- 25.04.2014
- 3384
- 17
Курс повышения квалификации
Курс профессиональной переподготовки
Курс повышения квалификации
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
Тақырыбы: Мүсін өнері. Сабақтың мақсаты: Мүсін өнерінің түрлерімен таныстыру Мүсін сомдау материалдарының технологиялық тәсілдерімен таныстыру. Әр түрлі материалды ұқыпты пайдалана білуге үйрену арқылы эстетикалық тәрбие беру. Саз балшықтан немесе ермек саздан созу, ию тәсілдерін терең меңгеру. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар мүсін суреттері, қажетті құралдар. Т.б. Бейнелеу өнерінің жанрлары мен түрлері мүсін ІІІ. Жаңа сабақ: Бейнелеу өнерінің бір түрі мүсін өнерімен танысамыз.казір мен екі топқа тапсырма беремін бірге оқып дайындаламыз. Топтан бір оқушы шығып түсінігін айтады. Мүсіндеу - көркемөнердің бір түрі. Мүсін өнері — латынша кесу, шабу, жону деген мағынаны білдіреді. Мүсіндеудің сызба мен кескіндемеден айырмашылығы - барлық көлемін , пішінін анық көрсетеді. Мүсіндеудің негізгі объектісі - адам. Мүсін өнері ежелден келе жатқан көне өнердің бір түрі болып табылады. Ол тас дәуірінен бастап қалыптасқан, өңделе келіп классикалық өнерге айналған. Мүсіндеудің түрлері: Монументті мүсіндеу және рельеф. Монументті мүсіндеуде оның барлық жағынан қарауға болады. Рельефті мүсіндеуде жазықтық бетінде орындалады. Қазақ мүсін өнерінің қалыптастырушысы Хакімжан Наурызбаев (1925-2009ж.ж) Парасат кавалер орденінің иегері. 300 ден астам жұмысы бар. Солардың ішінде ен танымал жұмыстары: «Абай Құнанбаев» (1960) ескерткіші, «Ш .Уәлиханов» (1969) Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының алдында орналасқан биіктігі 8 м, «Ж.Жабаев» ескерткіштері тұлғалық мүсінге жатады. Келесі рельефті мүсін түріне тоқтала кетейік. Рельефті мүсін жоғарыда айтылып кеткендей белгілі бір жазықтық бетінде орындалады, ғимараттар қабырғаларында , рельеф екі түрге бөлінеді барельеф,горельеф болып. Мүсін сомдауға көптеген заттар негізгі материал бола алады. Мысалы ағаш, түрлі тастар , саз балшықтар, металл, пластилин, гипс,сүйек т.б. Осылардың ішінде мүсіндеуге үйрену үшін оқушыларға ең ыңғайлысы - саз балшық пен пластилин. Олардың жақсы бір қасиеті ырыққа көнгіш, тез иленеді, жасаған мүсін формасын қалай өзгертем десең де ыңғайлы. Мүсін жасағанда қолданылатын басты қолданылатын құралдар: тақтайша, каркас, қалақша т.б. Мүсін орындағанда арнайы киім немесе алжапқыш кию керек. Өйткені олардың мектеп формасы былғанбауы тиіс.Мүсін кезінде айналмалы станокты пайдалану орынды. Бұл станокпен жұмыс істеу өте қолайлы. Сергіту сәті: Қанаты бар ұшпайды Жұрт айламен ұстайды. Балық. Басы доғал, Мұрты бар. Аузы апандай, Ұрты бар. Түрі китке ұқсайды. /Жайын/ Суда өседі, өнеді, Сыртқа шықса, өледі. /Балық/ Күміспенен апталған, Теңгеменен қапталған. /Сазан/ Қомағайлық жасайды, Шабақтарды асайды. /Шортан/ Өз бетімен жұмыс: енді оқушылар біз қазір жазық бетіндегі бедерлі балық мүсінін жасаймыз. Мүсін жасауға керекті құралдармен танысайық: тақтайша, кескіш пышақ, шүберек, ермексаз. Жан-жақты бұрып көруге болады. Мүмкіндігінше бір түсті пластилинді қолданған немесе саз балшықты қолданған дұрыс. Бұл біртұтас көруге ықпал етеді. Әр түрлі ала-құла болып кеткен пластилин көзді алдайды. Сомдалған мүсін пішінін жоғалтып алады. Жұмысты аяқтағаннан кейін жұмыс орнын жинап , қалған пластилин немесе саз балшық қалдықтарын жинап қорапқа салу керек. Қолды жылы сумен сабындап жуу қажет. Жаңа сабақты бекіту: Оқушыларға «мүсін» деп жазылған плакат беріледі әр оқушы бір-бірін қайталамай түсініктерін жазады. Үйге тапсырма: Келесі сабаққа алжапқыш (фартук), тақтайша немесе қатты қағаз ермексаз әкелу.
7 366 663 материала в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Тажиева Акгуль Мендыхановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВам будут доступны для скачивания все 361 178 материалов из нашего маркетплейса.
Мини-курс
3 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.