723160
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 1.410 руб.;
- курсы повышения квалификации от 430 руб.
Московские документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ ДО 90%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО до конца апреля!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности №038767 выдана ООО "Столичный учебный центр", г.Москва)

ИнфоурокНачальные классыКонспектыКітап -жан азығы

Кітап -жан азығы

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.


Тақырыбы: « Кітап – жан азығы»

Сабақтың мақсаты:

а) Кітап – сарқылмас рухани қазына,- дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру.

ә) Оқушыларға кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру.

б) Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқулықты құрметтеуге, күтіп ұстауға үйрету.

Сабақтың құрал-жабдықтары: Слайдтар, кітаптар.


Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру.

2.Кіріспе.

3.Әдеби-монтаж.

4.Монолог.

5. «Кітап қалай жасалады?» Көрініс.

6.Кітап – рухани қазынамыз.(Кітапханашы сөз сөйлейді)

7. «Кітаптар мұңы» көрініс.

8. Кітап ұстау ережесі.

9. «Оқушы мен кітап» көрініс.

10. «Кітап емханасы» көрініс.

11.Қожанасыр қоржыны(Тапсырмалар орындау)

12.Қорытынды.


2. Кіріспе.

Мұғалім сөзі:

Бүгін мейрам, бізге үлкен мереке,

Тойлайықшы кітабыңды жыр ете.

Әрі ақылшың – рухани қазынаң,

Құнды байлық баға жетпес бұл өте - деп ақын жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар сендерге білім көзі, рухани қазына. Кітап – біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз, өткен замандардың тұңғиық тереңінен сыр шертетін тарихты да, әдебиетті де, басқа ғылым кереметтері де, талай оқиғалардың куәсі, талай жаңалықтардың көзі –осы кітаптар. Рухани білімнің, мәдениеттің ауадай қажеттілігі, маңыздылығы ешқашан мәнін жойған емес.


Адам баласы сол байлықтың көзін «Кітап» деген құдіреттен тапты.Ғылым мен техника, жоғары технология дамыған XXI ғасырда да бәрінің бастау алар қайнар көзі – кітап.Ендеше кітап біздің рухани қазынамыз дей келе кезекті әдеби - монтажға береміз.


1.оқушы Адамның досы – кітап, өмір кілті,

Тең келмес оған жиған дүние мүлкі.

Ақылшы, жанға серік жол бастаушы,

Асыл ой, қазынасы, өмір көркі.


2. оқушы Тұрады басын құрап әріп неден,

Басталған білім басы әліппеден.

Қарасаң шалқар теңіз, түпсіз мұхит,

Оқысаң кітап сырын алып неден.




3. оқушы Кітапты оқымайды сыйламаған,

Білімге жанын жанып қинамаған.

Өсірген кімнің болсын ой-өрісін,

Сол кітап бек ақылшы күнде маған.


4 оқушы Түлекті тәрбиелер кітап – мектеп,

Өседі сол кітаптан бұлақ көктеп.

Молайтып ақылыңды сан еселеп,

Береді білім нәрін кітап көктеп.


5. оқушы: Кітаптар-бейне жапырақ,

Жырлайтын сырын өмірдің.

Оқисың кейде жаттап ап,

Көтеріп күйін көңілдің.


6. оқушы: Айдың шалқар кейде бір,

Кітапты тұнған көл дерсің.

Ауадай қажет бейне бір,

Татпасаң нәрін шөлдерсің.


7. оқушы Кетпейді ешбір жадымнан,

Мектепке бардық күз айы.

Тастамай сені жадымнан,

Қолтықтап жүрдім ұдайы.


8. оқушы Достарға толы маңайым,

Татулық тәтті бәрінен.

Ерекше сені санаймын,

Құшақтап жүрдім әлі мен.


9.оқушы: Елімізде атақты,

Ғалым ата не тапты?

Бәрін, бәрін білесің?

Оқи берсең кітапты.


10. оқушы Бөбектерім оқы, ойна,

Оқу-білім саған пайда.

Кітабыңның шетін жыртып,

Сияменен бояп қойма.


Мұғалім: Оқы талмай, түй санаңа ,

Сыр құямын, нұр құямын бойыңа.

Таза ұстап, оқы мені қастерлеп,

Бар білімді мен егемін санаңа - деп келесі кезекте «Кітап» монолог оқитын Назерке.


Мұғалім: Айдын шалқар кейде бір,

Кітапты тұнған көл дейсің.

Ауадай қажет бейне бұл,

Таппасаң нәрін шөлдерсің - деп келесі кезекте





«Кітап қалай жасалады?» көрініс. Орындайтындар: Ислам, Динара, Перизат, Назерке, Ғарифулла.


Мұғалім: Кітаптарды таза етіп сақтаған,

Оқырманға бар білгенін ақтарған.

Аянбайды әрқашанда ел үшін,

Кітапханашы ел үмітін ақтаған.

«Кітап – рухани қазынамыз», - деп жатамыз.Сол қазынамызды қорғап, қастерлеп, қазіргі балалар әдебиеті туралы библиографиялық шолу жасау үшін мектебіміздің кітапханашысы Алтынай апайға сөз береміз.(Кітапханашы сөз сөйлейді)


Мұғалім: Қыркүйек айында өзінің әдемі суреттерімен, небір төгілген асыл сөздерімен, қиын да қызықты есептерімен күлімдеп кеткен оқулықтарымыз мамырдың аяғында ренішпен, мұңды болып кітапханаға қайтатын оқулықтарымыз да бар.Енді сол оқулықтардан көріністер көрейік.

Көрініс: «Кітаптар мұңы» Орындайтындар: Ғарифулла-автор, Ислам-ана тілі оқулығы, Айдос-қазақ тілі оқулығы, Нұржан-математика кітабы, Оңталап- дүниетану кітабы.


Мұғалім: Міне, балалар, арамызда кітапты ұқыпты, таза ұстайтын және кітапқа ұқыпсыз қарайтын балалар да кездеседі

Кітап ұстау ережесі: (Слайд арқылы түсіндіріледі)

Мұғалім: Кітап жинап, түптеймін, жыртылмасын,

Мұқабасын бүкпеймін, қырқылмасын.

Таза болсын беттері, кірлемесін,

Көрген кісі кітабың кір демесін - деп

«Кітап емханасы» көрінісін тамашалаңыздар.

Автор-Жайнагүл, Мұғалім-Назерке, Дәрігер-Перизат,

Кітапханашы-Сәнім.


«Қожанасырдың қоржыны»(Қоржындағы сұрақтарға жауап беру)

Қорытынды:

Мұғалім: Кітапхана - кітаптардың ордасы,

Білсең кітап - нағыз жол басшы.

Біздің ғасыр білімділер ғасыры,

Деп айтқанды Нұсұлтандай Елбасы.


Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің кезекті жолдауында «Қазақстан әлемінің бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарынан лайықты орын алу үшін өзінің мәдениеті мен ғылымын, білімі мен білігін, рухани байлығымен елімізді айдай әлемге паш ете білу керек»,- деген еді. Олай болса, құрметті қонақтар, Ұстаздармен бірге отырып балаларыңыздың кітап оқуға ынтасын арттыру мақсатында жұмыс істейік. Кітаппен дос болайық, кітапхана оқырмандары көбейе берсін!


Краткое описание документа:
а) Кітап – сарқылмас рухани қазына,- дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. ә) Оқушыларға кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. б) Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқулықты құрметтеуге, күтіп ұстауға үйрету. Құнды байлық баға жетпес бұл өте - деп ақын жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар сендерге білім көзі, рухани қазына. Кітап – біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз, өткен замандардың тұңғиық тереңінен сыр шертетін тарихты да, әдебиетті де, басқа ғылым кереметтері де, талай оқиғалардың куәсі, талай жаңалықтардың көзі –осы кітаптар. Рухани білімнің, мәдениеттің ауадай қажеттілігі, маңыздылығы ешқашан мәнін жойған емес.  Адам баласы сол байлықтың көзін «Кітап» деген құдіреттен тапты.Ғылым мен техника, жоғары технология дамыған XXI ғасырда да бәрінің бастау алар қайнар көзі – кітап.Ендеше кітап біздің рухани қазынамыз дей келе кезекті әдеби - монтажға береміз. «Кітап – рухани қазынамыз», - деп жатамыз. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің кезекті жолдауында «Қазақстан әлемінің бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарынан лайықты орын алу үшін өзінің мәдениеті мен ғылымын, білімі мен білігін, рухани байлығымен елімізді айдай әлемге паш ете білу керек»,- деген еді. Олай болса, құрметті қонақтар, Ұстаздармен бірге отырып балаларыңыздың кітап оқуға ынтасын арттыру мақсатында жұмыс істейік. Кітаппен дос болайық, кітапхана оқырмандары көбейе берсін!  
Общая информация

Номер материала: 84302042529

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Возрастные особенности детей младшего школьного возраста»
Курс повышения квалификации «Роль педагога в реализации концепции патриотического воспитания школьников в образовательном процессе в свете ФГОС второго поколения»
Курс профессиональной переподготовки «Организация образовательного процесса для обучающихся с ограниченными возможностями здоровья»
Курс повышения квалификации «Использование мини-проектов в школьном: начальном, основном и среднем общем и среднем профессиональном естественнонаучном образовании в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Сопровождение детского отдыха: от вожатого до руководителя детского лагеря»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогические аспекты инклюзивного образования в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Система образовательной организации в начальном общем образовании в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогические аспекты профессиональной компетентности педагогических работников в условиях реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Организация инклюзивного обучения в сфере образования»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности педагога-дефектолога: специальная педагогика и психология»
Курс повышения квалификации «Применение методов арт-терапии в работе со старшими дошкольниками и младшими школьниками»
Курс повышения квалификации «Организация рабочего времени учителя начальных классов с учетом требований ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Видеотехнологии и мультипликация в начальной школе»
Курс профессиональной переподготовки «Инклюзивное образование в начальной школе»
Курс профессиональной переподготовки «Музыка: теория и методика преподавания в сфере начального общего, основного общего, среднего общего образования»
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.