Инфоурок Информатика Рабочие программыҰлағатты ұстаздар өміріне өнеге етеміз

Ұлағатты ұстаздар өміріне өнеге етеміз

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Ұлағатты ұстаздар өмірін өнеге етеміз.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ұстаздарды құрметтеуге, сыйлауға,                               ұстаз мамандығының қыр-сырын түсініп, үлгі- өнегесін  алуға шақыру.

 

Сабақтың көрнекілігі: 6 «А» сынып оқушыларының құттықтау плакаты, шарлар,  нақыл сөздер, слайд.

 

1-жүргізуші:Егер әр адамның жүрегінде ізгілік сәулесі болса, ол – мұғалімнің еңбегі. Сол нұрды жеткіншектің жүрегіне  сіңіру үшін қаншама тер төкті десеңізші! Дүниеде адамды тәрбиелеп, азамат атандырғаннан артық абырой мен құрмет жоқ шығар, сірә?!

 

2-жүргізуші: Айтсаң, жеткіншектердің  жүрегіне ізгілік сепкен, тәрбиелеген мұғалімнің еңбегін айт! Шынында, ұлы да ұлағатты еңбек емес пе?

 

1-жүргізуші:  Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеурінді темір балқытқан жұмысшы да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де, егін салған диқаншы да бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған.Ұстаз да дихан сияқты әр адамның жанына білім нәрін себеді, әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға буынын қатайтып ұшырады, сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді. Сондықтан да ұлағатты ұстаздар, сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

                                                        

2-жүргізуші:Ұстаз! Осынау сөзде қаншама мән-мағына жатыр десеңізші!  Ұлағатты ой иелері де, арман оты жүрегінде алаулаған жеткіншектер де, парасатты қоғам қайраткерлері де бір адамға қарыздар. Ол – Ұстаз! Алғаш «Әліппенің» бетін ашып, әріп танытқан, өмірдің қыр-сырын білуге, сан қилы құбылыстарды терең түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алады ғой.

1-жүргізуші: Желпіндіріп,

                        Желіктірген күш қандай?

                        Балғындар шат,

                        Шаттық нұрын құшқандай.

                        Бүгінгі күн – Ұстаз күні

                        Содан ба,

                        Алтын Күн де күлімдейді ұстаздай.

 

2-жүргізуші: Армысыздар, ардақты ұстаздар!  Қош келіпсіздер, құрметті қонақтар! Күз мезгілінің алтын шуағымен бүкіл елімізде салтанатты түрде Ұстаз күні аталып өтіледі. Бұл мереке біздер үшін ерекше күн.

 

 1-жүргізуші: Қадірлі ұстаздар!  Жаныңызға шуақ шашар сәулелі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтап, сіздерге зор денсаулық, ұзақ  өмір, қажымас қайрат, еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға береке  мен   шаттық тілейміз!

 

Барлығы: Мерекеңіз құтты болсын, аяулы ұстаздар!

 

2-жүргізуші: Хор: «Ұстазым» әні

 

Анар: Әні сізге қалақтай

           Қаламмен шарықтай,

           Құттықтаймыз дәл бүгін

           Мерекеңмен халықтай

           Ұстазыма мың алғыс!

 

Макария: Сәбишіл көңілден

                   Арналар бұл әнің.

                   Баулитын өнерге

                   Алғашқы мұғалім.

 

Үміт: Ұстазыма  бас иемін бір өзіңе,

            Білім берген әрқашан шәкіртіне.

            Ең алғаш әліппені ұстатқаның

            Балалық істерім де әлі есімде.

 

Амет: Үйретіп өмір ұстамын,

            Үлгіні еске ұстадың.

            Ақ көңіл, іскер қашанда

            Ақылшым менің, ұстазым!

 

Нұржан:  Бердің де ата кітап әліппеңді

                  Салдаттай сапқа тізіп әріптерді.

                  Алғашқы сабағыңның өзің дағы

                  Алдыңа алып келдім алғысымды,

                  Рахмет, саған,  ұстазым.

 

Әсемай: Ұстаз болу- жүректің батылдығы,

                Ұстаз болу-  сезімнің ақындығы.

                Ұстаз болу- мінездің күн шуағы,

                Азбайтұғын адамның алтындығы.

 

Марлен: Мектеп- кеме, білім- теңіз,

                 Барар жерге тез жетеміз.

                 Адаспаймыз ұлы жолда

                 Ұстаз берген білім қолда.

 

1-жүргізуші: Анамдай сүйем мен

                       Шеберін ғалымның.

                       Ұстаздың үйренем

                       Өнерін, білімін.

                      Үйреткен із сазын

                      Мың жаса, ұстазым!

 

 2-жүргізуші: Сүрінсең сүйеп құлатпай,

                        Шегінсең, бастап жүр дейді.

                        Білімге мөлдір бұлақтай

                        Қандырып, тағы біл дейді.

 

                        Мұғалім қажып,талмайды,

                        Іздейді даңғыл саған жол.

                        Жақсыны ғана таңдайды,

                        Қамқорың, саяң думан ол!

 

1-жүргізуші: Бишілерде өнер көп,

                       Билейді биді мәнерлеп.

                       «Бипыл» биін көріңіздер,

                       Өнерге баға беріңіздер.

Аяулы ұстаздарымызға  Дүйсенова Ақтолқынның  орындауындағы  «Бипыл» биін  ұсынамыз.

                 

2-жүргізуші:  Маған ұстаз үйретті

                         Әліппесін өмірдің.

                         Жан-жүйемді билетті

                         Күйі шалқып көңілдің.

                         Қиялымды кездірді,

                         Таптым ойдың тұрағын.

                         Маған ұстаз сездірді

                         Алдағы өмір шырағын.

                         Мені ұстаз баулыды

                         Тәтті жыр мен өлеңге.

                         Тәрбиемнің әр күні

                         Тартты ілгері белеңге.

 

1-жүргізуші:  Асыға дәптер ақтарған,

                        Дулатып мектеп алабын.

                        Жүрегімде сақталған

                        Алғашқы алған сабағым.

                        Өмір күйі аңсаған

                         Қандым мөлдір бұлақтан.

                        Шашты қырау шалса да,

                        Ұстазымды ұмытпан!

 

Рысбек: Қарасаң – жадырап күледі,

                Сұрасаң – бәріне жауап береді.

                Біздерді білімге үйреткен

                Ұстаз ғой өмірдің тірегі.

 

Камшат: Есімің жүрегімде сақталады,

                 Шәкіртің саған сырын ақтарады.

                 Ұстазым, борыштармын өзддеріңе

                 Айтқан сөзің санамда жатталады.

 

Нұрдәулет:  Білімнің кәусар бұлағын,

                       Жүресің құйып санама.

                       Біз үшін сенсің мұғалім

                     Ұстаз да, ғалым да, дана да.

 

Гүлшат: Арқаңда өзіңнің

                Адам боп шығамын.

                Бәрі алтын сөзіңнің

                Ақылшы мұғалім.

 

Ақпатшай: Тек биіктер шырағым,

                     Ақылшы дос мұғалім.

                     Жаныма  серік ететін

                     Білімнің қайнар бұлағы.

 

Мәди: Көзге ыстық партасы,

            Оқулығы, картасы

            Оқу қызық болғаны

            Мұғалімнің арқасы.

 

Күнімай:   Алдыңа келіп ұстазым,

                    Тұңғыш қалам ұстадым.

                   Күлімдеген көзіңнен

                   Мейірімін сезінгем.

 

Серік: Бойыма алаулатып күш,  жалынды

            Өмірге ұмтылдырған құштарымды.

            Кеудеме білім сырын құйып берген

            Ұмытпаң бәңгі бақи ұстазымды.

 

Самат: Білмейді жақсы, жаман деп,

              Шәкіртін сүйер жүрекпен.

              Ұстазым дерлік мұғалім

              Сезімім менің дір еткен.

 

1-жүргізуші: Аққудай тербетіліп  көл бетінде

                        Бишілер билеп кетті тербетіле.

                        Аққудай теңіздегі тербетілген

                        Бишілер өнерлерін көрсетуде,-

 дей келе «Өзбек» биімен Ақтолқыды ортаға  шақырамыз.

 

2-жүргізуші: Ертерек кеп мектептің шамын жағып,

                        Елпелектеп еңбектен жалын алып.

                        Істің сазын жастарға түсіндіріп,

                        Қысы-жазы көрмедің дамылданып.

                       Әр жүйенің еңбекте тірегісің,

                       Тәрбиенің мектепте жүрегісің.

                       Жасыл баққа сән берген

                       Жас ұрпаққа үлгі боп жүрер ісің.

 

 

1-жүргізуші: Тойлайды бұл күнді көптен,

             Біздің байтақ, бақытты ел.

             Ұстаздарын шын жүректен,

             Құттықтайды шәкірттер.

 

         Арналады ұстаздарға,

         Құрмет деген, төр деген.

         Біздің елде адам бар ма,

         Ұстаз алдын көрмеген.

        

         Мерекемен құттықтаймыз,

         Мұғалімін әр пәннің.

         Ұстаздарды көреміз біз,

                     Шұғыласындай әр таңның.

 

2-жүргізуші:  Сан мыңдаған сабағын есте мәңгі,

                         Жалындаған шәкірттер еске алады.

                         Өнер жаңа, жаңаша әрбір ісің,

                         Берер баға өзіңе «бес болады».

                         Балалармен ойнайсың, бала болып,

                         Бала қамын ойлйсың дана болып.

                         Өр өмірде жете бер арманыңа,

                         Өрендерге сен әке, ана болып!

 

1-жүргізуші: Бүгінгі салтанатты мерекеге біз білім нәрімен сусындатқан  ұстаздарымызды шақырып отырмыз. Сіздерге қояр аздаған сұрағымыз бар.

 

   -   Өтес ағай, сіздің ұстаз болуыңызға не себеп болды, директорлық        лауазым несімен қызықтырды, сіз еліктеген тұлғалар болды ма?

-         Әмин ағай, осы уақытқа дейін жеткен жетістіктеріңізді білеміз, сіз осы жолда қандай қиындықтарды кездестірдіңіз?

-         Ал осы жетістістікке жетуге ұстаздардың ықпалы болды ма?

-         Абдулла ағай, сіздің ұстаздық жолыңызды қуған ұл-қызыңыз немесе шәкірттеріңіз бар ма? (Толығырақ айтсаңыз...)

-         Жақсылық ағай, сіз шәкірттеріңізге үйреткен ең басты қағидаларыңыз.Сіз бізге, яғни шәкірттеріңізге нені құрметтеу керек дер едіңіз және өмірде рухани азық болатын қандай өлең жолын немесе нақыл сөз айтар едіңіз?

-         Нәсіп апай, өнерді қалай бағалайсыз,  әдебиетке деген  көзқарасыңыз қалай?

2-жүргізуші: Қымбатты біздің ұстаздар! Алтын күздің саясында жарқыраған жүздеріңіз бізбен бірге мәңгілікке қалмақ.

Білімнің қайнар көзіндей қалған мұғалімдерімізді еш уақытта ұмытпаймыз.Суретші болсақ, ең әсем бейнені ұстазға арнаймыз, сәулетші болсақ, ең көрікті ғимаратты ұстаздарға саламыз, жүрек күйін тербетер сазгер болсақ, асыл әнді ұстазға шырқаймыз, сезімді бойлайтын ақын болсақ, нұрлы жырлардың  әр тармағын аяулы ұстаздарымызға арнаймыз.

 

1-жүргізуші:

         Ертеде бір данышпаннан: «Дүниеде кім бақытты?» деп сұраған екен.

         Сонда данышпан: -Дүниеде көп адамды бақытқа кенелткен адам бақытты!-депті.

        Ендеше, қаншама шәкірт қолына бақыт кілтін ұстатқан ардагер ұстаздарымыз сіздерге деген ыстық лебізіміздің және құрметіміздің белгісі ретінде 6 «А» сынып оқушыларының дайындаған аздаған сыйлығын табыс етуге рұқсат етіңіздер!

 

2-жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар

                        Әсем ән мен тәтті кұй.

                        Көңілге түрлі ой салар

                        Әнді сүйсең менше сүй,- деп Абай атамыз айтқандай бүгінгі әсем ән де, тәтті күй де, мың бұралған би де тек сіздерге арналады ардақты ұстаздар.                       Хор:  «Ұстазым» әні

 

1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар! Біздің ашық тәрбие сағатымыз осымен өз мәресіне жетті. Халықтың нұрлы ертеңі үшін, ел игілігі жолында атқарып отырған  еңбектеріңіз жемісті болсын! Шәкірттеріңіз еліміздің мәртебесін өсіріп, көсегесін көгертер асыл азаматтар болып өссін!

 

 

Аяулы ұстаздар! Тамашалағандарыңызға көп рахмет!

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ұлағатты ұстаздар өміріне өнеге етеміз"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Маркетолог

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: Ұлағатты ұстаздар өмірін өнеге етеміз. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ұстаздарды құрметтеуге, сыйлауға,                               ұстаз мамандығының қыр-сырын түсініп, үлгі- өнегесін  алуға шақыру.   Сабақтың көрнекілігі: 6 «А» сынып оқушыларының құттықтау плакаты, шарлар,  нақыл сөздер, слайд.   1-жүргізуші:Егер әр адамның жүрегінде ізгілік сәулесі болса, ол – мұғалімнің еңбегі. Сол нұрды жеткіншектің жүрегіне  сіңіру үшін қаншама тер төкті десеңізші! Дүниеде адамды тәрбиелеп, азамат атандырғаннан артық абырой мен құрмет жоқ шығар, сірә?!   2-жүргізуші: Айтсаң, жеткіншектердің  жүрегіне ізгілік сепкен, тәрбиелеген мұғалімнің еңбегін айт! Шынында, ұлы да ұлағатты еңбек емес пе?   1-жүргізуші:  Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеурінді темір балқытқан жұмысшы да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де, егін салған диқаншы да бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған.Ұстаз да дихан сияқты әр адамның жанына білім нәрін себеді, әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға буынын қатайтып ұшырады, сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді. Сондықтан да ұлағатты ұстаздар, сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.                                                        

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 839 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.04.2014 1690
    • DOCX 66 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шерипова Гуларахан Абатбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шерипова Гуларахан Абатбаевна
    Шерипова Гуларахан Абатбаевна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 93855
    • Всего материалов: 30

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация преподавания информационных систем и технологий в профессиональном образовании

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 75 человек

Курс профессиональной переподготовки

Информатика: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель информатики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 151 человек

Курс профессиональной переподготовки

Математика и информатика: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель математики и информатики

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 685 человек из 79 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 808 человек

Мини-курс

Soft-skills современного педагога

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 26 человек

Мини-курс

Психологическая экспертиза в юридической сфере: теоретические аспекты

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Подростковые проблемы: индивидуальный подход

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 365 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 285 человек