Инфоурок Иностранные языки Другие методич. материалыНәтиже сабақтарының жинағы. 8 сынып 1-2 модуль

6 сынып бөлім бойынша тест жинағы

Файл будет скачан в форматах:

  • pdf
  • docx
354
2
02.05.2025

Материал разработан автором:

Разработок в маркетплейсе: 6
Покупателей: 6

Настоящая методическая разработка опубликована пользователем Абдрахманова Алма Несипбековна. Инфоурок является информационным посредником

6 сыныпқа арналған тест жинағы.Бұл жинақта 6 сынып бойынша барлық бөлім қамтырған. «Компьютерлік жүйелер және желілер» бөлімі,«3D баспа» бөлімі, «Python тілінде бағдарламалау» бөлімі бойынша тесттер жауабымен.

Краткое описание методической разработки

6 сыныпқа арналған тест жинағы.Бұл жинақта 6 сынып бойынша барлық бөлім қамтырған. «Компьютерлік жүйелер және желілер» бөлімі,«3D баспа» бөлімі,    «Python тілінде бағдарламалау» бөлімі бойынша тесттер жауабымен.

Нәтиже сабақтарының жинағы. 8 сынып 1-2 модуль

Скачать материал

I модуль

                                       Қазақстан халқы. Ұлтаралық  келісім

Лексика. Фразеология

Оқушы нені  білуі тиіс:

•           «Қазақстан халқы . Ұлтаралық келісім» тақырыбы бойынша әңгімелей білу;

•           осы тақырып  бойынша өтетін сөздер мен сөз тіркестерін сөйлемде дұрыс пайдалана білу.

Оқушы нені үйренуі қажет:

•           қазақ тіліне тән ерекше дыбыстарды, тақырып бойынша өтетін сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс айтуға және сауатты жазуға үйрету.

 

                                                                 Диктант  

                                                                Қазақстан

     Қазақстан – Еуразия құрлығындағы ең үлкен мемлекеттердің бірі. Еліміздің жер көлемі ұлан-байтақ.

Қазақстанның кең даласын, биік тауларын, ормандары мен көлдерін көрген адам оны еш уақытта ұмыта алмайды. Біз жер шарының осындай сұлу, бай өлкесінде тұрамыз. Ол – біздің Отанымыз.

Қазақстан 1992 жылы 2 наурызда Бас Ассамблеяның 46-сесссиясы мәжілісінде Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылданды. Қазақстанның Бірікккен Ұлттар Ұйымына кіруі республика үшін әлем елдерімен бейбіт өмір сүруге, ғылым мен мәдениет жетістіктерімен алмасуға кең мүмкіндіктер береді.

Мен Қазақстанда тұратынымды мақтаныш етемін. Туған отанымды, халқымды құрмет тұтамын.

Грамматикалық тапсырмалар

1. «Халық» cөзіне синоним табыңдар

2. Берілген сөздердің мағынасын синонимдер арқылы түсіндіріңдер

Ұлан – байтақ жер, даму қарқыны, жетістіктермен алмасу, құрмет тұтамын.

3. Төмендегі сөздердің антонимдерін жазыңдар

   Зор -                                 Бай -

   Биік -                               Пайдалы -

   Кең -                                Туған -

4. Берілген сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңдар

 Жер көлемі, еш уақытта ұмыта алмайды, мүшелікке қабылданды,  жетістіктерімен алмасуға

 

 

Бақылау сұрақтары

1.         «Тіл мәселесі» деген тақырыпқа монолог дайындаңдар

2.         Қазақстан халқы туралы не білесіңдер?

3.         «Біздің тәуелсіздігіміз»  деген тақырыпқа диалог дайындаңдар

4.         Лексика нені зерттейді?

5.         Сөз тіркестерінің тура және ауыспалы мағыналарының  айырмашылығы неде? Мысал келтіріңдер

6.         Өтілген модуль бойынша Отан туралы өз ойларыңды айтыңдар

                                                            

Тест

                                І - нұсқа

1. Қазақстан қандай ел екенін жазыңдар

  А) .............                        Б)...................                    В)....................

2. Қашан Қазақстанға Рессейден орыстар келе бастағанын көрсетіңіз

   А) ХVIII ғ.,  30- жылдарында

   Б) 1870 жылы

   В) 1884 жылы

3. Тура мағыналы сөзді табыңыз

    А)  ашық терезе          Б)  ашық мінез        В)  қолы ашық

4. Синонимдік қатарды табыңыз

   А)  жұмыс, іскер, шаруа

   Б)  еңбекақы, жалақы, айлық

   В)  дүние, әлем, жер

5. Лексика нені зерттейді?

   А) сөздің формаларын

   Б) тіл дыбыстарын зерттейді

   В) сөз және оның мағынасын зерттейді

6. Ұлағатты сөзді аяқтаңыз

    Ана тілін  құрметтемеу - ...

7. Мақалдардан антоним сөздерді табыңыз

   А) Ананың көзі балада, баланың көзі далада

   Б) Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле

   В) Көз – қорқақ, қол – батыр

8. Берілген сөз тіркестің мағынасын анықтаңдар

       Маңдай тер

   А) адал еңбек             Б) дұрыс адам         В) жақын тұту

9.  Қоныс аударып келген орыс, украин шаруалары ненің дамуына үлес   қосқанын анықтаңдар

      А) егін шаруашылығының

      Б)  сауданың

      В)  білімнің

10.  Қазақстанда тіл саясаты қандай түрде жүргізілетінін көрсетіңдер

      А) жекеше

      Б)  жүйелі

      В) күрделі

 

                                    ІІ - нұсқа

1.  Барлық облыстар мен министірліктердің қазақ тіліне көшудің  нақты мерзімін көрсетіңдер

      А) 2006 ж

      Б) 2009 ж

      В) 2005 ж

2.   Антоним сөздерді көрсетіңдер

      А) салт – дәстүр

      Б) көрші – көлем

      В) соғыс- бейбітшілік

3.  Авар халқының аңызында құсты қайда қамап қойды?

      А) бөлмеге

      Б)  үйге

      В) торға

4.  Синонимді сөз тізбегін көрсетіңдер

      А) ер, батыр

      Б) ағаш, темір

      В) ауыр, жеңіл

5.  Тұтқын құс күні – түні не істегенін анықтаңыз

      А) Отан туралы шырылдай берді

      Б)  ән айтты

      В)  ұя салды

6.  Омоним бола алатын  сөзді  көрсетіңіз

      А) қағаз                       

      Б) кітап                     

      В) бет

 7. Бүкілресейлік  бірінші  халық  санағы  болған жылды анықтаңдар

      А) 1897 ж.                  

      Б) 1997 ж.                     

      В) 1850 ж.

8.  Лексика нені зерттейді?

      А) сөйлем мүшелерін

      Б) сөз мағынасын

      В) тіл дыбыстарын

9.  Қазақстанда  сан  жағынан  көп  ұлтты  халықты  көрсетіңдер

      А)  орыстар                   

      Б)  қазақтар                

      В)  ұйғырлар

10. Неологизмдерді табыңдар

      А)  кеден, зейнетақы

      Б)  қалам, кітап

      В)  би, керуен

 

 

ІІ модуль

Қазақстан – 2030

Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар

 

Оқушы нені білуі  тиіс:

•           «Қазақстан – 2030» тақырыбы бойынша  әңгімелей білу;

•           жаңа сөздер мен сөз тіркестерін сөйлемдерде  дұрыс пайдалана білу;

•           буын үндестігіне бағынбайтын қосымшамаларды білу.

 

Оқушы нені үйрену қажет:

•           « Қазақстан – 2030» тақырыбы төңірегінде әңгімелеуді үйрену;

•           буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды есте сақтау.

  

                                          Диктант

                                     Елбасының жолдауы

 

ХХ ғасырдың соңында Қзақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқына Жолдау жасады. Бұл – еліміздің 2030 жылға дейінгі даму бағытын анықтайтын бағдарлама.

Елбасы халқымызға елімізде атқарылатын  жұмыстардың зор екенін ескертеді. Бағдарламада  Қазақстанның  табиғат  байлықтарын сақтау талап етілген.

Президент жолдауында: «Қазақстан барысы» өзі ішетін тұнық судың лайланбауын, табиғаттың жақсаруын қатаң қадағалап отыратын болады», - деген. Елбасы әрбір азаматтан  салауатты өмір салтын  күтеді.

 

Грамматикалық тапсырмалар

1. Белгіленген сөз тіркестердің мағынасын басқа сөзбен айтыңдар және орыс тіліне аударындар

2. Сөз құрамына талдаңдар

 Жолдауында, жұмыстардың, елімізде, етілген, күтеді

3. Мәтіннен 5 сөзді таңдап, буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды қосыңдар.

4. Берілген сөз тіркестерден сөйлемдер құраңдар.

Қазақстан халқы, даму бағыты, байлықтарын сақтау.

 

Бақылау сұрақтары

 

1. «Отан – оттан да ыстық» деген мақалдың мағынасын түсіндіріңдер

2. «Қазақстан – 2030» стратегиясы туралы айтыңдар

3. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар. Мысал келтіріңдер

4. «Отанды сүйер ұлан бол!» дегенді түсіндіріңдер.

Тест

                  І – нұсқа

1. Қай жылы Республиканың рәміздері бекітілгенін көрсетіңіз

   А) 1991 жылы

   Б) 1992 жылы

   В) 1995 жылы

2. Буын ундестігіне бағынбайтын қосымшаны көрсетіңіз

       А) - мен, - хана, - сың

       Б) - қой, - дікі, - лар

       В) - бен, - тікі, - паз

3. Тұңғыш президентінің  сайланған жылын көрсетіңіз

   А)  1 желтоқсан 1991 ж.

   Б)  16 желтоқсан 1991 ж.

   В)  30 тамыз 1995  ж.

4. Буын үндестігі сақталмаған сөзді анықтаңыз

    А) Саматтікі    

    Б) Саматтың  

    В) Саматқа

5. «Қазақстан – 2030» бағдарламасының авторын көрсетіңіз

   А) Н. Назарбаев

   Б) Б. Момышұлы

   В) Т. Әубәкіров

6. Бағдарлама неше басымдықтан тұратынын анықтаңдар

   А) 7                   

   Б) 6                 

   В) 8

7.  Буын үндестігі сақталған сөзді көрсетіңіз

   А) аурухана                   Б) дәмхана               В) дәріхана

 8. Сөздердің аудармасын табыңдар.

     1. әділетті                  А) гордиться

     2. азамат                    Б)  обязанность

     3. міндет                    В) цель

     4. нысана                   С) справедливый

     5. мақтан ету             Д) гражданин

9. Берілген сөздерге дұрыс жалғау жалғаңдар

      1. бала                     А) - бен

      2. ағаш                    Б) - мен

      3. қыз                      В) - пен

10. «Өз Отаныңа лайықты  азамат болып өсіңдер!»  деген  сөзінің авторын көрсетіңіз.

   А)  Н. Назарбаев                

   Б)  Б. Момышұлы                    

   В)  І. Омаров

                   ІІ нұсқа

1. Сөйлемді дұрыс құрастырыңыз

                1            2      3       4            5            6                7             8

    Бейбітшілікті, жер, ең, әскер, қорғаушы, жүзіндегі, әділетті, әскер

2. 1992 жылы  Жоғарғы Кеңестің сессиясында не бекітілгенін анықтаңдар

      А)  рәміздер

      Б)  президент

      В)  стратегиялық бағдарлама

3.  Сөз тіркес құрастырыңыз

      1. тұрақты                            А) азамат

      2. елін сүйетін                     Б) өмір

      3. бақытты                           В) нысана

4.  1991 жылы 1 желтоқсанда не болғанын анықтаңдар   

      А) рәміздер бекітілді

      Б) стратегиялық бағдарлама жасалды

      В) президент сайланды

5. Дұрыс  жалғауын  қосыңдар

      1. стратагия                    А) - бен

      2. ұшақ                            Б)  - мен

      3. қыз                               В) - пен

6.   Бағдарлама неше басымдықтан тұратынын көрсетіңіз

            А) 8          

            Б)  7       

            В) 6

7.   Сөздердің  аудармасын  табыңдар

      1. қауіпсіздіқ                      А) мощь,сила

      2. тұрақтылық                    В)  приоритет

      3. әл- ауқат                         С) стабильность

      4. басымдық                       Д) безопасность

      5. намыс                              Е)  гордость

8.   Сөйлемді дұрыс құрастырыңдар.

                       1                      2                    3               4                  5                        6                     7             8

          Стратегиялық, Н.Назарбаев, дамуының, еліміздің, бағдарламасын,    2030 жылға, жасады, дейінгі.

9.   Отан дегеніміз не?

        А) адамның туып - өскен жері

        Б) ең әділетті әскер

        В) ұзақ мерзімді басымдық

10.   Бірынғай буын үндестігіне  бағынбайтын  қосымшаларды  көрсетіңіз

        А) - бегі, - паз, -ға, -лар

        Б) - нікі, - мен, - хана

        В) - тікі, -дар, -дің

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Нәтиже сабақтарының жинағы. 8 сынып 1-2 модуль"
Смотреть ещё 6 084 курса

Методические разработки к Вашему уроку:

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

  Мемлекеттік қазақ тілін оқытудың мақсаты- қатысымдық (коммуникативтік)тілдік, мәдени- танымдық біліктілігі  дамыған дара  тұлға даярлауға мүмкіндік  туғызу.Осы мақсатты  жүзеге асыру  барысында бүгінгі таңда көптеген заманауи технологиялар  кеңінен  танымал.Біз  қолданылып  жүрген модульдік оқыту  технологиясы бойынша нәтиже сабақтарының жинағын  құрастырдық.  Бұл  жинақтағы  сабақтар 8 сыныптың  оқулығындағы 14 модуль бойынша  жасалған. 8 сыныпта «Республиканың экономикалық әлеуметтік бейнесі» тақырыбы бойынша оқушыларды еліміздің экономикалық өңірлерімен, жалпы  шаруашылығымен  таныстыра  отырып, синтаксисті меңгерту  көзделеді.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

7 366 798 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

Скачать материал
    • 23.04.2014 1437
    • DOCX 27.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мухтизарова Бибигуль Коныровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мухтизарова Бибигуль Коныровна
    Мухтизарова Бибигуль Коныровна

    Учитель казахского языка и литературы,классный руководитель

    • На сайте: 10 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 55236
    • Всего материалов: 19

    Об авторе

    Категория/ученая степень: Высшая категория
    Место работы: СОШГ №9
    Работаю учителем казахского языка и литературы в данной школе с 2003 года. В данное время являюсь классным руководителем 9"В" класса. Взяла их с 5-го класса. Очень люблю свой класс,своих учеников. Надеюсь, что сумею заложить в них рациональное зернышко доброты,милосердия,сочувствия к ближним, умение преодолевать жизненные трудности, уметь радоваться жизни. Надеюсь и верю,что в жизни будут настоящими людьми, принесут пользу своим близким, своей Родине. Я горжусь своим классом, очень их люблю, люблю свою работу,свой предмет в целом.

Оформите подписку «Инфоурок.Маркетплейс»

Вам будут доступны для скачивания все 361 560 материалов из нашего маркетплейса.

Мини-курс

Продвинутые техники нарративного подхода в психологии

5 ч.

Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

Транспорт в экономике: роль, взаимодействие и потенциал

5 ч.

Подать заявку О курсе

Мини-курс

Тревожно-депрессивные расстройства

4 ч.

Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 15 человек
Смотреть ещё 6 084 курса