Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыПроект «Денсаулыққа алғашқы қадам»

Проект «Денсаулыққа алғашқы қадам»

Скачать материал

 

Денсаулыққа алғашқы қадам

Әулиекөл ауданының әкімдігінің «Айгөлек» Әулиекөл балабақшасы МКҚК

(Әулиекөл)

 

1.     Жаңа ғасырда өркениетті елдер қатарынан орын аламыз десек, біздің халқымыз салауатты қоғамда өмір сүруі тиіс.

2.     Мектепке дейінгі балардың дене тәрбиесінің маңызы.

3.     Мектепке дейінгі балардың негізгі міндеттері мен мақсаттары, ұстанымдары және қағидалары.

4.     Инновациялық талаптарды сақтай отырып топтарда қозғалыс орталықтарды ұйымдастыру.

5.     Дәстүрлі және инновациялы қызықты заттар балардың қызығушылығын дамытады.

6.     Дәстүрсіз тәсілдерді үйымдастырылған оқу-іс әрекетінде және бос уақытта қолдану.

7.     А.А. Уманскийдің нүктелі массаждың элементтері (9 нүкте).

8.     Саусақты жаттығуларда оригами элеметтерін қолдану.

9.     Психожаттығулар.

10. Денсаулық жолдары (түзды жол), «Жылға» (марганецтан,түзды-содалы, қылқанды).

11.  А.А. Уманский және К.Динейкидің ойын массаждары.

12.  Сауықтыру (Риж әдісі. Климотерапия. Жалаң аяқ жүру. Жылы сүмен тамақты шаю.)

13. Түмауға және жүйкеге арналған фитотерапия әдісі.

14.  Мейірімді сәттер (релаксация қабылдау).

15.  Жаттығу мен жұмбақ бірге.

16.  Балабақшадағы дене тәрбиесін үйымдастыру түрлері.

17.  Өз бетімен жеке ойнаған кезде пайдаланатын құралдар.

18.  Денсаулық сақтау технологияның «Күм терапиясы».

 

19.  Қимылды ойындарды түрлендіру.

20.  М.Н. Дедулевичтың әдісі «100 соқпақ, 100 жол».

21.  М.Ю. Картушкинаның инновациялық әдісінің «Жасыл от денсаулығы» элеметтерін қолдану.

     22. Балаларды салауатты өмір салтына баулу мақсатында ата-аналармен

           бірлесу.

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Денсаулыққа алғашқы қадам.

Жоба түрі:

Әдіс бойынша – практикалық;

Мазмұны бойынша – «Бала денсаулығын нығайту»

Бала -  жобаның субъекті;

Топ ішінде (барлық бала қатысады).

Өзектік мәселе:

Қазіргі кезде қоғамның әлеуметтік - экономикалық  өміріндегі өзгерістерге байланысты білім жүйесіне оның мазмұны мен оқыту технологиясында да өзгерістер болып жатыр.Ол мектепке дейінгі тәрбиемен де тығыз байланысты екенін білеміз. Бүгінгі күнгі біздің ұрпақ таңдауына шексіз мүмкіндік туғанда өмір сүріп жатыр. Баланың өсіп-жетілуі, жеке түлға ретінде қалыптасуы оның нәрестелік шағынан жүйелі түрде берілетін тәрбиесіне, тәрбиелей отырып меңгерілетін, білім-білік дағдыларына байланысты.

     Адам баласының өмірге келуі мен мектепке оқуға баруы арасындағы алғашқы жеті жыл уақыты оның келешек өміріне өте үлкен маңызы бар кезең. Өйткені осы кезеңде адамның денсаулығы, әр түрлі қабілеттері, адамгершілік қасиеттері, мінез-құлқы қалыптаса бастайды. Баланың денесін шынықтыру,  өмірге керек қозғалыс шеберлігін қалыптастыру, гигиеналық әдеттерді бойларына сіңдіру өте бір қолайлы шақ.

     Баланың ағзасының жан-жақты дамуының негізгі, тәрбие көзі дене тәрбиесі болып табылады. Табиғи, дұрыс өсіп келе жатқан бала тұрақты түрде қозғалғысы келіп түрады.Оның осы қозғалыс әрекетін жанұяда, балабақшасында дұрыс ұйымдастыру оның жүрек-қан тамыры, дем алу, жүйке,зат алмасу жүйесі қызметтерін жақсартады, қозғалыс – тірек аппаратын нығайтады. Баланың ауыруға қарсылық күшін, ағзаның қорғаныс күшін күшейтеді. Қозғалыс арқылы бала өмірді, табиғатты тани бастайды, оның психологиясы, ерік күші, өзіндік қасиет тері дамиды. Бала көбірек қозғалыстарды білген сайын оның таным, түйсік, қабылдау, сезім, қабілет және басқа әртүрлі психикалық мүмкіншіліктері кең көлемде дамиды. Осы кезеңде дене тәрбиесі салауатты, дұрыс жүргізілуі қажет, олай бол маса өткізіп алған уақытты қуып жету, жіберілген қателіктерді түзету қиын болады.

 

     Зерттеу объекті – оқу-тәрбие үрдісі.

  

    Зерттеу заты – мектепке дейінгі балалардың денсаулық қабілеттерін дамыту.

   

     Мақсаты: балаларды даму тәсілі:

 

·       Балалардың денсаулығын нығайтуға;

·       Салауатты өмір салтының ережелерін саналы түрде сақтауын қалыптастыру;

·       Бала ағзасы мен маңызды қозғалыс дағдыларының функционалды мүмкіндіктерін жетілдіру.

 

Міндеті:

   

·       Балалардың қозғалыстарын жетілдіру;

·       Қимылдық дағдыларын және дененің икемділік, шапшаң

дық, күштілік, төзімділік қасиеттерін қалыптастыру;

·       Балаларды спорттық ойындармен, жаттығулармен таныстыру арқылы ойын техникасын меңгерте отырып, жаңа машықтарды иегерту;

·       Жас ерекшеліктеріне қарай толыққанды дамуына, ағза-

ның қоршаған ортаға бейімдену қабілетін, дене және ақыл – ойдың қабілеттігін аттыруға жағдай жасау.

 

Күтілетін нәтиже:

Баланың дүниетанымын дамыту, әлеуметтік және ұлт-

тық психологиясын қалыптастыру, оларды өзін қоршаған ортада,айналада болып жатқан жағымды, жағымсыз құ-

былыстарды сезіне , түйсіне, ойланып, толғана, әсерле-

не білуге үйретіп, өмірге қажетті дағдыларын меңгерту.

 

Жұмыс гипотизасы – мектепке дейінгі балалардың ден-

саулық қабілеттерін ұйымдастыру жұмысы қазіргі талап

тарға сәйкес келе, балалардың денсаулық қабілет терін  даму деңгейіне қалыптасуына әсер етеді.

 

Жаңалықтың негізі, жұмыста дәстүрлі емес әдістерді қол

дану, оқу-іс әрекетінде және күнделікті өмірде зат-құрал

дарды пайдалану.

Орындалу түрі:

 

·       Таңертеңгілік жаттығу;

·       Қимыл – қозғалыс ойындары және спорт ойындарының элеметтері бар ойындар;

·       Спорттық жаттығулар;

·       Қарапайым туризм;

·       Сауықтыру жолдары;

·       Өз беттерінше қозғалу қызметі.

 

            Әдіс-тәсілдер:

 

·       Практикалық (ойындық)

·       Эксперименталдық

·       Өзгерту

 

Дидактикалық құралдар:

 

·       Көрнекілік (кітаптар,компьютер):

 

Барлығы дамыту орталығына кіреді, оны келесі түрде құ-

растыруға болады:

 

1.     Дене шынықтыру ойын-сауықтары:

·       КВН

·       Сайыстар

·       Мерекелер

·       Ертеңгіліктер

 

2.     Дидактикалық ойындар:

·       Дамыту ойындар – ойлау қабілеттерін дамытады.

 

 

Негізгі тәсілдер:

 

·       Ата-аналарды балабақшада және отбасында дене тәрбиесінің мақсаты мен мазмұнымен таныстыру;

·       Балабақшада іс-әрекетті ата-аналармен бірге отырып жүзеге асыру;

·       Инновациялық талаптарды сақтай отырып топтарда қозғалыс орталықтарды үйымдастыру;

·       Мереке, ойын-сауық, сайыстар, КВН өткізу.

 

 

Инновациялық жұмыстың шарттары:

 

·       Балаларға жаңа білімдер дайын түрде берілмейді, олар өздік жұмыс (салыстыру, талдау) арқылы мәңгереді.

·       Жаңа білім енгізілгенде заттармен және қоршаған орта-

ның құбылыстарымен байланысы ашылады.

·       Оқыту үрдісі балалармен денсаулық бағытының өзіндік тәжірибеге иеленуге бағытталған.

 

    Денсаулықты нығайту жұмыстарының дұрыс болуы да

мып келе жатқан ортада мектепалды баланың қызығу

шылығы мен денсаулығын бекітуде зор ықпалын тигі

зеді. Топтарда қозғалыс орталықтарын жасауда иннова

циялық міндеттерді мақсат еттік. Әр педагог өзінің қия

лын, бір-біріне ұқсамайтын етіп орталықтарды жасауда ойын аяған жоқ. Әрбір нәрсені жасағанда баланың жасы, эстетикалық  жағы қарастырылады. Ерекше, ғажайып құрал – жабдықтар дәстүрлі және инновациялы әдістерді баланың қызығушылығын арттыру үшін, дене шынықты

ру сабағын асыға күтуіне, көңіл-күйін жоғарылатуға бау

лиды. Күнделікті  ертеңгілік жаттығу жасау дәстүр болып табылады.

   Мектепке дейінгі балаларға қандай дене шынықтыру ке

рек? Бұл сұрақ дене тәрбиесінде дене шынықтыру сабақ

тарын жүргізуде өз ісінің шеберлігі болуға, өзіне-өзі баға беруге, үнемі жаңашалауға талпындырады.            М.В.Кудрявцеваның, психология ғылымының докторы, денсаулық нығайту әдістері көп көмек береді.

   Денсаулығы мықты бала –бұл әдістің ең басты кредо

сы.

   

    Денсаулық сақтау технологиясының дәстүрлі және дәстүрсіз түрлері:

 

·       А.А. Уманскаяның нүктелі массажының элеметтерін қолдану (9 нүкте).

·       Саусақты жаттығулда оригами элементтерін қолдану.

·       Тыныс алу және дыбыстық жаттығулар.

·       Психожаттығу.

·       Денсаулық жолдары (түзды жол), «Жылға» (марганецтан, тұзды-содалы, қылқанды).

·       А.А.Уманский мен К. Динейканың ойын массажы.

·       Риждік  әдісі бойынша шынықтыру.

 

 Дене шынықтырудың спецификалық түрлеріне тоқталсақ, олар:

 

·       Шынығу (жалаң аяқ жүру,бөлме температурасындағы су

мен ауыз шаю).

·       Ертеңгілік жаттығу.

·       Дене шынықтыру залы мен таза ауада шынықтыру сағат

тары.

·       Сарымсақ медальоны.

·       3-ші тағамдарды С-дәрумендендіру.

·       «Оксалин майын» қолдану.

·       Сергіту сәттер.

·       Күні бойы қимылды және спорттық ойындар.

·       Массаж және өздік массаж.

·       Денсаулық күндері.

·       Денсаулық мерекелері.

·       Балалардың өз бетінше қимылдары.

·       Климотерапия.

·       Фитотерапия.

·       К.Г.Юнгтың «Құм терапиясы ».

·       М.Н.Дедулевичтің «Жүз соқпақ, жүз жол» әдісі.

 

   Балалардың 2-3 жасынан бастап Риждік  әдісі бойынша шынықтыру қолданылады.Олар нақты жер, уақыт өткізіп қажеті жоқ.Балалар күндізгі ұйқыдан кейін жаттығу жасап, жалаңаяқ мына жолдарды жүреді:

1.     «Фланельды жол». Ұзындығы 1,5 – 2 м. ,10% -тік тұзды сумен суланған және резенкіден жасалған кілемше.

 

2.     «Құрғақ сулық» (1 мин. жүреді).

3.     «Фланельды жол» («Чарлистон»әуеніне 1-2 мин. би қимылын жасайды).

  Үлкен топтарда климотерапия шынығу әдісі қолдана

ды.Бұл түрі балалардың шаршағанын, эмоционалды қимылын басып,ішкі ағзасын дұрыс жұмыс жасауға

ықпалын тигізеді.Құм,тас,бұдырлы тақтай, сумен

 жүруді балалар ұнатып жасайды.

  Нерв жүйесін жақсарту үшін фитотерапия қолданыла

ды. Фитожастықтарды кереует басына қойып, апта сайын ауыстырып отырады. Фитожастықтың шөбін та

мыз айында жылына 1 рет ауыстырады.

   «Құм терапиясын» К.Г.Юнг ұсынады. Ол психотера-

 

 певт,  аналитикалық терапияның жасаушысы.Құммен ойнау балалардың көңіл-күйін жақсартып, дамыуына жақсы ықпал тигізеді. Құм жайында Т.М.Грабенко мен Т.Д. Зинкович-Евстигнееваның «Құмдағы ғажаптар. Құм ойын терапиясы» атты кітабында айтылады. Осында айтылған жайыттарды сабақтарымызда кеңінен қолданамыз.

    Қозғалысты дамытуда М.Н.Дедулевичтің «Жүз соқпақ, жүз жол» әдісі серуендерде көп көмек береді.

    Релаксация көмегімен сіз өз өміріңіздің ұзақ болуына бағдарлама жасай аласыз.Сіз ойынызды шынықтырып, күш-қуатынызды бекітіп, денеңіз жаңа күшке толы болады.

   Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың діңгегі мықты болу үшін, алғашқы кірпішті дұрыс қалай білейік. Олай болса қазіргі заман талабына сай сауатты, қызығы мол еңбекте жаңа ізденістермен көріне берейік.

   

 

Ойынды уқалау (массаж).

 

А.Уманская және К.Динейкидің  бейімделген       әдістемелердің  нұсқасы.

 

Шыныққан дем алу

Шынығудың бұл түрі дем алу жолын бекітеді. Оны               мұрынмен негізгі ойын жаттығулардың жиынын орындау ға негізделген.Кіші жастағы балаларға арналған.Күніне 2-3 рет өткізіледі.

                               «Мұрынмен ойнаймыз».

1.Ұйымдастыру кезеңі.

а ) «Мұрынды тап және көрсет».

Балалар ыңғайлы орналысады да,үлкенге мұрнын      көрсетеді.

 

2.Негізгі кезең.

Мұрынмен ойын жаттығулары.

б ) «Мұрынға серуенге шығуға көмектес».

Әр бала бет орамалды алып өз бетінше немесе үлкен -нің көмегімен мұрнын тазалайды.

 

в ) «Мұрын серуендейді».

Серуен кезінде кедергі жасамау үшін және мұрын жақсы демалсын деп,үлкендер балаларға ауыздарын қатты жабуға ұсыныс береді.

  Үлкен балаларға тілдің ұшын таңдайына қысып,демді ауызбен қосуға ұсыныс беруге болады.

Екі жағдайда демді алу және демді шығару мұрыннан жасалады.

 

г ) «Мұрын бұзық болады».

Мұрынды бір қолдың үлкен және сілтеу саусақтарымен басып,демді шығарғанда бала ауаға кедергі жасайды.

д ) «Мұрын әдемі иісті дем алады».

Бала сілтеу саусағымен кезектесе жабып мұрынның оң және сол жағынан 10-дем алу және дем шығаруды жасайды.

 

е ) «Мұрын ән айтады».

Дем шығаруда сәби сілтеу саусағымен мұрыннан соға тұрып, «Ба-бо-бу» деп әндетіп тұрады.

 

 

 

ж ) «Мұрынды жылытамыз».

Бала мұрынның үстіне сілтеу саусақтарын қойып,мұрынның үсті бойынша жоғары төмен қимылдарды жасайды.Солайша уқалау жасаған сияқты.

 

3.Қорытынды кезең.

3) «Мұрын үйге қайтып келе жатыр».

Балалар бет орамалдарын және майлықтарын жинайды.Мұрындары таза екен деп,үлкендерге көрсетеді.

Ескерту: Ойын жаттығуларды тақпақтармен еріп жүргізуге болады.

 

 

Қолды уқалау.

 

Саусақтарының ұшын қайта-қайта уқалау қолдарына қан ұйыуына әсер етеді.Бұл денсаулыққа,психоэмоционалдықты бекітіуне әсер етеді,мидың қызметінің жұмысын көтереді,бүкіл ағзаны әсерлендіреді.

 

«Қолмен ойнаймыз».

1.Дайындалу кезеңі.

Балалар алақандарын ұнамды жылу пайда болғанша ұқалайды.

2.Негізгі кезең.

а ) Басқа қолдың кішкентай саусақтың тырнағынан бастап,бір қолдың үлкен және сілтеу саусағымен ұқалаймыз,әр саусақты ысқылаймыз.

 б ) Қолды жуғандай болып,қолдың сырт жағынан уқалаймыз.

 в ) Алақандарды қарама-қарсы жаққа қаратып,екі қолдың созған саусақтарын араластырып,ақырын ғана бір-біріне ысқылаймыз.

г ) Араластырып қойған саусақтарды құлыпқа салып,кеудеге жақындатамыз.Үзіліс.

д ) Саусақтарды жоғарға созып,оларды қимылдатамыз.

3.Қорытынды кезең.

Балалар қолдарын сілкіп,босатып,дем алады.

Ескерту: Жаттығуды тақпақтармен еріп жүргізуге болады.

 

 

Құлақтардың сиқырлы нүктелерін ұқалау.

 

Құлақтың қалқанында орналасқан және басқа дене мүшелерімен байланысқан,шынығудың бұл түрі белсенді биологиялық нүктелерді ынталандыруға негізделеген.Әр жастағы балаларға жетімді.

 

«Құлақпен ойнаймыз».

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Шеңберге жиналып,тәрбиеші балаларды ойынға қызықтырады.

 

2.Негізгі кезең.

Құлақпен жаттығулар.

а ) «Құлақты табамыз және көрсетеміз».

Балалар құлақтарын табады,үлкендерге көрсетеді.

( егер шаштары кедергі болса,жоғарға буып қояды).

б ) «Құлақпен шапалаймыз».

Бала алақанын құлақтың сыртына апарып,бірінші кішкентпай саусағын,кейін қалғансаусақтарымен қайырады.Құлақ қабыршақтарын басқа қысып,шапшаң жіберіп қалады.Бұны жасағанда бала шапалақты сезу керек.

в)  «Құлақты тартамыз».

Бала үлкен және сілтеу саусақтарының ұшымен екі құлақтың шетін ұстап,күшпен төменге тартады,кейін жібереді.Осылайша ұстап,оларды қысады,20-30 секунд аралығында жан-жаққа бұрайды.

д ) «Құлақты жылытамыз».

Бала алақанын құлағына қарай қойып,қабыршағын қатты үқалайды.

 

3.Қорытынды кезең.

Балалар еркіндеп,тыныштықты тыңдайды.

Ескрту:Әр жаттығудың қайталау саны баланың жасына байланысты.Жалпы бұл 7-8 рет жасалады,кішкентай  балаға 5-6 рет жеткілікті.Қимылдарды тақпақпен еріп жүргізуге болады.

 

 

Табанның шынығу уқалауы.

 

Табанның Шынығу уқалауы естиярлар және мектепке дейінгі балаларға уқалауды маңызды түрінде ұсынылады.Ол аяқтың табанында орналасқан,белсенді нүктелерін ынталандыруына негізделген.Егер табанды уқалау таңертең және кешке 3-10 минуттан жасалса,толық уқалау аптасына 1 рет жасауға жеткілікті.

«Аяқпен ойнау».

 

1.Дайындық кезеңі.

а ) Ыңғайлы отырып,еркіндеу.

б ) Аяқтың табанын жұмартылған крем және өсімдік майымен ұқалау ( алақанға 1-2 тамшыдан).

2.Негізгі кезең.

 а ) Бір қолмен,үлкен және басқа саусақтардан «айыр»жасап,жіліншікті ұстап,табанды бекіту.Екінші қолмен табанды саусақтардан сирағына дейін сипау.

б) Табанды бүкіл саусақтармен сипау.

в )Қолдың тырмалау қимылымен саусақтарға қарай бағыттап,табанды сипау.

               г ) табанды алақанмен шапалақтау.

д ) Төменге қарай еркін құлата,табанды жоғаға қарай бүктеу.

е ) Оны қатты қыспай,аяқпен,табанмен таяқты сырғанату.

ж ) Табанның ортасында орналасқан,шынығатын орынды қолдың үлкен саусағымен уқалау.

3.Қорытынды кезең.

а) Саусақтармен сирақтарға дейін бүкіл табанды уқалау.

б) Еркіндеп,жай отыру.

 

Ескерту: Мөлшері баланың жасына сай болу керек.Жиынды тақпақтармен еріп жүргізуге болады.

Кең жуыну.

Кең жуыну естиярлар және ересектер балаларға шынығудың маңызды түрі есебінде ұсынылады.Ұйқыдан кейін өткізіледі.

Кең жуынудың негізі келесі де:

Бала беліне дейін шешініп,жылдам қарқында,рет-ретімен бірнеше жаттығуды өз бетінше орындайды.

«Жуыншақ».

«Бір» - оң қолымен сол қолын жуады.

«Екі» - сол қолымен оң қолын жуады.

«Үш» - су оң алақанымен сол қолдың саусақтарынан шынтағына дейін жүргізеді.

«Төрт» - су сол алақанымен оң қолдың саусақтарынан шынтағына дейін жүргізеді.

«Бес» - су алақандарын артынан мойнына қойып,алға қарай бірге жүргізеді.

«Алты» - су оң алақанымен кеудесінде айналдырып жаттығу жасайды.

«Жеті» - су алақандарымен бетінде маңдайынан иегіне қарай жүргізеді.

«Сегіз» - қолын шайады.

«Тоғыз» - қысып,шамалы сілікп қояды.

«Он» -  қолын құрғақ қылып сүртеді.

Ескерту: Жуынуды тақпақтармен еріп жүргізуге болады.

 

 

Релаксация немесе ойлаулы маужырау.

 

Қиянқы тәртіпке жиі жиналып қалған ішкі күш әсер етеді.Бұлшықтар тартылғанда,балалар,күш салуды сезеді,бас ауруы,іш ауруларынан қиналады,өздерін шаршағандарын,ашуланшақтықты сезеді.Егер балаларға маужырауға көмектессең,күш салғандары төмендеп,күш салғанның негізін анықтауға болады.

Қиял-маужыраудың ең жақсы көмекшісі.Балалар төмендегі ұсынылған жаттығуларды рақаттана орындайды.

 

1)   « Сен қардан жасалған мүсін деп ойлан.Сен үлкен,сұлу,сені қардан жасады.Сенде бас,дене,екі жаққа шығып тұрған қол бар,сен екі мықты аяқта тұрсын.Әдемі таң,күннің көзі жарқырап тұр.Міне,енді күн ысып келе жатыр,сен еріп жатқанын сезесін.Бірінші басың,одан кейін бір қолың,екінші қолың еріп жатыр.Бірте-бірте денеңде еріп жатыр.Сен жерге аққан,шалшыққа айналасын».

 

2)   «Біз кішкентай құстар деп елестетейік. Біз жазғы жұпарлы орманда ұшып жүрміз,оның хош иісін иіскеп, оның сұлулығына сүйсінеміз.Міне,біз әдемі гүлге отырып, оның жеңіл хош иісін иіскеп, енді жоғарғы ағашқа ұшып барып, оның жоғарына отырып, гүлдеп тұрған ағаштың иісін сезіндік. Ал, енді жылы, жазғы жел соғып, біз бірге ормандағы ағып тұрған жылғаға дейін ұшып бардық. Жылғаның шетіне отырып, біз тұмсықтарымызбен қанаттарымызды тазарттық, салқын мөлдір суды ішіп,шомылып, қайта жоғарға көтерілдік. Енді ормандағы өрістің ең ыңғайлы ұяға орналасамыз».

 

 

 

Денсаулықты дұрыстаудың дәстүрлі емес түрлері.

1.Ойынды уқалау  (массаж).  ( 2-7 жас).

А.Уманская және К.Динейдің бейімделген әдістердің нұсқалары:

Шыныққан дем алу-шынығудың бұл түрі бүкіл дем алу жолын бекітеді,оның негізі-мұрынмен ойын жаттығулардың жиындарын орындауға негізделген,кіші жастағы балаларға ұсынылады, күніне 2-3 рет өткізіледі.

- Қолды уқалау-саусақтадың ұштарына әсер етеді, қанды қолға жүгіртеді, денсаулыққа, психоэмоционалдыққа жағымды әсер етеді, мидың қызметін жоғарлатады, бүкіл ағзаны шынықтырады.

- Құлақтың сиқырлы нүктелерді уқалау-шынығудың бұл түрі биологиялық белсенді нүктелер құлақ қалқанында орналасқан және бүкіл дене мүшелермен байланысқанына негізделеген. Дем алу мүшелердің жұмыс жақсартуға және ағзаны тұмау аурулардан сақтауға пайдалы.

- Табанды шынығу уқалау-естиярлар және ересектер жастағыларға ұсынылады, табандағы орналасқан белсенді нүетелерді шынықтыруына ұсынылған.

- «Жалаңаяқтық»-нүктелі уқалау.

( 5-7 жас) ( А.А.Уманская бойынша).

 

Әр мүше теріде өзінің орнына ие,сонда ол өзінің жағдайы туралы ақпарат жібереді және одан сыртқы ортаның бүкіл өзгерістері туралы ақпаратты алады.Теріде мұндай орындар мыңдағанғкейбіреулері негізгі болып табылады,өйткені ағза- ның маңызды тіркеулермен байланысты.Терінің және тіркеу- лердің жанында бұзылу пайда болса,олармен байланысты жоғары дем алу жолдарын қорғаныс қасиеттерінің бұзылуы -нан пайда болуы мүмкін.Және де керіснше,тері және тіркеу- лердің бұзылуы пайда болады.

 

Тұмау-бірнеше аурудың дамудың бір кезеңі.Өмірдің белсенді нүктелерді уқалауы-   мұрын, таңдай, көмей, ауатамыр, кеңір- дек, басқа мүшелердің қорғаныс қасиеттерін күшейтеді. Уқа- лаудың күшімен ағза өзіндік дәрілерді шығара бастайды, инт- нрферон сияқты, ол өте маңызыды және басқа дәрілерден қауіпсіз.Нүктелі уқалаудың әдістерін рет-ретімен, нүкте соңы нан нүктелерді уқалап жасау  керек.

1-аймақ. Төстің сүйекті миымен, жүрекпен, кеңірдек, алқым- мен байланысты.Бұл аймақты уқалағанда жөтел,кеудедегі ауру басылады,қан айналымы дұрысталады.

2-аймақ.Кеңірдек, алқыммен байланысты. Бұл жерлерді уқалағанда ауруларға қарсы тұру алатындығы күшейтіледі.

3-аймақ,Қалқанша без, алқыммен байланысты. Оған әсер ет- кен кезде қанның химиялық құрамы дұрысталады, дауыс таза және қатты болады.

4-5-аймақ,Мойын аймағы-өте маңызды бастың және дененің реттеу қызметімен,сонымен алқымның артқы қабырғасымен байланысты.Алқым шаң әсерімен жиі ауырады.Мойын айма -ғын уқалағанда - бас айналғаны, желкедегі және мойындағы аурулар кетеді, фарингит құбылыстары азаяды.Мойын арты- нан жоғарыдан төменге қарай уқалау керек.

6-аймақ.Ортаңғы құлақ, вестибуляр аппаратымен байланыс- ты.Бұл аймақтарға әсер еткенде құлақтағы шу кетеді, есту қабілеті дұрысталады,ангина кезінде алқымдағы ауру басы- лады,вестиуляр аппаратының қызметі дұрысталады.

7-аймақ.Мидың маңдай бөлімі, маңдайлы және мұрынның бөлшекті жерлерімен байланысты. Бұл аймақты уқалауы ойлау қабілеттерін жақсаруына бастың және көздегі аурулары жойылады.

8-аймақ.Гипофиз, гаймор, мұрын жерлерімен байланысты. Мұрынмен дем алу дұрысталады, тұмау кетеді, әлсіздік ба- сылады,э ндокрин бездерінің қызметі дұрысталады.

9-аймақ.Қол-мидың қызметкерлері. Қол  бүкіл мүшелерімен байланысты. Қол аймақтарына, әсіресе, мұқият қарау керек, кез келген бұзушылықты жою керек. Онда ағзаның дұрыс- тығы сіздің қолыңызда.

 

 

Ф.Ауглиннің ой-өріс уқалауы ( 5-7 жас).

1.Құлаты алға-артқа тарту,онға дейін санау,бірінші-ашық көзбен,одан кейін жабық көзбен бастау керек.

2.Бетті саусақпен айналдырып уқалау.

3.Маңдай және иекті айналдырып уқалау,көзді ашпай,жоғарғы және төменгі қабақтарды слғандай.

4.Қабақтарды уқалау.Саусақтарды қайшы сияқты бүктеп,көзді ашпай уқалаймыз.

5.Мұрынды уқалау.Сілтеу саусақтадың ұшымен мұрын бойы жүргіземіз.

6.Жақты оңнан солға,солдан-оңға қарай жылжыту.

 

 

Стресске қарсы уқалау. ( 4-7 жас).

1.Саусақтарды уқалау.

-Саусаққа басамыз,жоғарыдан-төменге,оңнан-солға.

-Әр саусақты айналдырған қимылмен және жоғарыдан төменге қарай қимылмен уқалаймыз.

2.Қолды уқалау.Жаттығу «қолды жуамыз»,алақанды ысқылаймыз, «бетті жылытамыз».

3.Маңдайды уқалау.Маңдайдың ортасынан саусақ ұшымен маңдайды,бетті,мойынды уқалау және тастау.

4.Иықты уқалау.Иықты мойынан төменге қарай уқалау.

5.Желкені уқалау.Сілтеу саусақтарымен төменнен жоғарға уқалау.

6.Мойынды уқалау.Мойынды омыртқадан төменнен жоғарға дейін уқалау.

7.Құлақты уқалау.Құлақ үстімен жоғары чакраға қарай,маңдайдан жоғары чакраға дейін.

8.Басты уқалау.Құлақты жоғарыдан төменге қарай шымшылау.

9.Құлақ қалқанын уқалау.

 

5.А.Н,Стрельникованың дем алу гимнастикасы ( 4-7 жас)

Дем алу жаттығуларәдістемесі, «актерлік» деп аталатыны,дем алу гимнастикасы,вокалист-оқытушы А.Н.Стрельниковамен бірнеше он жыылдық бұрын жасалған.

-      Бұзылған мұрындық дем алуды дұрыстайды.

-      Өкпенің қызметін жақсартады.

-      Өкпе-ауатамыр жүйесіндегі кейбір морфологиялық өзгерістерді жояды.

-      Қан айналымында өте маңызды рөл атқарады,ауыстыру үрдісіне жақсы әсер етеді.

-      Жүрек жүйесінің бұзылған қызметін дұрыстайды,қан айналымын аппаратын бекітеді.

            6.Лобановтың дыбыстық гимнастикасы ( 3-7 жас).

             Гимнастика арнайы жаттығулардан құрылған,олар            

             дыбыстарды шығару,арнайы жұмыста,арнайы тәсілмен   

             байланыстырады. Гимнастика міндетті2 жаттығуды

             орындаудан басталады,тазарту «п, ф, т, р» деміне, жабық «м,  

             м, м» дыбыстардан.Дыбыстарды шығарғанда өкпеге, алқымға,  

             кеңірдекке, кеудеге әсер етеді,бронхитке қарсы тұру жағымды   

             әсер етеді.

             Дыбыстық жаттығуларды жасау үшін демнің келесі   

             өзгешеліктері қажет:мұрыннан дем алу ( 1-2 сек.), үзіліс,  

             ауыздан белсенді дем алу ( 2-4 сек.), үзіліс.ъ Дем алу тыныш,    

             біркелкі,терең.Дем шығару дем алудан екі есе артық.

             Дыбыстық жаттығуларды асықпай,баяу орындау керек,сонда   

             ғана дыбыстық гимнастика емдік нәтиже береді.

 

 7.Ерте жастағы балаларға арналған дем алу

гимнастикасы ( 2-3 жас)

Дұрыс дем алу үйретуде және қиын дыбыстарды ( ш,з,с,х, және т.б.) айтуды үйретуде пайдаланады.

 

8.Мұрындық дем алу шынығу гимнастикасы ( 3-7 жас).

Бұл жаттығулар жоғары дем алу жолдарында қан айналымын жақсартады,қызу ауысып тұрған кезде ағзаның бекітіуін жоғарлатады,отегі жетіспеушілікті.4-5 рет қайталанады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Проект «Денсаулыққа алғашқы қадам»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ландшафтный архитектор

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

                                                   Түсінік хат XXI- ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой- өрісі жоғары, жан- жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті болып тұр.Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні – мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Отбасында ата-ананың ықыласы мен мейірімінен нәр алған бала балабақшада тәрбиешілердің шұғылалы шуағына бөленеді. Баланың бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып , олардың өнегелі де тәрбиелі болып тәрбиеленуіне балабақшаның маңызы зор. Баланың бақытты болуы үшін, денінің сау болуы үшін үлкен қамқорлық жасауымыз керек. Дені сау баланың ақыл- ойы айқын, өз - өзіне сенімді, жан - жағына қуанышпен шаттана қарайтындай болуы шарт. Бала денсаулығының мықты болып, қозғалыс, дене құрылысының дұрыс жетілуі мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Сондықтан , бала организімінің қызметін жетілдіру, қабілетін арттыру ең басты міндетіміз. Организмнің қорғаныс қабілеті нашар қалыптасқан кішкентай балалар сыртқы ортаның қолайсыз әсерлеріне тез ұшырайды. Сондықтан да сүйектің, буынның дұрыс әрі мерзімінде жетілуіне бел омыртқаның физиологиялық иіндерінің қалыптасуына табан дөңестерінің дұрыс жетілуіне айрықша мән беру керек. Бұлшық еттерді қатайту, жүрек қан тамыр жүйесінің жетілуіне, тыныс алудың тереңдігі мен ырғақтылығына, тыныс алуды қозғалыспен үйлестіруге мүмкіндік жасап, үнемі ықпал жасау керек. Сондай- ақ баланың қозғалысын жетілдіру, қимыл- дағдыларын және дененің икемділігін , шапшаңдық, күштілік, төзімділік сияқты қасиеттерін қалыптастыруға тұрмыста және дене тәрбиесі оқу іс- әрекеттерінде қажетті жеке және қоғамдық гигиена дағдыларын дамытуға баса назар аударылады. Дене тәрбиесі балалардың ақыл - ой, адамгершілік, еңбек және эстетикалық жағынан тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыруға, олардың сергек, шат көңілді және белсенді болуларына мүмкіндік тудырады. Балалар мекемелерінде дене тәрбиесінің мазмұны жүргізілуіне, дене жаттығулары, табиғаттың сауықтырушы күші, гигиеналық және әлеуметтік – тұрмыстық факторлар қолданылады. Дене жаттығуы- дене тәрбиесінің негізгі және ерекше құралы, ол педагогтың арнайы іріктеп алған, әдістемелік дұрыс ұйымдастырылған және басқаруға болатын қозғалыс пен қозғалыс қызметінің күрделі түрлерін қамтиды. Дене жаттығуы еркінді сипаттағы белсенді қимыл — әрекеттеріне негізделген. Дене жаттығуы баланың жан- жақты жетілуіне ықпал етеді. Дене тәрбиесінің негізгі мазмұны денені жаттықтыру болып табылады. Ол мынадай түрлерге бөлінеді. - Таңертеңгілік жаттығу - Қимыл- қозғалыс ойындары, спорт ойындары. - Спорттық жаттығулар. Балабақшадағы дене тәрбиесін ұйымдастырудың түрлері: күн тәртібі бойынша сауықтыру шаралары ( таңертеңгілік жаттығу, қимыл- қозғалыс ойындары, серуен кезіндегі жаттығулар мен спорттық ойындар, сергіту сәттері , ауладан тыс жерге саяхат жасау, спорттық ойын сауықтар). Дене шынықтыру балалардың денсаулығын сақтап, нығайтады. Дене мүсінінің сұлулығын қалыптастырып, қимыл - қозғалыс қабілетінің белсенділігін арттырады . Дені сау, рухы таза ұрпақ өсіру ең маңызды мәселе дей отырып, біздің балабақшадағы басты міндетіміз: баланың денсаулығын нығайту, шынықтыру, түрлі аурулардың алдын-алу сақтану жұмыстарын дәстүрден тыс әдістерді қолдану арқылы жүргізіледі. Осы кезеңде дене тәрбиесі салауатты, дұрыс жүргізілуі қажет, олай бол маса өткізіп алған уақытты қуып жету, жіберілген қателіктерді түзету қиын болады.      

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 671 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.04.2014 3739
    • DOCX 102.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жумабекова Сагыныш Багитжановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 26188
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности реализации ФГОС НОО для слепых и слабовидящих детей

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 24 человека

Курс повышения квалификации

Методика преподавания курса «Шахматы» в общеобразовательных организациях в рамках ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 273 человека из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 593 человека

Курс повышения квалификации

Система образовательной организации в начальном общем образовании в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 60 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 845 человек

Мини-курс

Прощение и трансформация: освобождение от родовых программ и травм

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 176 человек из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 45 человек

Мини-курс

Оказание первой помощи

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 682 человека из 73 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 361 человек

Мини-курс

Психосемантика и социальная психология

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек