Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / Қ. Әбдіқадыров «Алып бала» Ана тілі 2-сынып
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Қ. Әбдіқадыров «Алып бала» Ана тілі 2-сынып

библиотека
материалов

hello_html_m59459ffe.gifhello_html_1d7e1fdb.gifhello_html_1de0aa23.gifhello_html_m3369eeb0.gifhello_html_42fd0296.gifhello_html_m17aca5ef.gifhello_html_m59459ffe.gifhello_html_1d7e1fdb.gifhello_html_1de0aa23.gifhello_html_m3369eeb0.gifhello_html_42fd0296.gifhello_html_m17aca5ef.gifСабақтың тақырыбы: Қалмақан Әбдіқадыров. «Алып бала»

Мақсаты: Оқушыларға әңгіме мазмұнын түсіндіру.

Міндеті: Б: Қажымұқан жайлы түсінік бере отырып, күш атасын таныстыру.

Д: Оқушылардың есте сақтау, сөйлеу тілін, дүниетанымын,

танымдық ойлау қиялын дамыту. Белсенділіктерін арттыру. Өз

ойларын ашық, еркін жеткізуге дағдыландыру.

Т: Оқушыларды адамгершілікке, патриоттыққа, бір – біріне

құрметпен қарауға және эстетикалық тәрбие бере отырып,

сауатты, әдемі жазуға тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, іздену, ой қозғау.

Түрі: жаңа сабақ

Көрнекілігі: презентация, видеофильм.

І. Үйымдастыру кезеңі.

Психологиялық сәт.

Сөйлетер сөзді шеберлеп,

Өзіңнің ана тіліңмін.

Байыптап жақсы оқысақ,

Негізі менде білімнің – дей келе ана тілі сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Сағи Жиенбаевтың «Әлия» өлеңін жатқа мәнерлеп оқу.

ІІІ. Білімдерін тексеру.

а) Сұрақ – жауап.

- Балауса гүл – балғын қыз кім?

- Әлия Молдағұлова туралы біз не білдік?

- Өлеңнің 1 – ші шумағында не туралы айтылған?

- Сенің балғын бейнеңді

Жасап қойдық мәрмәрдан – дегенде ақын не туралы айтады?

- Өлеңнің соңғы шумағында не туралы айтылған?

- Мәншүк пен Әлияның қандай ұқсастығы бар?

- Өте жақсы, Мәншүк пен Әлиядай апаларымыздың ерлігін біздер әрқашан ерлігін есте сақтаймыз. Мына ауға түсіп қалған балықты құтқарып мекеніне жіберейік.

ә) Дид – қ ойын: «Балық» ойыны

  • ... есімі – ел есінде.

  • Еліңді сүйсең - ... істейсің.

  • Батыл болмай, ... болмайсың.

  • ... адам өлімді жеңеді.

  • Тәуекелге бел буған адамды ... билемейді.

  • ... қол бастамайды.

  • Біз балықты құтқарып мекеніне жіберіп, жеңіске жеттік. Олай болса мына ребусты шешіп көрелік.

IV. Мақсат қою кезеңі. Сабақтың мақсатымен тақырыбын хабарлау.

,,

hello_html_mdc3853a.pngып hello_html_7960b765.jpg а

  • өте дұрыс. Алып бала дегенде қандай адам көз алдыларыңа елестейді.





күшті мықты

Алып бала

дәу ірі





үлкен денелі



V. Жаңа сабақ. Қалмақан Әбдіқадыров. « Алып бала»

Әңгіме қазақты әлемге танытқан балуан Қажымұқан Мұңайтбасов туралы. Жазушы Қалмақан Әбдіқадыровты таныстыру.

а)





жазушы жоқшылықты көрген

Қ. Әбдіқадыров

аудармашы Қызылорда обл.

Шиелі ауд.

Қарғалы ауылы

ақын «Тәтті қауын»,

«Қажымұқан» әңгімелері

- Қалмақан Әбдіқадыров ақын жазушы. Ең алғашқы өлеңі «Сырдария» деген өлеңі «Еңбекші қазақ» газетінде басылып шықты. Тұңғыш өлеңдер жинағы «Жалшы» деген атпен 1928 ж. жарық көрді. «Қажымұқан» повесі, «Тәтті қауын» кітаптары балалар әдебиетінен үлкен орын алды.

ә) Оқулықпен жұмыс: Ұлы Отан соғысы кезінде Қажымұқан Мұңайтпасов өзінің жеке қаржысына ұшақ жасатты. Оны Отан үшін от кеіп жүрген батыр жауынгерлерге жасаған қайырымдылығы болатын. Ұшақты Амангелді Иманов батырдың атымен аталуын өтінді. Қажымұқанның мұндай жомарттық ісіне Қызыл әскер жауынгерлері ризашылығын білдіріп хат жазды.

б) «Алып бала» мәтінін оқып таныстыру.

в) Қажымұқан Мұңайтпасов туралы қосымша мәлімет беру. (видеороликті көрсету), түсіндіру әңгімелеу.

Қ. Мұңайтпасов 1871 ж. 7 сәуірде Ақмола уезі, Қараөткел ауылында туған. Қажымұқан кедей шаруаның баласы болғандықтан, орыс байларына және дәулетті адамдарға жалданған. Сөйте жүріп, күреске түсіп, той – томалақтарда елге көрініп бала балуан деген атқа ие болған. Өзінің өмірін кәсіпқой күреске арнап әлемге күш атасын танытқан Қажымұқан атамыз екен. Әлемнің бірнеше мемлекеттерінде болып 48 медаль иеленді. Күрескенде Қажымұқаннан асқан ешкім болмаған.

г) Оқулықпен жұмыс: Тізбектей оқыту.

ғ) Сөздікпен жұмыс:

Оқыра тиіп – сона тәрізді жәндік шағып

Құзар жар – биік жар.

Торығып – түңіліп, ренжіп.

VІ. Сергіту жаттығуы:

Шынығу үшін шымыр боп,

Шынығамыз шаршамай.

Бұлшық еттер шымыр боп,

Аламыз сосын тыныс жай.

а) Талдау, жинақтау.

- Мәтінде кім туралы әңгімеленген?

- Мұқан қандай жұмыс атқаруды ұнатушы еді?

- Ол қандай ерлік көрсетті?

- Әңгіме неліктен «Алып бала» деп аталды? Сен қалай атар едің?

- Мәтіннің 1 – ші бөлімі (1. Өгіздің өлімі, 2. Ауыл адамдарының таңқалуы), әр бөліктің жігін тауып оқы.

ә) Суретпен жұмыс:

- Суреттегі адамның күштілігін неден аңғардың?

- Ол не үшін өгізді арқалап алған деп ойлайсың?

- Суреттегі адамның ісіне өз көзқарасыңды білдір?

- Мұқанның орнында өздерің болсаңдар не істер едіңдер?

б) Дәптермен жұмыс: 5 жолды өлең стратегиясы.

- Біз қазақ тілінен сөз таптарын өтіп жатырмыз. Олай болса мына сөз таптарының сұрақтарына жауап бере отырып, мәтіннен түйгеніңді дәптерге өз ойыңды жаз.

1. Зат есім: Кім? Мыс: Мұқан

2. Сын есім: Қандай? Қай? Алып, батыр.

3. Етістік: Не істеді? Не қылды? Қайтті? Досына көмектесті.

4. Қорытынды ой. Өгізді ауылға жеткізді.

5. Зат есімге жуық мәндес сөз. Баланы жазаламас үшін.

- балалардың жазған жұмыстарын тексеру. 2 – 3 уін оқыту.

(Видеороликті аяқтап көру)

VІІ. Бекіту. « Алтын медаль» ойыны.

  • Мұқан қозы бағып жүргенде, оның серігі қандай жағдайға душар болды?

  • Бала жігіт неге тарығып жылады?

  • Әңгіменің басты кейіпкері кім?

  • Қажымұқан қандай адам болған?

  • Қандай қайырымдылық іс жасады?

VІІІ. Үйге тапсырма:

а) «Алып бала» мәтінін түсініп оқі, мазмұндау. «Күштілік» туралы екі

мақалдан жазып келу.

ә) Бағалау. Балалардың белсенділігін мақтау.



















«Келісемін» «Келісемін» «Бекітемін»

Бастуыш әдістеме директордың оқу №3 мектеп - кешен

бірлестік жетекшісі: ісі жөніндегі орынбасары: директоры:__________

_______Б. Қ. Нұрғалиева. _______А. А. Құрмашева. А. М. Елемесова.

« » сәуір 2013 ж. « » сәуір 2013 ж. « » сәуір 2013 ж.

















Ашық сабақ

Ана тілі

Тақырыбы: Қ. Әбдіқадыров «Алып бала»

















Өтілетін орны: 2 кабинет

Уақыты: 3 – сабақ: 9. 50

2 «Г» сынып

Нұғымарова Г. Р.





Семей 2013 ж


Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Краткое описание документа:

Қажымұқан жайлы түсінік бере отырып, күш атасын таныстыру. Оқушылардың есте сақтау, сөйлеу тілін, дүниетанымы, танымдық ойлау қиялын дамыту. Белсенділіктерін арттыру. Өз ойларын ашық, еркін жеткізуге дағдыландыру. Оқушыларды адамгершілікке, патриоттыққа, бір – біріне құрметпен қарауға және эстетикалық тәрбие бере отырып, сауатты, әдемі жазуға тәрбиелеу.  Қ. Мұңайтпасов 1871 ж. 7 сәуірде Ақмола уезі, Қараөткел ауылында туған. Қажымұқан кедей шаруаның баласы болғандықтан, орыс байларына және дәулетті адамдарға жалданған. Сөйте жүріп, күреске түсіп, той – томалақтарда елге көрініп бала балуан деген атқа ие болған. Өзінің өмірін кәсіпқой күреске арнап әлемге күш атасын танытқан Қажымұқан атамыз екен. Әлемнің бірнеше мемлекеттерінде болып 48 медаль иеленді. Күрескенде Қажымұқаннан асқан ешкім болмаған. 

Общая информация

Номер материала: 82274042451

Похожие материалы