Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Другие методич. материалы / 8 сыныпқа арналған нәтиже сабақтарының жинағы 3,4 модуль
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Иностранные языки

8 сыныпқа арналған нәтиже сабақтарының жинағы 3,4 модуль

библиотека
материалов



ІІІ модуль

Қазақстанның аймақтары

Сөз құрамы

Оқушы нені білу тиіс:

«Қазақстан аймақтары» тақырыбы төңірегінде сөйлей білу;

жаңа сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс пайдалана білу;

сөз құрамын, сөзжасамның негізгі түрлерін білу.

Оқушы нені үйрену тиіс:

сызбалар негізінде әңгіме құрастыруды үйрену;

сөздерді сөз құрамына талдауға үйрену.

Диктант

Қостанай облысы

Қостанай облысы республиканың солтүстігінде орналасқан. Облыс 1936 жылы құрылған. Облыстың аумағы біршама жазық рельефпен сипатталды. Оның солтүстік бөлігін Батыс Сібір ойпатының оңтүстік-шығыс шеті алады, ал оңтүстік батысында Сарыарка ұшығы орналасқан.

Темір рудасы, бокситтер, қоңыр темір, асбест, құрылыстық тастар мен басқа жер қойнауларының бай кен орындары бар. Ауа-райы тым контингенті, қысы ұзақ, қатаң, жазы ыстық, құрғақ. Ең ірі өзендері Тобыл (облыс ішінде 800 шақырым). Облыстың солтүстік бөлігінде Аманқарағай, Арақарағай; орталық бөлігінде Наурызымқарағай.

Грамматикалық тапсырмалар

1. Мәтіндегі 2 сөйлемдегі сөздерді сөз құрамына талдаңдар (мұғалімнің немесе оқушының таңдауы бойынша)

2. Мәтіннен септік жалғау (көптік жалғау, тәуелдік жалғау) жалғанған сөздерді теріп жазыңдар

3. Мәтіндегі зат есімдерді теріп жазып, жалғауларын анықтаңдар



Ауызша сынақтардың сұрақтары

1 билет

1. Қазақстан Республикасы туралы не білесің?

2. Сөз тудырушы жұрнақ туралы не білесің? Мысал келтір

2 билет

1. «Алматы облысы» деген мәтіннің мазмұнын айтыңдар

2. Сөз түрлендіруші жұрнақ туралы не білесің? Мысал келтір



3 билет

1. «Республиканың облыстары» деген тақырыпқа әңгіме құрастырыңдар

2. Жалғаулар туралы не білесің? Мысал келтір

4 билет

1. «Маңғыстау облысы» деген тақырыпқа әңгіме құрастырыңдар

2. Қосымшалар туралы не білесің? Мысал келтіріңдер

5 билет

1. «Жетісу – тарихи - географиялық аймақ» деген мәтіннің мазмұнын айтыңдар

2. Түбір туралы не білесің? Мысал келтір

6 билет

1. «Отан»тақырыбына мақал - мәтелдер білесіңдер ме? Айтып беріңдер

2. Сөз құрамы туралы не айта аласыңдар? Мысал келтіріңдер

7 билет

1. «Қазақстан облыстары» деген тақырыпқа әңгіме құрастырыңдар

2. Жұрнақ түрлері туралы не білесіңдер? Мысал келтіріңдер



Тест

1. Сен қай облыста тұрасың?

А) Павлодар Б) Алматы В) Қарағанды



2. Алматының неше жылдық тарихы бар?

А) 2,5 мыңжылдық Б) 4 мыңжылдық В) 5 мыңжылдық



3. Сөз тудырушы жұрнақ қосылған сөзді табыңдар

А) замандас

Б) үйшік

В) қызылдар



4. Алматы облысындағы өндірісті көрсетіңдер

А) жеңіл өнеркәсіп

Б) құрылыс

В) білім саласы



5. Сөз түрлендіруші жұрнақ қосылған сөзді табыңдар

А) әнші

Б) білгіш

В) балақай



6. Маңғыстау облысының орталығын көрсетіңдер

А) Павлодар Б) Алматы В) Ақтау



7. Жалғаулар қатарын табыңдар

А) - лар, - ға, - ша

Б) - мен, - нің, - мыз

В) - дық, - лас, - пен



8. Ақтау орналасқан жерді көрсетіңдер

А) Каспий теңізінің шығыс жағасында

Б) Алматы қаласының төңірегінде

В) Ертіс жағасында



9. Ақтау тұрғындарының саны қандай?

А) 157,4 мың Б) 100,6 мың В) 205,7 мың



10. Ақтау қаласының оқу орнын көрсетіңдер

А) С. Торайғыров атындағы университет

Б) Ш. Есенов атындағы университет

В) ПМУ













ІV модуль

Тарихи ескерткіштер

Сөз таптарын қайталау

Оқушы нені білу тиіc:

«Тарихи ескерткіштер» тақырыбы бойынша әңгімелей білу;

зат есім, сын есім, сан есім түрлерін және жасалу жолын білу.

Оқушы нені үйрену тиіс:

деңгейлік тапсырмалар негізінде ескерткіштер туралы өз ойын айтуға үйрену;

сауатты сөйлеуге, жазуға үйрену.

Диктант

Алтын адам

Алтын адам жатқан Есік обасынан біздің заманымыздан бұрынғы V-VI ғасырларға тән мыңнан артық бұйым табылыпты. Соның ішіндегі күміс зеренің сыртқы бетіне екі қатар етіп жазылған жазуларды ғалымдар осы уақытқа дейін ғылымға белгісіз таңбалар деп жориды. Қалай болғанда да, бұл-бұдан екі-екі жарым мың жыл бұрын осы өңірді мекендеген адамдардың жазу таңбаларын жасап, пайдалана білгендігінің куәсі. Алтын киімді адам және оның қабірінен табылған заттар дүние жүзілік маңызы бар аса зор жаңалық болып табылады.

Грамматикалық тапсырмалар

1. Мәтіннен зат есім, сын есім, сан есімдерді теріп жазыңдар

2. Зат есімнің жалғауларын ажыратыңдар

3. Екі зат есімге (екі сын есімге, екі сан есімге) морфологиялық талдау жасаңдар

4. Сан есімдерді тіркескен сөздермен теріп жазыңдар. Мағыналық түрлерін анықтаңдар.



Бақылау сұрақтары

1. Тарихи ескерткіштер туралы білетіндеріңді айтыңдар

2. Жошы хан күмбезі туралы айтып беріңдер

3. Айша бибі ескерткіші туралы айтып беріңдер

4. Ахмет Йасауи ескерткіші туралы айтып беріңдер



Тест

І - нұсқа

1. Ахмет Йасауи ескерткіші салынған ғасырларды көрсетіңдер.

А) ХІV ғ аяғы – ХV ғ басында

Б) ХІІІ – ХІV ғ басында

В) ХVІ – VІІ ғ басында

2. Қазақ тілінде неше сөз таптары бар?

А) 8

Б) 9

В) 10

3. Ахмет Йасауи ескерткіші неше бөлмеден тұрады?

А) 25

Б) 35

В) 36

4. Заттың түрін, түсін, сипатын, көлемін білдіретін сөз табын анықтаңдар

А) зат есім

Б) сан есім

В) сын есім

5. Тараз қаласынан 18 шақырым жерде орналасқан ескерткішті көрсетіңдер

А) Жошы хан күмбезі

Б) Айша бибі мазары

В) Ахмет Йасауи ескерткіші

6. Сан есімнен жасалған тіркесін көрсітіңдер

А) аялдаманың қасында

Б) екеуі кездесті

В) олар әдепті

7. Қай мазардың салынғанына мың жылдай болды?

А) Айша бибі

Б) Алаша хан

В) Жошы хан

8. Етістіктен сын есім туған сөзді табындар

А) қорқақ

Б) қалалық

В) ақылды

9. Жошы хан күмбезінің биіктігі неше метр?

А) 7

Б) 8

В) 9

10. Реттік сан есімді атаңыз.

А) жүз алты

Б) тоғызыншы

В) екеу

ІІ – нұсқа

1. Айша бибі мазарының сыртқы беті немен өрілген?

А) күйдірілген құйма тастармен

Б) кірпішпен

В) сазбен

2. Сын есімнің сұрақтарын көрсетіңдер.

А) кім? не?

Б) кімді? нені?

В) қандай? қай?

3. Тарихи – мәдени ескерткіштер кімге арналып салынғанын көрсетіңдер

А) жеке қайраткерлерге

Б) ақын- жазушыларға

В) тек бай адамдарға

4. Жатыс септігіндегі зат есімді табыңдар

А) кітапты

Б) оқулықта

В) мәтін

5. Ахмет Йасауи есткеркішінің ортанғы бөлмесінің атын көрсетіңдер

А) кітапхана

Б) қойма

В) қазандық

6. Кешен сөзі қай сөз таптарына жатады?

А) зат есім

Б) сан есім

В) сын есім

7. Айша бибі мазарының аумағын көрсетіңдер

А) 40 метрге жуық

Б) 7 метрден астам

В) 15 метр

8. Күрделі сын есімді табыңдар

А) аса қадірлі

Б) жақсы адам

В) көгілдір ту

9. Жошы хан күмбезі орналасқан жерді көрсетіңдер

А) Орталық Қазақстанда

Б) Солтүстік Қазақстанда

В) Оңтүстік Қазақстанда

10. -ау, -еу жұрнағы арқылы сан есімнің қай түрі жасалады?

А) реттік

Б) топтау

В) жинақтау







Краткое описание документа:

Оқу  модулінің қорытынды бөлімі – модульдегі алған білімі, білік дағдыларын бақылауға, тексеруге және бағалауға арналған.Оқушылардың білімін әділ бағалау және оларға жоғарырақ балл алу мүмкіндігі болу үшін біз бақылаудың бірнеше түрін  даярладық. Біріншісі - міндетті - тестілеу. Екіншісі - мұғалім өз тандауы  бойынша  (сынақ, бақылау жұмысы, диктант т.б.) Біз екі немесе одан да көп бақылау  түрлерін қолдану қажет деп есептейміз, өйткені оқу материалын игеру дәрежесін бір ғана тестілеу арқылы анықтау мүмкін  емес.   Модульдегі алған білімдерін тексеру құралы ретінде ұстаздарға осы жинағымызды ұсынамыз.
Автор
Дата добавления 23.04.2014
Раздел Иностранные языки
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров542
Номер материала 81244042339
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы
Television
23.04.2014
Просмотров: 394
Комментариев: 0
Work and money
23.04.2014
Просмотров: 978
Комментариев: 0

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх