Инфоурок Всеобщая история Другие методич. материалыҚазіргі таңда Қазақстан тарихын оқытудың өзекті мәселелері

Қазіргі таңда Қазақстан тарихын оқытудың өзекті мәселелері

Скачать материал

Тақырып:  Қазіргі таңда Қазақстан тарихын оқытудың өзекті мәселелері

 

Көнбейді тарих бос сөзге,

Халықтың жолы – қиын жол

Беттері оның бір кезде

Малынған қанға оның мол

Ойсыз да жадсыз сүйгендік,

Еркіндік болар жолын қор.

 

   Ақын  Ярослав Смеляков.

Бүгінгі таңда Қазақстан тарихы ғылымының  жаңа сапалық са­тыға көтерілуіне Елбасы Н.Назарбаевтың жариялаған тарихи құжаттары негіз болып отыр. Ол «Қа­зақстанның әлеуметтік жаңғыр­тылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек қо­ғамына қарай 20 қадам» мақа­ласы және 2012 жыл­ғы 14 желтоқсанда жариялаған «Қа­зақ­стан-2050» Стратегиясы – қалып­тасқан мем­лекеттің жаңа саяси бағыты» Жол­дауы. Бағдарламалық мақалада тарих оқулықтарын ең биік талаптарға лайық­тап жазу және Өлкетану пәнін оқытуды қолға алуға тапсырма берілсе, Жол­дауда инновациялық зерттеулерді дамы­ту­дың жаңа саясатын паш етті, ұлттың тари­хи санасын қалыптастыруды, бүкіл­қазақ­стандық бірегейлікті халқы­мыз­дың та­ри­хи санасының өзегіне айналдыру­ды жаңа патриотизмнің алғышарты ре­тін­де айрықша атап өтті. Жолдау барша отандастарымызға келешектегі дамудың бағыт-бағдарын айшықтап берді. Бұл тарихшы ғалымдар үшін бағдар болатыны анық. Президент Нұрсұлтан Назарбаев тарихи құжатта: «Біз ұлттың тарихи санасын қалыптастыру  жұмысын жалғастыруымыз керек» - деген болатын.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі Білім беруді тұжырымдамасына, яғни «Орта білім берудің мақсаты терең білім, кәсіби дағдылар негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін - өзі іске асыруға, өзін - өзі дамыту және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан шешім қабылдауға білім беру жүйесіне көптеген жаңалықтар енгізуде. қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» сай қоғамдағы түбегейлі өзгерістер білім беру жүйесіне көптеген жаңалықтар енгізуде.

Білім туралы заңға сай мұғалім оқушыға мемлекеттік өлшем деңгейінен төмен түсірмей білім беруі тиіс, ал нәтижеге жету үшін оқытудың белгілі технологиясын игеру қажет. Осындай сұраныстарға сай оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енуде. Мысалы, академик В.И.Монаховтың технологиясы В.К.Дьяченконың «ұжымдық оқыту әдістемесі», профессор Ж.А.Қараевтың «Деңгейлік саралап оқыту технологиясы» және тағы басқалар. 

Қазіргі мектептерде тарих пәнін оқытудың негізгі мәселелерінің бірі оқушылардың білімді өз бетінше игеруі болып табылады. Соған сәйкес мұғалімнің басты міндеті – білімнің жаңа мазмұнынан туындайтын сабақтың маңызды ерекшеліктерін анықтап, сабақтың үлгісін құру және сабақты жетілдірудің жолдарын тауып, оның сапасын арттыру. Ол үшін оқушылардың әрбіреуі тарихи оқиғаларға ғылыми тұрғыдан баға беріп, олардың сабақтастық байланысын түсінуіне жағдай жасау қажет.

Соңғы жылдары заман талабына сай оқытудың жаңа әдіс – тәсілдері іздестіріліп, бағдарламалап оқыту, дамыта оқыту сияқты оқытудың жаңа технологиялары кеңінен тарауда. Сабақты оқушыны ынталандыратындай қызықты әрі сапалы өткізу үшін, ең алдымен тақырыпқа сай оның ұйымдастырылу нысанын дұрыс таңдап алу қажет.

Тарих сабағында оқушылардың ізденісін арттыру мақсатында педагогикалық әдебиеттерде білім берудің төмендегідей технологиялары ұсынылады: дамыта оқыту, модульдік дамыта оқыту, перспективтік оқыту, ірі – блоктік оқыту, проблемалық оқыту және тағы басқалар. Мектеп оқушыларының танымдық белсенділігі мен ізденушілік қасиеттерін қалыптастыру және дарыту мәселесіне педагогтардың, психологтардың көптеген еңбектері арналған. Мысалы, белгілі ғалым Сократ оқыту үрдісінде оқушылардың ізденімпаздығын арнайы басқарып отырудың керектігі туралы айтқан. Кейіннен бұл қағидалар Я. А. Коменский, А. Дистервег еңбектерінде дамытылды. Сонымен қатар, М. Н. Скаткиннің, И .Есимовтың, И. Я. Лернердің, М. И. Шамованың зерттеулерінде бұл мәселеге айтарлықтай көңіл бөлінді.

Оқу сапасын арттыру үшін пән мұғалімі оқушы бойындағы танымдық, ізденушілік,  дамытушылық қасиеттерді дәріптеу үшін күнделікті сабақтарда жаңа технологияларды төменгі сыныптан бастап пайдалану керек. Осы мақсатта төменгі сыныптарда оқушының логикалық ойлауын дамыту негізінде «Сыни тұрғыдан ойлау» жобасы стратегияларын қолданған тиімді. Сыни тұрғыдан ойлау – ол американдық ғалымдардың идеялары негізінде құрылған жоба. Сыни ойлау дегеніміз оқушының қоршаған ортаға, ақпарат әлеміне, өзінің  іс - әрекетіне сын тұрғысынан қарауын етілдіру деген сөз.

«Сыни тұрғыдан ойлау» жобасының стратегияларынпайдалану жаңа оқу материалындағы оқиға мен құбылыстарды оқушылардың өздерінің байқап, талдауларына жағдай жасайды. Демек, білім даяр күйінде берілмей, оқушылардың өздерінің ой еңбегін қажет ететін тапсырмаларды орындауы арқылы қол жеткізуге болады. Сонымен қатар, оқушылардың ізденушілігі мен дербес ойлауын дамыту, сабаққа деген ынтасын арттыру мақсатында тарих сабақтарын түрлендіріп өткізу керек. Дәстүрден тыс сабақтарды, мысалы, жарыс, ойын, КТК, пікір – сайыс, сот сабақтарын өткізген жөн. Жоғарыда айтылған дәстүрлі емес сабақтарды өткізу негізінде оқушылар іздену жұмыстарымен шұғылданған уақытта келесі іс - әрекет түрлерімен айналысады:

·  Оқушының ізденуі арқылы тест құрау;

·  Тақырып бойынша модель құрау;

·  Эксперимент жүргізуі, талдауы;

·  Тірек конспектімен жұмыс;

·  Жаңа метериалды сызба – нұсқа ретігнде көрсетуі;

·  Сөзжұмбақ жаза білуі;

·  Өз бетімен оқулықтан тыс әдебиеттерді оқи және пайдалана білуі.

Белгілікті озық технологияларды сабақта қолайлы әрі оқу үрдісін тиімді пайдалану үшін көптеген әдістерді, олардың мүмкіндіктерін білу, меңгеру қажет. Оның өзіне тән ерекшеліктер бар:

·  Әр сыныптағы білім деңгейі бір – біріне ұқсамағандықтан, бірдей әдістерді қолдану дұрыс нәтиже бермейді;

·  Сыныптағы әр оқушының қабілетін жеке дара зерттеп, айқындау керек;

·  Әр мұғалім негізгі әдіс – тәсілдерді, өз пәнін жетік білуі қажет;

·  Сабақ жоспарын сынып деңгейіне сай жоспарлауы;

·  Осы сабаққа ең қажетті әдіс – тәсілдерді тиімді пайдалану керек.

Оқытудың жаңа технологияларын қолдану арқылы оқушыларды ғылыми жұмыстарғабаулы, өз ойын еркін жеткізе білетін салауатты тұлғаны қалыптастыру жолындағы шығармашылықтың мәні өте зор. Ал шығармашылық дегеніміздің өзі ізденімпаздықтан туады. Баланың өзіне деген сенімін туғызу, өзінен шығармашылық қасиет, қабілет іздете білу – мұғалімнің алдында тұрған күрделі мәселелердің бірі болып есептеледі. Осы салада Ж.Қараевтың технологиясындағы оқу үрдісінде мыналарға мән берілген:

·  Оқушыларға сенімділік білдіру;

·  Пәнге деген қызығушылығын артыру;

·  Оқушының өз біліміне сеніп, одан әрі дамытуы;

·  Өзіндік шығармашылық деңгейге көтеру.

Ж.Қараевтың технологиясының тиімділігі – жаңа тақырыпты оқушылар ізденіс үстінде өздігімен меңгеруі. Жаңа тақырыпты оқушылар ізденіс үстінде өздігімен меңгеру барысында берілген жұмыстың мақсатын анық түсіну, сол жұмыстың оқушылармен еркін, өздерінің қалауымен орындалуын, қосымша тарихи әдебиеттерді пайдалану және тағы басқа қағидаларды  ұстанған жөн.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазіргі таңда Қазақстан тарихын оқытудың өзекті мәселелері"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по учету энергопотребления

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тақырып:  Қазіргі таңда Қазақстан тарихын оқытудың өзекті мәселелері   Көнбейді тарих бос сөзге, Халықтың жолы – қиын жол Беттері оның бір кезде Малынған қанға оның мол Ойсыз да жадсыз сүйгендік, Еркіндік болар жолын қор.      Ақын  Ярослав Смеляков. Бүгінгі таңда Қазақстан тарихы ғылымының  жаңа сапалық са­тыға көтерілуіне Елбасы Н.Назарбаевтың жариялаған тарихи құжаттары негіз болып отыр. Ол «Қа­зақстанның әлеуметтік жаңғыр­тылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек қо­ғамына қарай 20 қадам» мақа­ласы және 2012 жыл­ғы 14 желтоқсанда жариялаған «Қа­зақ­стан-2050» Стратегиясы – қалып­тасқан мем­лекеттің жаңа саяси бағыты» Жол­дауы. Бағдарламалық мақалада тарих оқулықтарын ең биік талаптарға лайық­тап жазу және Өлкетану пәнін оқытуды қолға алуға тапсырма берілсе, Жол­дауда инновациялық зерттеулерді дамы­ту­дың жаңа саясатын паш етті, ұлттың тари­хи санасын қалыптастыруды, бүкіл­қазақ­стандық бірегейлікті халқы­мыз­дың та­ри­хи санасының өзегіне айналдыру­ды жаңа патриотизмнің алғышарты ре­тін­де айрықша атап өтті. Жолдау барша отандастарымызға келешектегі дамудың бағыт-бағдарын айшықтап берді. Бұл тарихшы ғалымдар үшін бағдар болатыны анық. Президент Нұрсұлтан Назарбаев тарихи құжатта: «Біз ұлттың тарихи санасын қалыптастыру  жұмысын жалғастыруымыз керек» - деген болатын.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 210 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.04.2014 6792
    • DOCX 62.5 кбайт
    • 59 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бегимбетова Бахыт Ахылбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бегимбетова Бахыт Ахылбековна
    Бегимбетова Бахыт Ахылбековна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 74162
    • Всего материалов: 16

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по истории в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 58 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 191 человек

Курс повышения квалификации

Федеральный государственный образовательный стандарт ООО и СОО по истории: требования к современному уроку

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 153 человека из 52 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 278 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету "История" в условиях реализации ФГОС СОО

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 170 человек

Мини-курс

Основы классической механики

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Инновационные технологии для бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Hard-skills современного педагога

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 20 человек