты аяқтағанда

Жалпы қауіпсіздік талаптары:

  • Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға, розеткаларға, штепсельдің айырына, штекерге тиісуге тыйым салынады.

  • Мұғалімнің рұқсатынсыз сынынқа кіруге және сыныптан шығуға болмайды.

  • ДК-де су киіммен және су қолмен жұмыс істеуге болмайды.

  • Корпусы мен сымдарының бүтіндігі бұзылған (ашық) ДК-де жұмыс істеуге тыйымсалынады.

  • Үстелге, ДК-дің жанына сөмке, портфель, кітап қоюға болмайды. Үстелде тек дәптер мен қалам ғана жатуы керек.

  • Пернетақтаның үстіне ештеңе коюға болмайды.

  • Компьютер сыныбында жүгіруге, ойнауға, жолдастарыңның көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.

  • ДК-де жұмыс істеуді бастау алдында қойылатын қауіпсіздік талаптары:

  • ДК электр тогына косылмаған жағдайда сымдардың, ДК-дің корпусының бүтіндігін және айыру (изоляция) бұзылмағанын қарап шығып, олардың дұрыс жағдайда екендігіне көз жеткізу керек.

  • Жұмыс кезінде оларға тие бермеу үшін, сымдар салбырап тұрмауына көңіл бөлу керек.

  • Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек.

ДК-мен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары:

  • ЭЕМ-да жұмыс істеу кезінде көздің экраннан ең қолайлы кашықтығын (60-70см) сақтау керек. Мүмкін қашықтық - 50 см.

  • Келушілер кіргенде окушынардың орнынан тұруының қажеті жоқ.

  • Көз талғанда немесе шаршағанда орнынан тұрмай көзді демалдыратын бірнеше жаттығу орындау керек.

  • Оқушылар электр тогымен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін,өрт сөндіргішпен жұмыс істеу және өрт сөндіру әдістерін білуі керек.

  • Оқушылар көзді дем алдыру жаттығуларын білуі керек.

  • ДК-де жұмысты аяқтау кауіпсіздігінің талаптары:

  • Аппаратураны оқытушының нұсқауымен өшіру керек.

  • Жұмыс орнын ретке келтіру керек.

  • Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою.


АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ӘДІСТЕРІ

Электр тогымен зақымданғанда көмек көрсету:

  • Токты ажырату (тарату тактасындағы тумблерді өшіру);

  • Зақымданған адамды электр тогының әсерінен электр тогын өткізбейтін қол астындағыматериалдарды пайдаланып босату;

  • Зақымданған адамды қарап шығып, оған зардабының ауырлығына байланысты көмек көрсету;

  • Дәрігер шақыру {мектептін медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жакын жердегі емдеу мекемесінен).

Күйгенде көмек керсету:

  • Ауруды сездірмейтін және тыныштандыратын дәрілер беру (анальгин, валерьянка);

  • Күйген жеріне май жағу (винилин);

  • Жарақаттанған жерге микробтар түспеуі үшін алдын-ала целлофанмен орап, суық судың астына ұстау;

  • Дәрігер шақыру (мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен).

Талып қалғанда көмек көрсету:

  • Зақымданған адамды басын бұрып жазық жерге шалқасынан жатқызу;

  • Дәрігер шақыру ( мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен).

Демі токтағанда көмек көрсету:

  • Зақымданған адамды тілінің аузындағы қалпын тексеру керек, егер ары кетіп қалған болса қолмен орнына келтіру;

  • Дәрігер шақыру (мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жакын жердегі емдеу мекемесінен).

  • Демі қалпына келгенше немесе дәрігерлер келіп жеткенше қолдан дем алдыру ауыздан-ауызға) керек.

КӨЗ ТАЛҒАНДА ЖАСАЙТЫН ЖАТТЫҒУЛАР

1-жаттығу

  • Көздеріңнің бұлшық етін қатайтып, бірнеше секунд жұмыңдар.

  • Көздеріңнің бұлшық етін босаңсытып, ашыңдар.

  • Бұл кезде бірқалыпты дем алындар. 4-5 рет қайталаңдар.

2-жаттығу

  • Кеңсірікке қарап тұрып, 3 рет терең дем алыңдар.

  • Көздерінді талдырмандар.

  • Алысқа қадалын қарандар.

3-жаттығу

  • Бастарынды бұрмай, ОҢҒА қарап, көз тіккен нүктені белгілеңдер.

  • Алысқа қадалын қарандар.

4-жаттығу

  • Бастарыңды бұрмай, СОЛҒА карап, көз тіккен нүктені белгілендер.

  • Алысқа қадалып қарандар.

5-жаттығу

  • Бастарынды көтермей, ЖОҒАРЫ қарап, көздерің түскен нүктені белгілендер.

  • Алысқа қадалып қараңдар.

6-жаттығу

  • Бастарыңды бұрмай, ТӨМЕН қарап, көздерің түскен нүктені белгілеңдер.

  • Алысқа қадалып караңдар.

7-жаттығу

- Көздеріңді 20-30 секунд бойы жиі-жиі жыпылықтатыңдар.


Үйге тапсырма: Қауіпсіздік ережелерін, көз жаттығуларын жаттау.








2 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Информатика, ақпарат. Әлемнің ақпараттық бейнесі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Табиғаттағы ақпарат ұғымын қалыптастыру. Ақпараттың қоғамның дамуына тигізетін ықпалын анықтау.

Дамытушылық: Оқушылардың ақпаратпен жұмыс істеу қабілеттерін, логикалық ойлау қабілетін жетілдіру, алған білімдерін нығайту, өз ойын толық айтуға дағдыландыру.

Тәрбиелік: Өзін-өзі бағалауға, еңбек мәдениетін дұрыс ұйымдастыруға, уақытты тиімді пайдалануға, кақпараттық сауаттылыққа тәрбиелеу. Оқушылардың құзыреттілігін дамыту.

Сабақ түрі: аралас сабақ.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен сәлемдесіп, түгендеу.

2.Оқу-құралдарын қадағалау.

3.Оқушы назарын сабаққа аудару.

ІІ.Білімін тексеру

  1. Адам өмірінде ақпаратқандай роль атқарады?

  2. Компьютердің ролі қандай?

  3. Ақпаратандыру процесі ұғымын қалай түсінесін?

  4. Қауіпсіздік ережелері.

  5. Көзге арналған жаттығулар.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Ақпарат – адамнан да ерте туған құбылыс. Табиғат өзінің даму барысында жұмбақталған ақпараттарын өсімдіктер мен тірі ағзалар арқылы беріп отырған. Ал жануарлар мен құстардың тілі ақпаратқа қандай бай. Адам өзінің алғашқы қадамынан бастап-ақ ақпартты беру мен сақтаудың жаңа құралдарын іздейді және табады.

Философиялық түсінік бойынша ақпарат дегеніміз нақты әлемді мәліметтер және хабарламалардың көмегімен көрсету. Бұл хабарламар тіл, бейнелеу, цифрлық мәліметтер, таблицалар мен графиктер, т.б. түрінде болады. Жалпы мағынада ақпаратты алмастыру - бұл адамдар арасында мәліметтер алмастыру, тірі және өлі табиғат, адамдар мен құрылымдар арасындағы берілетін белгілер алмастыру.

“Ақпарат” латынның түсіндіру, баяндау, білу деген ұғымынан туындаған ағылшынның information сөзінен шыққан. Ақпаратты біз ауызша немесе жазбаша түрде, қимыл не қозғалыс түрінде бере аламыз.

Ақпарат әрқашан материалдық тасушылармен, ал оны жеткізуге жұмсалған энергия шығынымен байланысты. Алайда, бір ақпараттың өзін әртүрлі материалдық түрде (қағазда, фотонегатив түрінде, магниттік таспада) сақтауға және әр түрлі энергиялық шығындармен (почта, телефон, курьер және т.б. арқылы) беруге болады.

Жалпы тұрғыдан алғанда ақпарат - таңбалар мен сигналдар түрінде берілген әлемнің, заттың бейнесі болып саналады. Ақпарат алу дегеніміз – бізді қоршаған құбылыстар мен нысандардың өзара байланыстары, құрылымы немесе олардың бір-біріне қатысуы жөнінде нақты мағұлматтар мен мәліметтер алу деген сөз. Сонымен, ақпарат – белгілі бір нәрсе туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мағұлматтар.

Ақпараттың типтері және түрлері:

1. ақпаратты қабылдау әдісі бойынша:

а) көру, көзбен көру арқылы адам қоршаған ортаның түсін, түрін қабылдай алады;

б) есту, есту мүшесі арқылы дыбыстық ақпаратты қабылдаймыз;

в) иіс сезу, мұрынның көмегімен айналадағы иістің жағымды не жағымсыз екенін сезуге болад;

г) дәм сезу, ауызға салынған астың тәтті немесе ащы екенін анықтауға болады;

д) дене сезімі, көзімізді жұмып тұрып қолмен қандай бір затты ұстайтын болсақ, оның не екенін көрмей-ақ та айтуға болады.

Сонымен, адам ақпаратты бес сезім мүшесімен қабылдай алады. Соның ішінде, 90%-ін көзбен көру, 9%-ін құлақпен есту, ал қалған 1%-ін басқа сезім мүшелері арқылы қабылдайды екен.

2. елестету түрі бойынша:

а) мәтіндік (кітаптағы, газет-журналдағы мәтін);

б) сандық(көбейту таблицасы);

в) графикалық(сурет, схема, сызу);

г) музыкалық;

д) мультимедиялық (дыбыстық және мәтін енгізілетін түсті графика);

қоғамдық мәні бойынша:

а) жекеленген (білім, тәжірибе, іскерлік);

б) қоғамдық (қоғамдық-политикалық);

в) қарапайымдылық;

г) эстетикалық(өнер);

д) арнайы(ғылыми, басқарушылық, техникалық);


ІV. Бекіту.

Сұрақтар:

  1. Ақпарат” сөзін қалай түсінесің?

  2. Ақпарат дегеніміз не?

  3. Ақпаратты қалай алмасуға болады?

  4. Ақпаратты алу деген не?

  5. Информатика дегеніміз не?

  6. Информатиканың пайда болу себебі.

  7. Информатика қандай ғылыми-техникалық пәндердің комплексінен тұрады?

  8. Информатиканың негізгі мәселелеріне нені жатқызуға болады?


V. Үй жұмысы: Конспект. Реферат «Ақпарат түрлері» Оқулық бойынша тапсырма


3 сабақ


Сабақтың тақырыбы: Ақпараттың қасиеттері, ақпараттың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері, ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ақпарат қасиеттерін анықтау. Ақпаратты өңдеудің тәсілдерімен таныстыру, ақпараты санау туралы түсінік енгізу.

Дамытушылық: Оқушылардың ақпаратпен жұмыс істеу қабілеттерін, логикалық ойлау қабілетін жетілдіру, ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Өзін-өзі бағалауға, еңбек мәдениетін дұрыс ұйымдастыруға, уақытты тиімді пайдалануға, ақпараттық сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас сабақ.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен сәлемдесіп, түгендеу.

2.Оқу-құралдарын қадағалау.

3.Оқушы назарын сабаққа аудару.

ІІ.Білімін тексеру

  1. Ақпарат” сөзін қалай түсінесің?

  2. Ақпарат дегеніміз не?

  3. Ақпаратты қалай алмасуға болады?

  4. Ақпаратты алу деген не?

  5. Информатиканың пайда болу себебі.

  6. Информатика қандай ғылыми-техникалық пәндердің комплексінен тұрады?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Ақпараттың түпкі заттық мазмұны оның негізгі қасиеттерін – дәлдігі мен толықтығын, бағалылығы мен қажеттілілігі, анықтылығы мен түсініктілігін ашуға көмектеседі. Ақпарат істің ақиқаттық жағдайын толық ашатын болса, оның дәл болғаны. Дәлдігі жоқ ақпарат оны түсінбеушілікке және соған байланысты теріс шешім қабылдауға әкеліп соқтыруы мүмкін дейді. Егер ақпарат оны түсінуге және белгілі бір шешім қабылдауға жеткілікті болса, онда оның толық болғаны. Ақпараттың толық болмауы ол жөнінде белгілі бір тұжырымға келуге кедергісін тигізіп, қателікке ұрындыруы мүмкін.

Ақпараттың бағалылығы, оны пайдалана отырып, қандай мәселелер шеше алатынымызға байланысты болады. Өзекті (дер кезінде берілген) ақпарат жұмыс шарттары өзгерген жағдайда өте керек болады. Егер бағалы әрі өзекті ақпарат түсініксіз сөздермен жазылса, оның пайдаға аспайтыны өзінен ақ белгілі. Егер ақпаратты пайдаланушылар пайдаланушылар тілінде жазса, ол түсінікті болады.

Ақпараттың өлшем бірліктері:

Ақпараттың санын (количество) анықтау үшін ақпараттың өлшем бірлігі бит қолданылады. Бит - ағылшын тіліндегі binarydigit (екілік таңба) деген қысқарған сөз. ЭЕМ-де қолданылатын символдық таңбаларды бейнелейтін сегіз разрядтя екілік санды “байт” деп атау келісілген. Сонымен, ақпараттың көлемін өлшеу үшін “байт” деген үлкенірек өлшем бірлік қолданылады. 1 байт – 8 биттен тұрады, яғни ақпаратты өлшеудің ең кіші өлшем бірлігі бит болғаны. Ал, үлкен көлемді ақпараттарды өлшеу үшін туынды өлшем бірлік қолданылады:

1 Кбайт=210байт=1024 байт

1 Мбайт=1024 Кбайт

1 Гбайт=1024Мбайт

Бүкіл қоғамды ақпараттандыруға ынталандырған есептеуіш техникасының дамуына байланысты ақпаратпен жұмыс атқарудың әр түрлі аспектілері туралы ғылымдар комплексі – информатика пайда болады.

Информатика – ЭЕМ арқылы ақпаратты жинау, сақтау, түрлендіру, жеткізу және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін жаңа ғылыми пән. Информатиканы оқытудың маңыздылығы бұл ғылымның тек ЭЕМ-дерді пайдалану мүмкіндіктері мен олардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіріп қана қоймай қоғамдық өмір де және адамдар арасында ақпаратты кеңінен тарату заңдары мен тәсілдері туралы түсініктер береді.

Информатика әрекеттің сегіз негізгі бағыттарын қамтитын ғылыми-техникалық пәндердің комплексінен тұрады:

Информатиканың негізгі мәселелері:

Кез-келген табиғаттағы ақпараттық процестерді зерттеу;

Ақпараттық техниканы жасау және ақпараттық процестерді зерттеу нәтижелерінің базасында ақпараттарды өңдеудің жаңаша технологиясын жасау;

Компьютерлік техника мен технологияны жасау мен ендіру және қоғамдық өмірдің барлық саласында тиімді пайдаланудың ғылыми және инженерлік проблемаларын шешу.

ИНФОРМАТИКА

Қоғамдағы информатика

Табиғаттағы информатика

Жасанды интелект

Есептеуіш техника

Ақпараттық жүйе

Программа

Кибернетика

Теориялық информатика













ІV. Бекіту.

Сұрақтар:

  1. Ақпараттың түрлері және типтерін атаңыз.

  2. Адам ақпаратты қандай сезім мүшелері арқылы қабылдайды?

  3. Елестету және қоғамдық түрі бойынша ақпарттың түрлерін және типтерін атаңыз.

  4. Ақпараттың қандай қасиеттерін білесіз?

  5. Информатиканың негізгі мәселелерін анықтаңдар.

4 сабақ


Сабақтың тақырыбы: Компьютерде ақпаратты ұсыну тәсілдері, сандық, мәтіндік және графиктік ақпаратты кодтау, кодтан шығару.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ақпарат ұсыну тәсілдерін анықтау. Ақпаратты берілу түріне қарай кодтау, кодтан шығару.

Дамытушылық: Оқушылардың ақпаратпен жұмыс істеу қабілеттерін, логикалық ойлау қабілетін жетілдіру, ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Өзін-өзі бағалауға, еңбек мәдениетін дұрыс ұйымдастыруға, уақытты тиімді пайдалануға, ақпараттық сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас сабақ.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен сәлемдесіп, түгендеу.

2.Оқу-құралдарын қадағалау.

3.Оқушы назарын сабаққа аудару.

ІІ.Білімін тексеру

  1. Ақпарат” сөзін қалай түсінесің?

  2. Ақпарат дегеніміз не?

  3. Ақпаратты қалай алмасуға болады?

  4. Ақпаратты алу деген не?

  5. Информатиканың пайда болу себебі.

  6. Информатика қандай ғылыми-техникалық пәндердің комплексінен тұрады?

ІІІ. Жаңа сабақ.



Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Информатикадан 5 сыныпқа арналған сабақ жоспарлары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Маркетолог

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Информатика пәнінен 5 сыныпқа арналған күнделікті сабақ жоспарлары. 34 сағат. Информатика пәнінің мұғалімдеріне әдістемелік құрал ретінде ұсынылған.Қауіпсіздік техникасын сақтау ережелері толығымен берілген. Күнделікті сабақ жоспарлары 34 сағатқа құралған, сабақтын құрылымы, мақсат-міндеттері және сабақ барысы берілген. ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ Қауіпсіздік техникасының ережелерін төмендегі пункттерге бөлуге болады: ·         Жалпы ·         ДК-де жұмысты бастау алдында ·         Жұмыс істеу кезінде ·         Авариялық жағдайларда ·         Жұмысты аяқтағанда Жалпы қауіпсіздік талаптары: ·         Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға, розеткаларға, штепсельдің айырына, штекерге тиісуге тыйым салынады. ·         Мұғалімнің рұқсатынсыз сынынқа кіруге және сыныптан шығуға болмайды. ·         ДК-де су киіммен және су қолмен жұмыс істеуге болмайды. ·         Корпусы мен сымдарының бүтіндігі бұзылған (ашық) ДК-де жұмыс істеуге тыйымсалынады. ·         Үстелге, ДК-дің жанына сөмке, портфель, кітап қоюға болмайды. Үстелде тек дәптер мен қалам ғана жатуы керек. ·         Пернетақтаның үстіне ештеңе коюға болмайды. ·         Компьютер сыныбында жүгіруге, ойнауға, жолдастарыңның көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады. ·         ДК-де жұмыс істеуді бастау алдында қойылатын қауіпсіздік талаптары: ·         ДК электр тогына косылмаған жағдайда сымдардың, ДК-дің корпусының бүтіндігін және айыру (изоляция) бұзылмағанын қарап шығып, олардың дұрыс жағдайда екендігіне көз жеткізу керек. ·         Жұмыс кезінде оларға тие бермеу үшін, сымдар салбырап тұрмауына көңіл бөлу керек. ·         Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек. ДК-мен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары: ·         ЭЕМ-да жұмыс істеу кезінде көздің экраннан ең қолайлы кашықтығын (60-70см) сақтау керек. Мүмкін қашықтық - 50 см. ·         Келушілер кіргенде окушынардың орнынан тұруының қажеті жоқ. ·         Көз талғанда немесе шаршағанда орнынан тұрмай көзді демалдыратын бірнеше жаттығу орындау керек. ·         Оқушылар электр тогымен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін,өрт сөндіргішпен жұмыс істеу және өрт сөндіру әдістерін білуі керек. ·         Оқушылар көзді дем алдыру жаттығуларын білуі керек. ·         ДК-де жұмысты аяқтау кауіпсіздігінің талаптары: ·         Аппаратураны оқытушының нұсқауымен өшіру керек. ·         Жұмыс орнын ретке келтіру керек. ·         Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою.   АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК  КӨРСЕТУ ӘДІСТЕРІ Электр тогымен зақымданғанда көмек көрсету: ·         Токты ажырату (тарату тактасындағы тумблерді өшіру); ·         Зақымданған адамды электр тогының әсерінен электр тогын өткізбейтін қол астындағыматериалдарды пайдаланып босату; ·         Зақымданған адамды қарап шығып, оған зардабының ауырлығына байланысты көмек көрсету; ·         Дәрігер шақыру {мектептін медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жакын жердегі емдеу мекемесінен). Күйгенде көмек керсету: ·         Ауруды сездірмейтін және тыныштандыратын дәрілер беру (анальгин, валерьянка); ·         Күйген жеріне май жағу (винилин); ·         Жарақаттанған жерге микробтар түспеуі үшін алдын-ала целлофанмен орап, суық судың астына ұстау; ·         Дәрігер шақыру (мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен). Талып қалғанда көмек көрсету: ·         Зақымданған адамды басын бұрып жазық жерге шалқасынан жатқызу; ·         Дәрігер шақыру ( мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен). Демі токтағанда көмек көрсету: ·         Зақымданған адамды тілінің аузындағы қалпын тексеру керек, егер ары кетіп қалған болса қолмен орнына келтіру; ·         Дәрігер шақыру (мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жакын жердегі емдеу мекемесінен). ·         Демі қалпына келгенше немесе дәрігерлер келіп жеткенше қолдан дем алдыру ауыздан-ауызға) керек. КӨЗ ТАЛҒАНДА ЖАСАЙТЫН ЖАТТЫҒУЛАР 1-жаттығу -          Көздеріңнің бұлшық етін қатайтып, бірнеше секунд жұмыңдар. -          Көздеріңнің бұлшық етін босаңсытып, ашыңдар. -          Бұл кезде бірқалыпты дем алындар. 4-5 рет қайталаңдар. 2-жаттығу -          Кеңсірікке қарап тұрып, 3 рет терең дем алыңдар. -          Көздерінді талдырмандар. -          Алысқа қадалын қарандар. 3-жаттығу -          Бастарынды бұрмай, ОҢҒА қарап, көз тіккен нүктені белгілеңдер. -          Алысқа қадалын қарандар. 4-жаттығу -          Бастарыңды бұрмай, СОЛҒА карап, көз тіккен нүктені белгілендер. -          Алысқа қадалып қарандар. 5-жаттығу -          Бастарынды көтермей, ЖОҒАРЫ қарап, көздерің түскен нүктені белгілендер. -          Алысқа қадалып қараңдар. 6-жаттығу -          Бастарыңды бұрмай, ТӨМЕН қарап, көздерің түскен нүктені белгілеңдер. -          Алысқа қадалып караңдар. 7-жаттығу -              Көздеріңді 20-30 секунд бойы жиі-жиі жыпылықтатыңдар.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 974 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.04.2014 8734
    • DOCX 61.7 кбайт
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тохашева Меруерт Сагдатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Тохашева Меруерт Сагдатовна
    Тохашева Меруерт Сагдатовна
    • На сайте: 4 года и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 20954
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика преподавания информатики в начальных классах

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 67 человек

Курс профессиональной переподготовки

Информатика: теория и методика преподавания с применением дистанционных технологий

Учитель информатики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Курс повышения квалификации

Применение компьютерных моделей при обучении математике и информатике в рамках ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 176 человек

Мини-курс

Нейропсихология в школе: путь к успеху и благополучию детей

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 54 человека

Мини-курс

Преодоление расстройств: путь к психическому здоровью"

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Робототехника в школе: конструирование и программирование

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 24 человека