Инфоурок ИЗО, МХК Другие методич. материалыВитраж

Витраж

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Витраж

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға витраж әдісі туралы түсіндіру, витражды бояумен жұмыс жасау туралы мәлмет беру және жұмыс жасау әдісін үйрету.

 Оқушылардың байқампаздық, қырағылық қасиеттерін және қол ебін дамыту.

Еңбексүйгіштікке, табандылыққа тәрбиелей отырып, өнерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Витраж техникасымен таныстыру және витраж бояуымен жұмыстануға үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: Видеоклип, суреттер,әйнек түрлері, витраж бояулары, плакат.т.б.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі

Амандасу. Оқушыларды шеңберге тұрғызып барлығына айна үйлестіремін.Ал оқушылар осы айнадан сіздер қандай адамды көріп тұрсыз?Мен көңілді, ашық адамды көріп тұрмын, ал сендерше? (оқушы жауаптары).Жақсы енді үстелдің үстінде тұрған жапырақтардың ұнағанын алыңдар (топқа бөлінеді)Оқушыларды отырғызам.

 Оқушылар сендер ұстаған айна неден жасалады?

Ия әйнектен.Біздің отырған бөлмемізде әйнек барма?

Ия, терезе

Бір күні бір адам терезе алдында тұрып, әлемнің әдемілігін көрген.

Әйнек тек адам тұрмысында ғана қолданылады ма?

Әйнекті «өнер шығармасы» деп айта аламыз ба? (оқушылар жауабы)

(муз. Клип «Мир, который нужен мне»)

Осыдан кейін әйнекті өнер шығармасы деп айта аламызба?

Ия.

Ал сендер білесіңдерме түрлі-түсті әйнектен жасалған картина қалай аталады?

Витраж деп аталады.

Жаңа сабақ:

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Витраж деп аталады. (тақтаға жазылады).

Қазір мен екі топқа Витраж жөнінде түсінік беремін, жылдам оқып, түсініп плакатқа жаза қойыңыз  .

 Витраж(фр. vitre, лат. vitrum - шыны) - металл (көбінесе қорғасын) өзек арқылы бекітілген түрлі-түсті әйнектерден жасалатын ою-өрнекті немесе сюжетті-декоративті композиция. Әдетте, терезеге, есікке, арқалық қабырғаға дербес панно түрінде салынады. Витраж түрлі-түсті шыны арқылы өтетін жарық сәулелерінің құбылуы арқылы интерьерге көркем түр береді. Құрылыс тәжірибесінде ғимараттың түгел немесе ішінара әйнектелген қасбеті де Витраж деп аталады. Витраждың қарапайым түрлері Ежелгі Мысырда б.з.б. 2 - мыңжылдықтан бастап жасалған. Орта ғасырлардағы Батыс Еуропа сәулет өнерінде ғибадатханалардың интерьерлерін безендіруде Витраж өнері шарықтау шегіне жетті. Витраж Қазақстанда 20 ғ-дың 60 - 70 жылдары қоғамдық ғимараттар, театр, кафе, бар, мектеп, кинотеатрлардың интерьерлері мен экстерьерлерін безендіру арқылы белгілі бола бастады. Оның қызғылықты бір үлгісі -"Медеу" мейманханасындағы холл Витражды.

Витраж өнері үшін басты маңыздылық бояу түстері болып табылады. Осыған байланысты түстің негізгі теориясына тоқталып кету қажет. Түссіз денелерге қатысты, яғни түссіз мөлдір шынының түсі шыны арқылы өтетін жарық сәулесіне байланысты болса, боялған (мөлдір емес) шыныға сыртқы жарық түсуінің сәулеленуіне байланысты болып келеді. Түрлі түстердің әр түрлі толқынды ұзындықтары арқылы сәулеленуі олардың жазықтық қасиеттері мен түссіз мөлдір шыны арқылы өтетін ортасының қасиеттеріне қатысты болып табылады.

Шыны өндірісінің дәстүрлерін зерттеу көркем-композициялық және технологиялық әдіс-тәсілдер ерекшелктерін айқындауға мүмкіндік береді. Витраж өнерінде кәсіби мүмкіндіктер туындататын тәжірибелік машықтарды игерумен материалдың өзіндік қасиеттерін зерттеуде, көркем шыны технологияларының классикалық үлгісінде шығармашылық ой-жобаларды орындауда және заманауи жаңа техникалардың дамуында үлкен рөл атқаратын технологиялық тұстар маңызды болып келеді.

Кейінгі уақытта Қазақстан республикасында витраж өнерінің дамуы оған заманауи дизайнерлердің қызығушылығының өсуімен байланысты деп пайымдалады. Егерде өткен заманда витраж өнері негізінен күн көзі аз түсетін елдерде кеңінен таралған болса, күн көзі жарқыраған оңтүстік ел болып саналатын Қазақстан территориясында бүгінгі күнде жарық түсуімен байытылған витраж интерьер дизайнында ерекше орын алады. Қазақстанда жыл бойында 2400 сағат «жарық күн» бар деп есептелінеді.

Бүгінгі таңда Қазақстанда витраж өнері қарқынды дамуда.
Витраж өнерінің соңғы жаңа технологияларын қолданатын өндірістік витраж шеберханаларында терезелерді әшекейлейтін декоративтік шынылар, түрлі жиһаздар мен шағын сувенирлер дайындалады. Қазақстанда витраж өнерінің Еуропа мен Ресей жерлеріндегідей көне болмағанымен өзінің қызықты, әрі қайталанбас тарихы бар деп айтуға толық негіз бар. Бұл өнердің дәстүрлері біздің елімізде аз көлемде зерттелген.

Біреуі шығып түсіндіреді екі топ бір-біріне сұрақ қояды.

Өз бетімен жұмыс: оқушылар әйнек таңдап әр түрлі жұмыс атқарады.

Қауіпсіздік ережесімен таныстыру. Қатысушы мұғалімдербірге жұмыстануға шақырылады.

Қорытындылау:

Орындаған жұмыстары тақтаға ілінеді.

Әр оқушы жолдастарының жұмыстарына талдау жасайды. (смайлик, немесе өте жақсы деп қысқаша) стикерге жазып жұмыс үстіне жапсырады.

Бекіту: әр оқушы алдарындағы жапыраққа бүгінгі сабақтан алған білімдерін жазады.Оқушылар бүгінгі сабақта ең соңғы рет терезеге қарайықшы. Қазір қандай мезгіл? Көктемде теректер қандай өзгеріске ұшырайды?Енді теректі қолдарыңыздағы жапырақпен толтырайық. Оқушылар жазғанын оқып тақтаға жапсырады.

Мадақтау.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Витраж"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Менеджер по платежным услугам

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: Витраж Сабақтың мақсаты: Оқушыларға витраж әдісі туралы түсіндіру, витражды бояумен жұмыс жасау туралы мәлмет беру және жұмыс жасау әдісін үйрету.  Оқушылардың байқампаздық, қырағылық қасиеттерін және қол ебін дамыту. Еңбексүйгіштікке, табандылыққа тәрбиелей отырып, өнерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Витраж техникасымен таныстыру және витраж бояуымен жұмыстануға үйрету. Сабақтың көрнекілігі: Видеоклип, суреттер,әйнек түрлері, витраж бояулары, плакат.т.б. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі Амандасу. Оқушыларды шеңберге тұрғызып барлығына айна үйлестіремін.Ал оқушылар осы айнадан сіздер қандай адамды көріп тұрсыз?Мен көңілді, ашық адамды көріп тұрмын, ал сендерше? (оқушы жауаптары).Жақсы енді үстелдің үстінде тұрған жапырақтардың ұнағанын алыңдар (топқа бөлінеді)Оқушыларды отырғызам.  Оқушылар сендер ұстаған айна неден жасалады? Ия әйнектен.Біздің отырған бөлмемізде әйнек барма? Ия, терезе Бір күні бір адам терезе алдында тұрып, әлемнің әдемілігін көрген. Әйнек тек адам тұрмысында ғана қолданылады ма? Әйнекті «өнер шығармасы» деп айта аламыз ба? (оқушылар жауабы) (муз. Клип «Мир, который нужен мне») Осыдан кейін әйнекті өнер шығармасы деп айта аламызба? Ия. Ал сендер білесіңдерме түрлі-түсті әйнектен жасалған картина қалай аталады? Витраж деп аталады. Жаңа сабақ: Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Витраж деп аталады. (тақтаға жазылады). Қазір мен екі топқа Витраж жөнінде түсінік беремін, жылдам оқып, түсініп плакатқа жаза қойыңыз  .  Витраж(фр. vitre, лат. vitrum - шыны) - металл (көбінесе қорғасын) өзек арқылы бекітілген түрлі-түсті әйнектерден жасалатын ою-өрнекті немесе сюжетті-декоративті композиция. Әдетте, терезеге, есікке, арқалық қабырғаға дербес панно түрінде салынады. Витраж түрлі-түсті шыны арқылы өтетін жарық сәулелерінің құбылуы арқылы интерьерге көркем түр береді. Құрылыс тәжірибесінде ғимараттың түгел немесе ішінара әйнектелген қасбеті де Витраж деп аталады. Витраждың қарапайым түрлері Ежелгі Мысырда б.з.б. 2 - мыңжылдықтан бастап жасалған. Орта ғасырлардағы Батыс Еуропа сәулет өнерінде ғибадатханалардың интерьерлерін безендіруде Витраж өнері шарықтау шегіне жетті. Витраж Қазақстанда 20 ғ-дың 60 - 70 жылдары қоғамдық ғимараттар, театр, кафе, бар, мектеп, кинотеатрлардың интерьерлері мен экстерьерлерін безендіру арқылы белгілі бола бастады. Оның қызғылықты бір үлгісі -«Медеу» мейманханасындағы холл Витражды. Витраж өнері үшін басты маңыздылық бояу түстері болып табылады. Осыған байланысты түстің негізгі теориясына тоқталып кету қажет. Түссіз денелерге қатысты, яғни түссіз мөлдір шынының түсі шыны арқылы өтетін жарық сәулесіне байланысты болса, боялған (мөлдір емес) шыныға сыртқы жарық түсуінің сәулеленуіне байланысты болып келеді. Түрлі түстердің әр түрлі толқынды ұзындықтары арқылы сәулеленуі олардың жазықтық қасиеттері мен түссіз мөлдір шыны арқылы өтетін ортасының қасиеттеріне қатысты болып табылады. Шыны өндірісінің дәстүрлерін зерттеу көркем-композициялық және технологиялық әдіс-тәсілдер ерекшелктерін айқындауға мүмкіндік береді. Витраж өнерінде кәсіби мүмкіндіктер туындататын тәжірибелік машықтарды игерумен материалдың өзіндік қасиеттерін зерттеуде, көркем шыны технологияларының классикалық үлгісінде шығармашылық ой-жобаларды орындауда және заманауи жаңа техникалардың дамуында үлкен рөл атқаратын технологиялық тұстар маңызды болып келеді. Кейінгі уақытта Қазақстан республикасында витраж өнерінің дамуы оған заманауи дизайнерлердің қызығушылығының өсуімен байланысты деп пайымдалады. Егерде өткен заманда витраж өнері негізінен күн көзі аз түсетін елдерде кеңінен таралған болса, күн көзі жарқыраған оңтүстік ел болып саналатын Қазақстан территориясында бүгінгі күнде жарық түсуімен байытылған витраж интерьер дизайнында ерекше орын алады. Қазақстанда жыл бойында 2400 сағат «жарық күн» бар деп есептелінеді. Бүгінгі таңда Қазақстанда витраж өнері қарқынды дамуда. Витраж өнерінің соңғы жаңа технологияларын қолданатын өндірістік витраж шеберханаларында терезелерді әшекейлейтін декоративтік шынылар, түрлі жиһаздар мен шағын сувенирлер дайындалады. Қазақстанда витраж өнерінің Еуропа мен Ресей жерлеріндегідей көне болмағанымен өзінің қызықты, әрі қайталанбас тарихы бар деп айтуға толық негіз бар. Бұл өнердің дәстүрлері біздің елімізде аз көлемде зерттелген. Біреуі шығып түсіндіреді екі топ бір-біріне сұрақ қояды. Өз бетімен жұмыс: оқушылар әйнек таңдап әр түрлі жұмыс атқарады. Қауіпсіздік ережесімен таныстыру. Қатысушы мұғалімдербірге жұмыстануға шақырылады. Қорытындылау: Орындаған жұмыстары тақтаға ілінеді. Әр оқушы жолдастарының жұмыстарына талдау жасайды. (смайлик, немесе өте жақсы деп қысқаша) стикерге жазып жұмыс үстіне жапсырады. Бекіту: әр оқушы алдарындағы жапыраққа бүгінгі сабақтан алған білімдерін жазады.Оқушылар бүгінгі сабақта ең соңғы рет терезеге қарайықшы. Қазір қандай мезгіл? Көктемде теректер қандай өзгеріске ұшырайды?Енді теректі қолдарыңыздағы жапырақпен толтырайық. Оқушылар жазғанын оқып тақтаға жапсырады.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 839 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.04.2014 3408
    • DOCX 20.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тажиева Акгуль Мендыхановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Тажиева Акгуль Мендыхановна
    Тажиева Акгуль Мендыхановна
    • На сайте: 8 лет и 8 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5381
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Изобразительное искусство: анализ и интерпретация произведений

72 ч.

1750 руб. 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 32 регионов

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания изобразительного искусства в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 123 человека из 54 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Мировая художественная культура: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель мировой художественной культуры

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Преодоление фобий: шаг за шагом к свободе от социальных источников страха

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

GR: аспекты коммуникации и взаимодействия с государственными органами

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Принципы эффективного использования аграрных ландшафтов

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе