Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалы«Мағжан педагогикасы арқылы оқушылардың сұлулық сезімдерін өркендету»

«Мағжан педагогикасы арқылы оқушылардың сұлулық сезімдерін өркендету»

Скачать материал

МАҒЖАН ПЕДАГОГИКАСЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ

СҰЛУЛЫҚ СЕЗІМДЕРІН ӨРКЕНДЕТУ

 

Кошикова  М.Б.      

                                            

                                                                  Қарағанды қаласы

                                                                  Жалпы білім беретін № 66 орта

                                                                  мектептің бастауыш сынып

                                                                  мұғалімі                                                  

                                                              

         М. Жұмабаев педагогикасындағы «Тәрбиеші жаратылыстағы түрлі сұлулықтарға баланың абайын аудара білу керек, жаратылыс сұлулығынан ләззат алғыза білу керек. Жаратылыс сұлу. Бала сол сұлу жаратылыстың құшағында болсын. Балада сұлулық сезімдері еріксіз оянады», (2.132) - деген тұжырымы ана тілі сабағында (3 сынып Т.Әбдікәрімова, С.Рахметова, Б.Қабатаева) Т.Жароковтың «Ауыл күзі», Ә. Табылдиевтың «Күздің кереметі», Е.Салықовтың «Күзгі орманның көріністері», Шүкіровтың «Арпалыс», А.Пушкин (аудармасы) «Қысқы кеш», М.Иманжановтың «Қысқы кеш», М.Жұмабаевтың «Аққала» т.б. өлеңдері мен мәтіндеріндегі жаратылыс сұлулығына оқушылардың зейінін аудара отырып, көз алдарына елестету, елестете отырып бейнелеу, салған суреттерін көркем тілде баяндату арқылы  сұлулықты, әсемдікті сезінуге жетелейді.

       3 сыныпқа арналған ана тілі оқулығындағы Ж.Кәрменовтың  «Әке тәлімі» әңгімесінде – Көзіңді ашпаған қалпыңда әндегі айтылған жайлардың суретін көзіңе елестетіп көрші,-деді Ермекке әкесі Бекмұхамед. Сол-ақ екен, домбыраның күмбірлеген сарынына әкесінің майдақоңыр үні қосылып «Қараторғай» әні әуелеп кетті.

     - Ой қызық-ай! ән де сурет екен ғой. «Қараторғай» әнінің мағынасын елестетіп... тұнық аспан, қалықтаған құс суреті айнадан көргендей тізбектеле жөнелді...

Ән құдіреті, әннің мазмұны арқылы Ермектің сұлулық сезімі оянды,ол сұлулықты  сезінді. Оқушыларға Ермектің сезімін суреттейтін тұстарды тауып оқу тапсырылды. Үнтаспадан «Қараторғай» әнін тыңдата отырып, Ермектің орнына бір сәт өздерін қойып, әннің мағынасын көз алдарына елестету тапсырылды.

«Әр адамның сұлулық сезімдері әр түрлі нәрседен оянымпаз болады. Біреудікі - музыкадан, біреудікі сұлу суреттен, біреудікі поэзиядан. Искусствоның әйтеуір бір түрінен ләззат алмайтын, біреуіне құмар болмайтын адам болмайды. Тәрбияның міндеті – балада искусствоның қандай түріне ынта бар екенін тауып, сол ынтасын, сол түр туғызатын сұлулық сезімдерін өркендету» (2.132).

Мектепке алғаш келгенде-ақ кейбір оқушылардың өнердің бір түріне ынтасы бары байқалады, бір оқушылар ән айтуға, бір оқушылар би билеуге, бір оқушылар сурет салуға т.б. бейімділіктері байқалады. Ал, кейбір оқушылардың бейімділіктері кеш оянады, оқушылардың ынтасын зерттеп, байқап, ынталандыруға тура келеді. Сыныптағы оқушылардан өнердің қай түрін ұнататындықтарын жазбаша зерттегенде: он оқушы би өнерін, сегіз оқушы сурет салғанды, он оқушы спортпен шұғылданғанды, бес оқушы музыка аспабында ойнағанды, он төрт оқушы құрастырумен шұғылданғанды, он бір оқушы компьютерлік ойынды (кейбір оқушы өнердің екі-үш түрін атады) ұнататындықтары анықталды. Үш оқушы ешбір өнерге ынтасын білдірмеді. Жекелеме сөйлескенде өзінің әлі еш өнерге ынтасы жоқ екені, ата-анасы шешетіні анықталды. Зерттеу жұмысы ата-аналармен жүргізілгенде ата-аналардың жетпіс бес пайызының пікірі балаларының пікірімен дәл келсе, жиырма бес пайыз ата-аналардың пікірі балаларының пікірінен алшақ болды. Яғни, ата-аналар тарапынан балаларына деген сенімсіздік байқалды .

    -  Мен баламның музыкаға деген бейімділігін байқамадым.                                         

    -  Спортпен айналысуға әлі ертерек.

    - Баламды қосымша мектепке жалғыз жібере алмаймын, -деген пікірлер болды. М.Жұмабаевтың жоғырыдағы   педагогикалық ілімін ескере отырып, алдымызға үш оқушының сұлулық сезімдерін ояту, өркендету міндеті қойылды.

      М.Жұмабаев «Педагогика» оқулығында сұлулықты, әсемдікті әр қырынан ашып, оны тәрбие қылу жолдарын былайша суреттейді:

       «Баланы сұлу өнермен терең таныстыру керек. Бала неше түрлі  сұлу үндерді естісін, неше түрлі сұлу түрлерді, түстерді көрсін, сұлу сөздер, сұлу өлеңдер жаттасын. Түрлі музыка аспаптарының үндерін тыңдасын, сурет салсын, ән салып, музыка аспаптарында ойнап үйренсін. Міне, осыларды істесе сұлулық сезімдері өркендейді». (2.134)

       Осы сұлулық сезімдерді өркендету мақсатында ана тілінен «Абай» тақырыбын өткенде үнтаспадан «Абайдың қара сөздері» тыңдатылды, Ә.Сәрсенбаевтың «Халық кегінің күйшісі», «Халыққа жеткіз күйімді» мәтіндерін өткенде үнтаспадан Құрманғазының «Кішкентай», «Балбырауын», «Қайран шешем», «Адай». Динаның «Әсем қоңыр», «Той бастар», «Жеңіс» күйлерін оқушылар сүйсіне тыңдап, бір оқушы Динаның «Бұлбұл» күйін домбырада орындаса, би үйірмесіне қатысатын төрт оқушы күй әуенімен биледі, қалған оқушылар Құрманғазының «Сарыарқа» күйін тыңдап, елестете отырып, бейнеледі. Мәнерлеп оқу үйірмесінде оқушылар М.Жұмабаевтың, А.Құнанбаевтың, Ы.Алтын-сариннің, жергілікті ақын К.Сауғабаевтың, «Ұлан» газетінің редакторы С.Қалиұлының өлеңдерін сүйіп оқиды, ақындарға еліктеп өлең шумақтарын құрастырады.

       Мағжан педагогикасының сұлулыққа тәрбиелеудегі:

       «Баланың маңайындағы нәрсенің бәрі жинақты, ретті, таза болсын. Үйдің іші, киім кешек, ыдыс-аяқ – бәрі таза болуға тиісті. Баланың үсті-басы, денесі, беті-қолы – бәрі таза ұсталуға тиісті. Баланың маңайында жүрген адамдар ретті, тәртіпті, таза болуға міндетті. Баланың маңайында сөйлейтін сөздер де әдепті, сұлу болуға тиісті».(2.132-133) Бұл қағидасын оқушылардың жеке басының тазалығын, өздеріне-өздері қызмет етуін, мектепте, үйде және қоғамдық орындарда тазалық нормаларын сақтауын тәрбиелеу мақсатында өткізілген өнеге сағаттарының мазмұны Мағжан педагогикасымен үндеседі.

Ал, ата-аналар жиналысында Мағжанның жалпы бала тәрбиелеуші жұртшылыққа арналған мағынасы терең педагогикасы жөнінде кең түсінік берілді. «Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық ілімдері», «Мағжан педагогикасындағы ата-аналардың бала тәрбиесіндегі ролі» Мағжан педагогикасындағы сұлулық сезімі» тақырыптарына баяндама, «Отбасы өнегесі», «Отбасындағы балаға басты үлгі-ата-ана» тақырыбына конференция, пікірлесу, тренингтер өткізілді.

         М.Жұмабаев баланың бойында сұлулық сезімдерінінің дұрыс қалыптасуының маңызын: «Сұлулық сезімдері адамның дұрыс, сау ләззат ізденуіне, сұлу нәрсені сүюіне, көріксіз нәрседен жиренуіне, хатта жақсылыққа ұмтылып, жауапсыздықтан тыйылуына көп көмек көрсетеді. Сондықтан баланың сұлулық сезімдері жақсы тәрбие қылынуға тиісті» (2.133-134) - деп тұжырымдады. Ендеше, бала жүрегіне жол тауып, сұлулық сезімдерін өркендету ата-ана мен ұстаз парызы.

Әдебиеттер:

1. М.Жұмабаев.Таңдамалы: «Өлеңдер, поэмалар, зерттеулер, аударма-лар» - Алматы: Ғылым,1992 жыл, 272бет.

2.М.Жұмабаев. Педагогика - Алматы: Ана тілі, 1992 жыл, 160 бет.                                                                                              

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Мағжан педагогикасы арқылы оқушылардың сұлулық сезімдерін өркендету»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Инженер по обслуживанию многоквартирного дома

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

 3 сыныпқа арналған ана тілі оқулығындағы Ж.Кәрменовтың «Әке тәлімі» әңгімесінде – Көзіңді ашпаған қалпыңда әндегі айтылған жайлардың суретін көзіңе елестетіп көрші,-деді Ермекке әкесі Бекмұхамед. Сол-ақ екен, домбыраның күмбірлеген сарынына әкесінің майдақоңыр үні қосылып «Қараторғай» әні әуелеп кетті.

- Ой қызық-ай! ән де сурет екен ғой. «Қараторғай» әнінің мағынасын елестетіп... тұнық аспан, қалықтаған құс суреті айнадан көргендей тізбектеле жөнелді...

Ән құдіреті, әннің мазмұны арқылы Ермектің сұлулық сезімі оянды,ол сұлулықты сезінді. Оқушыларға Ермектің сезімін суреттейтін тұстарды тауып оқу тапсырылды. Үнтаспадан «Қараторғай» әнін тыңдата отырып, Ермектің орнына бір сәт өздерін қойып, әннің мағынасын көз алдарына елестету тапсырылды.

Мектепке алғаш келгенде-ақ кейбір оқушылардың өнердің бір түріне ынтасы бары байқалады, бір оқушылар ән айтуға, бір оқушылар би билеуге, бір оқушылар сурет салуға т.б. бейімділіктері байқалады. Ал, кейбір оқушылардың бейімділіктері кеш оянады, оқушылардың ынтасын зерттеп, байқап, ынталандыруға тура келеді. Сыныптағы оқушылардан өнердің қай түрін ұнататындықтарын жазбаша зерттегенде: он оқушы би өнерін, сегіз оқушы сурет салғанды, он оқушы спортпен шұғылданғанды, бес оқушы музыка аспабында ойнағанды, он төрт оқушы құрастырумен шұғылданғанды, он бір оқушы компьютерлік ойынды (кейбір оқушы өнердің екі-үш түрін атады) ұнататындықтары анықталды. Үш оқушы ешбір өнерге ынтасын білдірмеді. Жекелеме сөйлескенде өзінің әлі еш өнерге ынтасы жоқ екені, ата-анасы шешетіні анықталды.

Зерттеу жұмысы ата-аналармен жүргізілгенде ата-аналардың жетпіс бес пайызының пікірі балаларының пікірімен дәл келсе, жиырма бес пайыз ата-аналардың пікірі балаларының пікірінен алшақ болды. Яғни, ата-аналар тарапынан балаларына деген сенімсіздік байқалды .

  •  Мен баламның музыкаға деген бейімділігін байқамадым.
  •  Спортпен айналысуға әлі ертерек.
  •  Баламды қосымша мектепке жалғыз жібере алмаймын, -деген пікірлер болды. М.Жұмабаевтың жоғырыдағы педагогикалық ілімін ескере отырып, алдымызға үш оқушының сұлулық сезімдерін ояту, өркендету міндеті қойылды.

Осы сұлулық сезімдерді өркендету мақсатында ана тілінен «Абай» тақырыбын өткенде үнтаспадан «Абайдың қара сөздері» тыңдатылды, Ә.Сәрсенбаевтың «Халық кегінің күйшісі», «Халыққа жеткіз күйімді» мәтіндерін өткенде үнтаспадан Құрманғазының «Кішкентай», «Балбырауын», «Қайран шешем», «Адай». Динаның «Әсем қоңыр», «Той бастар», «Жеңіс» күйлерін оқушылар сүйсіне тыңдап, бір оқушы Динаның «Бұлбұл» күйін домбырада орындаса, би үйірмесіне қатысатын төрт оқушы күй әуенімен биледі, қалған оқушылар Құрманғазының «Сарыарқа» күйін тыңдап, елестете отырып, бейнеледі. Мәнерлеп оқу үйірмесінде оқушылар М.Жұмабаевтың, А.Құнанбаевтың, Ы.Алтын-сариннің, жергілікті ақын К.Сауғабаевтың, «Ұлан» газетінің редакторы С.Қалиұлының өлеңдерін сүйіп оқиды, ақындарға еліктеп өлең шумақтарын құрастырады.

Бұл қағидасын оқушылардың жеке басының тазалығын, өздеріне-өздері қызмет етуін, мектепте, үйде және қоғамдық орындарда тазалық нормаларын сақтауын тәрбиелеу мақсатында өткізілген өнеге сағаттарының мазмұны Мағжан педагогикасымен үндеседі.

Ал, ата-аналар жиналысында Мағжанның жалпы бала тәрбиелеуші жұртшылыққа арналған мағынасы терең педагогикасы жөнінде кең түсінік берілді. «Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық ілімдері», «Мағжан педагогикасындағы ата-аналардың бала тәрбиесіндегі ролі» Мағжан педагогикасындағы сұлулық сезімі» тақырыптарына баяндама, «Отбасы өнегесі», «Отбасындағы балаға басты үлгі-ата-ана» тақырыбына конференция, пікірлесу, тренингтер өткізілді.

Әдебиеттер:

  1. М.Жұмабаев.Таңдамалы: «Өлеңдер, поэмалар, зерттеулер, аударма-лар» - Алматы: Ғылым,1992 жыл, 272бет.
  2. М.Жұмабаев. Педагогика - Алматы: Ана тілі, 1992 жыл, 160 бет.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 168 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.05.2013 2181
    • DOCX 44.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кошикова Магрипа Балтабаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кошикова Магрипа Балтабаевна
    Кошикова Магрипа Балтабаевна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 19975
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Продуктивность учебной деятельности младших школьников общеобразовательного учреждения в рамках реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 223 человека из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 059 человек

Курс повышения квалификации

Инструменты в преподавании кубановедения в соответствии с ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 162 человека

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания информатики в начальных классах с учетом ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека

Мини-курс

Продвинутые техники нарративного подхода в психологии

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 16 регионов

Мини-курс

Технологии и автоматизация в машиностроении

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы гештальт-терапии: история и теория

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 16 человек