Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Русский язык и литература / Другие методич. материалы / Семинар сабақ: «Табиғат сыйы»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Русский язык и литература

Семинар сабақ: «Табиғат сыйы»

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: «Табиғат сыйы»

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың табиғатпен үйлесімділік, табиғатты

аялау туралы түсініктерін қалыптастыру.

Міндеттері: -- оқушылардың табиғат тіршілік бастауы, адам табиғаттың

бір бөлшегі екендігін, табиғат заңдылықтарын сақтау туралы

түсініктерін кеңейту;

  • оқушыларды табиғат тазалығын сақтауға, табиғаттан

үндестік таба білуге үйрету;

  • ізгілікті, жауапкершілікті, ұқыпты болуға тәрбиелеу;

Көрнекі құралдар: Табиғат көріністері (слайд) құстар, ағаштар.

Шаттық шеңбері

-Қайырлы күн балалар! Өзін- өзі тану сабағына қош келдіңіздер! Сендерді «Қуаныш шеңберіне» шақырамын.

  • Балалар, біздің асыраушымыз да, панамыз да Табиғат – анамыз. Олай болса сабақты Табиғат – анаға тілек айтудан бастайықшы.

Балалар кезекпен тілек айтып шығады:

  • Табиғат – анамыз таза болсын

  • Табиғат – анамыз көркем де сұлу болсын

  • Табиғатымыз ұзақ жасасын

  • Құстар аспанда қалықтасын

  • Жайқалсын жасыл әлем

  • Табиғаттың таза суы сақталсын

  • Адамдар әрдайым таза ауа жұтсын

  • Жасыл орман гүлдене берсін

  • Табиғат-денсаулық мекені

  • Табиғат нәр алатын мекеніміз

  • Табиғатты аяла

  • Табиғат тазалығы сақталсын

  • Табиғат қуанышқа бөлесін

  • Табиғат шаттыққа кенелтсін

  • Табиғаттың байлығы сақталсын

  • Ауамыз таза, суымыз мол болсын

  • Табиғатпен біргеміз

  • Әр адам табиғаттың тазалығын ойласын

  • Табиғат біздің анамыз,

  • Біз табиғатқа панамыз.

Жер – ана: - Балалар, адамның денсаулықтан асқан байлығы жоқ. Сондықтан да өз денсаулықтарыңды табиғат емшілеріне де қаратуды ұмытпаңдар.

Күн:Нұр – сәуле шуағым, Жылытып,қыздырып,

Беретін қуатым. Нұрыма жүзіңдер.

Ұлы емші боламыз, Алтындай шуағым,

Бізден күш аласыз. Сырқатты қуамын.

Ауа:

Жер шары – ұлы әлем,

Қоршаған біздерді.

Ауадан тыныс ап

Өседі ырыс – бақ.

Денсаулық дауада,

Демге күш ауада.

Су:

Сусында әрі дем,

Біз емші бәрінен.

Жуынсаң сергітер

Су - өмір жүрегі,

Денсаулық тірегі.

Табиғат-анамыз

Табиғат ол—анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Құшағында ойнаймыз,

Шаттық әнге саламыз.

Жазда аралап тауын да,

Барамыз біз бауына.

Өзеніне шомылып,

Жүгіреміз жауында.

Оқушы: Уа, Жер – ана, Мөлдір су, Таза ауа, Алтын күн!

Дені сау ұрпақтың қалыптасуына тағы не керек?

Жер – ана: -Денсаулығың мықты болу үшін тұрақты да мәнді өз күшің болуы керек. Яғни бойды тік ұстау, дене жаттығуларын орындау, табиғи тағам ішу, демалу, ақыл – ойды дұрыс қалыптастыру, жерің мен табиғатыңды қорғау керек.


Сұрақ-жауап:

Ең алдымен табиғат туралы не білетінімізді ортаға салайық .

Табиғат дегеніміз не?

(Табиғат-бізді қоршаған дүние:аспан мен жер,тау мен су,жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі)

Табиғат нешеге бөлінеді? (2-ге)

Тірі табиғатқа нелер жатады? (адамдар,жануарлар,құстар)

Өлі табиғатқа нелер жатады ? (ауа,су,топырақ т.б)

Табиғат туралы біраз мағлұматтар біледі екенсіңдер.


Әңгімелесу

-Балалар, «Табиғат сыйы» деп неліктен айтамыз?

( Өйткені табиғат бізге сондай тамаша көріністерін сыйлап тұр.)

-Ал табиғаттың адам көңіл күйіне қандай әсері бар?

(Егер қоршаған сені табиғаты сұлу, көрікті болса, онда сенің ден саулығың, көңіл- күйін әр қашан да жақсы болады.)

-Суретке қарап, табиғат сыйы туралы не айтуға болады?

(Табиғат, асқар тау, жайнаған гүлдер...)

-Дұрыс, балалар, табиғат дегеніміз- аң, құс, өсімдік, тау, тас, өзен, көл. Олардың барлығы Табиғаттың бізге берген сыйы. Осы орайда біздің оқушыларымыз, яғни Ашкенова Дариға, Ашкенов Ильяс, Аллабергенов Алишер, Андасбаев Елнұр табиғат- ананың бізге тарту еткен сыйының бірі- «қанатты достар», яғни құстарға арналған «Хайуанаттар бағындағы» облыстық байқауға ат салысып, өз шығармашылық жұмыстарын тапсырды.

Табиғат сыйы

Тамаша көк жазығы таң қалғандай,

Үстінен жауса жауын нұр тамғандай.

Қызығып ішсең суын құмартасың,

Аузыңа кетпес дәмі бал салғандай.


  1. Шешілмейтін жұмбағы, сұрағы көп,

Бұл өмірге келген соң бір-ақ рет,

Қалу керек өмірдің бұлағы боп,

Қалу керек өмірдің шуағы боп.

Табиғатта сезімде, құлақ та бар,

Ренжітсең күрсініп жылап та алар.

Аяласаң жаныңа шуақ тамар,

Қажығанда бойыңа қуат болар.

Табиғатқа сондықтан еркелейміз,

Құлай сүйсек сақтаймыз, өртемейміз.

Мынау біздің ғажап тау баурайымыз,

Мынау біздің ғажап өлке дейміз.


  1. Сондықтан да ол бізге еркелейді.

Сондықтан да біз оған еркелейміз.

Табиғаттан ешқашан қаша алмайсың,

Әуел баста егіз боп жаралғансың.

Қанша жақын тартсаң да белгілі ғой

Одан жақын ешкімді таба алмасың.

Сезінген соң қараңғы, жарық барын

Оң, солыңды келсе егер анықтағың.

Ол ауырса сенің де ауырғаның,

Ол сауықса сенің де сауыққаның.

Табиғаттың қабағы қашанда ашық,

Сезбесе егер адамнан қауіп барын.


  1. Таза ауасы даланың,

Салтанаты қаланың

Әлдилейді тербетіп,

Жас жүрегін баланың.

Естіп жүрсем күлкүсін

Мәз-мейрам боп қаламын.

Тал, қарағай көк өрім,

Айдын көлің, өзенің,

Қар жамылған асқар тау,

Байтақ дала-өз елің.

Дарқан елдің еркесі,

Бақытты бол бөбегім!


  1. Өзен Ы.Алтынсарин

Тапсырма:

- Балалар, өздеріңе таныс аспан көгіндегі құс жолы белдеуімен көктемде қанатты достарымыз бізге адаспай ұшып, жетуіне септігін тигізетін жарық жолдар салу үшін мен сендерге бір-бір жұлдыз таратып беремін. Бұл жұлдыздарда сендердің қанатты достарыңның аты жазылған. Сендер құстың аты жазылған жерге сол құстың жақсы қасиетін айтып, құс жолын жасайық.

(Мысалы: Аққудың жақсы қасиеті- адалдығы;

Қарлығаштың жақсы қасиеті- адаммен достығы;

Қыранның жақсы қасиеті- батылдығы;

Тоқылдақтың жақсы қасиеті- ағашқа қамқорлығы;)

Сауысқанның жақсы қасиеті- сақтығы;

Тотының жақсы қасиеті- әдемілігі;

Бұлбұлдың жақсы қасиеті- ән сыйлауы.

Көгершіннің жақсы қасиеті-бейбітшілік белгісі)

-Жарайсыңдар, балалар,сендер түн ішінде жарқырап тұратын құс жолын бұрынғысынан да жарқыратып жібердіңдер. Ал құс жолын жарқыратқан құстардағы жақсы қасиеттері екенін ұмытпаңдар.


Ән: Ақ көгершін


Мәтінмен жұмыс:

Наурызгүл “ мәтінін оқу, мазмұнын түсіндіру.
1.Наурызгүл қызды қалай сауықтырды?
2.Осы гүлді табиғат сыйы деуге бола ма?
3.Наурызгүлдің қандай қасиеттері адам 
бойынан табылады?
Дәйексөз
Балалар бұл да табиғат сыйы.Өйткені ,табиғат-ана адамның қыстан шаршап, көктемді сағынғанын біліп, қар ерімей жатқан шақта-ақ Наурызгүлді сыйға тартады. Суықтан қажыған ел қарды жарып шығып,суыққа шыдап тұрған қайсарлы гүлді көргенде қуаттанып,қайраттанып қалады.
В.А.Сухомлинскийдің “Табиғаттың әдемілігі- адам жанының тазалығы.”деп айтқан . Табиғат- ана адамдар әдемі болсындеп сан алуан гүлдерін сыйға ұсынған. Ұлдарының емендей мықты болуын ойласа, қыздарының қайыңдай нәзік майысқанын қалаған. Ал табиғаттың әсемдігі адам жанын тазалыққа, сұлулыққа, шыдамдылыққа, төзімділікке тәрбиелейді.


Сергіту сәті:

Шығармашылық жұмыс:

Балалар алдарыңыздағы парақта табиғатпен байланысты сөздер жазылған, соның суретін салыңдар және сөйлем құрастырыңдар:

Парақтағы сөздер; (гүл, ай, күн, жұлдыз, тау, аққу, құс , жылқы, бұлбұл, су, ағаш, т.б.)

Біздің табиғат туралы сабақ өтіп жатқанымызды естіп құстар хат жазып жіберіпті.Осы хатты оқып берейік.(конверттен хатты алып оқимын)


Құстардың сыры

Балапандай балаларым,

Аман болсын аналарың,

Біздерде де ана бар

Құстарда да бала бар.

Өсіруге баланы,

Біздер ұя саламыз.

Жасауға жұмсақ ұяны,

Жабағы жүнді жиямыз.

Жайлы қып жасап ұяны,

Жұмыртқаны саламыз.

Қуанысып қаламыз,

Ұшып жүрсек аспанда.

Сыр ашамызжас жанға,

Құс ұясын бұзбаңдар.

Бізге тұзақ салмаңдар,

Жұмыртқаны алмаңдар.

Обалына қалмаңдар.

Құс балапаны мен адамдар арасында қандай ұқсастық бар?

(екеуі де балаларын қорғайды,аялайды,өсіреді,жеткізеді)

Құс өз балапанын қалай мәпелейді?

(ұя салады,тамақтандырады)

Адамдар құстарға қандай қамқорлық жасайды ?

( ұя салады,жем шашады,)

Ағаштың адам үшін қандай пайдасы бар?

(жемісін береді,ауаны тазартады,)

-Жақсы балалар табиғатта, құстар да бізге дән риза.

-Сендерді өмірге әкелген кім?(ана)

-Бізді қоршаған тіршіліктің анасы кім?(табиғат)

-Табиғатты ойлайтындар кімдер?(адамдар)

-Ендеше, оларды қорғайтын, қамқорлық жасайтын,аяп, жанаршылықтанытын біз екенбіз,ал оларды қорғау үшін табиғаттың сырын ұғынып,көңіл-күйін сезіне білуіміз керек.

Табиғат-бізді қоршаған дүние:аспан мен жер,тау мен су,жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі.

Адам қашан да Табиғат әсемдігіне ,сұлулығына тамсанған,таңданған,қуанып,шабыт алған жәнне қамқорлық жасаған.

Балалардың жауаптарын мұғалім толықтырады:

Адамдар кейде өз қолындағы байлығының қадірін білмейді. Әдемілікке толы табиғатын, тап-таза суын, тұнық ауасын қымбат дүниелерге айырбастаған адам табиғат тазалығын ойламады. Табиғат тазалығы бұзылғаннан кейін адамдардың денсаулығы да, көңіл-күйлері де бұзылары анық. Сондықтан табиғатты таза ұстауға ұмтылайық.


Табиғат туралы мақал-мәтелдер:

  • Табиғат- тал бесік.

  • Ағаш жапырағымен,

Жер топырағымен сәнді.

  • Даланың көркі-ағаш.

  • Бұлақ көрсең, көзін аш.

  • Судың да сұрауы бар.

  • Көктем, көктем нұрын төккен.

  • Көктем гүлімен көркем.

  • Бұтағы көп ағашқа құс қонады.

  • Бір тал кессең,

Он тал ек.

  • Ел құты-қария,

Жер құты-дария.

  • Жердің сәні-егін, ердің сәні-білім.

  • Жер-таусылмайтын қазына.

Дәйексөз

  • Балалар, табиғаттың көркеюі мен таза болуына біздің қосар үлесіміздің бірі - өсімдіктер отырғызу, оны күтіп- баптау, өсіру.


  1. Би

  2. Домбыра

  3. Флейта

  4. Домбыра


Жүректен жүрекке
(Жүректен шыққан жылы с
өздерін, тілектерін айтады)

Поэзия минуты
Ризамыз, Табиғат- Анамыз
Өзіңнен денсаулық аламыз.
Ризамыз, Табиғат- Анамыз
Қашанда қорғаушы панамыз.

Табиғаттың тарылтпайық мөлдір,кәусар тынысын, 
Пәк табиғат! Жүрегімнің тамылжыған жырысың. 
Ей, адамдар! Қалай ғана қатыгездік жасайсың, 
Табиғатты аялайық, табиғатты қорғайық! 
М. Мақатаев 
Көңіл бөлгендеріңізге рахмет!


Ән:Атамекен

Краткое описание документа:

Сабақтың  тақырыбы: «Табиғат сыйы» Сабақтың   мақсаты:  Оқушылардың   табиғатпен үйлесімділік, табиғатты                                       аялау туралы түсініктерін қалыптастыру.   Міндеттері:   - - оқушылардың табиғат тіршілік бастауы, адам табиғаттың            бір   бөлшегі екендігін, табиғат заңдылықтарын сақтау туралы             түсініктерін кеңейту; -        оқушыларды табиғат   тазалығын сақтауға, табиғаттан     үндестік таба білуге ​​үйрету; -        ізгілікті, жауапкершілікті, ұқыпты болуға тәрбиелеу; Көрнекі   құралдар:  Табиғат көріністері (слайд) құстар, ағаштар . Шаттық   шеңбері      -Қайырлы күн балалар! Өзін-өзі тану сабағына қош келдіңіздер! Сендерді «Қуаныш шеңберіне» шақырамын. -        Балалар, біздің   асыраушымыз   да, панамыз   да   Табиғат - анамыз. Олай   болса   сабақты Табиғат - анаға   тілек   айтудан   бастайықшы.  Балалар   кезекпен   тілек   айтып   шығады: -        Табиғат - анамыз   таза   болсын -         Табиғат - анамыз   көркем   де   сұлу болсын -        Табиғатымыз   ұзақ   жасасын  -        Құстар аспанда қалықтасын -        Жайқалсын жасыл әлем -        Табиғаттың таза суы сақталсын -        Адамдар әрдайым таза ауа жұтсын -        Жасыл орман гүлдене берсін -        Табиғат-денсаулық мекені -        Табиғат нәр алатын мекеніміз -        Табиғатты аяла -        Табиғат тазалығы сақталсын -        Табиғат қуанышқа бөлесін -        Табиғат шаттыққа кенелтсін -        Табиғаттың байлығы сақталсын -        Ауамыз таза, суымыз мол болсын -        Табиғатпен біргеміз -        Әр адам табиғаттың тазалығын ойласын -        Табиғат біздің анамыз, -        Біз табиғатқа панамыз.  Жер - ана: - Балалар, адамның   денсаулықтан   асқан   байлығы   . жоқ Сондықтан              Күн: Нұр - сәуле   шуағым,                        Жылытып, қыздырып, Беретін   қуатым.                                      Нұрыма жүзіңдер. Ұлы   емші   боламыз,                                  Алтындай шуағым, Бізден   күш   аласыз.                                  Сырқатты қуамын.
Автор
Дата добавления 25.04.2014
Раздел Русский язык и литература
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1575
Номер материала 84251042547
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх