Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Деңгейлеп оқыту-нәтижелі білім кепілі
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

Деңгейлеп оқыту-нәтижелі білім кепілі

библиотека
материалов



Деңгейлеп оқыту-нәтижелі білім кепілі

Оқушыларға сапалы білім беру жолында оқыту әдісін жетілдіру – әр мұғалімнің басты міндетінің бірі. Оқушылар дүниетанымының қалыптасуы мен ақыл-ойының дамуы өтілген сабақтың сапасына байланысты.

Қазақ тілі пәні оқушыларға білім берумен қатар олардың алған білімін есте сақтау, ойлау қабілетін, тіл байлықтарын, сөздік қорын арттырып, ой-өрістерін кеңейтіп, зеректік, іскерлік және бақылағыштық қасиеттерін жетілдіреді.

Қазақ тілі сабағында оқушыларды ынталандырудың бір жолы – сабақты жарыс түрінде ұйымдастыру.

Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын белгілеген Президент Жолдауынан туындайтын мақсат-мүдделерді іске асыру мектеп алдында тұрған асқаралы міндеттерді анықтайды.

Сондықтан ХХІ ғасыр табалдырығында тұрып, тәуелсіздігімізді сақтай алатындай білімді ұрпақ тәрбиелеу бүгінде еңбек етіп жүрген әрбір ұстаздың басты борышы. Ендеше, мемлекеттік тұрғыдан білім мазмұнын жаңарту, осы заман талабына сай өзгерту, үздіксіз білім жүйесін дамыту қажеттігі туындауы – заңды құбылыс.

Осы орайда өзім сабақ беріп жүрген 6-сыныпта оқытуды ұйымдастырудың негізгі көзі – баланың қабілетін анықтай отырып, дамытуды көздейтін ең қолайлы жағдай жасау арқылы көмек беру.

Оқушыларды 5-сыныптан бастап пәнге қызығуына қарай саралап, топтадым.

Оқытуды дараландыру немесе дифференциалдап оқыту оқушылардың білімін жасанды түрде бір-біріне жақындатырудан, сабақта барлық оқушыларды оқытуға бірдей өлшеммен қараудан арылуға көмектеседі.

Қазір оқыту әдістемесінде сабақты оқушыға меңгертуде, оқушылардың білімін тексеруде, өздігінен орындайтын жұмыстарда оқушылардың қабілеттерін жеке-жеке есепке ала отырып, саралау кеңінен қолданылуда.

Сабақта оқушы белсенділігін, қызығуын арттыруды назарда ұстап, жаңа тәсілдерді алдымен өзім меңгеріп білуді басты назарда ұстаймын. Осы үрдісті тәжірибеге енгізбей, мұғалімнің жақсы нәтижеге жетуі мүмкін емес.

Жалпы педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылатындықтан, бұл жерде де жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі – оқыту мақсаты болып табылады.

Аталған жұмыс профессор Қараев Жауынбайдың тұжырымдамасы негізінде өтіп жатқан тәжірибелерде жақсы нәтиже көрсетіп жүр.Өзім сабақ беретін сыныпта деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқытудың ерекшеклігін талдап, сабақта ойлау қабілетін жетілдіруге ерекше көңіл аударамын.

Әр оқушы үшін оны есепке алып дамыту жолын таба білдім. Тақырып, тарау бойынша жасақталған деңгейлік тапсырмалар жүйесі дамыта оқыту идеасын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Себебі, ол оқушының ойлауын, есте сақтау, белсенділік дағдысын, білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді. Деңгейлік саралау арқылы мұғалім оқушы білімін жаңа әдіспен бағалауға мүмкіндік алады. Оқушылардың өздігінен жұмыс істеуін, қиындықты жеңуін, табандылығын үнемі назарда ұстап, олардың білімінен байқалған олқылықтарды сипатына қарай топтап, деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жүргізіп келемін. 6-сыныпта өткізген «Сан есімнен өткенді қайталау» тақырыбындағы сабағымды ұсынып отырмын.

Сабақтың тақырыбы: Сан есімнен өткенді қайталау.

Сабақтың мақсаты: а) білімділік: оқушылардың сан есімнен алған білімдерін

нығайту, тиянақтау, бір жүеге келтіріп қорыту,

теориялық білімін практикамен ұштастыру;

ә) дамытушылық: жарыс түрлері арқылы оқушылардың

тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру,

шығармашылыққа баулу, ой-өрісін арттыру, өз ойын

тиянақты жеткізуін дамыту.

б) тәрбиелік: оқушылардың бойында белсенді азаматтық

ұстанымды, әлеуметтік жауапкершілікті, отансүйгіштік

сезімді, жоғары адамгершілік және көшбасшылық

қасиеттерді қалыптастыру.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, тест;

Сабақтың көрнекілігі: плакат, бағалау парағы, карточкалар;

Пәнаралықбайланыс: әдебиет, математика, орыс тілі, ағылшын тілі;

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесіп, жоқтарын түгендеп, журналды толтыру, сынып бөлмесінің тазалығы, оқу құралдарының толықтығы, оқушылардың көңіл-күйі, оқушылар назарын сабаққа толық аудару.

Сынып оқушыларын түрлі-түсті гүлдер салынған карточкалар арқылы (қызыл, ақ, жасыл) үш топқа бөліп отырғызамын. І топ «Алпамыс», ІІ топ «Қобыланды», ІІІ топ «Ер Тарғын»

  1. Әр топ өз аттарына сипаттама беріп, өз топтарының бейнесін ашады.

І топ. ІІ топ.

А-айлалы Қ-қамқор

л-лапылдаған о-ойлы

п-патриот б-батыл

а-арлы ы-ықыласты

м-махаббатқа берік л-лаулап тұр

ы-ынталы а-ақылды

с-саналы н-намысшыл

д-дарынды

ы-ықпалды

ІІІ топ.

Е-ер жүрек

р-рухты

Т-тапқыр

а-арлы

р-рахымшыл

ғ-ғажайып

ы-ықыласты

н-намысшыл


  1. Үй тапсырмасын сұрау.

  2. Әр топқа 10 сұрақтан құралған тест тапсырмалары беріледі.

І топ

  1. Сан есімнің мағыналық түрлері нешеу?

а) екеу; ә) төртеу; б) жетеу; в) алтау.

2) Есептік сан есімді табыңдар?

а) жүз жиырма; ә) екі-екіден;

б) алтау; в)екіден бір.

3) Реттік сан есімді табыңдар:

а) жүздеген; ә) үштен; б) ширек; в) бірінші.

4) Қай сөзде дефис дұрыс қойылған?

а) 5-сынып; ә) 2008-жыл; б) ХХІ-ғасыр; в) 8-наурыз.

5) Топтау сан есімін табыңыз:

а) жетеу; ә) бестен; б) бізден; в) үйден.

6) Жинақтық сан есімді табыңдар:

а) тіреу; ә) екеу; б) оншақты; в) жүзге жуық.

7) Бөлшектік сан есімді табыңдар?

а) оннан бір; ә) төртеу; б) жиырмаларда; в) тоғыздан.

8) Болжалдық сан есімдерді табыңдар

а) алтау, жетеу, екеу; ә) отыздай, қырықтарда, бес-алтау;

б) екіден, төрттен, бес-бестен; в) бір, екі, үш;

9) Дұрыс жазылған сан есімді көрсетіңдер

а) 6-ға 2-ні қос; ә) бес бестен тұрғызды;

б) 6 пәтерде тұрады; в) 1-қыркүйекте сабақ басталды;

10) Сан есімнің қызметін табыңдар Бес бала келді.

а) бастауыш; ә) толықтауыш;

б) анықтауыш; в) пысықтауыш;


ІІ топ

  1. Дара сан есімді табыңдар:

а) үшінші; ә) отыз бес; б) бес бестен; в) төрттен бір.

2) Сан есімді тіркесті табыңдар:

а) үйдің іші; ә) ондаған адам;

б) данагөй қария; в) әлденеше күн.

3) Қай қатардағы сан есімдер арасына дефис қойылады?

а) алты жетіден; ә) қырық шамалы;

б) сағат төрттерде; в) он екінші.

4) «жарты», «жарым», «ширек» сөздері қалай жазылады?

а) сан есіммен бірге ; ә) бөлек жазылады;

б) дефис арқылы; в) сызықша арқылы жазылады.

5) Қай қатардағы сан есімдер арасына дефис қойылмайды?

а) он оннан; ә) отыз қырықтарды;

б) екеу үшеу; в) төрт мыңға жуық.

6) Емлеге сай жазылған сан есімді табыңдар

а) алты бүтін – үштен екі; ә) 4-мыңға жуық;

б) 6-ны 2-ге бөл; в) 20-30 жан.

7) Күрделі сан есімді табыңдар

а) мыңдап; ә) елулерде;

б) жүз; в) екі бүтін оннан үш.

8) Болжалдық сан есімнің сұрағын табыңдар

а) неше? ә) қаншаларда?

б) нешінші? в) неше-нешеден?

9) Сан есімнің қай түрінде – ау, - еу жұрнағы жалғанғанда түбірдегі –ы, -і

түсіп қалады?

а) жинақтық; ә) реттік; б) болжалдық; в) топтау.

10) Сан есімнің сөйлемде атқаратын негізгі қызметі не?

а) бастауыш; ә) толықтауыш;

б) анықтауыш; в) пысықтауыш.


ІІІ топ

  1. ншы жұрнағы жалғанатын сан есімді көрсетіңдер

а) екі; ә) он сегіз; б) он; в) жиырма алты.

2) Реттік сан есім қай қатарда дұрыс жазылған?

а) Х-сынып; ә) 2012-жылы;

б) 24-қараша; в) 10-қатар;

3) Жұрнақ дұрыс жалғанған жинақтық сан есімді табыңдар:

а) екіеу; ә) төртеу;

б) алтыау; в) бірау;

4) Сан есім сөйлемде қандай қызмет атқарып тұр?

Биыл оның жасы он бесте.

а) бастауыш; ә) толықтауыш;

б) пысықтауыш; в) баяндауыш;

5) Сан есім мағынасына қарай неше топқа бөлінеді?

а) 4; ә)5; б)6; в)7;

6) Бөлшектік сан есімді табыңдар:

а) алтау; ә) елу жеті; б) екі жарым; в) төртінші;

7) 2,6,7 сандарына жинақтық сан есімнің жұрнақтары жалғанғанда қандай

өзгерістер болады?

а) сөздің соңғы дыбысы түсіп қалады

ә) қосымша жуан жалғанады.

с) қосымшаның бірінші дыбысы түсіп қалады

е) талғамай жалғана береді

8) Бөлшектік сан есімді табыңыз

а) 100 қаралы ә)100-дің бірі

б) 100-ге таяу в) 100-деген

9. Жинақтық сан есімнің сұрағын табыңыз

а) неше? ә) нешінші?

б) нешеу? в) неше-нешеден?

10. Сөйлемдегі сан есімнің мағыналық түрін көрсетіңіз.

Жиналыс сағат сегіздерде басталады.

а) реттік ә) жинақтық

б) есептік в) болжалдық



4.Пысықтау сұрақтар:

«Бәйге» сұрақтары

Әр топқа 5 сұрақтан қойылады.

І топ

  1. Заттың санын білдіретін сөз табы;

  2. Сан есімнің сұрақтары;

  3. ыншы, -інші жұрнақтары арқылы жасалатын сан есім түрі;

  4. Бірнеше сөзден тұратын сан есім түрі;

  5. Топтау сан есімінің ережесін айт.

ІІ топ

  1. Заттың ретін білдіретін сан есім түрі;

  2. ау, -еу-жұрнақтары арқылы жасалатын сан есім;

  3. Бір ғана сөзден тұратын сан есім;

  4. Қай сан есімдерден кейін-ау, -еу жұрнақтары жалғанғанда түбір соңындағы -ы,- і дыбыстары түсіп қалады.

  5. Қай сан есімдердің саны жетеу?

ІІІ топ

  1. Қай сан есімнен заттың нақты санын біле алмайсың?

  2. Сан есімнің мағыналық түрлері нешеу;

  3. Нешеден? қаншадан? деген сұрақтарға жауап беретін сан есімнің түрі?

  4. Бөлшектік сан есімдер нешеге бөлінеді?

  5. Нешінші? деген сұраққа жауап беретін сан есім түрі.


5.Тақтамен жұмыс

Әр топ екі сан есімге екі мысалдан келтіреді.

І топ. Етістік, болжалдық сан есімге

ІІ топ. Реттік, жинақтық сан есімге

ІІІ топ. Топтау, бөлшектік сан есімге


6.Полиглот

Мақал-мәтел құрамындағы түсіріліп айтылған сан есімді тауып, оның қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айту шарт.

1........атасын білмеген жетесіз

2.Қызға .......үйден тыю

3.Алты жасар бала алыстан келсе,.......... қария сәлем берер.

4. ..........ала болса, ауыздағы кетеді.

5. Білекті бірді жығар, білімді ....... жығар

6. Ер жігіттің ..... сөйлегені, өлгені

7. Жеті рет өлшеп, ....... рет кес

8. Білгенің-........, білмегенің –тоқсан тоғыз

9. Ел құлағы- .....

10. ......сомың болғанша, ....... досың болсын


7.«Озық ойлы тапқыр кім?»

І топ бір буынды сан есімдер, ІІ топ екі буынды сан есімдер, ІІІ топ үш

буынды сан есімдер тауып, айтады.

І топ ІІ топ ІІІ топ

бір алты он екі

бес тоқсан қырық бес


8. Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей Оқулықтағы 162-жаттығу орындалады.

(Сан есімнің емлесін еске түсіріп, қатесін түзетіп жазу).

ІІ деңгей Мәтіннің мазмұнынан мақал шығару

  1. «Есік алдындағы қарды күреп тастайық. Күн жылынса, былғаныш болар»-деді сынып жетекшісі. «Осынша қалың қарды қалай күреп бітіреміз?»-деп күбірлесті балалар алғашында. Жабылып келіп кірісіп еді, қалай біткенін өздері де байқамай қалды. Мұғалім осы жерде бір мақал айтты. Ол қандай мақал?

  2. Сыныптас достары Беріктің үйіне келсе, ол радиоқабылдағышты жөндеп жатыр екен. «Біз де көмектесейік», - деді балалар. Жолдастарының сөзін Беріктің әжесі де құптады, бірақ Берік «Өзім де білемін!»- деп көнбеді. Жолдастары кетіп қалған соң қанша айналдырса да жөндей алмады. Жөндей алмаған соң Берікке әжесі ренжіп, мақалдап ақыл айтты. Ол не деген мақал екенін айтыңдаршы!

  3. Мұғалім сабақ түсіндіргенде Болат тыңдамай отырды. Түстен кейін балалар сабақ қарағанда ол ойнап кетті. Ертесінде мұғалім сабақ сұрағанда ол жауап бере алмай екілік баға алды. Жолдастары мақалдап бір сөз айтты. Ол қандай мақал?


ІІІ деңгей. Сұрақтар жауабынан сөз шығады.

  1. Республикамыздағы бір өзеннің аты батыр сөзінің синонимі мен бастағы бір мүше атынан құралған. Ол қай өзен? (Ертіс)

  2. Өздерің оқыған бір жұмбақ төрт сөзден құралған. Оның біріншісі (сөзі)-сарай сөзінің синонимі, екіншісі (сөзі)- астында сөзінің антонимі, үшінші сөзі-ірі сөзінің антонимі, төртінші сөз-тау жынысты қатты заттың аты. Ол не деген жұмбақ? (Үй үстінде ұсақ тас)

  3. Иса Байзақовтың бір өлеңінің аты «Жазғытұрым» сөзінің синонимі, Ғ.Мүсіреповтің бір шығармасы батыр және шеше сөздерінің синонимдерімен аталады. Ол қай шығармалар? (Көктем, Ер ана)


9.Қорытынды.


Нені білемін?

Нені білдім?

Нені білгім келеді?








10.Үйге тапсырма беру.


11.Бағалау

Р/с

Оқушының аты-жөні

1- тапсырма

2- тапсырма

3 -тапсырма

4 -тапсырма

5- тапсырма

6 -тапсырма

7 -тапсырма

8-тапсырма

І

ІІ

ІІІ

1










2










3










4










5










6










7










8










9










10










11










12










13










14










15












Краткое описание документа:

"Деңгейлеп оқыту-нәтижелі білім кепілі       

Оқушыларға сапалы білім беру жолында оқыту әдісін жетілдіру – әр мұғалімнің басты міндетінің бірі. Оқушылар дүниетанымының қалыптасуы мен ақыл-ойының дамуы өтілген сабақтың сапасына байланысты.       

Қазақ тілі пәні  оқушыларға білім берумен қатар олардың алған білімін есте сақтау, ойлау қабілетін, тіл байлықтарын, сөздік қорын арттырып, ой-өрістерін кеңейтіп, зеректік, іскерлік және бақылағыштық қасиеттерін жетілдіреді.        

Қазақ тілі сабағында оқушыларды ынталандырудың бір жолы – сабақты жарыс түрінде ұйымдастыру. 

Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын белгілеген Президент Жолдауынан туындайтын мақсат-мүдделерді іске асыру мектеп алдында тұрған асқаралы міндеттерді анықтайды.

  1.           Сондықтан ХХІ ғасыр табалдырығында тұрып, тәуелсіздігімізді сақтай алатындай білімді ұрпақ тәрбиелеу бүгінде еңбек етіп жүрген әрбір ұстаздың басты борышы. Ендеше, мемлекеттік тұрғыдан білім  мазмұнын жаңарту, осы заман талабына сай өзгерту, үздіксіз білім жүйесін дамыту қажеттігі туындауы – заңды құбылыс. 
  2.         Осы орайда өзім сабақ беріп жүрген 6-сыныпта оқытуды ұйымдастырудың негізгі көзі – баланың қабілетін анықтай отырып, дамытуды көздейтін ең қолайлы жағдай жасау арқылы көмек беру.     

 Оқушыларды 5-сыныптан бастап пәнге қызығуына қарай саралап, топтадым.   

  •       Оқытуды дараландыру немесе дифференциалдап оқыту оқушылардың білімін жасанды түрде бір-біріне жақындатырудан, сабақта барлық оқушыларды оқытуға бірдей өлшеммен қараудан арылуға көмектеседі. 
  •       Қазір оқыту әдістемесінде сабақты оқушыға меңгертуде, оқушылардың білімін тексеруде, өздігінен орындайтын жұмыстарда оқушылардың қабілеттерін жеке-жеке есепке ала отырып, саралау кеңінен қолданылуда.   
  •       Сабақта оқушы белсенділігін, қызығуын арттыруды назарда ұстап, жаңа тәсілдерді алдымен өзім меңгеріп білуді басты назарда ұстаймын. Осы үрдісті тәжірибеге енгізбей, мұғалімнің жақсы нәтижеге жетуі мүмкін емес.   

Жалпы педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылатындықтан, бұл жерде де жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі – оқыту мақсаты болып табылады. 

Аталған жұмыс профессор Қараев Жауынбайдың тұжырымдамасы негізінде өтіп жатқан тәжірибелерде жақсы нәтиже көрсетіп жүр.Өзім сабақ беретін сыныпта деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқытудың ерекшеклігін талдап, сабақта ойлау қабілетін жетілдіруге ерекше көңіл аударамын.Әр оқушы үшін оны есепке алып дамыту жолын таба білдім. Тақырып, тарау бойынша жасақталған деңгейлік тапсырмалар жүйесі дамыта оқыту идеасын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Себебі, ол оқушының ойлауын, есте сақтау,  белсенділік дағдысын, білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді. Деңгейлік саралау арқылы мұғалім оқушы білімін жаңа әдіспен бағалауға мүмкіндік алады. Оқушылардың өздігінен жұмыс істеуін, қиындықты жеңуін, табандылығын үнемі назарда ұстап, олардың білімінен байқалған олқылықтарды сипатына қарай топтап, деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жүргізіп келемін. 6-сыныпта өткізген «Сан есімнен өткенді қайталау» тақырыбындағы сабағымды ұсынып отырмын.Сабақтың тақырыбы: Сан есімнен өткенді қайталау.

Сабақтың мақсаты:

  1. білімділік: оқушылардың сан есімнен алған білімдерін                                                                                                                                                              
  2. нығайту, тиянақтау, бір жүеге келтіріп қорыту,                                            
  3. теориялық білімін практикамен    ұштастыру;                                     
  4. дамытушылық: жарыс түрлері арқылы оқушылардың                                           
  5. тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру,                                    
  6. шығармашылыққа баулу, ой-өрісін арттыру, өз ойын                                   
  7. тиянақты жеткізуін дамыту.                               
  8. тәрбиелік: оқушылардың бойында белсенді азаматтық                      
  9. ұстанымды, әлеуметтік жауапкершілікті, отансүйгіштік            
  10. сезімді, жоғары адамгершілік және көшбасшылық                   
Касиеттерді қалыптастыру.Сабақтың түрі: сайыс сабақ.Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, тест;Сабақтың көрнекілігі: плакат, бағалау парағы, карточкалар;Пәнаралықбайланыс: әдебиет, математика, орыс тілі, ағылшын тілі;Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесіп, жоқтарын түгендеп, журналды толтыру, сынып бөлмесінің тазалығы, оқу құралдарының толықтығы, оқушылардың көңіл-күйі, оқушылар назарын сабаққа толық аудару.Сынып оқушыларын түрлі-түсті гүлдер салынған карточкалар арқылы (қызыл, ақ, жасыл) үш топқа бөліп отырғызамын.
"І топ «Алпамыс»,
"ІІ топ «Қобыланды»
"ІІІ топ «Ер Тарғын»
Автор
Дата добавления 23.04.2013
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров805
Номер материала 8144042302
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх