Инфоурок / История / Другие методич. материалы / Внеклассное мероприятие

Внеклассное мероприятие


библиотека
материалов

«Алтын адам»

Тәрбиеші:

Қымбатты балалар! Қадірменді қонақтар!

Бүгін біз Тәулсіздік күнін мерекелеуге жиналып отырмыз.

Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан,

Тарихы оның тым әріден басталған.

Бодандықтан құтқарам деп елімді,

Талай боздақ қара жерді жастанған.

Жоңғар жаулап, қырып-жойып қорлаған,

Қазағымды қайғы бұлты торлаған.

Тоқтамастай батырларым ерлікпен,

Елін, жерін жауға бермей қорғаған.

Әнұран орындалады.

Бауыржанның сөзі-запись

Автор: Ерте – ерте ертеде

Қасқалдақ батыр тұрыпты.

Оның тоғыз ұлы болыпты.

Ұлдары орнынан тұрып бас иіп өздерімен таныстырады.

Ұлдары:

1-ші ұлы: - Менің атым Балай! (Рахат)

2-ші ұлы: - Менің атым Көкей! (Тимур)

3-ші ұлы: - Менің атым Бөкей! (Нұрбол)

4-ші ұлы: - Менің атым Жөкей! (Елдос)

5-ші ұлы: - Менің атым Төкей! (Ескендір)

6-ші ұлы: - Менің атым Шонай! (Ғалымбек)

7-ші ұлы:- Менің атым Еней! (Ернұр)

8-ші ұлы: - Менің атым Екей! (Салих)

9-ші ұлы: - Менің атым Кеней! (Ализар)

Автор: Көп ұзамай оныншы ұлы туыпты. Қырық күнге созылатын той болды.

Музыка ырғағымен Хабаршы қуанып хабар әкеледі.

Хабаршы: Сүйінші, сүйінші, сүйінші!

Қасқалдақ батырдың оныншы ұлы туыпты!

Сүйінші, сүйінші, сүйінші!

Қыздардың орындауында қазақ биі «Тойбастар»

Автор: Хабарын естіп алыстан

Кіші-кәрі жан-жақтан

Тойға келіп жиналды,

Той үстінде балаға

Қасқалдақ батыр ат қойды:

Сенің атың – Алтын Адам!

Алтын Адам анасы «Алтын бесік» айтып, баланы бесікке бөлеп ұйықтатады:

Әлди, әлди, ақ бөпем.

Ақ бесікке жат бөпем.

Бесігіңнен басталар,

Құны қымбат құт мекен.

Өзіңменен балашым,

Жаным тапқан жарасым.

Теңдесі жоқ өмірде,

Анаң үшін дарасың.

Автор: Көп жылдар өтті. Алтын Адам үлкен жігіт боп өсті.

Мұнды музыка ырғағымен Хабаршы атпен шауып келіп:

Ей, халқым, менің

Қара хабар әкелдім!

Шығыстан жау келе жатыр! – деп, атпен шауып кетеді.

Автор: Қасқалдақтың ұлдары қолдарына найзаларын ұстап жауға қарсы аттанады.

Орталарына алтын киім киген, қолына алтын найза ұстаған Алтын Адам келіп:

Ей, ержүрек батырлар!

Алды-артыңды қармай шық!

Жауды қалдырмастай жалмай шық!

Түлпарыңды міне шық!

Оқ өтпес тоның кие шық!

Қарыңа қамшыны іле шық! – деп жауға қарсы аттануға шақырады.

Ұлдардың орындауында «Шайқас» биін билеп, жауды туған елден қуып шыққанын би арқылы бейнелеп көрсетеді.

Алтын Адам: Мен, Алтын Адам, Қазақстан Республикасының тәуелсіздік рәмізіне айналып Республика алаңында еркіндігімізді асқақтатып тұрмын. Елдің бақытын, бірлігін, достығын тілеп, әрқашан да бейбітшілікке шақырамын.

Тәрбиеші: Халқым осы еркіндік пен тәуелсіздік үшін ғасырлар бойы күресте болды. Ел болдық, егемендік алдық.

Тәуелсіздік деп соққан ел жүрегі

Көптеген күткен қабыл боп ел тірегі

Отау тігіп оңаша ер қазағым

Көк байрағым тағы да желбіреді.

Жалаулармен би.

Тәрбиеші: Әнұраным қайрат беріп шырқалған,

Елтаңбам бар төрден орын ол алған.

Тілім алып мемлекеттік мәртебе,

Көк туым бар көк аспанмен ұштасқан.

Тәрбиеші: Тәуелсіздігімізді алған соң халықтың басын біріктірген Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақ халқының тұңғыш Елбасы болды. Осы кісінің бастауымен Қазақстан әлемге танылды.Елдің елдігін танытқан Елтаңба, аспан түстес көк Байрақ, рухты оятар Әнұранымыз қабылданды.

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы ортасында шұғылалы күн, оның астында қыран бейнеленген,тік бұрышты көгілдір түсті мата. Бұл түс – ашық аспан- ның,тыныштықтың белгісін білдіреді.Тудың ортасындағыалтын күн- баршаға ортақ,бәріне нұрын шашып сәулесін төгеді. Алтын күнді қанаты- мен жебек өрге көтеріп ұшып баражатқан қыран құс – ерлік белгісі. Сол жағындағы ою-өрнек біздің халқымыздың ашық келешегі мен берекесі, тыныштық пен байлықтың белгісі.


  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген; шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап,уықтар шаншылған. Жарық жүлдыз – Отанымыздың жүлдызы биіктеп,нұр шашып түрғанын бейнелейді.Қанатты тұлпарлар қазақтың аңыз ертегісінен алыңған. Аңыз бойынша қанатты тұлпарға мінген батыр алты қанат аспанға ұшып, жеті қабат жер астына түсіп, халықты қасыреттерден азат еткен, еліміздің азаттығы мен женімпаздығының белгісі.Бидай сабақтары молшылықты білдіреді.Ал төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу еліміздің ежелден елімге танымал екендігін білдіреді.

Ата Заң өмірге келді. Әнұраным-жанұраным,

Қатар шапқан құс тұлпар, Жүрсем егер дүние кезіп,

Ай астында қазақ үй Айтар әнім, сөйлер сөзім,

Қалықтаған жас сұңқар, Түған жерім сағынарым - Сая

Шарықтаған таза күй

Бұл таңбасы елімнің,

Елдігімнің белгісі. – Үлжан

Ендігі сөз кезегін тәуелсіз елдің «Кішкентай жұлдыздарына» берейік.

Тақпақтар: Гүлмира

Егеменді ел болдық, Республикам күндей күлген

Ұлттық намыс оянып Асыл елім, жан жүректі ұғысқан

Гүлденсін мәңгі жайқалып Ата-бабам аңсап өткен бақытым

Тәуелсіз қазақ еліміз - Рахат Алтын бесік – Қазақстан-Гүлстан

Ортақ жұпар ауамыз,

Ортақ жарық күніміз

Ортақ туған анамыз

Жердің қызы, ұлымыз - Ақбота

Ойын «Аударыспақ»

Күштерін санау, бір-бірін арқалап көтеру керек

Тәрбиеші: Тәуелсіздігіміздің бас қаламыз – Астана бой көтерді. Астана күн санап көркейіп келеді. Ендігі кезекті «Арайлы Астанам» әніне берейік. (Ескендір, Рахат)

Тәуелсіздік – бұл бақыт О, алақай туған жер

Сарқылмайтын шаттық қой Жақсы бақша бауларың

Көздің жасын құрғатып Көзге ыстық көрінер

Келген бізге бақыт қой -Арайлым Сенің асқар тауларың - Тимур


Сарқылмайтын қуатым,

Тірегімсің Қазақстан.

Мәңгі соғып түратын,

Жүрегімсің Қазақстан -Ақжан

Отансыз адам- ормансыз бұлбұл. – Карина

Отан елдің анасы, ел ердің анасы. – Нұрбол

Отан - оттан да ыстық . Расында өз қалаңнан, ауылыңнан ұзап кетсең болды, аулаңда жатқан тасыңа дейін ыстық көрінеді.

«Құтты мекен Қостанайым» орындайтын Үлжан, Малика, Амина.

Тәрбиеші: Тәуелсіздік – тірлігімнің айғағы,

Татулығым – бірлігімнің айғағы.

Сөгілмесе еліміздің іргесі,

Әлі де бар ұрпағымның арманы.

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма,

Туған тілім шұбарланба, жарқыра!

Тарихымда таланттылар көбейсін,

Бас иемін ата-баба рухына!

Осымен Тәулсіздік күніне арналналған мереке аяқталып, келесі кездезкенше қош сау болаңыздар.

Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Краткое описание документа:

Түсінік хат Қазақстан Республикасы - өзінің тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге дәлелдеді. Енді басты міндет – осы мемлекеттің өркендеп өсуі, халықтың әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтеру. Сәбидің бойында ең алдымен анасына, өз отбасына, өз үйіне, туған жеріне деген жылы сезімнен бастау алатын, тұлға есейген сайын біртіндеп ұлт, халық, әлеумет, мемлекет деңгейіне көтеріле беретін бұл сезім адамның бүкіл ғұмырына жалғасып жатады.  «Қазақстан- біздің ортақ үйіміз, біздің өзіміз де, біздің бабаларымыз да осы жерді мекен етеді. Егер біз өзіміздің өмірімізді сынауды білер болсақ, оны жасампаздықпен жаңғыртып, бой көрсеткен әрбір талшыбықты мәпелеп өсіріп отырмасақ, онда біз өзімізді нағыз патриот деп санай алмас едік» деген Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың сөзі мемлекетіміздің келешегінің тұтқасын ұстайтын жас ұрпақты осы бастан Отанына, атамекеніне шын берілгендік рухында тәрбиелеуден артық борыш жоқ екендігін көрсетеді.  Ұрпағымызды кеудесінде  намысы бар, білімді, туған елін, жерін сүйетін өнегелі ұрпақ етіп өсіргіміз келсе, бар назарды келешек ұрпақ тәрбиесіне аударуымыз қажет. Қазіргі білімнің болашағы мол факторларының бірі – патриоттық тәрбие. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев мемлекеттік білім құжаттарында маңызды орынды патриотизм, патриоттық тәрбиеге береді. Балаларды «қазақстандық» екенін мақтанатындай етіп тәрбиелеу үшін педагогика, халық педагогикасына сүйену қажет екенін айтады. Патриоттық тәрбиенің мазмұны мынадай қасиетті қалыптастыруды көздейді: Отанын сүю және азаматтығын мақтан тұту; өз отанының болашағы үшін, мамандығы үшін қызмет ету, ана тілін жетік меңгеріп сүйе білу халқының салт – дәсүрін, ерекшеліктерін білу, дінге, тарихи мұраларға құрметпен қарау, өз отандастарына, сондай – ақ басқа ұлт өкілдеріне адамгершілік көзқарас білдіру. Қазақстандық отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, елдегі барлық халықтарды достық қатынасқа тәрбиелеу аса маңызды міндет. Қазір Қазақстан Республикасы – тәуелсіз мемлекет. Мұнда көптеген ұлттар мен халықтардың бір – бірімен тату – тәтті, сыйластық, ынтымақта қатынас жасауы тиіс. Қазақстан олардың бәрінің отаны болғандықтан біздің елді мекендеген барлық халықтар отаншылдық рухында тәрбиеленуі қажет. Мектеп оқушылары арасында жүргізілген жұмыстарымызда, сабақтарда оларды қазақстандық отаншылдыққа тәрбиелеуге ерекше мән беруіміз керек. Ал қазақ жастарын отаншылдыққа тәрбиелеуге үлкен міндеттер жүктеледі. Өйткені, Қазақстанның байырғы тұрақты халқы – қазақтар, жердің де, елдің де негізгі, түпкі иесі солар. Сондықтан да алдымен қазақ жастарын отаншылдыққа,  ұлтжандылыққа тәрбиелеу ерекше маңызды. Патриоттық тәрбиені ұрпақ бойына сіңіру үшін әр уақыттағы қазақ халқының басынан өткен оқиғаларды айта отырып, түсіндіру қажет. Оқушылардың дүниеге көзқарасын қалыптастыруда тарих сабағының маңызы зор.  Өйткені, тарих адамзаттың басынан өткізген тарихи – мәдени тәжірибесін, алдымен құндылықтарын оқытып үйретуді мақсат етеді. Сабақтың тәрбиелік міндетін толық жүзеге асыру үшін мұғалімге қосымша материалдар пайдалануға тура келеді. Сабақтың тәрбиелік міндетін анықтау өтілетін тақырыптың мазмұнына байланысты негізінен, бұрыннан белгілі оқу – тәсілдерінен  бөлек, өлке материалдарын пайдалану да оқушыларға Отан тарихын, өлке тарихын сүюге, құрметтеуге шақырады. Өз жерінің қадір – қасиетін біліп, танып өскен ұрпақ сол елдің азаматы болмақ. Тарих пәні небір қаншама тарихи фактілерді, оқиғаларды баяндайды, осылардың бәрі олардың жүрегіне, сезіміне әсер етеді, адамгершілігі жоғары сапалы азамат болып қалыптасуына үлес қосады. Болашаққа жоспар құрсаң баланы тәрбиеле, деп шығыс нақылында айтылғандай, жас ұрпақты патриоттық тәрбие негізінде тәрбиелесек егеменді еліміздің көк байрағы көк аспанда мәңгілік желбіремек.  

Общая информация

Номер материала: 86681042751

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG