Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Школьному психологу / Другие методич. материалы / «Бала тәрбиесi – игiлiктi iс»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Школьному психологу

«Бала тәрбиесi – игiлiктi iс»

библиотека
материалов

«Бала тәрбиесi – игiлiктi iс»

Торебаева Айгүл Рымтаевна, әлеуметтік педагог-психолог

Қарағанды қаласы КММ №82 ЖББОМ


Қоғам үшін әр кезеңде, әр отбасында өсіп келе жатқан ұл - қыздардың дені сау, рухани бай, еңбекке, білімге құштар болып өсуі - ең жоғарғы тілек, ең биік мақсат. Оның қуат алатын қайнар бастауы отбасы. Отбасының балаға тәрбие берушілік қызметінің мақсаты - баланың жасын, жеке өзгешелігін, психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, жарасымды жетілген ұрпақты тәрбиелеу. Көздеген мақсатқа жету үшін отбасындағы тәрбие төмендегі міндеттерді шешеді:

- Отбасында баланың өсуіне, денсаулығына қамқорлық жасау, тазалықты қалыптастыру;

- Еңбексүйгіштікке баулу, тұрмыстағы, үй шаруасындағы еңбекке құлшынысын арттыру, өзіне - өзі қызмет етуге үйрету;

- Отбасы мүшелерімен тіл табысып, дұрыс қарым - қатынас жасауға, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге үйрету ;

- Әдебиетке, мәдениетке, өнерге тәрбиелеу;

Отбасы - барлығының басы, жан - жақты дамуының негізі болатын тәрбие институты. Отбасындағы ата - ана мен баланың қарым - қатынас нәтижесінде, адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесінің алғашқы үлгілері қалыптасады. Ал әке мен шеше - баланың алғашқы тәрбиешілері.

Ата - аналар бала бақытының шынайы бағбаны болуы тиіс. Бала бақыты - білімде. «Білім бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сияқты, не жасаса да келістіріп жасайды », - дейді А. Байтұрсынов.

Ұлтымыздың болашағы тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Баланы тәрбиелеп өсіру мейірімділікті, төзімділікті, жауапкершілікті талап етеді. Тәрбие отбасынан басталады. Отбасы тәрбиесіне ата-ананың, баланың денсаулығы, мекен-жайы, материалдық жағдайы, ата-анасының жалақысы, баланың саны бәрі әсер етеді.

Біздің ең басты міндетіміз – тәрбиелі, саналы, білімді, жан-жақты, ұлттық салт-дәстүрді бойына сіңірген ұрпақты өсіру. Өз ұлтын сүйетін, құрметтейтін бала өсіруде ата-ана ролі ерекше. Бала денсаулығына ата-анасы жауапты.

Бала жаны кіршіксіз таза, пәк. Ол ата-анасының, тәрбиешісінің, мұғалімнің сөздерін жанына жақын қабылдайды. Бала отырған жерде ғайбат сөйлеуден аулақ болу керек. Бала үшін ата-анадан артық ешкім жоқ. Ол үшін е ң жақсы, ең мейірімді–өз ата-анасы. Балаға өтірік айтып, уәдесін орындамай, бала тілегімен санаспаса ол сенімнен қалады. Бала қашанда түсінушілікті, мейірімділікті қажет етеді. Ол өзінің ата-анасына қажеттілігін түсінуі керек. Ол алғашқы қадам жасап, тілі шыққаннан бастап шыдамдылықты, махаббатты қажет етеді. Көбінесе баланың көңіл-күйінен сол отбасындағы қарым-қатынас аңғарылып тұрады. Үйдегі түсініспеушіліктер мінезіне теріс ықпал етеді. Үй ішінде баламен әңгімелесіп оның ой-тілегімен санасып отыру да маңызды. Баласын қатал ұстайтын ата-ана кейде асыра сілтеп жатады. Осыдан келіп бала бойында сенімсіздік, жасқаншақтық, тіпті кейде бет-аузын жөнсіз қимылдату сияқты ерсі қылықтар қалыптасады. Есейгенде де осы әдеттер қалып қоюы мүмкін. Ата мен ана – бала тәрбиесiнiң қамқоршысы, өнегесi. «Ата – асқар тау, Ана – бауырындағы бұлақ, Бала – жағасындағы құрақ» – деп, ата – ана, баланы табиғаттың тамаша құбылыстарына теңеген халық мақалына қайран қаласың.

Отбасы – адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі.

Отбасының бала тәрбиесіндегі ролі:

- бала тәрбиесінде отбасы ықпалы басқа тәрбиелік ықпалдарға қарағанда ең басым болып келуі;

- өркениетті, зайырлы, құқықты қоғамның азаматын тәрбиелеуде отбасы мемлекеттің негізгі буыны;

- отбасы – болашақ ұрпақтың бойында ең құнды адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын қоғамның ажырамайтын басты тірек – арқауы;

- отбасы – жеке тұлғаны әлеуметтендіру міндетін жүзеге асырушы. Ол болашақ жас азаматтың дене жетілуіне, шынығуына, рухани және адами дамуына, ең құнды жалпы адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықты бағалауға, еңбек ету дағдысын тәрбиелеуге ықпал жасаушы;

- отбасы бала тәрбиесінде адамзат қоғамның тарихындағы ғасырлар сынынан мүдірмей өткен ұлттық дәстүрді жалғастырушы;

- отбасының әлеуметтік міндеттерінің өзегі тәуелсіздікке ие болған Қазақстан Республикасының мемлекеттік заңдарын құрметтеуші, елжанды азамат тәрбиелеу;

- отбасы баланың мамандықты еркін және саналы таңдауына ықпал жасаушы;

- отбасы өзінің ұрпағын болашақ отбасылық өмірге дайындаушы;

Отбасындағы психологиялық оңды ахуал, татулық пен тыныштық, жайдары қабақ, пейіл-береке – оның барлық мүшелерінің ырысы, ойға алған істерінің өрге басып, мақсаттарының жүзеге асуының кепілі.

Ата-аналар, сіздер үшін

1. Балаға дұрыс тәрбие беру – ата-ананың моральдық қана емес, заң жүзіндегі міндеті.

2. Бала тәрбиесі мәселесінде ата-ана арасында толық келісім болуға тиіс.

3. Баланың бойындағы ізгілік, жақсылық атаулының бәрін, оның үлгілі болуға тырысқан талабын көтермелеп отыру керек.

4. Баланың адал да ізгі адам болып өсуі үшін оған ата-анасы үлгі болуға тиіс.

5. Баланы еңбекке құрметтеу мен сүю рухында жас кезінен тәрбиелеп, оның бойына адамгершілік және рухани мәдениеттің негізін, қоғамдағы мінез-құлық дағдыларын дамыту керек.

6. Ересектер балаларды күн сайын сипайылыққа, сергектікке, үлкендерді құрметтеуге, әділдікке өз үлгісімен тәрбиелеп отыруға тиіс.

7. Үйдегі жайлылық пен салауаттылықтың алғы шарттары – тазалық пен тәртіп, сондай-ақ барлық отбасы мүшелерінің тату-тәтті тұруға ұмтылуы.

8. Үй ішіндегі татулық әке мен ананың екеуіне де байланысты. Оның бірінші шарты - өзара сенім, құрмет, өзара түсіністік және әрине сыпайы, әдепті мінез-құлық.

9. Сыпайылық және әдептіліктің ережелерін сақтау табиғи, емін-еркін болып, ешбір жағдайда екіжүзділікке, өтірік ұялшақтыққа негізделмеуге тиіс.

10. Тату-тәтті тұру үшін ұстамды болып, өзін-өзі билей білу керек.

Бала - әке-шешенің перзенті, ұрпағы. Жыныс ерекшелігіне қарай ұл, қыз, жас шамасына қарай: нәресте, сәби, бөбек, балдырған, жеткіншек, жасөспірім болып жіктеледі. Ұл-қыздың жарық дүниеге келген сәтінен бастап кәмелетке толғанға дейінгі кезеңі бала ұғымына саяды.

Ата-бабаларымыз бала тәрбиесіне ерекше назар аударып, «Баланы жетіге келгенше тыйма, жетіден он төртке келгенше құлыңша қина, он төрттен кейін құрдасыңдай сыйла» деп, баланың ой-өрісі даму кезеңін ерекше бағалаған.

Бала тәрбиесінде тілі шыққаннан бастап сөздік қоры ана тілінде дұрыс дамуын қадағалап отыру керек. Өсе келе баланың қандай өнерге бейім екендігін дер кезінде анықтап одан әрі дамыту да маңызды. Баланы еркінен тыс үйірме, спорт секцияларына қатыстыру да дұрыс емес. Баланың өз тілегі, орынды пікірі болуы керек.

Жас мемлекетіміздің келешегі – қазіргі өскелең ұрпақ. Соларды мейірімді, қайырымды, саналы етіп өсірсек ертеңгі күніміз жарық та сәулелі болары анық.


Қолданылған әдебиеттер:

  1. Акбарова Ж.Жанұядағы тәрбиенің ерекшеліктері.Бастауыш мектеп-2005, №4

  2. Қабылова Қ. Халықтық педагогиканың бала тәрбиесіндегі рөлі.Бала тәрбиесі-2005, №4

  3. Қосақова Г. Баланың бас ұстазы – ата-анасы. Бала тәрбиесі-2005, №5

  4. Миркенова Г. Отбасы тәрбиесінің маңызы. Бастауыш мектеп-2005, №7

  5. Мұқашева Ғ. Тәрбиенің бастауы – отбасынан. Бала тәрбиесі. – 2005, №2

  6. Тастанова Р. Ата- аналардың әдептілігі. Тәрбие құралы.- 2005, №4

  7. Ғаббасов С. Педагогика мен психология негіздері. - 2008



Краткое описание документа:

Қоғам үшін әр кезеңде, әр отбасында өсіп келе жатқан ұл - қыздардың дені сау, рухани бай, еңбекке, білімге құштар болып өсуі - ең жоғарғы тілек, ең биік мақсат. Оның қуат алатын қайнар бастауы отбасы. Отбасының балаға тәрбие берушілік қызметінің мақсаты - баланың жасын, жеке өзгешелігін, психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, жарасымды жетілген ұрпақты тәрбиелеу. Көздеген мақсатқа жету үшін отбасындағы тәрбие төмендегі міндеттерді шешеді: - Отбасында баланың өсуіне, денсаулығына қамқорлық жасау, тазалықты қалыптастыру; - Еңбексүйгіштікке баулу, тұрмыстағы, үй шаруасындағы еңбекке құлшынысын арттыру, өзіне - өзі қызмет етуге үйрету; - Отбасы мүшелерімен тіл табысып, дұрыс қарым - қатынас жасауға, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге үйрету ; - Әдебиетке, мәдениетке, өнерге тәрбиелеу; Отбасы - барлығының басы, жан - жақты дамуының негізі болатын тәрбие институты. Отбасындағы ата - ана мен баланың қарым - қатынас нәтижесінде, адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесінің алғашқы үлгілері қалыптасады. Ал әке мен шеше - баланың алғашқы тәрбиешілері. Ата - аналар бала бақытының шынайы бағбаны болуы тиіс. Бала бақыты - білімде. «Білім бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сияқты, не жасаса да келістіріп жасайды », - дейді А. Байтұрсынов. Ұлтымыздың болашағы тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Баланы тәрбиелеп өсіру мейірімділікті, төзімділікті, жауапкершілікті талап етеді. Тәрбие отбасынан басталады. Отбасы тәрбиесіне ата-ананың, баланың денсаулығы, мекен-жайы, материалдық жағдайы, ата-анасының жалақысы, баланың саны бәрі әсер етеді.Бала жаны кіршіксіз таза, пәк. Ол ата-анасының, тәрбиешісінің, мұғалімнің сөздерін жанына жақын қабылдайды. Бала отырған жерде ғайбат сөйлеуден аулақ болу керек. Бала үшін ата-анадан артық ешкім жоқ. Ол үшін е ң жақсы, ең мейірімді–өз ата-анасы. Балаға өтірік айтып, уәдесін орындамай, бала тілегімен санаспаса ол сенімнен қалады. Бала қашанда түсінушілікті, мейірімділікті қажет етеді. Ол өзінің ата-анасына қажеттілігін түсінуі керек. Ол алғашқы қадам жасап, тілі шыққаннан бастап шыдамдылықты, махаббатты қажет етеді. Көбінесе баланың көңіл-күйінен сол отбасындағы қарым-қатынас аңғарылып тұрады. 
Автор
Дата добавления 26.04.2014
Раздел Школьному психологу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров523
Номер материала 85566042612
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх