Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / ИЗО, МХК / Рабочие программы / Қазақ халқының қазіргі заманғы сәндік қолданбалы өнері.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • ИЗО, МХК

Қазақ халқының қазіргі заманғы сәндік қолданбалы өнері.

библиотека
материалов

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы

М.Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің

бейнелеу және сызу пәні мұғалімі Даулетбаева Нагима Кожабаевна

Пәні: Бейнелеу. 6 сынып

Тақырыбы: Қазақ халқының қазіргі заманғы сәндік қолданбалы өнері.

Мақсаты:

Оқушылардың бойына сәндік қолданбалы өнерге деген қызығушылығын дамыту, қолданбалы өнердің түрлерін түсіндіре отырып, теориялық білімдерін жетілдіру.

Қазақ халқымыздың бай мұрасын жаңашаландырған жолдардың көздерін табу.

Оқушылардың өнерге деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, оларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ, аралас сабақ

Әдісі: топтық, ұжымдық.

Көрнекілігі: оқулықтағы суреттер, слайдтар, қолдан жасалған бұйымдар, т.б

Керекті құрал-жабдықтар: қағаз, қарындаш, бояу түрлері, ермексаз, мата, желім, түрлі түсті қағаздар, т.б

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ.Жаңа сабақ.

  • Балалар, бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Қазақ халқының қазіргі заманғы сәндік қолданбалы өнері» ... Сабақ ты бастамас бұрын бірінші біз төрт топқа бөліне қояйық. (Берілген сурет арқылы төрт топқа бөлу)

  1. Зергерлер тобы

  2. Тоқымашылар тобы

  3. Тігіншілер тобы

  4. Сәулетшілер тобы

  • Балалар, топқа бөлінсек, енді топ басшысын таңдап алайық, (оларға бағалау бетшесін ұсынамын)


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Сөзжұмбақ шешу.

Жаңа сабақты бастамас бұрын, өткен сабақты қайталап алайық. Ол үшін мен сендерге сөзжұмбақ дайындадым, тақтаға назар аударайықшы.

Мен сендерге сұрақтарын оқып отырайын, сендертездетіп шеше қойыңдар.

ІІІ.Жаңа сабақ.

1.Оқулықпен жұмыс. Тақырыбымызды аша түсу үшін, балаларға жаңа сабақтың мәтінін әр топқа бөліп беремін. Өздерің оқып, мұқият түсініп алыңдар (2 минут уақыт беріледі). Содан кейін оқып түйгендеріңді қасыңызда отырған оқушыға түсіндіресіңдер. Түсіндіңдер ме, балалар?

Қазақ халқының аса құнды, сәндік, көркемдік мұралары – талантты шеберлер қолынан шыққан көркемөнер шығармасы. Ол халық өнерін одан әрі қарай зерделеп, өнерді үйренуге қажетті материал ретінде де, сәндік өнерді қазіргі заман талабына сай дамыту үшін де кеңінен пайдаланылады. Ғасырлар бойы қалыптасқан пішіндер мен тәсілдердің бай мұрасы негізінде шеберлер қазіргі заманғы сюжетті композиция элементтерін көрсететін ағаш, металл, керамика, киізден ерекше шығармаларды дүниеге әкеледі. Оңтүстік Қазақстан облысының шеберлері ұлттық дәстүрді жалғастыра отырып, тоқымы және киіз кілем, алаша, басқұр, баулар жасайды.

Қазіргі заманғы суретшілер тері, ағаш, сүйек өңдеудің ескі технологияларын меңгеруде. Солардың арқасында халық қолөнерінің көптеген сырлары белгілі болды. Осылайша көне бұйымдар көркемдігі мен әсерлілігін жоғалтпай, қазіргі заманғы шеберлердің қолынан қайта жаңғыртылды. Бүгінгі күні ағаштан жасалған әр алуан ожаулар, былғары торсық, саба, кілем және т.б бұйымдар біздің үйімізді көркейтіп, жайлылық пен сән береді.


2.Сұрақ –жауап.

  1. Шеберлер қазіргі заманғы сюжетті композиция элементтерін қандай заттардан жасап, көрсете алды?

  2. Көне бұйымдардың қазіргі бұйымдардан ерекшелігі неде деп ойлайсыңдар?

  3. Ауылға халық өнері көрмесі келсе, ең бірінші нені алар едіңдер?

  4. Қазіргі заманғы суретшілер шығармаларын жаңашаландырғанда қандай материалдарды өңдейді?

3. Слайд қарап шығу. Әр слайдқа тоқталып, түсіндірме беру.

ІV. Сарамандық жұмыс.

Төрт топқа төрт түрлі тапсырма беру.

  1. Зергерлер тобы (түрлі түсті қағазбен жұмыс)

  2. Тоқымашылар тобы (сурет салады)

  3. Тігіншілер тобы (матамен жұмыс)

  4. Сәулетшілер тобы (ермексазбен жұмыс)

V. Тестпен жұмыс

VІ. Қорытындылау, бағалау.

VІІ. Үй тапсырмасы. Аяқталмаған жұмысты аяқтау, қазақ халқының қазіргі заманғы сәндік қолданбалы өнері тақырыбына буклет дайындап келу.



























Аудандық эстетикалық пәндер мұғалімдерінің олимпиадасы







hello_html_193c0abb.gif







Сабақтың тақырыбы:

Қазақ халқының қазіргі заманғы сәндік қолданбалы өнері













Өткізген: Даулетбаева Нағима Қожабайқызы.

М.Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің бейнелеу және сызу пәнінің мұғалімі.

6-сынып







2014жыл







Краткое описание документа:

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы М.Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің бейнелеу және сызу пәні мұғалімі  Даулетбаева Нагима Кожабаевна Пәні: Бейнелеу. 6 сынып Тақырыбы: Қазақ халқының қазіргі заманғы  сәндік қолданбалы өнері. Мақсаты: Оқушылардың  бойына сәндік қолданбалы өнерге деген қызығушылығын дамыту, қолданбалы өнердің түрлерін түсіндіре отырып,  теориялық білімдерін жетілдіру. Қазақ халқымыздың бай мұрасын жаңашаландырған жолдардың көздерін табу. Оқушылардың өнерге деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, оларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: жаңа сабақ, аралас сабақ Әдісі: топтық, ұжымдық. Көрнекілігі: оқулықтағы суреттер, слайдтар, қолдан жасалған бұйымдар, т.б Керекті  құрал-жабдықтар: қағаз, қарындаш, бояу түрлері, ермексаз,  мата, желім, түрлі түсті қағаздар, т.б Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. ІІІ.Жаңа сабақ.
Автор
Дата добавления 23.04.2014
Раздел ИЗО, МХК
Подраздел Рабочие программы
Просмотров1279
Номер материала 81245042343
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх